ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 37
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тема: 02-Процент
Подтема: 03-Процентке байланысты мәселе есептер
-
Қарбыздың 98%-і су. 5 кг қарбызда қанша су бар?
Жауабы: 4,9 кг
-
Әсеттің массасы 35 кг. Адам массасының 65%-і су. Әсеттің денесінде неше кг су бар?
Жауабы: 22,75 кг
-
Тік төртбұрыштың ұзындығы 15 дм, ауданы 90дм2. Оның ені ұзындығының неше проценті?
Жауабы: 40%
-
Бұйымның бағасы 12%-ке арзағанда, 440 теңге болды. Бұйымның алғашқы бағасы неше теңге болған?
Жауабы: 500
-
Атай жинақ кассасына жылына 10%-тік өсіммен мың теңге ақша салды. Атайдың ақшасы 1 жылдан соң қанша теңге болады?
Жауабы: 40,04 мың теңге
-
Алманың бағасы қаңтар айының барысында 30%-ке, ал ақпан айының барысында 20%-ке көтерілді. Осы екі айдың ішінде баға қанша процентке көтерілді?
Жауабы: 56%
-
Фирма жарнама агенттеріне заказ құнының 5%-ін төлейді. 200 теңге табу үшін, заказдың құны қанша болу керек?
Жауабы: 40000 теңге
-
Фотоаппараттың бағасы бір айдың ішінде бірінші 18%-ке, одан кейін 20%-ке төмендеді, соңында 1640 теңге болды. Фотоаппараттың бастапқы бағасын табыңыз:
Жауабы: 2500 теңге
-
Жұмысшы еңбек ақысын орындағын нормасы бойынша алады. Айдың аяғында нормасын 20%-ке асырса орындағаны үшін 8400 теңге алды. Оған осы айда қосымша есептелген ақшасын табыңыз.
Жауабы: 1400 теңге
-
Банк өзінің салымшыларына салымның жылдық өсуін 4%-ке арттырмақ. Егер адам банкке 1200 теңге салса, онда бір жылдан кейін алатын ақшасын табыңыз.
Жауабы: 1248 теңге
-
10%-тік 2 литр сірке қышқылына 8 л таза су қосылды. Пайда болған ерітіндіге сірке қышқылының проценттік мөлшерін табыңыз.
Жауабы: 2%
-
Май заводы күніне 50ц сүт қабылдап, оның 59%-ін май дайындайтын цехқа жібереді. Онда қабылданған сүттің 16%-індей май алынады. Завод күніне неше центнер май дайындайтынын табыңыз.
Жауабы: 47,2 ц
-
Машина бір қала мен екінші қаланың арасын 3 күн жүрді. Ол бірінші күні 52,8км/сағ жылдамдықпен 4 сағатта барлық жүругі тиісті жолдың 12%-ін, екінші күні қалған жолдың 60%-ін жүрді. Машина үшінші күні қанша жол жүруге тиісті екенін табыңыз.
Жауабы: 619,52 км
-
3 кг суға 70%-тік күкірт қышқылы ерітіндісінің 9 кг-ы қосылды. Пайда болған ерітіндінің концентрациясын анықтаңыз.
Жауабы: 52,5%
-
18%-тік 2 кг тұз ерітіндісіне бір стакан (0,25 кг) су араластырған. Сонда тұз ерітіндісінің жаңа концентрациясын табыңыз (пайыз есебімен алғанда):
Жауабы: 16%
-
10%-тік 200 г қант шәрбатын 20%-тік 300 г қант шәрбатымен араластырды. Шыққан қоспаның (пайызбен алынған) концентрациясын анықтаңыз.
Жауабы: 16%
-
Тұз кнцентрациясын 3%-тен 20%-ке дейін азайту үшін 20 кг теңіз суына массасы қанша тұщы су қосу керек.
Жауабы: 10 кг
-
Қоймада 100 кг жидек бар еді. Тексере келгенде жидек құрамының 99%-і су екен. Біраз уақыт өткеннен кейін жидектегі су мөлшері 98%-ке дейін азайды. Сонда қалған жидек массасының қанша екенін табыңыз.
