Файл: Шебер тедеуі таырыбына арналан сабаа дістемелік нсаулы. Оу масаты.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 34
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Шеңбер теңдеуі» тақырыбына арналған сабаққа әдістемелік нұсқаулық.
Оқу мақсаты:
8.1.3.17 центрі (a,b) нүктесі және радиусы r болатын шеңбердің теңдеуін біледі: ;
8.1.3.18 берілген теңдеуі бойынша шеңберді салады
Осы сабақта шеңбер теңдеуін әртүрлі есептер шығаруда қолдану қарастырылады.
Сабақты ұйымдастыратын әдістемелік нұсқаулар.
Сабақты оқушылардың білімдерін белсендендіруден бастауға болады және координатадағы формулаларды қайталауға. Оқушылар Оқушылар координаталары бойынша нүктені салады және берілген нүктенің координатасын анықтай алады. Сызықтық теңдеуді біледі және графигін сала алады.
Білімдерін белсендендіру координатадағы формулаларды қайталау арқылы топтық жұмыспен жүзеге асырылады. Оқушыларға өзін-өзі тексеру мақсатында математикалық диктант орындатыңыз.
Бағалау критерийі:
- түзу теңдеуі дұрыс көрсетілген;
- түзу теңдеуі дұрыс анықталған;
Мұғалім орындалған тапсырмаларға, координатадағы формулалардың қолданылғандығын көрсете отырып кері байланыс береді.
Жаңа білімді меңгерту.
1 қадам: Білу және түсіну
Жаңа мәлімет экраннан презентация арқылы түсіндіріледі. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру.
Практикалық бөлім.
Оқушыларға презентацияда бейнеленген материалды ауызша сұрастыру қажет.
9 слайд арқылы оқушылардың теңдеуін құрастыруды сұрау.
Есептің нәтижелері экранға шығарылады. Сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту іс жүзінде көрініс алу қажет.
2 қадам: Қолдану
Топтық тапсырма. 3 топқа бөліп, оқушыларға деңгейлік тапсырмалар тарату. Әр топта 3 тапсырма бар. Жысыл түсте – қарапайым деңгейлі, Сары түсте – орташа деңгейлі, қызыл түсте – жоғары деңгейлі тапсырмалар. Тобыңызбен ақылдасып, бір деңгейді таңдап, жауаптарыңызды жазасыздар. Тапсырма соңында өз жауаптарыңызды басқа топпен алмасып, дұрыс жауап парағымен бір-біріңізді тексересіздер.
Әр топ өз жұмыстарынының қорытындысын ортаға салып талдайды. Уақытты үнемдеу үшін әрбір топқа дайын күйінде кеспе парағы беріледі. Оқушылар осы кеспе парақтарын толтырады. Қажет кезде мұғалім қосымшалар мен түзетулер енгізеді.
Топтық бағалау жүзеге асады. Бағалау парағы бойынша топтар бірін-бірі бағалайды.
Оқушылардың жауаптары әр түрлі болуы мүмкін. Бірақ бұл жерде маңыздысы оқушылардың өз шешімдері үшін негіздемесінің бар болуы.
Топта өз ойларын білдіріп, бөлісу. Ақырында ортақ шешімге келуі.
3 қадам: Талдау
Презентациядан және қосымша 1-ден тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.
Бекіту.
Қалыптастырушы бағалау жұмысы
1-тапсырма:
Егер АВ– шеңбер диаметрі болса, онда оның центрінің координаталары мен радиусының ұзындығын табыңдар.
2-тапсырма:
Центрі координаталар басы болатын К(-12;5) нүктесі арқылы өтетін шеңбер теңдеуін құрыңдар.
3-тапсырма:
Центрі А(3;2) нүктесі болатын, В(7;5) нүктесі арқылы өтетін шеңбер теңдеуін құрыңдар.
4-тапсырма:
(х + 3)2 + (у − 4)2 =25 теңдеуімен берілген шеңбердің бойында А(1; -1), В(0;8), С(-3; -1) нүктелері жата ма, жоқ па тексеріңдер.
Қалыптастырушы жұмыс біткен соң оқушыларды бағалау. Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсыныңыз. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, координатаның белгісіз элементтерін анықтайды. Қабілеті төмен оқушыларға көмек көрсетіліп отырылады.
Сабақта ауызша және жазбаша жұмыс түрлері сәйкестендіріп отырылады. Өзін өзі тексеру мақсатында барлық тапсырмалардың жауаптары ұсынылады. Оқушылардың іс әрекеттерінің нәтижесі ретінде есептерді шешу біліктілігі болып табылады.
Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен. Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер тізімі
-
Атанасьян Л.С. геометрия 7-9 классы. Просвещение 2018г. -
Ершов А.П. геометрия. Сборник заданий для тематического и итогового контроля. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М. : Илексия, 2010. -
Ершов А.П., Голобородько В. Геометрия. 8 класс. – М.: Ранок, 2010. – 182 с. -
Бутузов В.Ф., Кадомцев С.Б., Прасолов В.В. Геометрия 8 класс. Просвещение 2018. -
Погорелов А. В. Геометрия: Учебник для 7–9 кл. общеобразоват. учреждений/ 2–е изд. – М.: Просвещение, 2001. – 224 с: -
Полонский В.Б., Рабинович Е.М., Якир М.С. Учимся решать задачи по геометрии. Учеб.–метод. Пособие. – К.: «Магистр – S», 1996. – 256 с. -
Гордин Р.К. учебное пособие «Геометрия 7-9». Москва, издательство МЦНМО, 2006.