Файл: "Б" жаттары Зерттеулер кітапханасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 720

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


      57. Тиісті жағдайлар болған кезде білім алушы тәрбиеленушілерге оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқушы орындарында, құрылыс объектілерінде, егістіктерде, Тапсырыс беруші кәсіпорындардың, жұмыс берушілердің фермаларында белгіленген тәртіппен біліктілік беру туралы куәлік (куәлік) бере отырып, кәсіптік және өндірістік оқыту ұйымдастырылуы мүмкін.

      58. Кәсіптік практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны "Білім туралы" Заңның 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының оқу жоспарлары мен бағдарламаларында айқындалады.

      59. Тәрбиеленушілердің тәрбие, еңбек, спорт, мәдени-бұқаралық жұмыстардың әртүрлі нысандарына қатысуы балалар мен ересектердің ынтымақтастығы қағидатына, қызығушылықтарды, бейімділіктер мен психофизикалық ерекшеліктерді ескере отырып, ұжымдық іс-әрекетке жеке және сараланған көзқарастардың үйлесуі негізінде құрылады.

      60. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығында тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған түрлі клубтар, секциялар, үйірмелер, студиялар құрылады.

      61. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері өз базасында кәсіподақ, мәдени-ағарту, мектептен тыс, спорттық және басқа да ұйымдар құратын музыкалық, көркем, спорттық және басқа да мектептердегі, түрлі үйірмелер мен секциялардағы сабақтарға қатыса алады, конкурстарға, олимпиадаларға, спартакиадаларға, көрмелерге, байқауларға және мектеп оқушыларымен бұқаралық іс-шаралардың басқа да нысандарына қатысалады.

      62. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығына барлық күнтізбелік жыл ішінде қабылданады:

      1) жетім балалар;

      2) ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе одан айырылуына, ата-аналарының хабарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баланы тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығы болмаған өзге де.


      63. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығына айқындау үшін білім басқармасының мынадай құжаттарды қоса бере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығына жіберу туралы бұйрығы негіз болып табылады:

      1) туу туралы куәлік (жеке куәлік);

      2) денсаулық жағдайы және егулер туралы медициналық құжаттар;

      3) Білім туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);

      4) баланың өмір сүру жағдайларын тексеру актісі;

      5) ата-аналары туралы мәліметтер (ата-аналарының қайтыс болуы туралы куәліктердің көшірмелері, соттың шешімі (ата-аналарының ата-ана құқықтарын шектеу немесе айыру туралы, ата-аналарын хабарсыз кетті деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану туралы), ауруы туралы анықтама, ата-аналарды іздестіру туралы анықтама және ата-аналарының болмауын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеу мүмкін еместігін растайтын басқа да құжаттар);

      6) жақын туыстарының бар-жоғы және тұрғылықты жері туралы анықтама;

      7) ата-анасы қайтыс болғаннан кейін қалған мүліктің тізімдемесі, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтер;

      8) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекіту туралы құжаттар.

      64. Тәрбиеленушіні ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығынан басқа ұйымға ауыстыруды Білім басқармасы психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысы және орталықтың қолдаухаты негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте білім басқармасы ауыстыру туралы тиісті бұйрық дайындайды.

      65. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілерін шығару орталықтың педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша, ол болмаған жағдайда – орталық әкімшілігінің шешімі бойынша жүргізіледі.

      66. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығынан тәрбиеленушіні ауыстыру (шығару) кезінде жеке істер тәрбиеленуші тұратын және оқитын ұйымның өкіліне беріледі, ол туралы журналға тиісті жазба жазылады.

      67. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы жергілікті жағдайларға байланысты оқу шаруашылығын, оқу-тәжірибе учаскесін, оқу-өндірістік шеберханаларды құра алады.

5 тарау. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметінің тәртібі



      68. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығына қабылданады:

      1) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;

      2) оларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, сондай-ақ олардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген кезде орган ата-анасынан (олардың бірінен) немесе қамқорлығында болған басқа да адамдардан іріктеп алған ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балалар;

      3) арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;

      4) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар.