Жауабы: 50 кг
-
Қоймада сақталған бидайдың ылғалдығы 20% болған. Кептірілгеннен кейін оның ылғалдығы 15% болды. Алғашқыда қоймада 51 т бидай болған. Кептірілгеннен кейінгі бидайдың массасын табыңыз:
Жауабы: 48 т
-
100 г ерітіндіде 1% тұз бар. Буланғаннан кейін тұз 2% болды. 2%-тік тұз ерітіндісінің массасын табыңыз.
Жауабы: 50 г
-
Теңіз суында салмағы бойынша бойынша 5%-тік тұз бар. 40 кг теңіз суына тұщы су құйылды және шыққан суда тұздың концентрациясы 2% боды. Қосылған тұщы судың массасын табыңыз.
Жауабы: 60 кг
-
Спирттегі йодтың 16%-тік ерітіндісінің 735 г бар. Йодтың 10%-тік ерітіндісін шығару үшін алғашқы ерітіндіге қосылатын спирттің массасын табыңыз.
Жауабы: 441 г
-
95%-тік күкірт қышқылын алу үшін 80%-тік күкірт қышқылының 50 г-на 100%-тік күкірт қышқылын қосу керек. Қосылатын 100%-тік күкірт қышқылының массасын табыңыз.
Жауабы: 150 г
-
Кептірілген қазтабан массасының 84%-ін жоғалтады. 8 кг кепкен қазтабан алу үшін қанша қазтабан жинап алу керек?
Жауабы: 50 кг
-
Тауардың бағасын алдымен 20%-ке, ал содан кейін жаңа бағасын тағы да 25%-ке кемітті. Тауардың бастапқы бағасын барлығы неше процент кеміткен?
Жауабы: 40%
-
Теңіз суының құрамында массасы бойынша 5% тұз болады. 15 л теңіз суына, ондағы тұздың концентрациясы 1,5 % құрайтын болу үшін, қанша тұщы су құю керек?
Жауабы: 35 л
-
Кітапханада ағылшын, француз және неміс тілінде кітаптар бар. Ағылшын тіліндегі кітаптар шет тіліндегі кітаптардың 40%-ін, француз тіліндегілер ағылшын тіліндегінің 75% құрайды, ал қалған 210 кітап-неміс тіліндегілер. Кітапханада шет тілінде қанша кітап бар?
Жауабы: 700
-
Тік төртбұрыштың ені оның ұзындығының 75%-ін құрайды. Осы тік төртбұрыштың ауданы 48м2 болса, оның периметрін табыңыз.
Жауабы: 28 м
-
1 кг май 80 теңге тұратын, ал бір жылдан кейін 360 теңге болды. Май қанша процентке қымбаттады?
Жауабы: 350%
-
14 т капуста магазинге әкелінді. Барлық капустаның 30%-і сатылды. Магазинде қанша капуста қалды?
Жауабы: 9,8 т
-
Ракета бір сағаттың ішінде жанармайдың 15%-ін жағады. Егер ракета ұшырылғаннан бір сағаттан соң онда 170 тонна жанармай қалса, жанармайдың бастапқы шамасы қандай болғаны?
Жауабы: 200 т
-
Жаңа жұлынған саңырауқұлақтарды кептіргендн, ол өз салмағының 98%-ін жоғалтады. 4 кг кептірілген саңырауқұлақ алу үшін қанша жаңа жұлынған саңырауқұлақ қажет?
Жауабы: 200 кг
-
Пісірген кезде ет өз салмағының 35%-ін жоғалтады. 520 грамм пісірілген ет алу үшін қанша шикі ет қажет?
Жауабы: 780 г
-
Сүттің 21%-і қаймақ болды, ал қаймақтың 24%-і май болды. 630 кг май алу үшін қанша сүт керек?
Жауабы: 12300 кг
-
Товар 1386 мың теңгеге сатылғанда 10% пайда алынды. Товардың өзіндік құнын анықтаңыз.
Жауабы: 1260 мың теңге
-
Жұмыс күні 8 сағаттан 7 сағатқа азайтылды. Бұрынғы жалақы 5%-ке өсу үшін еңбек өнімділігін неше процентке көтнру керек?
Жауабы: 20%
-
90%-тік суы бар 100 кг массадан 80%-тік судан тұратын масса алу үшін қанша суды құрғату керек?
