Файл: Жарыты шаылуы. Шаылу задары. Жазы айна.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 185

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Құрметті әріптес!

   Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік  айыппұл салынады.

«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі

472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте

Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған.  «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

https://ust.kz/qmg

Тексерілді

МДОІЖО А.Зияш

Бөлімі:

Оптика

Мұғалімнің аты-жөні:

С.Шамуратова

Күні:

06.04.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жарықтың шағылуы. Шағылу заңдары. Жазық айна.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

- түсу және шағылу бұрыштарының арасындағы тәуелділікті эксперимент арқылы анықтау;

- жазық айнада алынатын оптикалық кескіннің сипаттамаларын және орналасу орнын анықтауға тәжірибені сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Жарықтың табиғи және жасанды көздері мен оның жылдамдығын біледі. Жазық айнада алынатын кескіннің түрін сипаттай алады.

Көпшілігі: Жарықтың түзу сызықты таралатынын түсінеді, жазық айнада кескіннің түрі қандай болатынын сипаттап, оның себебін геометриялық түрде түсіндіре алады.

Кейбіреуі: Жазық айнада алынатын кескіннің жалған екенін және оның тек жарық құбылысына негізделгендігін талдап, талқылай алады. Есептер шығару барысында геометриялық сызбаларды діл түсіретін болады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстырады.

Оптика – жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі.

Тапсырма 1. Жеке жұмыс. Сыни ойлауға берілген мысалдар

Жарық шығаратын денелерге мысал келтіріңдер. Жарықтың шығу себебін түсіндіріңдер.

Оқушылар табиғаттағы жарық көздеріне мысалдар келтіреді және жарықтың шығу себебін түсіндіреді

Қалыптастырушы бағалау, ауызша бағалау

Кітап, презентация

Жарық көздері

Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді:табиғи және жасанды жарық көздері.

Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен жарық шығарушы жәндіктер т.б.

Жасанды жарық көздері екіге бөлінеді: жылулық және люминесценцияланатын (салқын жарық көздері).

Жылулық жарық көздері:Люминесценцияланатын жарық көздері (салқын жарық көздері): күндізгі жарық шамдары, теледидар экраныныӊ жарығы т.б.

Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Жарық сәулесі толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсетеді.

Жарық шоғы – жарық сәулелерінің жиынтығы.

Сабақтың ортасы
15 минут

10 минут

Шағылу заңдары:

- түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

- шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.

Айна жарықты шағылдырушы кең тараған тегіс бет.

Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
•Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады.

Егер бет кедір - бұдыр болса, онда одан шағылғанда жарық шашырайды. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды.

Сонымен шағылу айналық және диффузиялық деп екіге бөлінеді.
• Параллель жарық шоғы жазық айналық беттен параллель шоқ түрінде, яғни дәл бағытталған түрде шағылады.

Жазық айнадан кескін алу.

S жарық сәулесінің айнадағы кескінін алуды қарастырайық. Ол үшін бізге MN жазық айнасы беріледі.

Жазық айнада кескін алу үшін:

  1. Жарық көзінен шығатын кез келген 2 жарық сәулелері, әртүрлі бұрыштармен жазық айнаға түсіріледі.

  2. Осы түсірілген сәулелердің өздеріне сәйкесті шағылдырушы сәулелерін табу үшін жазық айнаға нормальдар түсіріледі.

  3. Осы нормальдардың көмегімен жазық айнадан шағылған сәулелері тұрғызылады.

  4. Осы шағылған сәулелерді қиылысқанға дейін ұзарта отырып, айнаның артқы бетіне тұрғызады.

  5. MN жазық айна немесе оптикалық ось деп аталады.

Кескін сипаттамалары: жалған немесе шынайы, тура немесе кері, үлкейтілген немесе кішірейтілген, бірдей.

Тапсырма 2 : жазық айнадан кескін алып, оны сипаттаңдар.

ҚБ: Мұғалімнің бағалауы.

презентация

Тапсырма 3. Берілген фигуралардың жазық айнадағы кескіндерін тұрғызыңдар. Кескінді жазық айнаның көмегімен тексеріңдер.

Қалыптастырушы бағалау

презентация

Сабақтың соңы.

10мин

Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл

Үлестірме стикерлер

Дескриптор

Оқулық

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Сфералық айна

Бөлімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Сфералық айна

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.5.1.3 - дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: Сфералық айналардың негізгі сипаттамаларын біледі және сипаттай алады;

Көптеген оқушылар істей алады: Ойыс және дөңес айнаның беретін кескінін сипаттай алады

Кейбір оқушылар істей алады: Сфералық айна формулаларын есеп шығаруда қолдана алады;

Бағалау критерийлері

Сфералық айналардың негізгі сипаттамаларын білу және сипаттау;

Ойыс және дөңес айнаның беретін кескінін сипаттау;

Сфералық айналардың қолданысын білу;

Сфералық айна формулаларын есеп шығаруда қолдану;

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Тақырыпты ашу үшін проблемалық сұрақтар қояды.

