Файл: лгерімі тмен оушылармен психологиялы педагогикалы жмыс ерекшеліктері.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 41
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Үлгерімі төмен оқушылармен психологиялық- педагогикалық жұмыс ерекшеліктері
Смайлова А.С. Абай Құнанбаев атындағы ЖОББМ
Қазіргі кезде білім беру жүйесінде оқушының дамуындағы оның үлгерімінің үлкен мәні бар. Баланың жеке басын жан- жақты дамытуға бүгінгі таңда білім беру саласындағы оқу процесіндегі оның үлгерімі негізгі роль атқарады. Мектепте оқушылардың оқу мен тәрбиелеу бағдарламалары және жағдайлары бірдей болғанмен, білімді игеруде барлығы бірдей емес. Оқушылардың үлгермеушілігі – бұл жалпы білім беретін мектептерде оқу бағдарламаларын меңгермеген және екі не одан да көп пәндерден үлгермеушілігі бар оқушылармен айқындалатын педагогикалық әдістердің дұрыс емес, теріс құбылысы деп көрсетуге болады. Сонымен қатар үлгермеушілік – білімді меңгеруде, шығармашылық жұмыстардың тәжірибесін қалыптастыруда, икем мен дағдыны жетілдіруге қатысты мектептің міндетті талаптарына оқушының дайындығының сәйкес келмеуі. Ал, бұл оқыту нәтижелерінен білінетін, белгілі бір көрсеткіштерден байқалады.
Мектептегі үлгермеушіліктің негізі – бір ғана себеп емес, көбінесе бірнеше себептердің жинақталған әсері болып табылады. Ол көптеген ішкі жағдайлар (бала денсаулығы, психологиялық, физиологиялық ерекшеліктері) және сыртқы жағдайлардың (педагогикалық себептер, отбасы, тәрбие) әсерінен қалыптасады 1.
Мектеп психологі үлгермеушіліктің алдын алу және жою мақсатында ең алдымен үлгермеушілік себептерінің теориялық негіздеріне сүйене отырып, үлгермеушілігінің барлық мүмкін болатын психологиялық себептерін анықтап алуы керек. Осы мақсатта үлгермеушілікті диагностикалауды ерте кезеңнен, кіші мектеп жасынан, балаларға тиімді әдістермен, олардың ата- аналары мен мұғалімдерін де тарта отырып бастау керек.
Бұл себертерді көптеген әйгілі психологтар зерттеп жазып кеткен (Ю.К. Бабанский, И.В. Дубровина, П.П. Блонский және Н.И. Мурачковский).
Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының алғашқы мектеп табалдырығын аттауда әлі де болса, жаңа білімдерді қабылдауға зейін қою, естеріне сақтау және ойлау процестері баяу өтеді. Сонымен қатар, әсіресе 7 жасқа толмай 6 жасынан мектепке келген баланың орталық жүйке жүйесі, ми қызметінің толық дамып жетілмейтіндігін ескеру маңызды. Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының психо-физиологиялық жақтарын ескеру, оқу үлгеріміндегі танымдық мотивациялық қызығушылықтарын, әсіресе ойлауын арттыру, олардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда мектептегі психолог жұмысының басты мәселесі болып табылады.
Соңғы уақыттарда «орында қалу» немесе бір сыныпты «қайта оқу» деген тіпті, жоқ деп айтуға болады. Бірақ бұл мектептегі үлгермеуші балалардың санының азайғандығының белгісі ме? Мектептер әлі күнге дейін үлгерімі төмен немесе үлгермеуші оқушыларға көмек көрсетуде тым кедей және дұрыс жетілдірілмеген әдістерді қолданып келеді. Ондай алдын алуға бағытталған педагогикалық жұмыстардың барлық түрін екі топқа біріктіруге болады: сабақтан тыс қосымша сабақтарды ұйымдастыру (ол сабақтар дәстүрлі сабақтардың әдістерін қайталайды) және белгілі қысым көрсету әдістері: ата- ананы шақырту, ұжым болып талқылау, т.б.
