ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 39
Скачиваний: 3
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ | |||||
Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы) | КМКҚ «Радуга «бөбекжай-балабақшасы» | ||||
Топ/сынып | Ересек топ | ||||
Тобы, топтың реттік саны, атауы | «Қарлығаш» | ||||
Балалардың жасы | 4 жасар балалар | ||||
Педагогтің аты-жөні | Утеубаева Гульдана Арыстановна Есентаева Мадина Бауржановна | ||||
Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету) | 30.01-03.02.2023ж. | ||||
Апта күндері | Дүйсенбі | Сейсенбі | Сәрсенбі | Бейсенбі | Жұма |
| | | | | |
Күн тәртібі | | | | | |
Балаларды қабылдау | Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту) | ||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру | Ата-аналармен балалардың жеке басының гигиенасы туралы әңгімелесу. | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | "Бөлме өсімдіктерін суғару". Мақсат-міндеттер: балалардың өсімдіктердің жарық пен ылғалға деген қажеттіліктері туралы білімдерін кеңейту, ылғады сүйетін және құрғақшылыққа төзімді, фотофильді, көлеңкеге төзімді өсімдіктерді жапырақтардан қалай тануға болатындығын үйрету. Су және өсімдіктермен жұмыс кезінде дәлдікті, өз іс-әрекеттеріне сенімділікті, еңбек дағдыларын дамыту. Қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) | "Жабық өсімдіктерді бүріккіш пистолеттен сумен бүрку". Мақсат-міндеттер: жаңа еңбек дағдыларын үйрету; балалардың жапырақтарға ылғал қажет деген түсінігін бекіту; өсімдіктерге ұқыпты қарауды тәрбиелеу. Балаларға өсімдіктерді суару қажеттілігін өз бетінше анықтауға үйрету (топырақтың түсі мен күйіне, өсімдіктің пайда болуына байланысты), суару техникасын еске түсіру. (еңбек дағдылары) | "Кір сүлгілерді ауыстыру". Мақсат-міндеттер: еңбекке деген тұрақты қызығушылықты сақтау, тапсырманы мұқият орындауға ұмтылу. Сүлгіні жеке ұяшыққа іліп қоюды үйрету. (еңбек дағдылары) | "Төсектерді төсеуде күтушіге көмек көрсету" Мақсат-міндеттер: балаларды өз төсек-орындарын ажыратуға үйрету; ересектерге қол жетімді көмек көрсетуге деген ынтаны тәрбиелеу; жұмысқа деген ұмтылысты, тапсырылған іс үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) | "Бөлме өсімдіктерін суғару". Мақсат-міндеттер: балаларды өсімдіктердің жарық пен ылғалға деген қажеттіліктері туралы білімдерін кеңейту, ылғал ды сүйетін және құрғақшылыққа төзімді, фотофильді, көлеңкеге төзімді өсімдіктерді жапырақтардан қалай тануға болатындығын үйрету. Су және өсімдіктермен жұмыс кезінде дәлдікті, өз іс-әрекеттеріне сенімділікті, еңбек дағдыларын дамыту. Қоршаған табиғатқа ұқыпты қарауға, оған қамқорлық жасауға тәрбиелеу. (еңбек дағдылары) |
Тіл ұстарту жаттығулары. Мақсат-міндеттер. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру. ра-ра-ра-ара ор-ор-ор-тор ро-ро-ро-рома ру-ру-ру-қару ар-ар-ар-қар ур-ур-ур-ура Р- дыбысын буында, сөзде қайталаймыз: Ра-ра-ра- қозыға жақсы қара. Ры-ры-ры- жинап алдым тары. Ар-ар-ар- далада қалың қар. Ыр-ыр-ыр- жаттап алдым жыр. Ра-ра-ра- Айжан шашыңды тара. Ыр-ыр-ыр- ырылдайды қасқыр. Ра-ра-ра- бал жинайды ара. Мір-мір-мір-қап- қара көмір. Тоқылдақ ағашты қалай тоқылдатады? Тр-тр-тр. Мысық қалай дыбыстайды? Мр-мр-мр. Қарға қалай қарқылдайды? Қаррр-қаррр-қаррр. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) | Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, аталған заттардың қолданылу аясы туралы балалармен талқылау. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) Р. Тышқанбаевтың «Қыс» өлеңін оқу. Педагог өлең оқи бастайды: Шыңнан сырғып түсті де, Келді етекке қыс, міне. Ақ қарлар ақ көбелек, Қонды үйлердің үстіне. Боран соғып бірде өкпек, Үйге айдады «кір» деп тек. Мұз көрпеге оранды, Сулар тоңып дірдектеп. Аулаға қар үйгізді, Бетті аязға сүйгізді. Тоңбасын деп теректер, Қырау ішік кигізді. (көркем әдебиет) Бояу беттеріндегі суреттерді бояу. Мақсат-міндеттер: балалардың қуанышты эмоцияларын ояту. (сурет салу) | "Қыста қандай жануарлар ұйықтайды?" дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер: балалардың қыстайтын аңдар арасынан ұйқыға бататындарды ажыратып, аңдардың қысқы тіршілігі жөніндегі білімдерін пысықтау. Шарты: аңдардың суреттеріне қарап арасынан қысқы ұйқыға бататындардың суреттерін бөліп алу. Таңдауларының себебін түсіндіру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу. (жапсыру) | Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау, жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша тең). (математика негіздері) | | |
Таңертеңгі жаттығу | Дене шынықтыру нұқаушысының жоспары бойынша (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет, дене шынықтыру) | ||||
Таңғы ас | Мәдени-гигеналық дағдылар. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту. Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю. Шолпан Оразбаева "Су". Тазалықта досыңдай Су дегенім осындай. Таза жүрсек әрдайым, Жақсы болар жағдайың. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | ||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық | «Қайырлы таң». Бақшамызға барғанда, Жолыққан бар жандарға, Ертемен, ақ пейілмен, «Қайырлы таң!» - деймін мен. Күндіз де елді елеймін: «Қайырлы күн!» - тілеймін. Үйге кешке келемін, Не дерімді білемін: «Кеш жарық!» - деп кіремін. (сөйлеуді дамыту) | «Амансың ба, алтын күн!» Амансың ба, алтын күн! Амансың ба, атқан таң! Амансың ба, Жер - Ана! Амансың ба, достарым! Жарты шеңбер құрып отырып, барлығы бірге айтады және бірігіп жасайды. (сөйлеуді дамыту) | «Табиғатпен үндестік» Шөліркемей гүл тұрсын! Жерім жайнап құлпырсын! Нұрын сыйлап біздерге Көкте мәңгі гүл тұрсын! Нұр сыйлаған күн ыстық Ыстық бізге кең өлке Ыстық бізге тыныштық! Шеңбер құрып, барлығы бірге қайталайды. (сөйлеуді дамыту) | Достар бері, келіңдер, Қолдарыңды беріндер. Шаттық толы шеңберге, Қуанышпен еніңдер. (Г.Абдрахманов) Шеңберде қол ұстасып тұрып өлең жолдарын бірге айтады. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар жасыру. (сөйлеуді дамыту) | «Табиғатпен үндестік» Шөліркемей гүл тұрсын! Жерім жайнап құлпырсын! Нұрын сыйлап біздерге Көкте мәңгі гүл тұрсын! Нұр сыйлаған күн ыстық Ыстық бізге кең өлке Ыстық бізге тыныштық! Шеңбер құрып, барлығы бірге қайталайды. (сөйлеуді дамыту) |
Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет | Дене шынықтыру (дене шынықтыру маманның жоспары бойынша) | Қазақ тілі (Қазақ тілі маманның жоспары бойынша) Музыка (музыка маманның жоспары бойынша) | Дене шынықтыру (дене шынықтыру маманның жоспары бойынша) | Музыка (музыка маманның жоспары бойынша) | Дене шынықтыру (дене шынықтыру маманның жоспары бойынша) |
