Файл: лгерімі тмен оушылармен психологиялы педагогикалы жмыс ерекшеліктері.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 42

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әрбір үлгермеуші оқушыға жекедара оқытудың арнайы жүйесін жасау керек (коррекциялық бағдарлама). Ол бағдарлама оның ойлау әрекетінің ерекшеліктерін талдау негізінде құрылады. Үлгермеушінің ойлау әрекетін дұрыс бағалау үшін, оқушының ойлау ерекшелігін анықтап алу керек. Ол үшін «А.З. Зак есептері» әдістемесін қолдануға болады. Ал, оқушылардың ойлау процесінің деңгейлерін талдау үшін, әртүрлі ойлау операцияларынан тұратын тапсырмалары бар әдістемелерді қолдану керек. Сондай тапсырмаларға бастауыш сыныптарға арналған «Артық сөзді алып тастау» әдісі, логикалық заңдылықтарға бағытталған «Липпман» тесті, «ШТУР» тесті, осы негізде құрылған кіші оқушыға арналған «Бесеудің біреуі» әдісі, «Төртінші артық» әдісі т.б. Бұл тапсырмалар арқылы оқушының ойлау операцияларының кемшіліктерін анықтауға болады.

Кейбір оқушылардың үлгермеу себептерінің бірі өзінің жеке психикалық жүйке жүйесінің ерекшеліктеріне байланысты үлгермеу екендігін білгеніміз жөн. Енді, жүйке жүйесі әлсіз және селсоқ балалармен жұмыс жасаудың қандай әдістері бар? 3.

Біріншіден, баланың жүйке жүйесінің ерекшеліктерін арнайы әдістеме көмегімен анықтап алу керек. Әдістемелердің ішінде ең қолайлысы – «қарындаш пен қағаз» ( В.Т. Козлованың жүйке процесінің қозғалмалығын зерттеуге арналған әдістемесі және күшін анықтауға арналған В.А. Данилов әдістемесі). Сонымен бірге, әртүрлі жағдайда жүйелі жүргізілген байқау нәтижелерін де қолдануға болады.

Келесі мақсат, оқушылардың типологиялық ерекшеліктерін анықтағаннан кейін, осы жөнінде мұғалімдер назарына ұсыну болып табылады. Сонан соң үлгермеуші оқушының мұғалімімен бірлесе отырып, оқушының қиындықтарын жеңуге бағытталған оқу процесін ұйымдастырудың жоспарын құрады. Өкінішке орай, кейбір мұғалімдер оқу процесінде оқушының жеке-типологиялық ерекшеліктері туралы білімін қолдана алмайды. Мысалы, сабақты тиімді өткізудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдана алмай тез жылдамдықпен сабақ өткізіп, сұрақтарды бірінен соң бірін төгіп, оған жауаптарды тез айтуды талап етіп, оқушылардың ойлануына тіпті де уақыт берілмей қалады. Осындай жадайда сыныптың жартысы нәтижесіз жұмыс жасайды. Ең ауыр жағдайда қалатын әлсіз және селсоқ (инертті) типтегі оқушылар, себебі олар өздерінің нейродинамикалық ерекшеліктеріне байланысты бұндай жағдайда ілесе алмай, үлгермеуші оқушылар қатарына қосылады.

Әдетте, балалар мектепке алғаш келгенде жағымды мотивациямен келеді, баланың мектепке, мектептегі оқуға оң сеп- түрткісін(мотивациясын) жоғалтып алуы, оның үлгірмеуші оқушы болуына әкеліп соқтырады, сондықтан да психолог оқушы тілектері мен ниеттерін үздіксіз зерттей отырып, бала табиғатынан
туындайтын ынталандыру жолдарын табуда шаршап, шалдығуды білмегені қажет.

Оқушының білім жолы - қиын жол. Тек бір ғана оқу қажеттігін түсіну бұл жолды басып өту үшін жеткіліксіз. Сондықтан, кіші мектеп жасынан бастап баланы ынталандырып отыру оның жақсы оқуына жағдай жасайды.

Ынталандыру (стимулирование), қазіргі заман түсінгінде, оқушыны қандай да бір затқа ниеттеу мәнін аңдатады. Баланың кішкентай жетістігін де мақтап, айтып отыру керек. Бала табиғатын тану, оның қажеттері мен тілек-ниеттерін сезіну - барша мәселелердің шешіміне сай кілт табумен бірдей. Қарапайым ынталандыру ережелерінің бірі: «бірге толғана, сын айту» маңыздылығы. Бұл орайда төмендегі тәсілдерді пайдаланыңыз:

- қолдау-қуаттау сыны ("Ештеңе етпес. Бұл рет болмай қалған. Ендігіде жақсылап орындарсың");

-сәйкес сын ("Сендей кезімде, мен де тап осы қателікке душар болғанмын. Ой!, сондағы мұғалімнен есіткенім-ай");

-сын-үміт ("Ендігі мәрте тапсырманы жақсы орындап келетініңе сенемін");

-мақтау сын ("Жұмыс жақсы орындалған, бірақ жағдайдан уақытынан сәл бұрын");

-бірге қинала, сынау ("Сені түсініп тұрмын, жағдайыңды да білемін, бірақ сен де мені түсінсейші. Жұмысы құрғыр жөнді орындалмаған ғой");

-сын-өкініш ("Өкінішті-ақ, бірақ айтпасам болмайды: жұмыс сапасыз орындалған"); 3.

Қорыта айтқанда, мектептегі қиындықтардың көбі бірінен кейін біріне ұласып, ұласқан сайын күшейе беретін жағымсыз факторлардан тұратын өзінше бір «кеселді шеңбер» құрайды. Осы «шеңберден» шығуға көмектесі үшін мектеп психологі әрбір үлгерімі төмен оқушының бір емес, бірнеше үлгермеушілік себептерін анықтап, солардың әрқайсысын жеңуге тырысуы тиіс. Мектептегі баланың үлгермеуіне, көбінесе бала емес, үлкендер (мектеп және ата- аналар) екендігін естен шығармау керек!

Балалардың сабақ үлгірмеушілігінің көзін неғұрлым ерте табу, сондай-ақ оларға қажетті психологиялық шараларды таңдай білу- мектептегі негізгі мәселелердің бірі. Бұл сонымен бірге психология, педагогика ғылымдарының әлі де болса жан-жақты зерттей түсетін зор да мәнді ғылыми проблемасы.
Қолданылған әдебиеттер.

  1. Гельмонт А.М. О причинах неуспеваемости и путях ее преодоления. – М., 1977.

  2. Бабанский Ю.К. Вопросы предупреждения неуспеваемости. – Ростов – на – Дону, 1972.

  3. Ұзақбаева Р.Ұ. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс //Психология Қазақстан мектебінде журналы. – 2009. - №6(18). - 5 б.

  4. Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы. – Алматы: «Заң әдебиеті», 2007. – 159 б.