Үлгермеушіліктің алдын алуға және жеңуге бағытталған көптеген психологиялық- педагогикалық жұмыстардың тәсілдері құрастырылуда. Қазірдің өзінде көптеген эксперименттердің арқасында психологтар мектептерге осы мәселе жөнінде бірқатар нақты ұсыныстар бере алады.
Алдын алудың алғашқы шарасы – диагностика болып табылады. Онымен мектеп психологі (баланың немесе сыныптың диагностикалық картасын жасау), медициналық қызметкер (баланың денсаулық жағдайын анықтау), педагогтар, сынып жетекшілері, әлеуметтік педагог (отбасының жағдайын білу) айналысады.
Екінші – диагностика нәтижелерін есепке ала отырып, мектептегі психологиялық- педагогикалық әдістемелік жұмыстардың жоспарын құру.
Үшінші – ойластырылған, нақтыланған түзету- дамыту, тәрбие жұмыстарының жүйесі негізіндегі іс- шараларды жүргізу2.
Арнайы ашылған эксперименталдық сыныптардағы көптеген зерттеулердің (Н.А.Менчинская, А.И.Липкина) тәжірибе жұмыстары, «оқытылуы» төмен оқушылармен жұмыстың алашқы кезеңдерінде оқу жұмысына оң мотивация қалыптастыру мақсатында, іс- әрекеттің қарапайым түрлерімен жұмыс жасату қолайлырақ екендігін дәлелдеген. Бұл олардың өздеріне деген сенімділіктерін қалыптастырады, себебі ол істерді жақсы орындай алғандығының өзі қанағат сезімін туындатады («жетістікті қалыптастыру стратегиясы»). Өз күшіне сенімділігі және оқуға оң көзқарас қалыптасқаннан кейін ғана, баланы белсенді ойлау жұмыстарына бірте- бірте қатыстыра отырып, жүйелі түрде оларды ойлау әдістеріне үйрете бастау керек. Бұл жағдайда оқытушы әрбір бала өзін көрсете алатындай, ал мұғалім – оның кішігірім, қарапайым жетістігін де мадақтап, мақтап отыратындай жағдай жасап отыру керек. Мұндай оқушылар әдетте үлкендердің көмегімен бас тартпайды, олардың осы ерекшеліктерін де дұрыс пайдалана білу керек, яғни өздігінен істейтін әрекеттерінің аумағын кеңейте түсу үшін, біртіндеп көмекті азайту керек. Үлгермеуші оқушыларға берілетін тапсырмалардың ішінде шешілуі тез шығатын оңай тапсырмалардың болуы өздігінен жұмыс істеуге талаптандырады 2.
Үлгерімі төмен оқушылардан сабақ сұрағанда шамамен жауап беру үлгісі ұсынылу керек, үйде құрастырылған жоспарын қолдануға рұхсат ету, тақта алдындағы жауапқа ұзақтау уақыт беру, көрнекі құралдарды пайдаландыру керек.
Өздігінен жұмыс істеу барысында қателерін түзетуге арналған жаттығу үлгілері берілуі тиіс.Жаңа тапсырманы күш салып, ынтамен жұмыс жасау үшін орындаған жұмыстарынның дұрыс жерлерін айтып отыру керек.
Осы тұрғыда өзіміздің ұлы педагог- психологтарымыздың көзқарастарын айтып кету әбден орынды. ХХ ғасыр басындағы қаз тұрған қазақ педагогикасы мен психологиясының іргетасы М.Жұмабаев пен Ж.Аймауытовтың еңбектерімен қаланғаны бәрімізге белгілі. Олар дәл осы үлгермеушілікке байланысты еңбек жазбағанмен, оқуда жетістікке жетудің мәселелерін кеңінен айтып кеткен. Мәселен, М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде, оқу-тәрбие ісінің басты субъектісі – мұғалімге және сол мұғалімге байланысты оқушылардың білімді игеру мәселелеріне тоқталған: «...тәрбиеші баланың дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсау керек. Ұста тәрбиеші баланың ойын жетектемесе, бала ұғымды, үкімді теріс жасауға, хата ой шығаруға үйреніп кетеді. ...баланы, заттарды, көріністерді тап- тапқа бөлгізіп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек. ...Мұғалімнің шеберлігі өзі білген білімнің бәрін балаға тез білдіруде емес, еппен басқыштап білдіруде» деген пікірінің бүгінгі таңда маңызы зор. Осылайша оқушылармен жұмыс істеуде олардын сабаққа, білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ынталандару мақсатында мұғалімдердін қолдау көрсетуі - үлгірмеушілікпен күресу, үлгірімі төмен оқушылар санын азайтуға септіктерін тигізері сөзсіз. Осы мақсатта мектеп психологі пән мұғалімдермен жиі әңгімелесіп, кеңес – сабақтар өткізіп отыру керек.
