ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 307
Скачиваний: 10
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| 6 сынып «Жаһандық құзыреттіліктер» | |||||
| № | Тақырыбы | Сағат саны | | Күтілетін нәтижелер (соңғы өнім) | |
| | Парасаттылық және әдеп | ||||
| 1 | Өмірлік ұстанымдарыма берікпін Ұстазым - қамқорым менің, баулыған асыл өнерге... | 1 | 7.09 | Жоба Буклеттер дайындау | |
| 2 | «Ғылымым жұрттан асты деп, кеңессіз сөз бастама» (Асан қайғы) | 1 | 21.09 | ||
| 3 | Сыйға - сый, сырға – бал Мен өз әрекетіме жауаптымын | 1 | 5.10 | ||
| | Азаматтық и патриотизм | ||||
| 1 | Менің әлеуметтік ортам | 1 | 19.10 | Жоба «Менің кейіпкерім» сұхбаты | |
| 2 | Мектебіміздің мақтанышы | 1 | 9.11 | ||
| 3 | Туған өлке тарихы | 1 | 23.11 | ||
| | Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық | ||||
| 1 | Нетикет деген не? Ғаламтордағы құқығым | 1 | 7.12 | Зерттеу жұмысы Ситуациялық есептерді шешу Рөлдік ойындар Схемаларды құру Рөлдік ойындар | |
| 2 | Ақша қанша тұрады? Басқа елдердің ақшасы | 1 | 21.12 | ||
| 3 | Адамның жеке табысын қалай арттыруға болады? | 1 | 11.01 | ||
| 4 | Міндетті отбасылық шығындар мен отбасындағы қажетсіз шығындар | 1 | 25.01 | ||
| 5 | Қымбат заттарды қалай сатып алуға болады? Отбасылық бюджет дегеніміз не? | 1 | 8.02 | ||
| | Тіршілік қауіпсіздігі | ||||
| 1 | Менің үйге қайтар жолым | 1 | 22.02 | Жоба Граффити/суреттер/сторибордтар жасау Жағдаяттық есептерді шешу | |
| 2 | Құтқару қызметі Абайлаңыз, күдікті заттар! | 1 | 8.03 | ||
| 3 | Денсаулық пен сұлулық құпиялары немесе гигиена не үшін қажет? | 1 | 29.03 | ||
| 4 | Үй-жайлардағы қауіпсіз жүріс-тұрыс қағидалары | 1 | 12.04 | ||
| | Экологиялық мәдениет | ||||
| 1 | Туған өлкенің сұлулығы | 1 1 1 | 26.04 | Туристік маршрутты жасау «Менің арманымның бағыты» жобасы Саяхатшылар клубын құру Комикс сайысы, аниме. Экологиялық рейд және рельеф картасын жасау. «Адам және табиғат» тақырыбына дөңгелек үстел Табиғи материалдан қолөнер бұйымдарын жасау | |
| 2 | Адам – табиғаттың бір бөлігі | 10.05 | |||
| 3 | Экологиялық саяхат Неліктен адам табиғатқа немқұрайлы қарайды? | 24.05 | |||
| | | ||||
Сабақтың тақырыбы: « Менің әлеуметтік ортам»Сабақтың мақсаты: Өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Сабақтың міндеттері:
-
адамдар арасындағы қарым — қатынастың мәнін түсіну; -
өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; -
сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; -
сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;
-
Болып жатқанға белсенді қатысу. -
Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. -
Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. -
«Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет — әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым — ишараларыңыз болса т.б…б) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады.в) Оқушының сипаттамасы /берілген тапсырма бойынша оқушының жақсы, жаман тұстарын талқылау, постер/ІV. Қорытынды бөлім:а) «Жүйрік ой» жаттығуыМынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/
-
Маған қажет қасиеттер, мыналар…… -
Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: …… -
Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ….. -
Мен айналамдағы адамдардың … қалаймын -
Менің ең асыл арманым… -
Менің мінезімнің … маған ұнамайды -
Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ….. -
Мен … қатты қиналамын -
Адамдардың… маған ұнамайды -
Мен ол адамнан қатты көңілім қалды, себебі….
б) «Кері байланыс» жаттығуы
-
Тренингте ең бірінші не ұнады? -
Не ұнаған жоқ? -
Өзің жаңадан не білдің?