Файл: за мерзімді жоспарды тарауы Апаратты ауіпсіздік 29 орта мектеп.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Ақпараттық қауіпсіздік

29 орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бисолтан Хизирхан

Сынып: 10

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Ақпараттық қауіпсіздік.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

(оқу бағдарламасына сілтеме).

10.1.3.2 қауіпсіздік шараларын, деректерді резервтік көшіру, шифрлауды айнабетіндегідей көшірмелеу ұғымдары арқылы сипаттау.

Сабақтың мақсаты:

  • Қауіпсіздік шараларын сипаттау. (техникалық,

ұйымдастырушылық, программалық)

  • Деректердің резервтік көшірмесін жасау, деректерді шифрлау, ажырату.

Бағалау критерийлері:

  • Ақпаратты қорғауда техникалық, программалық, ұйымдастырушылық шараларын біледі, сипаттайды.

  • Деректердің резервтік көшірмесін жасауды, деректерді шифрлауды түсінеді.

  • Ақпаратты қорғау ұғымдарын анықтайды.

  • Программалық қауіпсіздік шараларын қолданады.




Тілдік мақсаттар:

Деректерді шифрлауда, резервтік көшірме жасауда терминдерді қолдана біледі.

Пәндік лексика және терминология:

Криптография - cryptography

Kриптоанализb - cryptanalysis

Kілт- key

Шифрлау - encrypt

Pезервтік көшірме - backup

Aрхиваторлар - archivers

WinRar, WinZip, GoogleДиск.

Құндылықтарды дамыту:

Деректермен жұмыс жасауда ақпаратты қорғау мәдениетін қалыптастыра біледі, жауапкершілікті сезінеді.

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі, ағылшын тілі.

Бастапқы білім:

Компьютердегі ақпаратты зиянды бағдарламалардан қорғауды біледі.

Сабақ барысы.

Сабақ кезеңдері:

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

2 мин



Көтеріңкі көңіл-күй туғызу.

Оқушылармен амандасып, ортаға шаттық шеңберіне шақырып бір-біріне ыстық тілек айту арқылы шаттық сыйлау.

Дөңгелене тұрып әркім өзінің атынан басталатын әріпке теңеу береді. Мысалы: Мен – Қуат ,қайраттымын. т.б.



Сабақтың басы:

Топқа бөлу


5 минут



«Зейінді бұру» әдісі. Сынып осы әдіс арқылы топқа бөлінеді. Криптография, Архивтеу суреттерін тақтаға жапсырып қойып, оқушылардың көңілін аудартып, сұрақ қою. Сыныпты осы тақырыпта қолданылатын терминдер арқылы екі топқа бөлу.

І топ – Криптография

ІІ топ - Архиватор

Өткен сабақты пысықтау:

«Қар кесегі» әдісін қолданып екі топ ақ параққа жазу арқылы бір біріне сұрақтар қояды.

Сұрақтар:

- Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз не?

- Қауіпсіздік жүйе дегеніміз не?

- Ақпаратты қорғаудың маңызды әдістері қандай?

- Тақырыптың басты идеясы не?

Карточкалар



3 мин



«Миға шабуыл» әдісін қолдана отырып, алдарында тұрған термин сөздер нені білдіреді, қандай ұғымдармен байланысты болатынын сөзге тартып жаңа тақырыпты ашу.

Термин сөздер:

Криптография, криптоанализ, кілт, шифрлау, резервтік көшірме, архиваторлар.

Балалар, осы айтылған терминдер «Ақпарат, қауіпсіздік » деген ұғымдарға қатысы бар ма және бұл сөздерге қандай анықтама бере аласыңдар?

Оқушылардың жауабы арқылы сабақ тақырыбы ашылады.


Карточкалар

Үлестірме қағаздар



Сабақ ортасы

10 мин






Жаңа тақырыпты мазмұндау.

Жаңа сабақты түсіндіру үшін презентация, оқулық арқылы анықтама, ережелермен танысып, түсіндіріледі.
Тапсырма 1. Постер қорғау. ( Білу)

Екі топқа екі түрлі қойылған сұрақ бойынша тапсырма беріледі.

Яғни, оқушылар тақырыптан түсінгені бойынша топтаса, ақылдаса отырып постер қорғайды.

І топ: Ақпаратты қорғауда техникалық, программалық,

ұйымдастырушылық шараларын сақтау.

ІІ топ: Деректердің резервтік көшірмесін жасау, деректерді

шифрлау.

Дескриптор:

  • Ақпаратты қорғауда техникалық, программалық, ұйымдастырушылық шараларын біледі, сипаттайды.

  • Деректердің резервтік көшірмесін жасауды, деректерді шифрлауды түсінеді.

ҚБ: Екі топ бір-бірін бағалайды. Ауызша бағалау.

Екі топ «Өте жақсы», «Жақсы», «Ортша» арқылы бір бірін бағалайды.

СТ: Оқытудың болжамды түріне қарай топпен жұмыс жасауда бір біріне диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы іс-әрекеттер орындалады.



Презентация


Оқулық


Маркерлер

Үлестірме қағаздар


7 мин

2. Тапсырма. «Сәйкестендіру». Жеке жұмыс. (Түсіну)

Әр оқушы компьютерде дайындап қойған тапсырманы орындайды. Берілген сөздердің анықтамасын тауып тілсызық арқылы қосу.



Криптография Шифрлау алгоритмнің параметрі.
Алгоритм беріктігі. Ақпаратты қорғаудың маңызды

шаралары.
Ақпаратты қауіпсіз Шифрды ашуда өте көп есептеуді

сақтау сервистері талап етеді, хабарламаның

көлемі үлкен.
Ақпаратты шифрлау Google диск, Dropbox, OneDrive.

әдістері туралы ғылым.
Кілт. Шифрдан ашу әдістері мен

тәсілдер туралы ғылым.

Криптоанализ. Ұйымдастырушылық ,техникалық,

программалық.



Әр оқушы орын алмасып бір бірінің сәйкестендіру жұмыстарын тексереді. Интерактивті тақтада соңыра дұрыс жауаптары көрсетіледі.

Дескриптор: Ережелер жиынтығын анықтап сәйкестендіреді,

ажыратады.

ҚБ: Бағалау парағына әркім өзіне ұпай қояды.

Интерактивті тақтадағы жауаппен

салыстырады.

СТ: Оқушыларға бірдей тапсырма берілгенімен, нәтижеге қол жеткізу үшін оқушы жауабы қабілетіне қарай қорытынды тәсілмен сараланады.


Оқулық

Компьютер

Бағалау парағы



8 мин

Тапсырма 3. Компьютерде практикалық жұмыс. «Ширату жаттығулары». (Қолдану).
Тапсырманы тиімді іске асыру үшін компьютерде практикалық жұмыс беріледі.

Компьютердегі бірнеше файлдар мен бумаларды архивтеу қажет.

Архивтеу және қалпына келтіру кіріктірілген құралын қолдану:


  1. Пуск → Все программы→ Сервис → Архивация и восстановление командасын орындайды.




2. Резервтер қызметін баптайды, ол үшін: Ол үшін Настроить→ Резервное копирование сілтемесін шертеді. Бұл әрекет backup шеберін іске қосады. :

- қол жетімді томдар;

- DVD жинақтауыш;

- желілік орналасу және т.б.

3. Болашақ көшірмесінің орнын таңдайды

4. Қандай құжатты архивтеу керек екенін Windows OЖ нің өзіне қалдырады немесе өз таңдауын жасайды.
Дескриптор: Программалық қауіпсіздік шараларын

қолданады.

ҚБ: Компьютерде орындалатын жекелеген практикалық

жұмыстар критерий бойынша тексеріледі.

СТ: Кейбір оқушыларға практикалық жұмысқа деген

икемділгін ояту мақсатында, тапсырма барысында

көмектесу үшін қарқын тәсілі қолданылады.




Интерактив-ті тақта.


Сілтеме көзі:
https://sesaga.ru/arxivaciya-i-vosstanovlenie-dannyx-v-windows-7.html

.

Оқулық

Компьютер,


Сергіту сәті


2 мин


Көзге, иыққа, қолға арналған жаттығуларп жасалады.

Видеослайд бойынша жасайды.

Видеослайд



Сабақтың соңы
3 мин

Кері байланыс. Қабырғадағы ілініп тұрған алма ағашына суретіне әркім стикер жапсырады. Стикерге Не білдім? Білемін? Білгім келеді?

әдісі арқылы жауап жазады.

  • Мен бүгін үйрендім..................

  • Маған қызықты болды .............

  • Әлі де білгім келеді...................

  • Мен мына тапсырманы жылдам меңгердім...............





Алма ағашы суреті
Стикерлер

Саралау- сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз.


Сіз – оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Зейінді бұру» әдісі. Сынып осы әдіс арқылы топқа бөлінеді.Сабаққа көңіл аударылу мақсатында графикалық суреттер қолданылады.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша термин сөздерді алға тарту арқылы жаңа сабаққа байланысты сұрақтар қойылады. Бұл әдісте оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеті артып, жүйелі жауап беруге қалыптасады.

Постер қорғау әдісінде оқушылар жаңа тақырыптан алған білімін түсініп, саралап жеткізуге мүмкіндік болады.

Оқытудың болжамды түріне қарай топпен жұмыс жасауда бір біріне қолдау көрсету тәсілі арқылы іс-әрекеттер орындалады.

«Сәйкестендіру» кезеңінде барлығына бір тапсырма беріледі. Оқушылар өз деңгейіне қарай, мықты, әлсіз тұстарына қарай жауап жазып, сәйкестендіру жасайды.

Компьютерде орындайтын практикалық жұмыста оқытудың болжамды түріне қарай топпен жұмыс жасауда бір біріне қолдау көрсету тәсілі арқылы іс-әрекеттер орындалады.
кейбір оқушыларға практикалық жұмысқа деген икемділгін ынталандыру үшін сөзбен қолдау көрсетіледі. Практикалық тапсырмаға қатысты бірнеше сұрақтар қойылып, оқушының әрі қарай өз бетінше жұмыс жасауына жағдай туындалады.


Әрбір тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Постер қорғауда топтар бір бірін «Өте жақсы», «Жақсы», «Ортша» арқылы бір бірін ауызша бағалайды.

Бірақ, критерийға сай баға берулері міндеттеледі.

Топпен бағалауда бір бірін әділ бағалауы ескеріліп, қадағаланады.

Компьютерде орындалатын жекелеген практикалық жұмыстар сабақ соңынан критерий бойынша тексеріледі.

Яғни, дескрипторға салынады.

Сәйкестендіру жұмысында тапсырманы алмастырып тексерген кезде, оқушылар бірін бірі бағалайды. Мұнда бағалау парағы қолданылады.

Кері байланыс кезеңінде оқушы өзіне жалпылама баға беріп, бүгінгі сабақта қай деңгейде тұрғанын анықтауға мүмкіндігі болады.


Оқушылардың сабаққа қатысуға, компьютерде жұмыс істеуге дайын екендігіне мән беріледі.
Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтау талап етіледі.
Компьютерлердің жұмыс режимінде қосылуы, дайындық техникасы қадағаланады.
Көзге, қолға, иыққа арналған жаттығулар жасалынады.