  1. Суретте қандай кескіндерді көріп тұрсындар?

  2. Бұл айналардыӊ бірінде кескін төӊкерілген, ал екіншісінде тура. Неліктен?

  3. «Objects in the mirror are closer than they appear» деген сөзді қайда көреміз?

Сабақтың оқыту мақсаты мен бағалау критерилерін анықтап алады.

Қалыптастырушы бағалау,

Презентация

Сабақтың ортасы
10 минут

15 минут

Сфералық айнадан кескін алу туралы мәлімет береді.

Берілген ақпаратты түсінеді.

Презентация

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/ai-nalar

(G) Топтық тапсырма. Сфералық айнадан кескін алу.

А)

Б)

С)

Талдау.

(P) Жұптық тапсырма.

А)Радиусы 16 см болатын дөңес айнаның алдында айнадан 4 см қашықтықта дене тұр. Айнаның фокус аралығы неге тең?Бұл айнада пайда болған кескін айнадан қандай арақашықтықта орналасады?

Б) Биіктігі 4,00 см болатын шам фокус аралығы 15,2 см болатындөңес айнадан 45,7 см қашықтықта орналасқан. Айнада пайда болған кескіннің өлшемі неге тең? Кескін айнадан қандай қашықтықта орналасқан?

Бағалау критерийлері:

-Сфералық айналардың негізгі сипаттамаларын біледі және сипаттай алады;

-Ойыс және дөңес айнаның беретін кескінін сипаттай алады;

-Сфералық айналардың қолданысын біледі;

-Сфералық айна формулаларын есеп шығаруда қолдана алады;

Кері байланыс

Сабақтың соңы.

10мин

Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:

/

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл

Үлестірме стикерлер

Дескриптор

Оқулық

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,

Мотивациясы жоғары оқушылар:

Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады.

Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.

«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді

Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы

Бөлімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жарықтың сынуы, жарықтың сыну заңы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.5.1.6 – жазық параллель пластинада сәуленің жолын салу;

8.5.1.7 – жарықтың сыну заңын пайдаланып есептер шығару;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар істей алады: жазық параллель шыны пластинада сынған жарық сәулесініӊ жүрісін сыза біледі

Көптеген оқушылар істей алады: үшбұрышты шыны призма арқылы өткен жарықтыӊ жүрісін сызады

Кейбір оқушылар істей алады: жарықтыӊ сыну заӊын қолданып есеп шығарады

Бағалау критерийлері

Жазық параллель шыны пластинада сынған жарық сәулесініӊ жүрісін сызады;

- үшбұрышты шыны призма арқылы өткен жарықтыӊ жүрісін сызады;

- жарықтыӊ сыну заӊын қолданып есептер шығарады;

- жарықтыӊ сыну заӊын қолданатын мысалдар келтіреді.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ой қозғау. Тәжірибе көрсетеміз

Оқу мақсатын және күтілетін нәтижені анықтау

Тарелкеге тиын салып қойып, оған тиын көрінбейтіндей қырынан қарап тұрып жәйлап су құямыз. Аздан соң тиын көрінеді. Тиын неге «көтерілді»?

Оқушылар жұпта талқылайды, ал мұғалім оларға кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырады.

Сабақтың оқыту мақсаты мен бағалау критерилерін анықтап алады.

Оқушылар тәжірибе нәтижелерін талдайды

Қалыптастырушы бағалау,

Презентация

Сабақтың ортасы
15 минут

10 минут

Түсіндіру. Мұғалім шыны блоктарды қолданып сыну құбылысын демонстрациялайды. Ал оқушылар тәжірибе нәтижесіне қорытынды жасайды

Берілген ақпаратты түсінеді.

Сыну заңын қолданып тәжірибеге қорытынды жасайды

Презентация

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/optika/lesson/ai-nalar

(а) Қызыл жарық сәулесі 2.1 суретте көрсетілгендей тік төртбұрышты шыны блок арқылы өтіп жатыр.

  1. В нүктесінде жарық сәулесімен болған құбылыс қалай аталады?

………………………………………………………………… [1]

2.1 суретте нормальмен θбұрышын пайда ететін сәуле дұрыс сызылмаған. Неліктен дұрыс сызылмағанын тұжырымдаңыз.

…… [1]

  1. θбұрышының дұрыс мәнін жазыңыз.

θ = ………………. [1]

Сабақты бекіту. Оқушылар қолдану дағдысын дамыту үшін есептерді сыну заңын қолданып шығарады

Мұғалім жауаптарын айтады оқушылар өзін-өзі тексереді.

Сабақтың соңы.

10мин

Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:

Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл

Үлестірме стикерлер

Дескриптор

Оқулық

Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,

Мотивациясы жоғары оқушылар:

Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады.

Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.

«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді

Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2:

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: № 10 зертханалық жұмыс. «Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау»

Бөлімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

№ 10 зертханалық жұмыс. «Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.5.1.9 – экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

8.5.1.10 – сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау

Сабақтың мақсаты:

  • Барлық оқушылар істей алады: жарықтың сыну құбылысын түсіну, қолданады

  • Көптеген оқушылар істей алады: жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтайды

Кейбір оқушылар істей алады: сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалайды

Бағалау критерийлері

  • жарықтың сыну құбылысын түсінеді, қолдана алады;

  • жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтай біледі;

  • сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстырады және эксперимент нәтижесін бағалай біледі.

