Файл: Орал аласы . Молдалова атындаы 38 мектеп лицейіні информатика пні малімі Султангалиева Гулжихан Жасталаповна Ашы трбие сааты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Орал қаласы

Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп лицейінің

информатика пәні мұғалімі

Султангалиева Гулжихан Жасталаповна

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Әкем айтқан асыл сөз»
Мақсаты: Отбасындағы әке мен баланың ролінің мәнін ұғындыру, оқушыларға отбасының ұйтқысы, негізгі тірегі әке екенін, әкеге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әке мен бала арасындағы тығыз әрі ыстық байланысты ұғындыру.

Құрметті әкелер, оқушылар!

Мектебімізде 20-28 ақпан күндері аралығы әкелерімізге арналғандықтан 6 е сыныбының ұйымдастырып отырған «Әкем айтқан асыл сөз» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Барысы:
I. Кіріспе. «Әке – шаңырақтың тірегі» атты баяндама оқылады

IІ. Әке туралы бейне ролик көрсетіледі.
III. Қызықты сұрақтар.

ІV. Әке туралы мақал мәтел жалғасын табу

V. Ситуациялық жағдаяттарға көзқарасын білдіру.
VI. Қорытынды.

I. Кіріспе.
«Ана – сая болар бағың болса, әке - асқар тауың» дейді халқымыз, бүгінгі тәрбие сағатымызда әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке шаңырақтың тірегі. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие.

«Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

Ежелден қалыптасқан түсініктің бірі – «әке – үйдің асыраушысы». Үйдегі жандардың аш қалмауын, киімдерінің бүтін болуын ойлайтын – әке. «Балаларым алаңсыз балалық шағын өткізсін, жарым ештеңеден қысылмасын, дастарқанымыз мол болсын» деген ой әкенің көкейінен ешқашан кетпейді. Бұл табиғаттың заңдылығы да шығар. Өткен дәуірлерде де әке үйдің басты асыраушысы болды. Бүгінде де сол дәрежесінде келе жатыр.

Әкесі бар үйдің шаңырағы еш уақытта шайқалмайды. Ол үйдің тәртібі де темірдей қатал. Қандай да болсын жағдайларда соңғы сөз – әкеде. Әкенің айтқанымен жүрген бала өз жүрісінен жаңылмайды. Әкені тыңдап өскен бала өмірдегі жолын табады. Жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етеді.


Әр отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің рөлі ерекше. Әке-отбасының асыраушысы,отбасы мүшесінің тірегі,қамқоршысы.Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы,өнері мен білімі баланың көз алдындағы үлгі өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы.Әке әрқашан қиындықта қасыңнан табылып, қол ұшын беретін жан.

«Әке-отбасының пірі»,Әке-үй ішінің тірегі,баласының жүрегі.

Әрбір баланың әке алдында борыштары мен парыздары, міндеттері бар. Әке алдындағы міндеттер: тілін алу, сөзін тыңдау, ізет көрсету, әдеп сақтау, әкеңе көмекші, демеуші, сүйеуші болып, оны әрқашан да қуанышқа бөлеп отыру; кәмелетке жеткен соң, әкеге біржола қызмет көрсетіп, оның қартайған шағында асыраушысы болу, әкенің әкелік еңбегін өтеу.

Көп әкенің түзде еңбек етіп пұл тапқаны болмаса үйдегі тіршілікпен, отбасындағы бала тәрбиесімен онша шаруасы болмайды. Соның салдарынан барып, үйдегі бала тәрбиесі деген сан-салалы, қыры да, сыры да мол ұшан теңіз жұмыс онсыз да үй тіршілігінің ұсақ күйбеңінен босамайтын ананың еншісіне қалады.

Ер жетіп қалған баланың әлдебір нашар топтармен араласып, жат қылықтарға бой ұрғаны әйгіленіп қалғанда ғана «қайдан білейін,баланың соңынан еріп жүре аламын ба, жұмыстан қол тимейді» деп ақталғысы келеді кей әкелер.