Үлгірімі төмен оқушылармен жұмыс жасауға қажетті жағдайлар мен ұсыныстарды есте ұстаған жөн:
1. Балаға күтпеген жерден сұрақ беріп, тез жауап беруін талап етпеу.
2. Жауаптың жазбаша түрде берілгені жақсы.
3. Сабақ сұраудың және ынталандырудың дұрыс жолдарын таңдау арқылы оқушылардың өздеріне деген және өз білімдеріне деген сенімділіктерін қалыптастыру.
4. Оқушылардың сәтсіздіктері мен кемшіліктерін абайлап сынау керек, себебі олардың өздері де өз кемшіліктерін ауыр сезінеді.
5. Жұмысқа тез кіріскенін талап етпеңіз, себебі олар бірте- бірте кіріседі.
6. Олардың өзін емес, іс- әрекеттерін бағалау.
7. Олардың алдына нақты міндеттер қойғанда, мүмкіндіктерін ескеру керек.
8. Баладағы жақсы, жағымды қасиеттерді көре білу, табыстарын дәріптеу.
9. Оқуға жағымды көзқарасын қалыптастыру.
10. Үлгермеуші оқушымен жұмыс істегенде сызбалар, қосымша тірек көрсеткіштерін көп пайдалану маңызды.
11. Баланың денсаулық жағдайын ескеру.
Жоғарыда қарастырылған үлгірмеушіліктің алдын алуға бағытталған іс-шаралар негізінен мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасқа негізделген. Дегенмен, оқу жұмысы дұрыс ұйымдастырылғанның өзінде де бірнеше нашар оқитын және үлгірмейтін оқушылар болатыны анық. Бұл құбылыс сан алуан себептерден тұратынын еске түсіріп кеткен жөн болар. Оқуға, танымдық іс-әрекеттерге қызығушылығын ояту үшін алдымен оқушының өзіне деген сенімділігін қалыптастыру керек. Балаға өзінің сенімсіздігін жеңуге қалай көмек көрсетуге болады?
Психолог мұғаліммен бірлесе отырып, оқушының жетістікке жетуіне және содан жағымды эмоцияны сезіне білінуіне жағдай жасау керек. Ол үшін баланың алдына оның мүмкіндігі жететіндей өзінің «жақын даму аймағындағы» орындай алатын тапсырмалар мен міндеттерді қою керек. Іс-әрекеттер ішінен бала инициатива көрсете алатындай және мектепте таныла алатындай жұмыстарды бөліп алып беру керек. «Жетістікке жеткізетін» жұмыстарды бөліп беру үлгірмеуші оқушыларға қатысты мұғалімдердің, ата-аналарының, құрбыларының көзқарастарын жағымды жаққа өзгертеді 3.
Үлгірмеуші оқушыны ұялту және мадақтау түрлеріне де ерекше мән берілуі керек. Психологтар мұғалімдерге ұялту үшін қарапайым таңқалу сөздерімен білдіруді ұсынады(«Мен күтпеген едім», «Мені бұл қылығың таңқалдырды» т.б.).Мұғалімнің ескерту кезіндегі дауыс екпіні де маңызды. Дауыс көтеріп, ашу, ызамен дөрекі сөйлеу оқушының жағымсыз қатынасын тудырады. Үлгірмеуші оқушыларды бағалағанда, оларға түсінікті болу үшін, алған бағаларын негіздеп, қандай критерилерге сүйеніп қойылғандығын айтудың да маңызды екенін есте ұстаған жөн.
