Файл: Кні танысты Б жетекшісі 20 ж. Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 24

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Күні:




ТАНЫСТЫ

ӘБ жетекшісі:

« » _______ 20 ж.

Мұғалімнің аты-жөні:




Сынып:




Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:



Сабақ тақырыбы:

Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қоғамдық саяси ойдың дамуы

Сабақта іске асатын оқу мақсаты

Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау;

Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау.

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну:

- Жыраудың қоғамдағы қызметін анықтайды. Ақын жыраулардың өмірдеректерін біледі.

Талдау: Жыраулардың жырына сүйеніп, осы кезеңдегі Қазақ мемлекетінің кемінде екі саяси ерекшелігіне сипаттама жасайды.

-Жыраулардың шығармаларын талдайды.

Бағалау:Ақын-жыраулардың қоғамда алатын ролін нақты екі мысал келтіріп дәлелдейді;

-Қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау.


Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

ауыз әдебиеті, жырау, жыршы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Ақындар мен жыраулардың шығармашылығындағы негізгі ой...

Деректерге сүйене отырып...

Деректерге сүйене отырып, қандай нәтиже шығаруға болады?


Тарихи концепт

Дәлел

Құндылықтар

Қазақстандық патриотизм

Құрмет

Ынтымақтастық

Академиялық шындық

Ашықтық

Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу

Өз тарихын біле отырып, өзге халықтардың тарихын құрметтейді .Ел бірлігін сақтап қалудағы – ел билеушісінің маңызын түсінеді.

Өмірмен байланыс

Қазақ хандығының бүгіні мен ертеңі үшін күрескен ұлы тұлғалардан үлгі ала отырып, отансүйгіштік қасиеттерін дамытады.

Пәнаралық

байланыс

Қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы

Алдыңғы білім

Қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуы, хандары туралы біледі.





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
2 минут

М Ұйымдастыру кезеңі (Оқушыларды түгендеу, кіріспе жасап өту).

БЫМ Үмбетей жыраудың шығармасынан үзінді бере отырып, сабақ тақырыбына шығу.

Кісіні көрсең, есікке

Жүгіре шық, кешікпе.

Қарсы алмасаң мейманды,

Кесір болар несіпке.

Үмбетей жырау

Үмбетей жыраудың жыр жолдарында қандай құндылықтар туралы айтылған?
2. Бұл құндылықтардың бүгінгі күні маңызы қандай?

М Оқу мақсаты мен критерийлермен таныстырып өту


Презентация



Сабақтың ортасы

3 минут

5 минут


10 минут

5 минут

10 минут


Б Жалпы сыныптық талқылау.

Ақындар мен жыраулар, саясаткерлер мен батырлар, хандар мен билер бәрі де өздері өмір сүрген заманның объективті құбылыстарын тілге тиек, ойға өрнек етіп, даму тенденциясы шеңберінде қазақ халқының қоғамдық саяси, мәдени, сайып келгенде, философиялық ойлау жүйесінің құрылымын жасады.
Ақын-жыраулар шығармаларын зерттеу бізге не үшін қажет?
Ж Тапсырма. XVI–XVII ғасырлардағы ауыз әдебиетінен қандай ақпарат алуға болады?

Қазақтар көктем шыға, жайлауға көшеді. Қыс бойы сағынысқан ел көріседі. Тойлайды, думандатады, жастар сауық құрады. Қазақ даласын домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы әуендері баурайды. Ақындар, жыршылар, әншілер ән-күйлерімен халықтың көңілін көтеріп, серпілтеді. Ауыл қариялары жас балаларға шежіре, аңыз, ертегілер айтып, ата-баба тарихын жадына сіңіреді. Жыраулар батырлар ерлігі, хандар саясаты туралы жыр толғауларын халыққа паш етеді
Дескриптор:

Ақпаратты қаншалықты сенімді дерек түріне жатқызуға болатынын анықтайды. Өз ойын екі сөйлеммен тұжырымдайды.

Саралау: Қабілеті жоғары оқушы 3-тен көбірек сұраққа жауап береді. Олар өзінің осыған дейін қарастырылған тақырыптар бойынша алдыңғы біліміне сүйене алады.

Бағалау:мұғалімнің кері байланысы.
Тапсырма. Зертте. Доспамбет жыраудың «Айналайын Ақ Жайық» толғауынан ХVI ғасырдағы Қазақ хандығының тарихына қатысты қандай ақпарат алуға болады? Қай мемлекеттің ахуалы жырлануда?

Дескриптор: Шығарманың мазұмыны не жайында екенін анықтайды;

ХVI ғасырдағы Қазақ хандығының өмірі туралы тұжырым жасайды;

Осы толғаудың тарихи дерек көзі ретінде қандай құндылығы бар екенін және автор қандай мәселелерді көтергенін анықтайды.

Бағалау. Дескрипторларға негізделе отырып өзара бағалау ұйымдастырылады.

(Д/Ж) Бейнематериламен жұмыс.

• Есте қалған 2 ақпаратқа тоқталып өтіңіз
Тапсырма: Бағала. XVIII ғасырда өмір сүрген ақын жыраулардың қоғамда атқарған қызметін анықта. Олардың қызметін қазіргі кезде қандай лауазым иелері атқарады?



Дескриптор:

- Жыраудың қоғамдағы қызметін анықтайды;

-Олардың қызметін қазіргі кездегі лауазым иелерімен салыстырады;

-Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалайды.

Саралау: Қабілеті жоғары оқушы 2-ден көбірек сұраққа жауап береді. Олар өзінің осыған дейін қарастырылған тақырыптар бойынша алдыңғы біліміне сүйене алады.

Бағалау: дескриптор негізінде өзін-өзі бағалайды.









6 минут


Ж Жыраулардың шығармашылығына қатысты кетені толтыру. (уақыт қалған жағдайда)


Жыраулар

Шығармалары

Дереккөз ретіндегі құндылығы























Дескриптор:

Дереккөздермен танысып кем дегенде 3 жыраудың шығармаларына талдау жасайды.

Саралау: Қабілеті жоғары оқушы 3-тен көбірек жыраудың шығармашылығына талдау жасайды. Қабілеті төмен оқушы қосымша ақпарат берілген дайын кестені қолдана алады.




Сабақтың соңы

5 минут

Б Рефлексия. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне қайта оралу.

Рефлексия «Мен» ( өзі таңдаған тілде қорытынды жасау)




Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау

Оқушылар сыныпта өзін-өзі ұстау ережелерімен таныс. Денсаулыққа қауіп жоқ.

Қорытынды бағалау

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________