      69. Кәмелетке толмағандарды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру үшін негіздер:

      1) осы Қағидалардың 68-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты сот қаулысы;

      2) осы Қағидалардың 68-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты органның қаулысы;

      3) кәмелетке толмағанды (оларды) осы Қағидалардың 68-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізген адамның өтініші.

      Органның кәмелетке толмағанды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы қаулысына:

      1) тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісі (тұрғылықты жерін белгілеу кезінде);

      2) кәмелетке толмағанға, сондай-ақ оның ата-анасына немесе басқа да заңды өкілдеріне мінездеме (ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері анықталған кезде);

      3) туу туралы куәлік (болған жағдайда);

      4) білім беру ұйымынан анықтама (мектеп жасындағы балалар үшін);

      5) медициналық құжаттар (бар болса-егу паспорты және амбулаториялық карта).

      70. Осы Қағидалардың 68-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандар түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәмелетке толмағанды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қабылдау туралы актінің негізінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылады, бұл туралы жиырма төрт сағат ішінде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әкімшілігі прокуратура органдарына жазбаша хабарлайды.

      71. Осы Қағидалардың 68-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарды одан әрі ұстау не орналастыру туралы мәселені шешу үшін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметкерлері үш тәулік ішінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарына қадағалаусыз, панасыз қалу не зорлық-зомбылық, қатыгез қарау белгілерінің, баланың өмірі мен денсаулығына қатердің болуын негіздейтін ақпарат жібереді.


      72. Органдар үш жұмыс күні ішінде кәмелетке толмағанды кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру туралы қаулы дайындайды.

      Органның қаулысы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған кәмелетке толмағандар көрсетілген органның қаулысы негізінде ғана шығарылады.

      73. Кәмелетке толмағанды қабылдау және оның кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан шығуы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы директорының бұйрығымен ресімделеді.

      74. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қабылданатын кәмелетке толмағандар туралы деректер осы Қағидаларға 
3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізілген кәмелетке толмағандарды есепке алу журналында тіркеледі.

      Кәмелетке толмағанның сауалнамалық деректері және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастыру себептері нақтыланғаннан кейін оған осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есептік-статистикалық карточка ресімделеді.

      75. Осы Қағидалардың 68-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандар оларға көмек көрсету және оларды одан әрі орналастыру мәселелерін шешу үшін үш айдан аспайтын мерзімде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болады.

      76. Кәмелетке толмағандардың кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында болу мерзіміне Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жариялаған карантин кезеңі, сондай-ақ кәмелетке толмағанның ауруына байланысты стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымында болу уақыты кірмейді.

      Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әкімшілігі, органдар баланың одан әрі өмір сүруі үшін оның мәртебесін растайтын құжаттарды жинау жөнінде барлық қажетті шараларды қабылдайды:

      1) білім басқармасының балалар үйіне жіберу туралы бұйрығы;

      2) туу туралы куәлік (жеке куәлік);

      3) денсаулық жағдайы және егулер туралы медициналық құжаттар;

      4) білім туралы құжаттар (мектеп жасындағы балалар үшін);

      5) баланың өмір сүру жағдайларын тексеру актісі;

      6) ата-анасы туралы мәліметтер (ата-анасының қайтыс болуы туралы куәліктердің көшірмелері, ата-анасының ата-ана құқықтарын шектеу немесе одан айыру туралы, ата-анасын хабарсыз кетті немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп тану, оларды қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі, ауруы туралы анықтама, ата-анасын іздестіру туралы анықтама, адасқан (тастанды) баланы жеткізу туралы акт, ата-ана құқықтарынан бас тарту және баланы асырап алуға келісу туралы өтініш, баланы Денсаулық сақтау ұйымында қалдыру туралы, патронаж туралы акт және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеу мүмкін еместігін растайтын басқа да құжаттар);

      7) аға-інілерінің, апа-сіңлілерінің (қарындастарының) және басқа да жақын туыстарының тұратын мекенжайы, телефоны, жұмыс орны көрсетілген олардың бар-жоғы және тұрғылықты жері туралы анықтама;

      8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейін қалған мүліктің тізімдемесі, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтер;