Файл: аза тілі мен дебиет пнінен 9сыныптарына арналан жаа мазмндаы емтихана дайынды материалы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 36
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен
9-сыныптарына арналған жаңа мазмұндағы емтиханға дайындық материалы
9-8-5
Бөлім атауы: Биотехнология жаңалықтары. Сахиев Жүніс «Уақыт қайтарымы» романы
Тақырып атауы: Тағам биотехнологиясы
Қымыз
Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі. Қымыз — халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үздіксіз пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамы. «Ауруға ем, сауға қуат дәрі қымыз»,— деді Жамбыл атамыз. Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Қазақтар жүздеген жылдар көлемiнде қымызды айырықша ыдыста - торсық және сабада дайындаған.
Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады. Қазiргi кезде қымыздың микрофлоры құрғақ түрде жақсы сақталады. Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады. Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады және ол екiге - жоғарғы мөлдiр және төменгi iрiмшiктiк қабатқа бөледi. Бұл тұнбаны селдiр матада сығып алады да, күнге кептiредi және келесi маусымға (мамыр) дейiн жабық ыдыста, салқын жерде сақтайды.Ұйытқыны тiрiлту үшiн ұнтаққа буландырылған бие сүтiн 3-4 ас қасығына есептей отырып, 5 литр сүтке араластырады және дүркiн-дүркiн араластырып отыру арқылы жылы жерде бiр тәулiк сақтайды. Бiр тәулiктен соң ұйытқыны қымыз дайындау үшiн қолданады. Одан әрi қарай қымызды жасап шығару үшiн ендi ұйытқыны емес, кәрi қымызды 1 литр қымызға 6-7 литр бие сүтiн есептей отырып қолданылады. Қымызды дайындау үшiн булы бие сүтiн ұйытқымен бiрге сабаға құяды да, түнге қалдырады. Келесi күнi әрбiр сауыннан аши бастаған сүтке бiрнеше жаңа бөлiктерiн қосады, жақсылап араластырады да, 10-15 сағат сақтайды. Дегенмен, мұндай әдiспен алынған қымыз әлi әлсiз және аз газдалған, қою, тағы да мұқият араластырады да бiр күн қоя тұрады. Мұндай өндеудiң нәтижесiнде екi күндiк орташа қымыз пайда болады. Дайын қымызды басқа ыдысқа құяды.
Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты. Жиі-жиі піскен сайын қымыздың дәмі кіре береді. Ал, пісуі жетпеген қымыз ірімтіктеніп, суы бір бөлек, тұнбасы бір бөлек болып, бұзылып, сапасын жояды.
Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайылған аурудың бірі болып отырған құрт ауруына бірден-бір ем. Қазіргі кезде қымыз көптеген ауруларды, атап айтқанда өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған.
(311сөз) (Өңделген)
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D1%8B%D0%BC%D1%8B%D0%B7
1-тапсырма. Мәтіннен мына сөздердің сәйкес мағыналарын табыңыз.
Үнемі - ___________________________________________________[1]
Ас - ______________________________________________________[1]
Қадірлі – __________________________________________________[1]
Пайдаланады – _____________________________________________[1]
Әзірлеу – __________________________________________________[1]
Барлығы: [5 балл]
2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.
-
Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі.
Жылқы сүтінен _____________________________________________[1]
Жауабы: Жылқы сүтінен алынатын қышқыл/ащы сүт өнімі – қымыз.
-
Қымыздың сапасы ең алдымен ұйытқыдан басталады.
Ең алдымен ________________________________________________[1]
Жауабы: Ең алдымен/бірінші қымыздың сапасы ұйытқыдан басталады.
-
Қымыздық ұйытқы ретiнде көктемде, қымыздық мезгiлдiң басында ұйытқы қолданылады.
Көктемде _________________________________________________[1]
Жауабы: Көктемде, қымыздық мезгілдің басында қымыздық ұйытқы ретінде ұйытқы қолданылады/пайдаланылады.
-
Қымыз қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі.
Қазақ халқының_____________________________________________[1]
Жауабы: Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті/қадірлі/сыйлы дастарқан дәмінің бірі – қымыз.
-
Өндеудiң нәтижесiнде екi күндiк орташа қымыз пайда болады.
Екі күндік__________________________________________________[1]
Жауабы: Екі күндік өңдеудің нәтижесінде/қорытындысында орташа қымыз пайда болады.
-
Қымызды дайындау үшiн булы бие сүтiн ұйытқымен бiрге сабаға құяды.
