ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
№5 ҚББМО КММ
__________________
Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар
Пән – «Информатика»
Бөлім: | IV БӨЛІМ Python программалау тілінде алгоритмдерді программалау | |
Педагогтің аты-жөні | Бердиходжаева Маншук Сайлауовна | |
Күні: | 04.03.2022 | |
Сынып: 9А | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | §23 Екіөлшемді массивтер | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 9.3.3.2 екі өлшемді массивтер пайдаланып Python программалау тілінде бағдарламаларды жасау; | |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар үшін: екіөлшемді массивтер мен диагональдарын анықтау; Көптеген оқушылар үшін: Python программалау тілінде екіөлшемді массивтерді қолдану; Кейбір оқушылар үшін: екіөлшемді массивтерді Python программалау тілінде қолданудың маңыздылығын тұжырымдау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-7 минут |
Ой сергіту жаттығуы. «Айдаһар» ойыны Топ қатарласып тұрады, әр қатысушы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Саптың алдындағы ойыншы дракон «басы», соңғы қатысушы «құйрығы». «Басы» «құйрығын» ұстауға тырысады, ал басы бұлтарып ұстатпауы керек. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалады. Ойын оқушыларды жақсы сергітеді, топты белсенділікке әкеледі, мазасыздықтан арылтады. Миға шабуыл:
| мұғаліммен сәлемдеседі; бір-бірінің көңіл-күйлерін көтереді; Оқушылар сұрақтарға жауап береді | ҚБ: «Жарайсың!» «Жақсы!» «Дегенмен, әлі іздену керек!» «Талпын!» | |
Сабақтың ортасы 8-35 минут | 2. Жаңа тақырыпты ашу. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын хабарлау, бағалау критерийлерін талқылау. Оқулықпен жұмыс. Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелік берілген сұрақтарға жеке, топта, ұжымда жауап береді. Мұғалім толықтырып отырады. 1-тапсырма. Екіөлшемді массивтің бас және жанама диагональдарының айырмашылықтарын салыстырыңдар. 2-тапсырма. А[N] [N] екіөлшемді массиві берілген (1 from random import randint N=int(input()) A = [ [0 for j in range(N)] for i in range(N)] for i in range(0, N): for j in range(0,N): A[i][j]=int(input()) S=0; i=0 for i in range(N): for j in range(N): if i == j: (бас диагональді анықтаушарты) S+=A[i][j] print(S) 3-мысал:А[N] [N] екіөлшемді массиві берілген (1 Жұптарының қосындысын тап. from random import randint N=int(input()) A = [ [0 for j in range(N)] for i in range(N)] for i in range(0, N): for j in range(0,N): A[i][j]=randint(0, 1) print(A[i][j], end=' ') print() S=0; for i in range(0,N): for j in range(0,N): if i>N-j-1 and A[j][i]==0: S+=1 print(S) Топтық жұмыс Екіөлшемді массивтердің қызметіне талдау жасаңдар. Массив элементтерін цикл көмегімен енгізу қалай жүзеге асады? Түсіндіріп беріңдер. 4. Сергіту сәті | Сабақтың тақырыбын болжайды және мұғаліммен бірлесе отырып сабақтың мақсатын анықтайды Екіөлшемді массивті анықтайды; Диагональдарын салыстырады. Екіөлшемді массивтерді анықтайды; Python программалау тілінде қолданады. Топтық жұмыс орындайды Оқушылар сергіту сәтін орындайды | ФБ (0-10 балл) ФБ (0-10 балл) ФБ (0-10 балл) ФБ (0-10 балл) | Слайд, жұмыс дәптері https://youtu.be/mIVC83-qDtU |
Сабақтың соңы 36-40 минут | Өздеріңе таныс күнделікті қолданып жүрген екіөлшемді кестелерге массив құрап, ұсыныңдар. Мысалы, көбейту кестесін алуға болады. 5. Рефлексия Білім мен мақсатқа жетудің "дамуын" бағалау үшін келесі сөз тіркестерін жалғастыру
| Оқушылар кері байланыс жасайды | | |