Серуенге дайындық | Өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын: өз бетінше киіну мен шешінуді, тісін тазалауды жетілдіру. Киімдерді жинау, ілу, ересектің көмегімен оларды тазалау, құрғату. Бейнелеу әрекетінен соң құтыларды, қылқаламдарды жуу, үстелді сүрту. (өзіне-өзі қызмет көрсету дағдылары) | ||||
Серуен | Қар жауып тұрған құбылысты бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, сурет салу) Мақсат-міндеттер: қардың жауып тұрғанын бақылау, ауа райына байланысты құбылыстарды түсіндіру, аязды күнде қар жеңіл болады, олар ауада би билегендей, жылырақ күнде қар ауырлау тартады, қалықтап жерге түседі, суық күнде қар ұшқындары жеделдеп жауады. Тапсырма: «Қыс» тақырыбына символдар арқылы суреттер салуды ұсыну. Көркем сөз: Тазалашы мұз болған, Есік алды тайғанақ жата берсін. Біз оған теуіп жүрміз сырғанақ, Шыға беріп жалтақтай, Ұшып түсті қалпақтай. Қимылды ойын: «Аңшы мен қояндар». (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: жылжымалы лақтырған нысанға затты тигізу, жүгіруге өрмелеп шығуға жаттықтыру. Еңбек: тәрбиеші жұмысты әркімге бөліп беруге көмектеседі. Бірі қарды жинаса, енді бірі оны тасиды, шанаға артады, ұжым болып бәрі қарды тазалауға қатысады. Мақсат-міндеттер: жұмысты бірігіп атқаруға бағыт беру. Жеке жұмыс. (көркем әдебиет) «Адасқан қар қиыршықтары» тақырыбына шығармашылқ әңгіме құрастыру. Жұмбақ. Құм сияқты ұсақ болғанымен, жер бетін жауып үлгереді. (қар) Еркін ойындар. Төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеу. Мұз жолмен өз бетінше сырғанау. | Қырауды бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер: балаларға қыраудың қалай болатынын айтып кету. Қырау түскен ағаштарды бақылау. Темір затқа үрлеп көрейік. Оған қырау түсті, біздің буымыз суықтан қырауға айналды, сонымен қырау бұл кәдімгі бу, ол әйнектің шынысына, ағаштың бұтақтарына, басқа заттарға қатып, қырауға айналған. Қырау әдетте күннің ашық кезінде пайда болады. Көркем сөз. Тазартып бар кір шаңнан, Қыс өнерін бастады. Терезеге қыраудан, Сурет салып тастады. Қимылды ойын. «Ақ қоян». (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: қимылды жаттығуларды жасауды үйрету, тапқырлық таныта білу. Еңбек: бір-біріне кедергі жасамай, жұмыс істеуге үйрету. Жеке жұмыс: тәжірибе жасау: мұз, бу, су (заттың бір түрден басқа түрге айналуы). Жорамал. Ағашқа қырау түссе, аяз болады. Тұман болса, күн жылынады. Егерде түнде қырау түссе, күндіз қар жаумайды. Жұмбақ. Қанат сияқты ақ, Ұлпа боп жерде жатады Еркін ойындар. Шаңғымен бірінің артынан бірі жүру; ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешу. | Мұз сүңгісін бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер: балаларға мұздың қасиеті туралы мол түсінік беру. Байқағыштық қасиетті қалыптастырып, іске баға беріп, қорытынды жасай білуге үйрету. Тапсырма: «Мұз» тақырыбына сурет салу. Сұрақтар: 1) Мұз қандай болады? 2) Оның пішіні қандай? Сәбіз сияқты. 3) Мұз қалай пайда болады? 4) Күнгей жақта ма, әлде терістік жақта ма? 5) Олар қайдан пайда болады? 