Файл: ош келді, з Наурыз! Масаты Наурыз мейрамы туралы тсінік беру арылы аза.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қош келдің, Әз Наурыз!

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ

халқының салт-дәстурін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу).

Мереке басталмас бұрын ұлттық шапан киген жігіттер кернейлетіп,

тойдың басталғаны туралы халыққа жар салады. (Сахна сыртында баяу

музыка лебі еседі). Осы кезде сахна сыртында Наурыз мерекесі туралы жыр

шумақтары оқылып тұрады:

Алдымен ортаға Жер Ана шығады.

Келесі шығатын Қыдыр ата.

Осы тұста ортаға желмая мінген Қыдыр ата келіп, Наурыз бата

береді.)

Қыдыр ата: Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықласпен қол жайсаң,

ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң жол болсын!

Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Пәле, жала жерге енсін!

Көйлектерің көк болсын,

Қайғы уайым жоқ болсын!

Қуаныштарың көп болсын!

Әумин!

Ән шашу: Назерке Арысбекқызы «Наурыз» әнімен

Жүргізуші: Армысың, ағайын! Құрметті ауыл тұрғындары, жерлестер!

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Жаңа жыл келді. Ендеше, тойымызды ұзағынан сүйіндірсін! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Құттықтау сөз кезегі «Болашақ» комьюнити клубының спорт әдіскері Қарағойшиев Қайырболат және №29 негізгі орта мектеп директоры Оразақаева Гулдана Өтемісқызына беріледі.


Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық,
Думандатып мектебімді,
Наурыз тойын тойлайық

Жүргізуші :Жаңа жылды, Наурыздың  22 - сі халық Ұлыстың Ұлы күні деп ұлағат еткен. Ұлыс күні қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен мән берген, қар немесе жаңбыр жауса,

« нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», « Наурыздың ақша қарындай» деп әсем теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса, мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады» - деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе, ұлағаттап есімін ерекше қойған.

Ән шашу: «Мерекем» әнімен

Жүргізуші:

 “Қазақ халқы салт - дәстүрге өте бай ел. Бұл - оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Біздің халқымыз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт -дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым-тыйыммен тәрбиелеп, аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық , ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер де осы жол арқылы дарыған. Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады. Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады. Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру, жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару, жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты дәстүрлер өмір бойы ескірмейді. Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәстүрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.

Келесі кезекте 29 мектеп ұжымы «Құда түсіру» салт-дәстүрін көрсетеді. Тамашалайық!!!!

Жүргізуші:

Наурыз,тойы–тамаша,

Наурыз тойы- жаңаша.

Табиғатта тамаша,

Тамылжып тұр жараса.

Наурыз келді еліме,

Наурыз келді жеріме.

Байлық бақыт тілеймін,

Бүкіл қазақ еліне!

Келесі кезекте: Қазақ биі

Жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу - салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібеңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Келесі кезекте ауылымыздың орталық көше тұрғындарының салт-дәстүріне кезек берелік. Назарларыңызға «Бесікке салу» дәстүрінен көрініс

Жүргізуші:



Ерітіп қарын даланың,

Жинатып гүлін саланың.

Жетелеп жұмсақ самалын,

Келді Наурыз – жыл басы.

Күлімдеп қарап күміс күн,

Аспаның бүркіп пүліш түн.

Ұлы күні Ұлыстың,

Келді Наурыз – жыл басы!

Енді кезекті әнге берейік. ( Роза Күзембайқызы «» әні орындалады).

Жүргізуші

Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс – салтында бағзы замандардан бері орын алған деседі.
Ежелгі түркілер ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан. Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни бір күн елге патша болып, билік жасауына ерік берілген деседі.
Ал қазақ даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды тең санаған, құл мен күң де шаруадан босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған. Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар әңгіме көпке ортақ болған екен.

Келесі кезекте ауылымыздың Жоғарғы көше тұрғындарының салт-дәстүріне кезек берелік. Назарларыңызға «Тұсау кесу» дәстүрінен көрініс

Жүргізуші:
Наурыз - жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл - Наурыз айының 22 - ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.

Келесі кезекте ауылымыздың Абай көше тұрғындарының салт-дәстүріне кезек берелік. Назарларыңызға «Бата беру» дәстүрінен көрініс

Жүргізуші:

Ән қосылсын әніңе!

Ырысты боп жаңа жыл!

Бақ дарысын бәріңе!

Ой қосылып ойыңа

Бас қосылып бойыңа

Аман-есен жетейік

Келер Наурыз тойына.

Жүргізуші:

 Наурыз - бұл ежелгі дәстүр бойынша Жаңа жылдың басталуы ғана емес, бұл сонымен бірге таңғажайып көктем мерекесі, табиғаттың қайта түлеп, қайта жаңғыруы. 

Осы бір табиғат ана көгілдір көктемнің жып-жылы шапағатымен жайнап тұрған сәтте сіз де зор қуаныштарға бөленгейсіз! 
Жаныңыз күн нұрындай жарқырап, ал көңіліңіз мейірімділік пен махаббат сезімдеріне тола берсін!

-Құрметті ағайындар, келесі Наурыз тойында кездескенше қош сау болыңыздар!