Файл: "Б" жаттары Зерттеулер кітапханасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 717

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

      нысан

      № ___ Жеке ісі

      Тегі _______________________________________________________________

      Аты _______________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болғанда)___________________________________________

      Анықталған мәліметтер

      Тегі _______________________________________________________________

      Аты _______________________________________________________________

      Әкесінің аты (Бар болғанда) __________________________________________

      (Туған күні, айы, жылы)

      20__ жылғы "___" _______ түсті.

      20__ жылғы "___" ______ кетті.

      _______ бетте.

      Жеке іске төмендегі құжаттар қоса беріледі:

      1. Кәмелетке толмағанды Орталыққа орналастыру туралы қаулы.

      2. Кәмелетке толмағанды Орталыққа қабылдаудың актісі.

      3. Кәмелетке толмағанның жасын растайтын құжаттар.

      4. Ата-анасының немесе басқа заңды өкілдерінің болуы, олардың тұратын жері туралы мәліметтер.

      5. Профилактикалық жұмыс жүргізу материалдары.

      6. Денсаулық жағдайы туралы анықтама.

 

Жетім балалар мен қалған
балаларға арналған білім беру
ұйымдарының қызметі ата-
анасының қамқорлығынсыз
үлгі ережесіне
6-қосымша

      нысан

Кәмелетке толмағанды қабылдау - беру туралы акт

      Мен,____________________________________________________________

      (лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)

      20___ жылғы "___" __________ сағат ______ минутта кәмелетке толмаған

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты, (кәмелетке толмағанды Орталыққа берген

      ____________________________________________________________________

      кездегі жолдаманың атауы мен нөмірі, лауазымды адамдардың тегі;

      ____________________________________________________________________

      ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне берген кезде кәмелетке

      ____________________________________________________________________

      толмағанды қабылдап алушы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туыстық

      ____________________________________________________________________

      дәрежесі, паспортының сериясы мен нөмірі, қашан және

      ____________________________________________________________________

      кімнің бергені, мекенжайы көрсетіледі) бердім.

      Кәмелетке толмағанмен бірге мынадай заттар, ақша, бағалы заттар, құжаттар берілді

      _____________________________________________________

      (атап көрсетіледі)

      Ескертпе ____________________________________________________________


      Тапсырдым _________________________________________________________

                  (лауазымы, тегі, қолы)

      Қабылдап алдым ____________________________________________________

      (баланы қабылдап алған адамның тегі, қолы)

      20___ жылғы "___" ___________

 

Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
8-қосымша

Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары

І тарау. Жалпы ережелер

      1. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 

қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленді, бұл балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымы – "Білім туралы" Заңның 37-бабына сәйкес білім алушылардың, оның ішінде жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың білім және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы (бұдан әрі - Ұйым).

      3. Ұйымдар өз қызметінде білім беру саласындағы заңнаманы, осы Қағидаларды, ұйымның жарғысын, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.

      4. Ұйымдардың түрлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8390 болып тіркелген) Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасында көзделген.

2 тарау. Балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі

      5. Ұйымның міндеттері:

      1) жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы қосымша білім алу үшін жағдайлар жасау;

      2) тұлғаның зияткерлік, шығармашылық, дене мүмкіндіктерін дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру;

      3) адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы зияткерлікті байыту;

      4) азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді, халық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады;

      5) Белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;

      6) балаларды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу, оларды табиғат қорғау қызметіне тарту;

      7) қоғамдағы өмірге бейімдеу;

      8) бос уақытты мазмұнды ұйымдастыру.

      6. Қосымша білім білім беру бағдарламаларын мектептен тыс ұйымдар және мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары ұсынады.


      7. Ұйым "Білім туралы" Заңның 43-бабына сәйкес белгіленген шекте оқу-тәрбие процесін, кадрларды іріктеу мен орналастыруды, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыруда дербес болады.

      8. Ұйым балалардың сұраныстарын, отбасының, білім беру ұйымдарының, қоғамдық ұйымдардың (оның ішінде балалар мен жасөспірімдер) қажеттіліктерін, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени дәстүрлерді ескере отырып, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді.

      9. Ұйымдардағы білім беру қызметін педагогтер, әдіскерлер, педагог-ұйымдастырушылар және оларға теңестірілген тұлғалар (бұдан әрі – педагогтер), тиісті бейіндегі мамандар жүзеге асырады.

