Файл: Блім 3с координаталы жазыты Кні 03. 2023.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 114

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлім:

6.3С Координаталық жазықтық

Күні: 6.03.2023

Мұғалімнің аты-жөні: Тулекова А.

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Центрлік және осьтік симметрия

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.3.1.5осьтік және центрлік симметрия ұғымдарын меңгеру;

6.3.1.6осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату;

Сабақтың мақсаты

осьтік және центрлік симметрия ұғымдарымен танысады;

осьтік және центрлік симметриялы фигураларды ажыратады;

тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы мен координаталық осьтерге қатысты берілген нүктеге симметриялы нүктелерді анықтай алады

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

Сабақтың басы


І.Сабақтың басталуын ұйымдастыру. 2 минут Ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін шеңберге тұрып, «Жылы лебіз» тренингін өткіземін.

ІІ. Топқа бөлу – әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы бөлемін:1 топ-шеңбер,2 топ-үшбұрыш, 3 топ-шаршы, 4топ-тіктөртбұрыш.

. Үй тапсырмасын тексеру

Сәлемдеседі,жағымды көңіл-күймен сабаққа назарларын аударады.

Сабақ тақырыбымен танысады, мақсатын қояды.

Топқа бөлінеді.

Мадақтау сөздері

слайд

Сабақтың ортасы


IV. Жаңа сабақты түсіндіру. АКТ-ны қолданып, тақырыптың мағынасын ашатын таныстырылым көрсетіп, түсіндіремін. Біздер күнделікті өмірде дененің, фигураның бөліктері симметриялы деген сөздерді жиі кездестіреміз. «Симметрия» грек сөзінен алынған, «үйлесім» сөзі сияқты - бірдей өлшемділікті, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді. Симметрияның үйлесімділігі. (слайд бойынша мәліметтер беру)

Сергіту сәті:Күнделікті ойын элементтерінде өзіміз байқамасақта осы осьтік симметрия элементтерін пайдаланып жүрміз. Өздерің жасап, ұшырып ойнайтын қағаз ұшақты қарайық. ( Қағаздан жасаймын, осін көрсетемін және ұшырамын.) ü Міне, бұл симметрияның тең салмақтылығы мен беріктілігінің мысалы. Ұшақтар, тікұшақтар, зымырандар осы негізде, құстарды негізге ала отырып жасалған.Сонымен симметрия –тең салмақтылықтың, сұлулықтың, беріктіліктің мысалы екен. Симметрия центрлік және осьтік болып екіге бөлінеді. Осьтік симметрия –түзуге қатысты симметрия. Центрлік симметрия –нүктеге қатысты симметрия Координаталық жазықтықтағы осьтік және центрлік симметрияның ұқсастығы мен айырмашылығы Симметрияны қай салада көре аламыз?(әр топқа жеке тапсырма беріледі)

Күнделікті тұрмыста симметриялы денелер мен фигураларды слайд арқылы көрсетемін, симметрия түрлерін ажыратамын.

«Түрткі сұрактар қою» Сұрақтар арқылы тақырыпты ашуға көмектесемін. Геометриялық фигуралар арқылы топтық жұмысты ұйымдастыру (шеңбер, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, ромб) Сұрақ: Осы фигуралар туралы не айта аламыз?

Топтық жұмыс барысында оқушылар Венн диаграммасын қолданып, тапсырманы орындайды Оқушылар сыни тұрғыдан ойлану арқылы тапсырманы орындайды. Оқушылар топпен бірлесе отырып табиғатта, математикада, механикада, физикада, архитектурада , көркемөнерде, биология мен химияда кездесетін симметрияға мысалдар қарастырады.Оқушылар тапсырмаларға топтық ұжыммен ақылдаса отырып жауап береді. Постермен жұмыс істейді.


ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»


Постер қорғау Интер нет ресурс тары


Оқулық




Практикалық кезең Оқулықпен жұмыс: №1134 3 минут (жұптық жұмыс)

1) абсцисса осіне қарағанда симметриялы нүктелер: С және Е; Д және Ғ;

2)ордината осіне қарағанда симметриялы нүктелер А және В;С және Д ;

3) координаталар басына қарағанда симметриялы нүктелер: С және Ғ, Е және Д.
Топтық жұмыс: 10 минут Саралау тәсілі «Қарқын» Нәтиже арқылы саралау (слайд арқылы тексеріледі) Шығармашылық тапсырма 1 есеп. Үш рет кесу арқылы, сырды ең көп дегенде неше тең бөлікке бөлуге болады ?

2 есеп. Құрылысқа байланысты есеп Жұмысшылар бригадасы ені 6 м, ұзындығы 8 м болатын үй салу керек. Бір себептермен құрылысқа қажетті саймандар уақытында жеткізілмеді. Үй құрылысын ең бірінші оның фундаментін белгілеп алудан бастау керек. Жұмысшылардың қолында 40 м жіп бар. Жұмысшылар бригадасы үй құрылысын бастай ала ма? Бастаса қалай?

Дескриптор 1.Абсцисса осіне қатысты симметриялы нүктелерді таба алады 2.Ордината осіне қатысты симметриялы нүктелерді таба біледі 3.Координаталар басына қатысты симметриялы нүктелерді табады

Бағалау критерийі: Есептің дұрыс шешімін анықтай алады.

Дескрипторлар: 1.Ірімшіктің түрін таңдай біледі 2.Осьтік симметрия анықтамасын біледі 3.Осьтік симметрияны тұрмыста қолдана алады (әр тапсырма 1 балл)
Бағалау критерийі: Есептің дұрыс шешімін анықтай алады. Дескрипторлар: 1.Санның бөлінгіштік белгілерін біледі 2.Тіктөртбұрыштың анықтамасы мен қасиеттерін біледі 3.Центрлік симметрия ұғымын біледі (әр тапсырма 1 балл)



ҚБ «Мадақтау»

ҚБ «Ынталан

дыру»



Сабақ-

тың соңы



Сабақты бекіту.Тест.Жеке жұмыс. 1.Осьтік симметриялы фигураны тап: а) шеңбер; ә) сәуле; б) түзу

2.Ордината осіне қарағанда А(-3;2) нүктесіне симметриялы нүктенің координатасын тап: а) А(-3;-2) ә) А(3;2) б) А(3;-2) 3. Тіктөртбұрыштың неше симметрия осі бар? а) 2; ә) 4; б) 1;

4.Квадраттың барлық симметрия осьтері квадратты неше үшбұрышқа бөледі а)5; ә) 3; б) 8

5.Түзуге қатысты симметрия қалай аталады? а)осьтік; ә) бұрыштық; б) центрлік

Оқушылар кері байланыс арқылы ұсыныс, тілектерін жазғызады

Үйге тапсырмасын береді



«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы келесі сөйлемдерді толықтырды:

• Мен білдім …

• Қызықты болды…

• Қиындық тудырды…

• Сабақтан мен не алдым…

ҚБ «Қошемет

теу»

Интерактивті тақта стикер