Файл: Не баыланады Математика жне логика вариативті курсыны жргізілуін тексеру Баылау объектісі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 26

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Не бақыланады? «Математика және логика» вариативті курсының жүргізілуін тексеру

Бақылау объектісі: 1 сынып

Бақылау мақсаты: Оқу жоспарының элективті курстар бөлінген курстардың талапқа сай жүргізілуін тексеру

Тексерілу мерзімі: 13-17.03.2023 ж.

Тексеруге қатысқандар:

Мектеп әдіскері – Домбаева Ж.М.
Анықтама
2023 жылдың 13-17 наурыз аралығында 3 сынып оқушыларының «Математика және логика» вариативті курсының жүргізу жұмыстары жүргізілді.

Тексеру мақсаты Оқу жоспарының элективті курстар бөлінген курстардың талапқа сай жүргізілуін тексеру;

Тексеруді мектептің әдіскері Домбаева Ж.М жүргізді.
«Математика және логика» вариативті курсы 1 класта аптасына 1 рет жұма күні өткізіледі. Топта 19 оқушы.

Курсты бастауыш сынып пәнінің мұғалімі Козыбаева Назигуль Айткеновна жүргізеді, 27.09.1975 жылы туған, ұлты–қазақ. Білімі–жоғары: «Семей» Мемлекеттік Университеті, 1998 жыл, бастауыш сынып пәні мұғалімі мамандығы. Еңбек өтілі – 25 жыл. Біліктілігі – педагог. Жүктемесі – 16 сағат.
Негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бұл бағдарлама оқушылардың математикадан алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Тереңдетілген бағытта алынған бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескеріледі.

Балалардың танымдық қабілеттерін дамытып пәнге деген қызығушылықтарын арттырудың негізгі бір жолы - дидактикалық материалдар мен қызықты тапсырмалар. Есеп зерделілікке, қиялдауға, тапқырлыққа, шапшаң есептеу қабілеттерін дамытуға тәрбиелейді.

Математикалық викториналар, ребустар, логикалық есептер, математикалық эстафеталар, сөзжұмбақтар шешу, қызықты тапсырмалар құрастыру баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеуге икемдейді.

Өтілетін жұмыстар мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, білімдерін жетілдіріп, дамытуға арналған.

Мақсаты: Жеке тұлғаны жетілдіру қиын мәселе болғандықтан, шахматты үйретудің құрылымы мен мазмұны мақсатқа бағытталған мінез қалыптастыруға тәрбиелейді.

Міндеттері:Оқушылардың логикалық ойлау әлемі мен бейнелеп ойлаудың сұлулығын бойлатып, қоршаған орта туралы елесін кеңейту.

Күтілетін нәтиже:Жаттығу ойындарында, мектепішілік, аудандық шахмат сайыстарына қатысуында.


Аңдау хат: Бағдарламаның өзектілігі мектептегі оқушыларға педагогика жағынан тәрбиелік мәні зор екендігі атап көрсетілді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты:

  • Оқушыларға матемитакалық білім, білік, дағдыларын игерту;

  • Шығармашылық қабілеттерін арттыру;

  • Зейінін, еске сақтау, байқағыштық, қиялдау, танымдық іс-әрекеттерімен өздігінен білім алуға, ізденуге бейімдеу.

Міндеттері

  • Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету;

  • Ақыл-ойын және ерік пен сезім белсенділігін арттыру;

  • Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру;

  • Математикалық тілде сөйлеу машығын қалыптастыру;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, қызығушылығын арттыру.

Бағдарламаның нәтижесі мен қорытындысы:

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырылады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептер мен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.