      10. Педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестер ұйымды алқалық басқару нысандары болып табылады. Ұйымды тікелей басқаруды басшы жүзеге асырады.

      11. Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын іске асыру кезіндегі оқу-тәрбие процесі ұйымның мүдделері бойынша үйірмелерде (клуб, балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубы, студия, ансамбль, топ, үйірме, театр, спорт секциялары, зертханалар, шеберханалар, орталықтар және өзге де бірлестіктер) жүзеге асырылады (бұдан әрі – бірлестіктер).

      12. Ұйымдардағы балалардың қызметі мүдделері бойынша бір жастағы және әртүрлі жастағы бірлестіктерде жүзеге асырылады.

      13. Қызығушылықтар бойынша бірлестіктер білім алушылардың тұрақты және ауыспалы құрамымен құрылады.

      14. Әр баланың бірнеше бірлестіктерде оқуға және оларды өз қалауы бойынша өзгертуге мүмкіндігі бар (балалар музыкасы, балалар көркемөнер мектептері мен балалар өнер мектептерінен басқа).

      15. Бірлестік қызметінің мазмұнын қосымша білім берудің оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беру педагогы айқындайды.

      16. Ұйымдардағы оқу-тәрбие процесі тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады.

      17. Ұйымдағы оқу-тәрбие процесінің қатысушылары балалар, педагогтар және білім алушылардың заңды өкілдері болып табылады.

      18. Ұйымда әдістемелік, әлеуметтік-педагогикалық және психологиялық қызметтер құрылады.

      19. Ұйымда жарғыларға және осы Қағидаларға сәйкес жұмыс істейтін балалар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдары құрылады.

      20. Ұйымдар орта білім беру ұйымдарымен бірлесіп сабақ және сабақтан тыс уақытта жалпы білім беретін пәндер мен қосымша білім беру бойынша сабақтар мен кіріктірілген сабақтар өткізеді.


      21. Қосымша білім беру ұйымдарындағы сабақтардың ұзақтығы 40 минутты құрайды.

      22. Бірінші оқу жылының топтарының сабақтары үшін аптасына 4 академиялық сағат, оқудың екінші және келесі жылдары үшін 6 академиялық сағат, оқытудың эксперименттік және зерттеу топтарында 8 академиялық сағат көзделеді.

      23. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін сабақтар аптасына 2 академиялық сағаттан аспайтын 25-35 минут бойы жүргізіледі.

      24. Практикалық сабақтарды (жорықтар, экспедициялар, экскурсиялар, жарыстар, концерттік сапарлар) өткізуге арналған сағаттар саны тәулігіне 8 сағаттан ( 8 сағаттан артық емес) шыға отырып белгіленеді.

      25. Бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде бірлестіктердің жұмысына балалардың заңды өкілдері қатысады.

      26. Балаларды қабылдау кезінде ұйым балалардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) оқу-тәрбие процесін жүргізу тәртібімен және оның мазмұнымен және ұйымның жарғысымен таныстыруды қамтамасыз етеді.

      27. Ұйым автоматтандырылған ақпарат алмасуды және білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.

      28. Білім алушыларды спорттық, спорттық-техникалық, туристік, хореографиялық бірлестіктерге қабылдау кезінде баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды қажет.

      29. Балалар музыка мектептерінде, балалар көркемөнер мектептерінде және өнер мектептерінде оқу-тәрбие процесі "Білім туралы" Заңның 5-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

      Мемлекеттік ұйымдардағы оқу-тәрбие процесі осы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын орындайтын органдар бекіткен балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

      Жеке ұйымдардағы оқу-тәрбие процесі басшы немесе құрылтайшы бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша жүргізіледі.

      30. Сабақ кестесін білім алушылардың жас ерекшеліктерін және ата-аналардың пікірін ескере отырып, ұйым әкімшілігі жасайды және бекітеді.

      31. Бір жастағы және әртүрлі жастағы балалар, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарында қызығушылықтары бойынша бірлестіктерге, клубқа, студияға, ансамбльге, топқа, театрға, спорт секцияларына, зертханаларға, шеберханаларға, орталықтарға және өзге де бірлестіктерге біріктіріледі.