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Ой қозғау. Тәжірибе көрсетеміз

Оқу мақсатын және күтілетін нәтижені анықтау

1. Түсу бұрышы 600. Шағылу бұрышы қаншаға тең? 
2. Түсу бұрышы 350. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы қаншаға тең? 
3. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы 600. Айнамен түсу сәулесінің арасы қанша градус? 
4. Айнамен түсу сәулесінің арасы 300. Шағылу бұрышы қаншаға тең? 
5. 450 бұрышпен түскен сәуле алмастан өткенде бағытын көбірек өзгерте ме, әлде шыныдан өткенде ме? 

Сабақтың оқыту мақсаты мен бағалау критерилерін анықтап алады.
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді.
Оқушылармен бірге сабақ мақсаты анықталады:жарықтың сыну құбылысын түсіну, қолдану дағдыларын дамыту; жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау дағдыларын дамыту;

Қалыптастырушы бағалау,

Оқушыларды тапсырманың дұрыс жауаптарына байланысты бағалау, әр дұрыс жауапқа 1 балл.

Презентация

Сабақтың ортасы
15 минут

10 минут

Есептер шығару (Есептің берілгенін интербелсенді тақтаға жазып қою.) 

1-ші топ 
1. Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жарық жылдамдығын есептеп шығарыңдар. Вакуумдағы сыну көрсеткіші 1-ге тең. Алмастағы сыну көрсеткіші 2,42-ге тең. 
2. Сәуле күнбағыс майының бетіне 600 бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 300. Ауаның сыну көрсеткіші 1-ге тең. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар.

3. Егер лағыл тас үшін толық шағылудың шекті бұрышы 300-қа тең болса, лағыл тастың сыну көрсеткішін анықтаңдар. 
 2-ші топ 
1. Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдықтарын салыстырыңдар. 
2. Сәуле судан шыныға өтеді. Түсу бұрышы 450. Сыну бұрышын табыңдар. 
3.Ортаның сыну көрсеткіші 1,5. Осы ортада жарық жылдамдығы неге тең? 

Есептер шығару (Есептің берілгенін интербелсенді тақтаға жазып қою.) 

1-ші топ 
1. Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жарық жылдамдығын есептеп шығарыңдар. Вакуумдағы сыну көрсеткіші 1-ге тең. Алмастағы сыну көрсеткіші 2,42-ге тең. 
2. Сәуле күнбағыс майының бетіне 600 бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 300. Ауаның сыну көрсеткіші 1-ге тең. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар.

3. Егер лағыл тас үшін толық шағылудың шекті бұрышы 300-қа тең болса, лағыл тастың сыну көрсеткішін анықтаңдар. 
 2-ші топ 
1. Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдықтарын салыстырыңдар. 
2. Сәуле судан шыныға өтеді. Түсу бұрышы 450. Сыну бұрышын табыңдар. 
3.Ортаның сыну көрсеткіші 1,5. Осы ортадажарықжылдамдығы неге тең? 

Оқушылар жұппен зертханалық жұмыс орындайды. «Шынының сыну көрсеткішін анықтау».

Жұмыстың мақсаты: жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау.

Теориялық түсінік: Әртүрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болғандықтан, жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылысы байқалады. Сыну заңы бойынша . Төменде шынының сыну көрсеткішін анықтаңдар.

Жұмыстың барысы:

  1. Электр шамын кілт арқылы батареяға қосып, тізбек құрыңдар.

  2. Шамның алдына саңылауы бар экранды орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.

  3. Кілт арқылы тізбекті қосамын да, қағаз бетіне жіңішке жарық жолағын түсіріңдер.

  4. Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар.

  5. Пластинаның пішінін қағазға сызып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан F шығу нүктесін белгілеңдер.

  6. Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинаны алыңдар.

  7. А және В, В және F нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.

  8. Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.

  9. Шынының сыну көрсеткішін формула бойынша есептеңдер.

  10. Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаймын және тәжірибе нәтижелерін салыстырыңдар.

Тәжірибе саны

α

β

n

1

2

3

Бағалау критерийлері:

  1. Жарықтың сыну құбылысын түсінеді, қолдана алады;

  2. Жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтай біледі;

  3. Сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндерімен салыстырады және эксперимент нәтижесін бағалай біледі.

Физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.

Презентация

Сабақтың соңы.

10мин

Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

Рефлексия. Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады.

«Таңдау» әдісінде 3 пікір жазылған парақ беріледі.

1.Мен сабақ қызықты, қызықсыз болды деп ойлаймын.

2. Мен сабақта: көп нәрсені, үйрендім, үйренгенім аз болды.

3. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын,  риза емеспін.

Оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен  ынтасын білдіретін  сөздердің  астын сызады.