Файл: 5 сыныпа арналан тест сратары 2 нса Мтінмен жмыс Оылым.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

5 сыныпқа арналған тест сұрақтары

2 нұсқа

Мәтінмен жұмыс

Оқылым

Мәтінді оқы, тапсырмаларды орында.

Қазақстанда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді. Солардың отанына айналған біздің кең байтақ еліміз қашан да өзге ұлт өкілдерін құрметтеп, оларды бауырына басуға дайын. «Бірлік бар жерде — тірлік бар» дейді. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Өзге ұлттардың салт-дәстүрі мен, тілі мен мәдениетін жоғалтпау үшін қолайлы жағдай жасады. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы.

  1. Мәтіндегі негізгі ойды анықта:

А) ұлттар достастығы

Ә) туған жер

Б) дені саудың жаны сау

В) рухани байлық

Д) қонақ күту

2. Қазақстанда қанша ұлт өкілі өмір сүреді?

А) 90-нан астам

Ә) 140-дан астам

Б) 130-дан астам

В) 60-дан астам

Д) 50-дан астам

3. «Бірлік бар жерде тірлік бар» жазылу ерекшелігі?

А) мақал-мәтел

Ә) әңгіме

Б) төл сөз

В) төлеу сөз

Д) қанатты сөз

4. Біздің еліміздің ең басты байлығы?

А) табиғи ресурстар

Ә) көпұлтты халқымыздың татулығы

Б) заманауи кәсіп түрлері

В) рухани байлық

Д) туған жер

5. Халықтар сөзіндегі грамматикалық тұлғаны анықта

А) көптік жалғау

Ә) тәуелдік жалғау

Б) жіктік жалғау

В) септік жалғау

Д) жоқ


Лексика-грамматикалық тест

1. «Тәуелсіздік» өлеңінің авторы

А) Абай Құнанбайұлы

Ә) Қалқаман Сарин

Б) Мұхтар Мағауин

В) Ахмет Жұбанов

Д) Тұманбай Молдағалиев

2. Қазақстанның мемлекеттік туында не бейнеленген?

А) қанатты тұлпар

Ә) күннің көзі

Б)  шаңырақ

В) ай

Д) кереге
3. «Бір атаның балалары» повесі не туралы?

А) Махаббат туралы

Ә) Тәуелсіздік туралы

Б)  Халықтар достастығы туралы

В) Батырлық туралы

Д) Ерлік туралы

4. Дұрыс жазылған қатарды көрсет

А) менің елің

Ә) менің елім

Б) менің елі

В) сенің елім

Д) оның елы

5. Ержүрек сөзінің синонимін көрсет

А) сужүрек

Ә) әдемі

Б) батыл

В) қоян жүрек

Д) көрікті

6. Дұрыс құрастырылған сөйлемді көрсет. .

А) Денсаулық-табиғаттың ең қымбат сыйы.

Ә) Ең қымбат табиғаттың сыйы денсаулық.

Б) Қымбат табиғаттың ең сыйы денсаулық.

Д) Денсаулық табиғаттың қымбат сыйы ең.

7. Тәуелдік жалғауы дұрыс жалғанған сөзді көрсет

А)ынтымағы

Ә)ұлттар

Б) достық

В) көрнекілікке

Д) әдемілігы

8. Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі .......

А) құрметтейді

Ә) өмір сүреді

Б) жақсы көреді

В) армандайды

Д) суреттейді

9. Жатыс септігінде жазылған сөзді белгіле

А) елімнің

Ә) еліме

Б) елімде

В) елімді

Д) еліммен

10. Реттік сан есімдерді белгіле

А) алтыншы, жетінші

Ә) жеті, сегіз

Б) бесеу, алтау

В) төртеу, үшеу

Д) бес шақты, он үш

11.Дұрыс жалғанған жалғауды көрсет.

А) ұлттарымызге

Ә) ұлттарымыздің

Б) ұлттарымызға

В) ұлттарымызден

Д) ұлттарымызбан

12. Омоним бола алатын сөзді көрсет.

А) алма

Ә) ағаш

Б) аспан

В) жапырақ

Д) көлеңке

13. Жіңішке дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

А) і,ғ,о,ы

Ә) і,ә,ү

Б)а,ұ,и, е

В) і,ә,ы,а

Д) а,ы,э,ұ

14.Жалқы есімді көрсетіңіз.

А) Әлібек, Темірқазық

Ә) оқушы, дәптер

Б) ұлт, достық

В) ата-ана, әке-шеше

15.Тәуелдік жалғаудың IIІ жақ формасы дұрыс жалғанған сөзді көрсетіңіз.

А) оқушыларіның

Ә) оқушысінің

Б) оқушылары

В) оқушыларға

Д) оқушылардың

16. Бердібек Соқпақбаевтың әңгімесін көрсет.

А) Абай жолы.

Ә) Менің атым Қожа.

Б) Бір атаның балалары.

В) Аласапыран

Д) Аққулар ұйықтағанда

17. «Атамекен» өлеңінің сөзін жазған кім?

А) А. Құнанбаев

Ә) Қадыр Мырза-али

Б) Қ.Сарин

В) Мұқағали Мақатаев

Д) Ахмет Жұбанов

18.Сын есімдер кездесетін қатарды тап.

А) көрнекті, әдемі, таза

Ә) мен, сен, ол

Б) ұлт, достық,ынтымақ

В) достасады, өмір сүреді, қуанады

Д) жазыпты, көріпті, бара жатыр

19. Жаз, оқы сөздерін болымсыз етістікке айналдыр.

А) жазба, оқыма

Ә) жазма, оқыба

Б) жазпа, оқыма

В) жазба, оқыме

Д) жазба, оқыба

20. Представитель нации сөз тіркесінің аудармасын тап

А) ұлт өкілі

Ә) ұлттар достығы

Б) достығы жарасқан

В) бауырына басқан

Д) құшақ жая қарсы алған



Жауаптары

Мәтінмен жұмыс:

1.А

2.Б

3.А

4.Ә

5.А

ТЕСТ

1. Ә

2. Ә

3. Б

4.Ә

5.Б

6.А

7. А

8. Ә

9.Б

10. А

11.Б

12. А

13. Ә

14.А

15.Б

16. Ә

17. Ә

18.А

19.А

20.А