Жауабы: 50 кг
-
Гаражда 54 жүргізуші бар. Егер әр күні гараждағы 60 автомашинаның 25%-і өз ақауларын жөндеу үшін жұмысқа шықпай қалса, онда бір айда (30 күн) әр жүргізушінің неше бос күні болады?
Жауабы: 5 күн
-
Тауардың 1 килограмының сатылатын бағасы 2,2 мың теңге, азық-түлік магазині бұдан 10% пайда табылды. Егер осы тауардың килограмын 1,8 мың теңгеден сатса, онда магазин 43 мың теңге зиян шегеді. Магазиндегі тауар қанша еді?
Жауабы: 215 кг
-
Құны 225 мың теңгелік екі бағалы тері халықаралық аукционда 40% пайдамен сатылды. Егер бірінші теріден 25%, екіншісінен 50% пайда түскен болса, әр терінің жеке бағасы қанша?
Жауабы: 135 мың теңге, 90 мың теңге
-
Кітаптың бірінші томының 60-ының, екінші томының 75-інің құны 270 мың теңгені құрайды. Ал іс жүзінде барлық кітаптарға 237 мың теңге төленді, өйткені кітптың бірінші томы 15%-ке, ал екінші томы 10%-ке арзандатылды. Кітаптардың алғашқы бағасы қанша еді?
Жауабы: 2000 теңге, 2000 теңге
-
Екі жұмысшы бір сменада 72 деталь дайындады. Бірінші еңбек өнімділігін 15%-ке, екіншісі 25%-ке арттырғаннан кейін бір сменада 86 деталь жасайтын болды. Еңбек өнімділігін арттырғаннан кейін бір сменада қанша деталь жасайтын болды?
Жауабы: 46; 40
-
Теңіз суында 5% тұз бар. Құрамында тұз мөлшері 2%болу үшін 80 кг теңіз суына қанша таза су қосу керек?
Жауабы: 120 кг
-
Мыс пен қалайыдан тұратын екі кесек қорытпа бар. Бірінші қорытпа 40%, екіншісінде 32 мыс бар. 35% мысы бар 8 кг қорытпа алу үшін бірге қорытылатын кесектердің салмағы қандай болуы керек?
Жауабы: 3 кг, 5 кг
-
Екі заттан тұратын салмағы 18 кг қоспа бар. Қоспадан 40% бірінші, 25% екінші затты айырып алғаннан кейін екінші зат қанша қалса, бірінші зат та сонша қалды. Қоспада әрқайсысынан неше кг зат бар еді.
Жауабы: 8 кг, 10 кг
-
Массасы 0,5 т целлюлозаның 85%-і су. Құрамында 25% целлюлоза болу үшін қанша суды құрғату керек?
Жауабы: 200 кг
-
Жоспар бойынша коператив күніне 40 га жерге астық себуі керек еді. Алайда кооператорлар әр күні жоспарын 30%-ке артық орындады, сондықтан жұмысты уақытынан 2 күн бұрын бітірді және жоспардағыдан 4 га артық септі. Кооператив неше гектар жерге егін екті?
Жауабы: 364 га
-
Ұста мен оның шәкірті 1 ауысымда жоспар бойынша 65 тетік жасауы тиіс еді. Ұста өзінің жоспарын 10%-ке, шәкірті 20%-ке артық орындағандықтан, бір ауысымда 74 тетік жасалды. Ұста мен шәкірті жеке-жеке жұмыс істегенде жоспар бойынша бір ауысымда неше тетік жасауы керек еді?
Жауабы: 40; 25
-
1 кг алмұрт шабдалыдан 20%, ал 1 кг алма алмұрттан 10% арзан, 1 кг алхоры 1 кг алмадан 15% арзан. 1 кг алхлоры 1 кг шабдалыдан неше процент арзан?
Жауабы: 38,8%
-
Жер 3 күнде жыртылды. Бірінші күні барлық жердің 56%-ін, екінші күні қалғанының 75%-ін, үшінші күні 330 га жер жыртылды. Жердің ауданы қанша?
Жауабы: 3000 га
-
Қоймадағы ұнның 40%-і нан зауытына, ал қалғаны 0,3:2,5:0,8 қатынасымен үш дүкенге бөлінді. Егер бірінші дүкенге үшінші дүкенге қарағанда 40 т ұн кем түсірілгені белгілі болса, онда қоймада барлығы қанша ұн бар еді?
Жауабы: 480 т