6) Осыдан қандай қорытынды жасауға болады? Көркем сөз. Көл бетінде жатыр айдын – мұзойнақ, Қыстың өзі жасағандай бізді ойнап, Шаңғы теуіп жарысамыз желменен, Күнде осында қызықтаймыз біз ойнап. Мұзафар Әлімбаев. Қимылды ойын: «Қоянның үйшігі». (дене шынықтыру) Үйсіз қалған қоян. Ертегіні сахналап отырып, қимылды ойынды ойнату. Мақсат-міндеттер: ойынның тәртібін сақтай отырып, секіріп алға жүгіру. Еркін ойындар. Шаңғымен бірінің артынан бірі жүру; ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешу. | Терезедегі өрнектерді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) Мақсат-міндеттер: балаларға құбылысты түсіндіру. Олардың ойын толықтыру. Терезедегі өрнектерді бақылау. Тапсырма: трафареттің көмегімен «Аяз атаның терезеге салған көңілді суреттері» атты ұжымдық жұмыс жасау. Көркем сөз. Бір топ бала сырғанап, Барады әне жарысып. Қалды артта қыр қалып. Қимылды ойын. «Айлакер түлкі». (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: жан-жаққа шашырап жүгіруге жаттығу. Еңбек: қардан бекініс жасауды үйрету. Мақсат-міндеттер: күрекпен қарды ойып, үй салуды, бекет тұрғызуды үйрету. Жеке жұмыс: қар атжалына секіріп шығу және одан жерге түсуге үйрету. Жорамал: қыс аязды болса, жаз ыстық болады. Жұмбақ. Отта жанбайды Суда батпайды. (Мұз) Еркін ойындар. Төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеу. Мұз жолмен өз бетінше сырғанау. | Желді бақылау. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Мақсат-міндеттер: желдің бағытын анықтау. Сұрақтар: 1. Желдің бағытын, күшін қалай біліп, анықтауға болады? - үй мұржаларынан шыққан түтінінен - қағаздың ұзыншалау кішкентай кескінділерінен т.б. жорамалдарынан анықтап білуге болады. 2. Қыста жел қандай болады? Көркем сөз. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр – жерге жауған нұр. Қимылды ойын. «Әткеншек». (дене шынықтыру) Мақсат-міндеттер: алғашқыда асықпай, сонан соң тез айналып жүгіру. Еңбек: алаңды көркейту үшін түрлі-түсті мұз кесінділерін дайындап қою. Мақсат-міндеттер: суды қатырып, мұз қалпына келтіру, заттың алғашқы күйінен екінші күйге көшіру. Жеке жұмыс: екі аяқпен бірдей басып қарлы жолмен секіру. Жорамал: қарғалар мен шауқарғалар ағаштың төменгі бұтақтарына отырса, күн желді болады. Еркін ойындар. Шаңғымен бірінің артынан бірі жүру; ересектердің көмегімен шаңғыны киіп, шешу. |
Серуеннен оралу | Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін жинау, қолдарын жуу. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет) | ||||
Түскі ас | Мәдени-гигеналық дағдылар. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, өзінің сыртқы келбетін қадағалауды әдетке айналдыруға баулу. Тамақтанар алдында, дәретханаға барғаннан кейін, ластанған кезде қолды өз бетінше сабынмен жууға, тісін тазалауға үйрету. Тарақты, қол орамалды пайдалана білуді бекіту. Тамақтану әдебін сақтау. Тамақты асықпай шайнау, асхана құралдарын (қасық, шанышқы), майлықты дұрыс қолдану, тамақтанып болғаннан кейін ауызды шаю. Шолпан Оразбаева "Су". Тазалықта досыңдай Су дегенім осындай. Таза жүрсек әрдайым, Жақсы болар жағдайың. (мәдени-гигиеналық дағдылар, көркем сөз) | ||||
Күндізгі ұйқы | «Үш дос» ертегісн оқып беріп, балаларды ұйықтату. (көркем әдебиет) | ||||
