Файл: Л. Ж. Ахметова, С. Ж. Нурушева теректі ауданы, Ааты жюббм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 183
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта , техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының
облыстық оқу-әдістемелік кабинеті
Хаттама №1 4.03.2016
Құрастырғандар:
Л.Ж.Ахметова , С.Ж.Нурушева –Теректі ауданы, Аңқаты ЖЮББМ
Пікір жазғандар:
М.К.Ажгалиев – БҚИТУ-нің доценті,п.ғ.к.
А.М.Бородулина – Теректі АБББ –нің әдіскері
Бұл бағдарлама бастауыш білім беру деңгейінің Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарты негізінде әзірленді.
Бағдарлама бастауыш сынып мұғалімдеріне қосымша білім беруде әдістемелік құрал ретінде ұсынылады.
М
азмұны
І.Түсінік хат ------------ 4бет
II. Күнтізбелік жоспарлар
1. 2-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар----------------------------5бет
2. 3-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар---------------------------- 6бет
3. 4-сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар------------------------------7бет
ІІІ. Сыныптар бойынша сабақ жоспарлары
1. 2-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары ---------------------------8-26бет
2. 3-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары ---------------------------27-37бет
3. 4-сыныпқа арналған сабақ жоспарлары ---------------------------38-51бет
ІV.Дидактикалық материалдар ---------------------------------------------52-64бет
V.Пайдаланылған әдебиеттер-----------------------------------------------65бет
Түсінік хат
Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің Орта білім берудің (бастауыш) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
2-сыныптың оқушысының абстрактілі ойлау деңгейі-дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондықтан екінші сыныпқа арналған «Логикалық математика» арнайы курс бағдарламасы осы ерекшеліктерді есепке ала отырып құрылған.
Бүгінгі күні математиканың қолданылмайтын жері жоқ. Сондықтан әр оқушыны математикалық сауаттылықтың жоғары деңгейіне жеткізу міндеті тұр. «Логикалық математика» бағдарламасы арқылы оқушылар тез ойлау, жылдам есептеу дағдылары қалыптасады. Бұған қоса математикалық, логикалық, танымдық мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы, ойлау қабілеті жетілдіріледі.
«Логикалық математика» бағдарламасы арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі.
Көңілді жаттығулар, викториналар, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді. Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.
«Логикалық математика» таңдау курсының басты мақсаты:
Баланың танымдық қызығушылығын арттыру, функционалдық қасиеттерін дамыту, шығармашылыққа бейім құзыретті тұлғаның дамуына, логикалық ойлауды қалыптастыру болып табылады.
« Логикалық математика» таңдау курсының міндеттері:
- Математиканы үйренуге ынтасын арттыру, оқушыларды қызықтыру әрекеттерін қалыптастыру.
- Ойын дәлелді жеткізе білуге жаттықтыру.
- Математикалық сөйлеуді, логикалық ойлауды дамыту.
- Шығармашылық ізденіске жетелеу.
- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша өзгертіп шығаруға жаттықтыру.
- Талдау, жинақтау, ұқсастықты табу,ерекшелікті ажырату әрекетін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
- Оқу іс-әрекеттерін өз бетімен жоспарлауды, бақылауды орынды қолдануға үйренеді
- Әртүрлі кесте бойынша есеп құрастыруға жаттығады
- Шамаларды салыстыра білуге үйренеді
- Кез-келген есепті өз көзқарасы бойынша шығаруға дағдыланады
- Өз ойын дәлелдей білуге жаттығады
- Проблемалық жағдаятты шеше алады
- Шығармашылықпен жұмыстана бастайды
Уақыт көлемі, сабақтың жиілігі: «Логикалық математика» қосымша курсы бағдарламасы 36 сағатқа (аптасына 1 сағат) есептеліп құрылған.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар– 2 сынып
Аптасына 1 сағат
Жылына 36 сағат
№ | Тақырыбы | Сағат саны | Өтілетін уақыты |
1 | Екі таңбалы сандар | 1 | 07.09. |
2 | Екі таңбалы сандарды оқу,жазу,салыстыру | 1 | 14.09. |
3 | Сандар мен амалдарды орындау [4] | 1 | 21.09. |
4 | Ондықтан аттамай ауызша қосу және салыстыру | 1 | 28.09. |
5 | Өзіңді тексер | 1 | 05.10. |
6 | Шамалар және олардың өлшем бірліктері [1] | 1 | 12.10. |
7 | Масса және оның бірліктері .Киллограмм.Литр | 1 | 19.10. |
8 | Математикалық домино [5] | 1 | 26.10. |
9 | Қандай сандар жетіспейді ? [1] | 1 | 09.11. |
10 | Өлеңді есептер | 1 | 16.11. |
11 | Теңдеу шығару тиімді тәсілі – 1. | 1 | 23.11. |
12 | Математикалық жұмбақ санамақтар | 1 | 30.11. |
13 | Логикалық есептер -2.[2] | 1 | 07.12. |
14 | Мұқият орында ! ( бояу ) | 1 | 12.12. |
15 | Математикалық эстафета [4] | 1 | 14.12. |
16 | Сандары бар мақал –мәтелдер | 1 | 28.12. |
17 | Геометриялық пішіндер. Олеңдер. | 1 | 11.01 |
18 | Санайық,есептейік,ойланайық ! [2] | 1 | 18.01. |
19 | Математикалық спринт. Тест. | 1 | 25.01. |
20 | Қалып қойған санды тап. [3] | 1 | 01.02. |
21 | Сандар қатарын жалғастыр.... | 1 | 08.02. |
22 | Мұқият орында ! ( бояу ) [4] | 1 | 15.02. |
23 | Сиқырлы шаршылар | 1 | 22.02. |
24 | Математикалық диктант спринт | 1 | 01.03. |
25 | Логикалық есептер | 1 | 09.03. |
26 | Қызықты математикалық сайыс | 1 | 15.03. |
27 | Айырмашылығын тап! [1] | 1 | 29.03. |
28 | Шығармашылық тапсырмалар | 1 | 05.04. |
29 | Логика ( дәптер – 2 ) | 1 | 12.04. |
30 | Айырмашылығын тап! | 1 | 19.04. |
31 | Өздік жұмысы | 1 | 26.04. |
32 | Шығармашылық тапсырмалар [3] | 1 | 03.05. |
33 | Қызықты тапсырмалар | 1 | 10.05. |
34 | Логикалық тапсырмалар [2] | 1 | 17.05. |
35 | Қорытындылау. Тест. | 1 | 24.05. |
36 | Жыл бойы өткенді қайталау | 1 | 31.05. |
Барлығы: 36 сағат
Қысқа мерзімді жоспар
Факультатив. «Логикалық математика» Күні:
2- сынып
С\ тақырыбы: Математикалық жұмбақ санамақтар.
