Файл: 2023 жылы 21асырдаы мектеп андай болуы тиіс.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 56

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Фурманов жалпы білім беретін мектебі



Тақырыбы: «21-ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?»

Орындаған: 8 «А» сынып оқушысы Ертілеу Елмира

Жетекшісі: Байтурина Гульнар Турсыновна

2023 жылы

«21-ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?»

«Мектеп»деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем.Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты. Қазақстанның әрбәр азаматының жеке тұлға ретінде қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білімінің арқасы.Білім арқылы көздеген мақсат мүдесіне жетеді.

Менің ойымша «21-ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?» Метебім үш қабатты болады. Оның бірінші қабатында Спорт залы, Акт залы, үлкен кітапхана және оқу залы, асхана, музыка кабинеті қазіргі таңдағы жаңаша технологиямен жабдықталады.Срнымен қатар екінші,үшінші қабатта, информатика кабинеті мен бассейн, душы болады.Әр пән мұғалімдердің кабинеттері мультимедиялық тақта мен компьютермен жабдықталып оқушылар аудио запистер тыңдай алады. Метебімнің дәліздері ашық жарық, кең жәнеде түрлі пәндердің стентерімен жабдықталады. Мұғалімдер демалатын орнында жаңа үлгіде жабдықталып сабақтарына дайындалуға мүмкіндік болады.

Мектеп ауласы үлкен әрә кең болады. Аулада спорттық жабдықтармен жабдықталып, фудбол алаңы болады. Көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп түрлі өсімдіктер егіліп тұрады. Сонымен қатар мектептің бірінщші қабатында бассейн мен душ кабинеті болады. Менің арманымдағы мектеп осындай өзгерісте болса деймін.

Қәзіргі таңда қарқынды өзгеріп жатқан әлемде мектептер үшін ең басты мәселе болып отырған «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» осы төңірегінде мақсат қойып, жұмыстарын жаңа бағытта бағыштаған Фурманов жалпы білім беретін мектебім осындай болады.

Фурманов жалпы білім беретін мектебі



Тақырыбы: «Мен армандаған болашақ мектеп»

Орындаған: 8 «А» сынып оқушысы Абильдина Ділназ

Жетекшісі: Байтурина Гульнар Турсыновна

2023 жылы


«Мен армандаған болашақ мектеп»

 Мұғалім- болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына білім мен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп,көкірегін нұрландырушы.Ең бастысы мұғалім адами касиеті мол, басқаға  көмегін тигізуден шаршамайтын,шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.

Шәкірт тәрбиелеу- ұлы міндет.Бала тәрбиесіндегі ата-анадан кейінгі жауапты адам мұғалім. Қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу, ұстаздарға, мұғалімдерге байланысты.

«Ұстаздық- ұлы құрмет. Себебі, ұрпақты ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымды да еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген апаларды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз», деп  Бауыржан Момышұлы даналық сөздерін көңіліме түйе келе, тәуелсіз еліміздің болашақ азаматтарын тәрбиелеуге, оқытуға өз үлесімді қосу мақсатында Фурманов жалпы білім беретін мектебін аяқтаған соң Қарағанды Мемлекеттік университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығын игеріп, Қарағанды «Болашақ» университетінің  «Информатика» мамандығына түсіп, өз армандаған мектебімді осылай болас екен деп ойлаймын.

Менің ойымша XXI ғасырдағы мектеп дамыған болуы керек.Біз қазір тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз.Сол үшін біз алға қарай жылжып,әрдайым дамып отыруымыз қажет.Біздің мектепте әдемі,спорт залдары үлкен,сыныптарда электронды тақталар,бүкіл заттары замануи стильде жасалған болса,оқушылардың да оқуға деген ынтасы арта түседі деп ойлаймын.Бірақ қазіргі таңда дәл осынадай мектептер өте көп.Бұл біздің елдің жақсы дамып жатқанын көрсетеді.

Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: «Мектеп бітірп шыққан соң бала әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек».

Осы айтылған сөздерге негізделе отырып, еліміздің өркендеп дамуына үлесін қосатын білім ордаларының барлығы заманауи мектепке айналуы қажет екендігін нақтылап айтқан жөн. Әр мектеп заманға сай жабдықталып, ұстаздардың құзыреттіліктері шыңнан көрінсе ғана мемлекетіміздің озық елу ел қатарынан көрінуі де ғажап емес. Осындай ұлы істе «Жұмылдыра көтерген жүк жеңіл» деген ұлы сөзді ұран етіп, еліміздің дамуына деген күшіміз бен жігерімізді аямастан, жүктелген жауапкершілікті ақтаймыз деген сенімдемін.



Фурманов жалпы білім беретін мектебі



Тақырыбы: «Менің мектебім»

Орындаған: 1 «Б» сынып оқушысы Мартынова Вероника

Жетекшісі: Байтурина Гульнар Турсыновна

2023 жылы

«Менің мектебім»

Менің арманымдағы мектепте, оқушының жеке шкафына электронды құлып орнатылған, ол саусақ іздерінің көмегімен ғана ашылуы керек. Сөмке ұстаудың қажеті жоқ, оқулықтардың орнына әр оқушының жеке дербес компьютері болады. Барлық сыныптар қажетті құрылғылармен жабдықталған, кең және жарық болуы керек. Физика және химия кабинеттері, тәжірибе жүргізуге арналған бөлмелермен қамтамасыз етіледі. Әр пән мұғалімдерінің кабинеттері жаңа үлгіде жабдықталады. Оқу процесі оңай және қызықты өтеді. Бұл үшін ең заманауи технологиялар қолданылады. Спорт залына келетін болсақ, бұл жерде – оқушылар мен мұғалімдер сәнді тренажерлерде жаттыға алады. Жаттығудан кейін бассейнге немесе душқа түсуге мүмкіндік бар. Ал қыста шаңғы мен коньки тебуге болады. Барлығы салауатты өмір салты үшін жасалған! Ұстаздардың барлығы жоғары жалақы алатын, өз кәсібін сүйетін және білімді мамандар. Ал оқушылар – терең ойланатын, үнемі ақпарат іздейтін және ғылыми жаңалықтарды ашуға ұмтылатын азаматтар болады деп ойлаймын. Міне, болашақтың мектебін мен осылай елестетемін.