Бірте-бірте тұрғызу, сауықтыру шаралары | Велосипед жаттығуы. Аяқ-қолды жоғары көтеріп, кезек-кезек аяқпен сермеу. Жалпақ табандылықты алдын-алу мақсатында денсаулық жолдарымен жүру. Алған білімдерін бекіту және мәдени-гигиеналық дағдыларды орындау. (дене шынықтыру) | ||||
Бесін ас | Таза және ұқыпты тамақтану. Тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Асты тауысып жеуге үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар) | ||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) | Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу "Ауыл мен қала туралы әңгімелеу. Тілдің дыбыстық мәдениеті: [-л] дыбысы." Мақсат-міндеттер: балаларды үнді дауыссыз [Л] дыбысымен таныстыру; сөздердің құрамында дыбыстың болуын түсіндіру; "ауыл" мен "қала" ұғымдарын тиянақтау. Көркем әдебиеттен ойын-жаттығу "Бақша ағаштары". Мақсат-міндеттер: балаларды "Бақша ағаштары" әңгімесімен таныстыра отырып, оларды көркем шығармашылыққа баулу; әңгімедегі ағаштардың қимылдары мен сөздерін қайталап айтуға жаттықтыру. "Үш табан" қазақ ұлттық (асықтармен) қимыл-қозғалыс ойыны. Мақсат-міндеттер: балаларды мергендікке, шыдамдыққа, ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу; асықты қолда қолда еркін ұстап, ойын алаңында белгілі қимылдарды жасауға дағдыландыру. Ойынға үш-төрт бала қатыса алады. Әр балаға бір-бірден асық, бір-бір сақа беріледі. Көмбеге бір-бірден асық тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын үйіріседі. Сақасы алшы түскен бала бірінші болып, одан кейінгілері рет-ретімен (тәйке, бүк, ішік) "ұшуға" кіріседі (көмбеден алшақтау жерге барып сақа үйіреді). Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі асықты атады. Осылай болмаған жағдайда, асық ату, бәрі ұшып болған соң, бастапқы кезек бойынша жалғасады. Алысқа ұшқан мергендер тигізе алмаса, көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді. Көздеген асығына дәл тигізіп және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде, үш табан артық қашықтыққа ұшырған ойыншы қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атауды жалғастыра береді. Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана - ойынды тоқтатып, өзінен кейінгі ойыншыға кезек береді. Ұтылған бала ойыннан шығып қалады. Сөйтіп айналасы екі-үш айналымның ішінде әр көмбеден бір-бір жеңімпаз шығып, олар енді орталық көмбеде ақтық сайысқа түседі. (дене шынықтыру) | Сурет салудан ойын-жаттығу "Аквариум балықтары". Мақсат-міндеттер: балаларды үлкен және кішкентай балықтардың бейнелерін, дөңгелек пен сопақша, үшбұрыш пішінді трафареттерді бастырып салу техникасына үйрету; балықтардың бейнелерін қағаз бетіне үйлесімділікте орналастыру. «Үй жануарлары мен төлдері». Мақсат-міндеттер: балаларды үй жануарларымен таныстыру, төлдерін айыра білуге үйрету. Ойынның шарты: үй жануарларының төлдерін айыра білу. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Еркін ойын: "Тақия тастамақ" ұлттық ойыны. Мақсат-міндеттер: бұл ойын балаларды жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа, дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді. Барысы. Балалар дөңгеленіп, шеңбер құрап отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгіснен кейін балалар көздерін ашады. Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек. Егер орнынан дер кезінде тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, өлең, би және т.б. Және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою өрнек бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз. Ойын ережесі: Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау. Тақия тасталғанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге, күш көрсетулерге жол берілмейді. (дене шынықтыру) | Құрастырудан ойын-жаттығу "Мысығым менің мысығым". Мақсат-міндеттер: балаларды мақта табақшаларынан мысықты құрастыруға үйрету. Математика негіздерінен ойын-жаттығу "Түрлі пішінді балықтар". Мақсат-міндеттер: балаларға салыстыру эквиваленті туралы түсінік беру; бірыңғай және әрқалай жатқан заттар топтарының теңдігі туралы білім беру. Сюжетті-рөлдік ойын "Тазабекте қонақта" Мақсат-міндеттер: балалардың гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, тазалық құралдарын қолдану тәсілдері жайлы білімдерін кеңейту; гигиеналық шараларды күнделікті орындауды үйрету; тазалыққа, өз денсаулықтарын күтуге тәрбиелеу. Барысы. Ойын басында тәрбиеші балаларға топқа Тазабектен сыйлық келгенін хабарлайды. Ары қарай балалар ішіндегі заттармен танысады, әр заттың маңызын анықтайды. Тәрбиеші келген тазалық құралдарын қолданып, қуыршақты олармен пайдалануды үйретуді ұсынады. Балаларға балабақшадағы таңғы жиынды немесе түскі ұйқы алдындағы гигиеналық шараларды көрсетуді ұсынуға болады. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) | Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу "Террариумдағы тасбақа". Мақсат-міндеттер: балалардың тасбақаның тіршілігі мен оған күтім жасау туралы білімдерін қалыптастыру; тасбақаның құрлықтағы әрекеттері жайлы түсініктерін (сыртқы түрі, үй жағдайындағы тіршілік ету ортасы, мекені, азығы) кеңейту. Мүсіндеуден ойын-жаттығу "Тиін жаңғақ кеміріп отыр". Мақсат-міндеттер: тиінді құрама амалдармен мүсіндеуді үйрету; аңның сыртқы түрінің сипаттық белгілерін көрсетуді үйрету. Театрды сахналау. "Орман дәрігері" ертегісін алжапқыштарды пайдаланып сахналық қойылымын қою. | Сюжетті-рөлдік ойын. "Хайуанаттар бағы". Мақсат-міндеттер: балалардың хайуанаттар бағы, қамқорлыққа алынған аңдар, ветеринар дәрігері, орнитолог (құстар бойынша маман) жайлы түсініктерін бекіту; хайуанаттар бағында мамандардың қандай рөл ойнайтынын анықтау; еңбексүйгіштікке, жан-жануарларға қамқорлық танытуға тәрбиелеу. Барысы. Тәрбиеші ойын алдында балалармен бірге хайуанаттар бағы жайлы суреттер қарастырады, әлемде қорғауға алынған аңдар туралы бейнеролик көрсетеді. Ветеринар дәрігері, орнитолог (құстар бойынша маман), зоолог (жан-жануарлар бойынша маман) сияқты мамандардың қызметінің маңыздылығын талқылау қажет. Балалар хайуанаттар бағында жұмыс жасайтын қызметкерлерді өздері таңдайды. Кейіпкерлер өздеріне керек киім үлгілері мен құралдарды алып, орындарына барады. Қалған балалар қолдарына ойыншық аңдар мен құстарды алады да, белгіленген орынға отырғызып, қозғалтып, қимылға келтіреді. Мамандар аңдар мен құстардың орнын қарап, өз көмектерін көрсетеді. Соңында тәрбиеші балалармен бірге қорытынды жасайды: сиреп бара жатқан аңдар үшін жауапкершілікті адам сезіну, тірі табиғат тіршілігінің заңдылығын бұзбау, қамқорлық таныту және олардың тіршілігі үшін қолайлы жағдай туғызу керектігі жайлы айту. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту) Ұлттық ойын "Бес тас" «Бестас» - өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас немесе кейде бес асық пайдаланылады. Ойынға қатысатын адам санына шектеу қойылмайды. Кемінде екі адамнан басталады. Ойынға қатысушылар дөңгелене отырады. Ойнау үшін қолға епті, ұстауға ыңғайлы тастар таңдалып алынады. Ойыншы бес тасты еденге шашырата тастайды да, ішінен бір тасты таңдап алады. Алған тасын жоғары лақтырып жіберіп, жерден бір тасты іліп алып, лақтырған тасын қайта қағып үлгерді. Жерден алған тасын жанына қойып, сол тәсілмен, екінші, сонан соң үшінші, төртінші тастарды бір-бірлеп іліп алып отырады. Бұл ойынның бірнеше тәсілі бар. |
Балалармен жеке жұмыс | «[р] дыбысын ұстап ал» ойыны. Мақсат-міндеттер. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру. Балалардың дыбыстарды есту, ажырату қабілетін жетілдіру; шапшаңдыққа, мұқияттылыққа баулу. - Балалар, сендер [р] дыбысы бар буынды немесе сөзді байқасаңдар, қол шапалақтаңдар. Буындарда: та, па, ра, ро, пе ал, ар, со, ре, шу, су, ру, бақ, бар, бел, бір, сым, сыр, тек, тер, тал, тар, тыс, тыр, көл, көр. Сөздерде: кітап, парта, қалам, сызғыш, өшіргіш, дәптер, күнделік, қарындаш, алма, сарымсақ, робот, тақия. Айым, Айхан, Руслан. (сөйлеуді дамыту, қазақ тілі) | Санамақтар. Бірім - бір, Екім - екі, Үшім - үш, Төртім - төрт, Бесім - бес, Алтым - алты, Ауыр балтам, Қалды қалтам! Қырқылдауық, Қырма тауық! Олпық-солпық, Сен кір, сен шық! (сөйлеуді дамыту) Анель, Әдемі, Диана. | Төрт түлік және оның төлдері (мінезіндегі ерекшеліктер, қозғалысы, қоректенуі, адамдарға пайдасы), оларға күтім жасаудағы ересектердің еңбегі туралы ұғымдарын кеңейту. (қоршаған ортамен танысу) Руслан,Арлан, Санат. | «Не артық?» дидактикалық ойыны. Мақсат-міндеттер. Балалардың логикалық ойын дамыту. Сиыр, ешкі, жылқы, аю. Жолбарыс, арыстан, сиыр, қасқыр. Бұзау, құлын, қозы, түлкі. Бүркіт, қарға, сауысқан, торғай. (қоршаған ортамен танысу) | Баламен еркін таңдаған кез келген ертегінің кейіпкерлері, мазмұны жайлы әңгімелесу. (көркем әдебиет) Ансар.Б, Ансар.Е. |
Серуенге дайындық | Мақсат-міндеттері: - киімді дұрыс бүктеп салуға, ілуге, аяқ-киімді түзу қоюға машықтандыру; - өз бетінше жылдам және дұрыс ретпен киіне (шешіне) білуді дағдыландыру; - шкафқа ілінген, қойылған бас киім, киім, аяқ-қиім сияқты заттарды өз орындарын біліп, тәртіпті сақтауды ұстануға тәрбиелеу; - ауа райына сай киінгенін қадағалай білуге, киімді, аяқ-киімді таза ұстауға баулу; - көмек көрсете білуге, алғыс айтуға тәрбиелеу. (дербес әрекет) | ||||
Серуен | Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет) | ||||
Серуеннен оралу | Балаларды киімдерін жүйелі шешінуге дағдыландыру, шкаф сөрелеріне киімдерін орналастыру, қолдарын жуу. | ||||
Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес) | Ата-аналармен тренинг жүргізу. Тақырыбы: «Сіз қандай ата-анасыз?» | Балаға қандай жиһаз қауіпсіз екендігі туралы ата-аналармен әңгімелесу. | Баланы «таяқсыз» да тәрбиелеуге болады. | «Біздің қысқы демалысымыз» тақырыбында газет шығару. | Әңгімелесу. «Туған жерім тамаша». |