Файл: аза тілі пнінен 3тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары аламтор аламаты. Морфология азастандаы лттар достастыы. Морфология.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 111
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Қазақ тілі» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларыҒаламтор ғаламаты. МорфологияҚазақстандағы ұлттар достастығы. МорфологияДұрыс тамақтану. МорфологияТыңдалым мен айтылым1-НҰСҚАТапсырма
Виртуалды қарым-қатынас жеңіл әрі қауіпсіз. Расында да, ешкім сізге телефон арқылы физикалық зиян келтіре алмайды. Сол себепті көптеген адам осы әдісті құптайды. Диалог барысында әңгімені белсенді жүргізіп, күліп, досымен "жақындаса" түсетін адамдар шын өмірде дәл сол адамдармен тіл табыса алмай жатады. Мұның себебі екеуінің де қапелімде жаңа ортаға түсуінде. Комфортты аумақтан шығып, үлкен қоғам арасында қарым-қатынас жүргізу басқа елден келген тіл білмейтін туристпен тең. Ал кейбір адамдар, керісінше, виртуалды қарым-қатынасқа "жоқ" деп, шын өмірде қызықты, ашық, жайдары адам болып келеді. Сондықтан "диалог" арқылы өзін керемет, жайдары, қызық, позитивті, ақылды адам қылып бейнелей алған адамға сенуден бұрын сан рет ойланыңыз. Виртуалды әлем - біздің шын мәнінде кім екенімізді жасыруға көмекші құрал.(https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/26308)
-
Мәтінді оқып, онда көтерілген басты мәселені өз сөзіңізбен түсіндіріңіз. -
Мәтіннен 2 факті мен 2 автордың көзқарасын білдіретін ақпаратты табыңыз және себебін түсіндіріңіз.
Виртуалды қарым-қатынас жеңіл әрі қауіпсіз. Расында да, ешкім сізге телефон арқылы физикалық зиян келтіре алмайды. Сол себепті көптеген адам осы әдісті құптайды. Диалог барысында әңгімені белсенді жүргізіп, күліп, досымен "жақындаса" түсетін адамдар шын өмірде дәл сол адамдармен тіл табыса алмай жатады. Мұның себебі екеуінің де қапелімде жаңа ортаға түсуінде. Комфортты аумақтан шығып, үлкен қоғам арасында қарым-қатынас жүргізу басқа елден келген тіл білмейтін туристпен тең. Ал кейбір адамдар, керісінше, виртуалды қарым-қатынасқа "жоқ" деп, шын өмірде қызықты, ашық, жайдары адам болып келеді. Сондықтан "диалог" арқылы өзін керемет, жайдары, қызық, позитивті, ақылды адам қылып бейнелей алған адамға сенуден бұрын сан рет ойланыңыз. Виртуалды әлем - біздің шын мәнінде кім екенімізді жасыруға көмекші құрал.(https://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/26308)
| Балл | Коммуникативтік құзыреттілік | Грамматикалық құзыреттілік |
| 5 | Мәтінде көтерілген мәселені терең түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, ұтымды жеткізеді. Фактілік және автор көзқарасын ажыратып, себебін өте жақсы түсіндіреді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде өте дәл, нақты. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны өте жақсы қолданады. Сөздік қоры мол. Паразит сөздер мен қайталаулары жоқ. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді өте орынды, тиімді пайдаланады. |
| 4 | Мәтінде көтерілген мәселені жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтінмен, басқа да дереккөздердегі ақпараттармен байланыстырып, жеткізеді. Фактілік және автор көзқарасын ажыратып, себебін жақсы түсіндіреді. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде орынды. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық сұрақтар қояды. | Ойын аяқталған, толық сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық дағдыны жақсы қолданады. Сөздік қоры жеткілікті. Паразит сөздер мен қайталаулар аздап кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды пайдаланады. |
| 3 | Мәтінде көтерілген мәселені қанағаттанарлық деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстырып жеткізеді. Фактілік және автор көзқарасын ажыратуы қанағаттанарлық. Дәйектемелері көзқарасын дәлелдеуде үнемі орынды бола бермейді, кейде негізгі мәселеге қатыссыз пайымдаулар кездеседі. Талқылау кезінде мәтін аясында ашық, жабық сұрақтар қояды. | Ойын кейде аяқталған, аракідік синтаксистік құрылымы сақталмаған сөйлемдермен жеткізеді. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері кездеседі. Сөздік қоры қанағаттанарлық. Паразит сөздер мен қайталаулары кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынды, орынсыз пайдаланады. |
| 2 | Мәтінде көтерілген мәселені шектеулі деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз пікірін мәтін ақпараттармен байланыстыра жеткізуде қолдауды қажет етеді. Фактілік және автор көзқарасын шатастырады. Көзқарасын дәлелдейтін дәйектемелері сирек, көбіне жалпылыққа ұрынады. Талқылау кезінде қойған сұрақтары жабық сұрақтар шеңберінде болып келеді. | Ойын көп жағдайда аяқтамайды, жай сөйлемдерді, қарапайым синтаксистік құрылымдарды қолданады. Ой мен ойды байланыстыруда грамматикалық қателері жиі кездеседі. Сөздік қоры күнделікті ауызекі лексикадан тұрады. Паразит сөздер мен қайталаулары жиі кездеседі. Жеке пікірін білдіруде қыстырма сөздер мен оқшау сөздерді орынсыз пайдалануы жиі кездеседі. |
| 1 | Мәтінде көтерілген мәселені түсінуі өте шектеулі. Факті мен көзқарасты ажырата алмайды. Ақпаратқа қатысты жеке көзқарасы мен пікірі жоқ, көбінесе, дайын ақпаратты қайталап беру деңгейінде. Себебін түсіндіруі аз. Жабық сұрақтармен шектеледі. | Ойын аяқтамайды, қарапайым синтаксистік құрылымдармен шектеледі. Грамматикалық дағдылары жетіспегендіктен, ой мен ойы байланыспайды, жүйе жоқ. Паразит сөздер мен қайталаулары негізгі лексикадан басым. |