С\ мақсаты: Ауызша тез санау қабілеттерін дамыту; қосу және азайту кестелерін жаттауға дағдыландыру; бірнеше сандарды ретімен қосуға үйрету.
С\ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1
15
. Хатты қандай жәшікке саламыз?
11
12
13
14
6+4+2 8+2+3 4+6+1 1+9+4 3+7+5 14 - 4+3
5+5+2 2+8+3 3+7+1 5+5+4 4+6+5 18 - 8+4
7+3+2 1+9+3 9+1+1 6+4+4 2+8+5 13 - 3+5
ІІ. Мағынаны тану. Математикалық санамақтар.
Табақта 15 алма,
Қолымда 4 алма,
Барлығын қосқанда,
Болады неше алма?
Екеуін бердім апама,
Екеуін бердім атама,
Үшеуін алды інім,
Нешеуі қалды өзімде?
(12 алма)
6 алманың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?
(4 алма)
11 Түйе, 5 жылқы,
2 Сиыр,1 ешкі,
2 Қоян, 3 түлкі,
Болды сонда нешеуі?
(24)
Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ, 5 ешкі,
4 Қозылы, 2 қой
Бәрі нешеу айта ғой?
(17)
ІІІ. Толғаныс. Математикалық спринт. ( бір ұзынша қиылған парақ қағазға жауаптар жазылады. Әр жауап жазылған сайын парақтың шеті бүктеледі.)
-
11 пиязды аршу керек. 3 пияз аршылды. Аршылмаған неше пияз қалды? -
Картоп пен пияз бірге 15 кг тартады. Картоптың массасы 7 кг. Пияз неше кг тартады ? -
Әжесі 16 сәбіз және 8 қызылша сатып алды. Қызылшаның сәбізге қарағанда нешеуі кем ? -
6 мен 9 сандарының қосындысын тап. -
13 саны – бұл 7 және неше ? -
49 –ды 1- ге арттыр. -
Азайғыш – 14, азайтқыш- 8. Айырманың мәні нешеге тең. -
2 ондық 3 бірліктен тұратын сан. -
47 - бұл неше ондық, неше бірлік ? -
80 –ді 60- қа кеміт.
IV. Тексеру. Бағалау.
Тексерілді:_____________
Дир.бастауыш сын.жөн.орынбасары
Г.С.Нарбекова
Қысқа мерзімді жоспар
Факультатив. «Сиқырлы математика»
Күні: 16.09.2019ж.
Математика. 2- сынып
С\ тақырыбы: Санайық , есептейік , ойланайық !
С\ мақсаты: тірек білімдерін жетілдіру; ондықтан аттау арқылы қосу және азайту тәсілдерін қайталау; сандардың ондық және бірліктер құрамы арқылы қосу және азайту; сандардың құрамын пысықтау; теңдеу құру; қосу мен азайту кестесін жаттату.
С\ барысы:
І. Қызығушылықты ояту.
1. Қосу кестесін қайталау.
11
12
13
14
15
( оқушылар кезекпен шығып , карточкалар сурып, жазылған санға қосу кестесін айтып беру керек )
ІІ. Мағынаны тану.
Есептер шығару:
3 . Бірінші күні – 7 ? бет ( барлығы )
Екінші күні – 3
Ш.: 7 + 3 = 10
Ж.: екі күнде 10 бет оқыды
4 . Қазақ тілінде – 4 10 кітап
Орыс тілінде – ?
Ш.: 10 – 4 = 6
Ж.: орыс тілінде 6 кітап
5. Тұрды – 10 автобус
Шығып кетті - 4
Қалды - ? ( Неше автобус қалды ? )
Ш.: 10 – 4 = 6
Ж.: 6 автобус қалды.
ІІІ. Толғаныс.
С амат –
Ербол – ұзын
Дәулет –
Кім ең ұзыны ? Ең ұзыны – Самат Кім ең қысқасы ? Ең қысқасы – Дәулет
Қорытындылау. Бағалау.