Кейде тәрбиеге шындап араласып келген кейбір әкелер қатаңдық танытып, баланың қателігін әбден зерттеп алмай жөнсіз жәбірлеп, шамадан тыс шектеп ұстайды. Бұл да біржақты, жете ойластырылмаған әрекет боп саналады.

Әке неғұрлым баласының қасында көбірек болса, пайдалы өнерге баулыса, жақсы, өнегелі орталармен үйір етсе, бала соғырлым жақсыға қарай бейімделе береді. баланың қабілетіне қарай ән-күйге , сурет салуға, кітап оқуға, спортпен шұғылдануға т.б. өнердің бәрімен де ата-ана таныстырып, достастыруы парыз.


II. Әке туралы бейне ролик көрсетіледі.
(Бейне роликтен қандай ой түйгендері сұралады?)


III. «Қызықты сұрақтар» айдары. Сіз балаңыз туралы қаншалықты білесіз?

Сұраққа - жауап:

1. Балаңыздың парталас көршісі кім?

2. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?

3. Сынып жетекшісінің толық аты - жөні

4. Балаңыздың оқу үлгерімі қандай?

5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

7. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

8. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

9. Балаңыздың туған күні?



IV.

  1. Әкені көріп ұл өсер,
    Шешені көріп қыз өсер.



  1. Әкенің жақсылығы жездедей-ақ.



  1. Жақсы әке жаман балаға,
    Қырық жыл азық.



  1. Әкенің қадірін,
    Балалы болғанда білерсің.



  1. Алты аға бірігіп әке болмас,

Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

  1. Әке балаға қарыз,
    Бала далаға қарыз.



V. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.


1.Әкесі жұмыстан келе сала жұмыс дегенің құрып кетсін, жатып алып дем алғанға не жетсін, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты ақымақтар - ақ істесін деп өзіне – өзі ызаланады. Осыны естіген 6 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен- күнге қиындап барады. Басты ауыртып қайтемін, бәрібір түсінбеймін.» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.


Балаларға: - Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер?

Әкелерге: -Сіздің әрекетіңіз қалай болмақ?


2. Әкесі өзінің жұмысымен айналысып отырады Үстелінің үстінде шашылған қағаздар. Қасына баласы келеді:
- Әке, біздің сыныпта ертең ата - аналар жиналысы болады. Апай: Жиналысқа міндетті түрде әкелерің келсін,- деді. Сіз барасыз ба? Күнделігіме қол қойып беріңізші. Әкесі:
- Көрмейсің бе менің отырысымды.? Қаншама жұмысым бар. Шешеңе баршы. Мұғалімдер де қызық осы. Міндетті түрде әкелерің келсін дегенді қайдан шығарған?


Балаларға: - Осы баланың орнында өздерің болсаңдар не істейтін едіңдер?
Әкелерге: - Әкенің бұл әрекетін қалай бағалайсыздар?

3.Сынып жетекшісі - әкеңізге телефон соқты. Баланың қоңырауда терезе әйнегін сындырып алғанын айтып, әкеңізді мектепке шақырды.

Балаларға: - Болған жағдайды әкелеріңе қалай жеткізер едіңдер?

Әкелерге: - Сіздің әрекетіңіз қалай болмақ?


VІ. Қорытынды:
Шешесін ұқпайтын
Әкеден ықпайтын
Ұл болмайды.
Шешеге тартпайтын,
Әкеге жүк артпайтын
Қыз болмайды - деп тегін айтпаған. Оларды жақсы тәрбиелеп, өнегелі еңбекке баулып, еліне пайдалы азамат етіп өсіру сіздердің абзал борыштарыңыз. Ерте ме, кеш пе сіздің тәрбие беру жолындағы еңбегіңіз белгілі бір табыстарға жеткізері сөзсіз.
Бүгінгі кездесу сағатымызға уақыттарыңызды бөліп, бала деп келгендеріңізге көптен - көп алғыс айтамын.