Файл: Алматы облысы білім басармасыны арасай ауданы бойынша білім блімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

"Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде

2022-2023 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу
АНЫҚТАМА
Жұмыс мақсаты: 9 және 11-сынып қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің оқушыларды мемлекеттік емтиханға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру мен мемлекеттік емтиханды өткізу шараларын зерделеу

Ұйымдастыру жұмысын жүргізу объектілері: 9 және 11 сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері

Тексеру мерзімі: Наурыз айы

Жұмыс нәтижелері:

Мектеп әкімшілігі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабына сәйкес білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі негізінде 9-11-сынып оқушылары мемлекеттік емтихан тапсыруын жоспарлы түрде ұйымдастырды. Емтихандарға әзірлік жұмыстары мен даярлық қосымша сабақтар кестесі құрылып, оқушыларды сапалы даярлау әкімшіліктің назарында болды. Наурыз айында «Оқушы білімін тұрақтандыру негізінде мемлекеттік стандарттың талаптары орындаулы және емтиханға әзірлік жағдайлары» тақырыбында әдістемелік кеңес тақырыбы бойынша сабақтарға қатысылып, талқылаулар жүргізілді.

9 және 11 –сыныпқа сабақ беретін қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері пән мұғалімдері туралы дерек қоры жасалып дайындық кестесі құрылған.

Оқушыларды, олардың ата-аналарын және мұғалімдерді ақпаратпен уақытылы қамтамассыз етілген. 9,11 сынып ата-аналары және пән мұғалімдеріне онлайн форматта 4 жиналыс өткізілген. Кеңес алу кестесі мен емтихан кестесі жасалған. Пән мұғалімдеріне арнайы өткізілген семинарда емтихан ерекшеліктерімен таныстырылып, нұсқаулықтар берілді. Көктемгі демалыс кезінде оқушыларға байқау емтиханы өткізіліп мониторингісі шығарылды. Емтиханға жауапты мамандар бекітілді. Алтын белгі иегерлерімен және ата-аналарымен мектеп психологі мен жауапты тұлғалар түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп сайтына және мектеп хабарлама сайттарына барлық ақпараттар салынды. Пән мұғалімдерінің туындаған сұрақтары бойынша аудандық білім бөлімінің мамандарынан кеңестер алынды.

Бақылау нәтижелері бойынша қорытындылар:
Зерделеу нәтижесінде пән мұғалімдерінің бос уақыттарына сәйкес мемлекеттік емтиханға дайындық жүргізуде.

Ұсыныстар:
1. Оқушыларды мемлекеттік емтихан талаптарына сәйкес дайындық жұмыстары жүргізілсін.

2. 11-сынып оқушыларын ҰБТ-ға (оқу сауаттылығы және таңдалған пән бойынша) дайындық жұмыстары кесте бойынша жүргізілсін.

Бақылауды жүргізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Шманов С, Генжемуратова Л