Булы бие сүтін______________________________________________[1]
Жауабы: Булы бие сүтін қымызды дайындау/әзірлеу үшін ұйытқымен бірге сабаға құяды.
-
Жиі-жиі піскен сайын қымыздың дәмі кіре береді.
Қымыздың дәмі ___________________________________________[1]
Жауабы: Қымыздың дәмі жиі-жиі/тез-тез/үнемі піскен сайын кіре береді.
-
Қымыздың бабы пісу мен сапыруға байланысты.
Пісу мен сапыруға___________________________________________[1]
Жауабы: Пісу мен сапыруға қымыздың бабы/дәмі байланысты.
-
Қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың көптеген ауруларды емдеуде пайдасы анықталған.
Көптеген ауруларды _________________________________________[1]
Жауабы: Көптеген ауруларды емдеуде/жазуда қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың пайдасы анықталған/дәлелденген.
-
Қымыз зат алмасу процестерін, жалпы иммунитетті күшейтеді.
Зат алмасу _________________________________________________[1]
Жауабы: Зат алмасу процестерін, жалпы иммунитетті - қымыз күшейтеді/арттырады.
Барлығы: [10+5= 15балл]
3-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап беруге тырысыңыз. Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша 5 балл беріледі.
-
Бие сүтінің емдік қасиеті қандай?
________________________________________________________________________________________________________________________[1]
-
Қымыздық ұйытқыны күз мезгілінде қалай дайындайды? 2 жолын көрсетіңіз.
________________________________________________________________________________________________________________________[2]
-
Қымыз қандай ауруларға ем болатынын атап көрсетіңіз. Кем дегенде 2 емдік әсерін жазыңыз.
________________________________________________________________________________________________________________________[2]
Барлығы: [5+5= 10балл]
Балл қою кестесі
Тапсырма | Сұрақ | Жауабы | Балл | Қосымша ақпарат |
1 | 1 | үздіксіз | 1 | Ұсынылған сөздерге балама сөздер дұрыс жауапқа қабылданбайды |
2 | тағам | 1 | ||
3 | құрметті | 1 | ||
4 | пайдаланады | 1 | ||
5 | дайындау | 1 | ||
2 | 1 | Жылқы сүтінен алынатын қышқыл/ащы сүт өнімі – қымыз. | 1 | Білім алушы сөздердің орнын ықтимал жауаптардан бөлек өзгерте алады, бастысы ой мен сөйлем құрылымы сақталуы қажет. Құрастырушының болжам жауаптың бірнеше нұсқасын көрсетуі қабылданады |
2 | Ең алдымен/бірінші қымыздың сапасы ұйытқыдан басталады. | 1 | ||
3 | Көктемде, қымыздық мезгілдің басында қымыздық ұйытқы ретінде ұйытқы қолданылады/пайдаланылады. | 1 | ||
4 | Қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті/қадірлі/сыйлы дастарқан дәмінің бірі – қымыз. | 1 | ||
5 | Екі күндік өңдеудің нәтижесінде/қорытындысында орташа қымыз пайда болады. | 1 | ||
6 | Булы бие сүтін қымызды дайындау/әзірлеу үшін ұйытқымен бірге сабаға құяды. | 1 | ||
7 | Қымыздың дәмі жиі-жиі/тез-тез/үнемі піскен сайын кіре береді. | 1 | ||
8 | Пісу мен сапыруға қымыздың бабы/дәмі байланысты. | 1 | ||
9 | Көптеген ауруларды емдеуде/жазуда қазіргі кезде қымыз бен шұбаттың пайдасы анықталған/дәлелденген. | 1 | ||
10 | Зат алмасу процестерін, жалпы иммунитетті - қымыз күшейтеді/арттырады. | 1 | ||
3 | 1 | Бие сүті ең алдымен қазақтарды кеңінен жайылған аурудың бірі болып отырған құрт ауруына бірден-бір ем. | 1 | Білім алушының өз сөзімен жазған жауаптары қабылданады. Бірақ жауаптар мәтінде айтылған ақпараттар негізінде берілуі керек |
2 | 1. Ұйытқыны күзде дайындау үшiн қымызды бiрнеше тәулiкке қалдырады. 2. ол екiге - жоғарғы мөлдiр және төменгi iрiмшiктiк қабатқа бөледi. | 1 1 | ||
3 | 1. қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз етеді. 2. қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин синтезіне әсер етеді. | 1 1 | ||
Барлығы | 30 | |