Фурманов жалпы білім беретін мектебі



Тақырыбы: «21-ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?»

Орындаған: 5 «А» сынып оқушысы Кәдіржан Ақкенже

Жетекшісі: Байтурина Гульнар Турсыновна

202

«21-ғасырдағы мектеп қандай болуы тиіс?»

«Мектеп»  деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты.   Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде  қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білім менінің арқасы.

Болашақтағы мектебіңнің қандай болатындығын армандаған қандай қызық. Мен өзімнің қазіргі мектебімді ұнамайды деп те айта алмаймын. Менің ойымша, он жыл өткеннен кейін тіпті жүз жылдан кейін мектептегі білім беру түбегейлі өзгеретіндігі сөзсіз. Болашағымыз қандай болатындығын армандау да қиын. Алайда, мен өзімнің болашақтағы мектебімнің қандай болатындығын сәл ғана армандағым келеді.


Келешектегі мектепте оқушылар сынып бөлмелерінде кітаптағы дайын мәліметтерді қарап көп отырмайды. Мысалы, биология пәнін даладағы әсем табиғат аясында оқитын болады. Әрбір өсімдіктердің немесе жануарлардың түрлерін тек тірі күйінде көре алады. Шетел тілдері пәндерін әрбір елдерге барып оқиды. Оқушылар ағылшын тілі мұғалімімен бірге жарты жылға Англияға барып, сол жердегі жергілікті тұрғындармен әңгімелесе жүріп тілді жылдам үйренетін болады. География пәнін де осылай оқыса керемет болар еді! Қазақ тілі пәнін оқушылар қазақтың салт-дәстірін,әдет –ғұрпын ұматпаса деймін. Астрономия пәнінде арнайы салынған ғарыш кемелерінде жүріп, жұлдыздар әлеміне саяхатқа барса, шіркін!

Менің арманымдағы болашақтағы мектепте оқушыларға бесінші сыныптан бастап тереңдетілген бағыттар бойынша білім берілетін болады. Егер сен тіл, әдебиет пәніне жақын болсаң, гуманитарлық бағытта, математика мен физиканы жақсы көретін болсаң, математикалық бағытта оқисың. Бұл оқушылардың болашақта мамандықтарын дұрыс таңдауларына көп септігін тигізеді.

Болашақтағы мектепте бағалау мүлдем болмайды. Өйткені мектеп оқушылары тек қана материалдарды меңгеріп қана қоймай, ғылыми және шығармашылық жұмыстарды қоса орындайтын болады. Содан кейін арнайы конференцияларда жобаларын қорғап, нәтижеге қол жеткізіп отырады.


Фурманов жалпы білім беретін мектебі



Тақырыбы: «Менің қиялымдағы болашақ мектебім»

Орындаған: 5 «А» сынып оқушысы Темірбай Нұрхан

Жетекшісі: Байтурина Гульнар Турсыновна

2023 жыл

Менің қиялымдағы болашқтың мектебім.

Мен Фурманов ауылынла, Фурманов жалпы білім беретін мектебінде білім аламын. Биыл мен оқып жатқан мектебімізге 16 жыл болды. Талай азамат пен азаматтшалар түрлі мамандық иелері білім алған ордасында оқитынымды мақтан тұтамын, дегенмен мектепке соңғы жылдары жөндеу жұмыстары жүргізілген жоқ.

Мені «арманымдағы мектеп қандай болар еді?» деген сұрақ жиі мазалайды. Білім алып жүрген алтын ұя мектебіме күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, арманымдағы мектепке айналса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен менің арманымдағы мектеп үш қабатты, өте кең, сыныптары жарық, соңғы техникамен жабдықталған болғанын қалар едім. Мектеп дәліздері де кең әрі ұзын болғанын қалаймын. Арманымдағы мектептің бірінші қабатында тренажерлармен жабдықталған үлкен спорт залы мен бассей және түрлі жиын өткізетін, әр түрлі музыкалық аспаптармен жабдықталған акт залы болады. Сонымен қатар, бірінші қабатта кітапхана болады. Кітапхана екі бөлімнен тұрып, бірінде орындықтардың орнына ыңғайлы креслолар мен түрлі жанрдағы кітаптар болса, екінші бөлімінде жылдам Интернет желісіне қосылған заманауи компьютер мен қажетті қазғаздарды шығарып, көшірме түсіріп алатын көпфункционалды құрылғылар, сөрелерде қажетті кеңсе тауарлары болады.


Екінші және үшінші қабатта оқу сыныптары болады. Әрбір сыныпта интербелсенді тақта, маркермен жазатын тақта, әрбір оқушының өзінің жеке үстелі болады.

Тегін асхана екінші қабатта орналасады. Онда күнделікті дәмді тағамдар әзірленіп, барлық оқушылар тегін тамақтанатын болады.

Тағы бір арманым – әрбір оқушының жеке заттарын сақтау үшін кішкене шкафы болады. Үй тапсырмасы мектепте жасалып, сабақ сағат үште аяқталатын болады. Сабақ біткен соң оқушылардың тұратын станцияға бір автобус үйге жеткізіп салатын болады. Өйткені ол балалар қатынайтын жер қашықтау.

Міне, болашақтың мектебін мен осылай елестетемін.