Белгілі педагог Ш.А. Амонашвили қолданған әдіс те нәтижелі болуы мүмкін. Ол артта қалған оқушыларды өздерінен төменгі сыныпта оқытын үлгірімі төмен оқушыларға «мұғалім» қылған. А.И.Липкина осы әдіс негізінде, яғни балаға таныс емес жаңа іс тапсыру арқылы (бұл жерде-«мұғалімдік»), оқуға дұрыс қатынас орнатып, баланың оқудағы жетістігін көтеру мақсатында эксперимент жасап көрген.
Эксперимент мазмұны бойынша үлгірмеуші оқушыларға өздерінен төменгі сыныпта оқитын үлгірімі төмен кішкентайларға көмектесу керек болатын. Осыған дейін барлығының алдында «артта қалған, нашар, әлсіз оқушы» позизициясынан бірден, «біреуді оқыта алуға қабылетті, өздігінен басқаның жетістігін бағалай алатын» адамның позициясына тұрғызылды. Бала үшін мұндай позиция оның тұлға болып құрылуына әсер етуі керек болатын.
Көбінесе үлгірмеушілік бастауыш сыныптарда балалардың оқу дағдылары дұрыс қалыптаспағандығынан, яғни оқу іс-әректінің дағдыларын дұрыс меңгермегендіктерінен болатынын айтып кеткенбіз. Енді, осындай жағдайда мектеп психологі балаларға қандай жолдармен көмек көрсете алады?
Мектеп психологі оқушымен жеке жұмыс жасағанда, оқу процесі кезінде бақылағанда икем-дағдыларының дұрыс қалыптаспағандығын байқауы мүмкін. Осыдан кейін сол қателіктеріне баланы өзінің және ата-анасынын көңілін аударғызады. Баланы оқу жұмысының дұрыс тәсілдеріне үйретіп ал ата-анасын баласынын дұрыс жұмыс істеуіне бақылаушы ретінде ұйымдастырады. Көбіне психологтің міңдеті оқушыда оқу жұмысының дұрыс емес қалыптасқан әдісін толығымен жойып, жаңасын қалыптастыру емес, оны қайта қалыптастыру болады. Себебі бұрыннан қалыптасқан әдісін жойып, оңы жаңамен ауыстыру әрқашан да дұрыс бола бермейтінің есте ұстау керек. Егер сол әдісті жетілдіру керек болса онда, әдептілікті сақтай отырып, баланы өзінің жұмысын ерекше құқығынан айырмай, оңын өзімен бірге орындау керек. Мысалы, көптеген оқушылардың ( тіпті жоғары сыныпта да), мәтінді ұғу үшін, бірнеше рет сол мәтінді оқып шығу тәсілін пайдаланатындықтары белгілі. Ал, жалпы, оқығанды ұғу үшін, мәтінді топтастыру, тірек пунктерін ерекшелеу, жоспар құру, оқығаннының логикалық сызбасын жасау, негізгі ойды тұжырымдау сияқты ойша өңдеудің тиімді әдістерін пайдаланған дұрыс.
Әсіресе, ойлау деңгейі төмен оқушыларға психологиялық көмекті ұйымдастыру өте маңызды. Ойлаудың түрлі әдістерін меңгермейінше оқу- білім дағдыларын меңгеріп, түсіну бекер әурешілік болуы мүмкін, себебі ойлау әдістерін бала қалай қолдануды білмейді. Сонымен ойлау белсенділігі төмен оқушының үлгермеушілігін жеңу үшін, оның интеллектуалдық икемін қалыптастыру керек. Осы бағытта мектеп психологі не істей алады? Тұрақты үлгермейтін оқушылармен жұмыс істегенде көбінесе мұғалімдер, үлгермеуші оқушылардың ойлауындағы ерекшеліктер бәрінде бірдей және олардың бір ғана жолмен шешу керек дейді. Бұл, әрине, қате пікір. Шын мәнінде үлгерімі төмен оқушыларда ойлау әрекетіндегі кемшіліктері әртүрлі болады, сондықтан да олармен жүргізілетін жұмыстарының әдістері де әртүрлі болуы керек.