Файл: Жаанды мселе демография блімі бойынша жиынты баалау 1нса.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 21

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

1-нұсқа


Оқу мақсаты:

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;

9.5.2.1- жазба жұмыстарында (себеп бағыныңқы)сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Бағалау критерийі:

Білім алушы:




- Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді;

-Себеп бағыныңқы құрмалас сөйлемді құрап жаза алады


Ойлау дағдыларының деңгейі:

  • Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты:

15-20 минут

Тапсырма
Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
Демография дегеніміз - халық туралы ғылым. Халық санының өзгеруін, оның территориялық ауысуы мен құрамын осы өзгерістердің себептері мен салдарын олардың әлеуметтік экономикалық факторлармен байланыстарын зерттейді.

Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты. Адамзат санының гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала кемуі де қосылады. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалады. Халық санының тұрақтануы демографиялық өтпелі даму кезеңі деп аталады. Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады. 1 - сатысы жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады.

Демографиялық даму ұғымына халық санының артуы ғана емес, урбандалу, босқындар проблемасы және ұлттар арасындағы қарым-қатынастар тәрізді сан-салалы мәселелер енеді.

Жер үшін ең үлкен проблема - тез өсіп келе жатқан халық саны. Қазіргі таңда Африка, Азия, Оңтүстік Америка елдерінде «демографиялық жарылыс» орын алуда. Кезінде экономист Мальтустың өзі халық санының бақылаусыз өсуі азық-түліктің тапшылығына алып келетінін айтқан болатын. Қазіргі таңда кейбір ғалымдардың айтуынша, Жер үшін 1 млрд немесе соған жақын халық саны оптималды деп есептейді.


ХХ ғасырда аталған факторларға кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэфицентінің төмендеуі туу коэфицентінің төмендеуінен алда болады. Сол себепті халық саны артады. 2 - сатысында өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді, сондықтан халық өсімі баяулайды. 3 - сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэфиценті артады, туылымның төмендеуі баяулайды. 4 - сатысында өлім коэфиценті арта отырып, туу коэфицентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады. Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайға кедей елдер де, ауру деңгейі де теріс әсер етеді. (282 сөз)

http://melimde.com/demografiyali-problemalar-men-oni-retteu-meseleleri.html
1. А. Экологиялық демография – демографияның жаңа бағыты, ол демографиялық процестердің адамның ____________________ байланысын зерттейтін бағыты.

В. Адамзат санының _________________ демографиялық жарылыс деп атайды.
Қажетті сөздер: жылдам артуын, мекен ету ортасына
2.Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.

Сөз немесе сөз тіркесі

Анықтамасы


1. урбандалу

А. халық санының азаюы

2. эволюция

В. халық санының артуы

3. демографиялық жарылыс

С. қала халқының табиғи өсімі

4. өлім

Д. ағзаның жетілуі




  1. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А) Мен оқыған кітап қызық-ақ .

В) Әңгіме елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.

С) Онның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.

Д) Түн. Е) Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын танып алыпты.


  1. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын көрсетіңіз

Сол жылы Асқардың стипендиядан басқа қаражаты болмай,бір мезгіл пристаньда қара жұмыс істейтін еді.

Ер төстік жалмауыздың қолында қалды деп,елі мүлде күдер үзіп қояды.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

1-2

- сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен терминдерді қояды;

1-сөйлем

2-сөйлем

- сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіреді;

1-сөз

2-сөз

3-сөз

4-сөз


1

1

1

1

1

1

3. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табады, жасалу жолдарын көрсетеді






Түрін ажыратады

1 қосымшаны анықтап, жасалу жолын көрсетеді

1 қосымшаны анықтап, жасалу жолын көрсетеді


1

1

1

1


Барлығы







10



«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

2-нұсқа



Оқу мақсаты:


9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну;

9.5.2.1- жазба жұмыстарында (себеп бағыныңқы)сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыру


Бағалау критерийі:

Білім алушы:




- Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді;

- Себеп бағыныңқы құрмалас сөйлемді құрап жаза алады


Ойлау дағдыларының деңгейі:
Орындау уақыты:


Қолдану

15-20 минут


Тапсырма
Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
Жер бетіндегі халық санының өсу қарқыны кезеңдерге байланысты әр мемлекетте әртүрлі сипат алған. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген нәтижелер адам баласының өсімін тұрақтандыруға мүмкіндік берді. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп шоғырланған.

Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде адамзат баласы планетаны ғаламдық игеруді бастады. Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік технологиялардың жылдам таралуы барлық континенттегі халықтың тұрақты орналасуына негіз болды.

XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға көтеріліп отырған. Ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.

Ұдайы өсу үздіксіз ұрпақ ауысымын жаңартып отыруды қамтамасыз етеді. Бұл үдеріске әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жоғары деңгейде ықпал етеді. XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың орта шеніне дейін экономикасы жылдам қарқынмен дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы – «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдайдың жоғарылауы этникалық және діни себептермен, ерте бастан некеге тұрумен, білім деңгейінің төмендігімен, өндіріске әйелдерді араластырмаумен тікелей байланысты. Сонымен қатар кейбір мемлекеттерді отарлық тәуелділіктен босату, медициналық қызмет көрсетуді жақсарту, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда.
 Қазіргі уақытта халық санының ең жоғары өсімі Африка және Орталық Америкада жылына 3%, Онтүстік Америкада 2,2%, Азияда — 1,8%. Туу көрсеткіштері бойынша көшбасшы мемлекеттерге: Орталық Африка мемлекеттері, соның ішінде Кения жатады, мұндағы туу көрсеткіші 1000 тұрғынға 54 жаңа туылған сәбиден келеді. (257 сөз)

https://ikaz.info/haly-sanyny-sui-azy-t-lik-zh-ne-energetikaly-problemalar/
А. Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде адамзат баласы планетаны _________________бастады.
В.Мұндай құбылыс __________________________, яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді.

Қажетті сөздер: ғаламдық игеруді, демографиялық жарылысқа.


  1. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.




Сөз немесе сөз тіркесі

Анықтамасы


1. некеге тұру

А. өндірістің қарқынды дамуы 

2. өсу қарқыны

В. ер мен әйел арасындағы тең құқылы одақ

3. өнеркәсіптік революция

С. халықтың қоныстануы

4. халықтың тұрақты орналасуы

Д. халық санының артуы




  1. Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А) Бірақ іргедегі пештің жылуы қандай тез болса, суынуы да сондай тез.

В) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды

С) жақсының басына іс түссе, ашынар да ашылар

Д) жаңа жұмысшыларға техника қатерсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.


  1. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдарын көрсетіңіз

Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан,көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады. Жіберген жоқшылары осындай хабар әкелген соң,Жарасбай түні бойы күйіп,қорланудан тыныштық ала алмады.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

1-2

- сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен терминдерді қояды;

1-сөйлем

2-сөйлем

- сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіреді;

1-сөз

2-сөз

3-сөз

4-сөз


1

1

1

1

1

1

3. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді табады, жасалу жолдарын көрсетеді






Түрін ажыратады

1 қосымшаны анықтап, жасалу жолын көрсетеді

1 қосымшаны анықтап, жасалу жолын көрсетеді


1

1

1

1


Барлығы







10




«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика


Бағалау

критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді


сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен терминдерді дұрыс табуда, сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіруде қателеседі



сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен терминдерді дұрыс табуда, сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіруде қиналады




сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен терминдерді дұрыс табады, сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіреді



Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді.


Диаграммадағыақпараттарды

қолданыптаныстырылым

жасауда, өз пікірін білдіріп,

қорытындылаудақателеседі.




Диаграммадағыақпараттарды

қолданыптаныстырылым

жасауда, өз пікірін білдіріп,

қорытындылауда қиналады.




Диаграммадағыақпараттардықолданып

таныстырылымжасайды, өз пікірін білдіріп,қорытындылайды.