ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 50
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуының тарихы .Мақсаты:
3 тақырып бойынша 3 топ:
-
Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру. -
Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу -
Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмір жолына арналады. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты өткізілгелі отырған тәрбие сағатымызда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталатын боламыз. -
Сабақтың басы -
Ахмет Байтұрсынұлының 5 арыстың құрамына кіретінін білеміз ия, балалар?! Ендеше 5 арысқа кіретін ұлт зиялыларын атап шығайықшы:
-
Өмірбаяны -
Қызмет жолы -
Шығармашылығы
-
1872 жылы 5 қыркүйек; -
Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы; -
Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі; -
Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебі; -
1937 жылы 8 желтоқсан; -
Қуғын-сүргінге ілігу; -
Ату жазасына кесілу.
-
1895-1909 ж.ж., Қарқаралы, орыс-қазақ мектебі, оқытушы. -
1921–1925 жылы Орынборда, 1926–1928 жылы Ташкенттегі, Халық ағарту институттарында, қазақ тілі мен әдебиеті, мұғалімдік қызметі. -
1913–1918 жылы, қазақ зиялыларымен бірігіп, «Қазақ» газеті. -
Алаш партиясының негізін қалаушылардың бірі.
3 тақырып бойынша 3 топ:
-
Ахмет Байтұрсынұлы –қазақ әліпбиінің алғашқы авторы. -
"Қырық мысал" , аударма жинағы, 1909 ж. Санкт-Петербургте -
1911 жылы, "Маса " өлеңдер жинағы -
«Оқу құралы», «Тіл – құрал», "Әдебиет танытқыш" - Әлі күнге дейін қолданыста, маңызын жоғалтпаған -
оқу құралдары. -
Сабақтың ортасы
-
Себебі ұйықтап жатқан қазақ халқын маса секілді ызыңдап ояту, білімге, оқуға шақыру.
-
орыс халқының ақыны Крылов Иван Андреевичтің мысалдары негізінде аударған -
Үлгі аларлық ғибратқа толы мысалдар -
Татулыққа -
Бірлікке -
Ынтымаққа шақыру.
-
Бірлік болмай, тірлік болмас. -
Жұмыла көтерген жүк жеңіл. -
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді -
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.
-
Оқып шығып, мән-мағынасына тоқталу, жеткізілмек болған ойды анықтау. -
Сабақтың соңы
-
Осымен балалар, тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Сабағымызды Ахмет Байтұрсынұлының «Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.» деген нақыл сөзімен аяқтасақ. Білім алудан, үйренуден, ізденуден еш уақытта жалықпаңдар. Білімді ұрпақ, бәсекеге қабілетті ұрпақ – ұлт келешегі. -
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сабақтан алған әсерлерімізді стикерлерге жазып, білім ағашына апарып ілеміз.