Файл: Сабаты зіндік талдау ызылорда облысы, азалы ауданы М. Матаев атындаы 170 орта мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 133
Скачиваний: 1
Жаңа материалды меңгеруге дайындық ретінде оқушылардың сабаққа қызығушылығын одан әрі дамыту үшін Жұлдызды аспанды көрсету мақсатында қағаздан перде жасалынды. Бұл үшін қағазды тебен инемен тесіп, шоқжұлдыздардың бейнесі түсірілді. Перде үстел шамының алдына қойылды. Жұлдызды аспанның проекциясы шықты.. Балаларға үстел шамы бұл күн екендігі , барлық аспан денелеріне күннің жарығы түсетіндігін балаларға жетелеу сұрақтары арқылы дәлелденді. Жұлдызды аспан туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушылардан қандай шоқжұлдыздарды танығандығы сұралды. Осы жұлдыздар қай уақытта бізге көрінеді? Жұлдыздар жарық деп ойлайсыңдар ма? Жұлдыздардың күннің әсерінен жарық , жарқырап көрінетіндігін жетелеуші сұрақтар арқылы дәлелдеу болды. Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Ойлан. Оқушыларға «Күннің зиян келтіруі мүмкін бе?» деген сұрақты талқылау ұсынылды. Суретке назар аудар: «Егер әйел адам қалпағын шешсе, не болады? (Терісі қатты күйіп, көздері ауырады, күн өтеді.) Жақын жерде су көзі болмаса, топыраққа не болады? (Топырақ кеуіп қалады.)» Жауап нұсқаларын тақтаға жазып отыруға болады. Күннен қалай қорғануға болатынын сұраңыз. (Бас киім кию, көлеңке, суды көп ішу, өсімдіктерді уақытында суару.)Пікірлерінің еркін айтылуы , ешқандай сынға ұшырамауына ерекше назар аудардым , ауызша немесе қағазға түсіріліп, талқылау жұмысы болды. Бұл кезеңде оқушылар суретке қарап , немесе сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің өмірлік тәжірибесінен еркін ой бөлісті. Бұл тапсырманы орындау барысында балалардың ішінде ұяң оқушылар жауап беруден тыс қалды. Осыны байқағандықтан оқушыларға Күннің суретін салып, одан тараған шұғылалар бойына «Күн» сөзімен байланысты еске түсетін сөздерді жазуы сұралды. Оқушылардың ішінде жауаптарын айтуға мүмкіндік болмаған оқушылар тапсырманы орындап бере алды. Тапсырмаларды орындау барысында өз бетінше, жұппен, топпен жұмыс жасайды. Тапсырмаларды орындау сабақтың ортаңғы кезеңінде жоспарланады. Осы кезеңде саралаудың «Қорытынды» , «Диалог және қолдау көрсету» , «Бағалау» , «тапсырма», «Қарқын», тәсілдері көрінеді . Бұл сабақтағы барлық тапсырмаларда оқушылар бірдей тапсырма орындағанменн, нәтижелері оқушының деңгейіне қарай әр – түрлі болуы мүмкін. Сондықтан дұрыс жауапқа бағыттап , соңғы шешімін беріп отырдым . Бұл саралаудың «Қорытынды» тәсілі.Топ ішінде Зертте. Оқушыларға топтық жұмыс жүргізілді. Топтық жұмыс жүргізу арқылы оқушылардың қолдану ойлау деңгейі жүзеге асырылды. Оқушылар алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып , тапсырмада өз ойын тұжырымдауға сыни көзқараспен ойлануға және дәлелді пікірін , өз ойларын еркін айтуға бейімделеді. Алғашқы екі топқа термометрді күн көзіне қоймастан бұрынғы және кейінгі көрсеткіштерін дәптерге жазу , салыстыру , қорытынды жасау.
Зерттеу жұмысы кезінде топ ішіндегі нәтижелерді талқылау барысын бақыладым. . Білім алушыларға нақтылаушы сұрақтар қойдым. Мысалы: «Термометрдің әртүрлі көрсеткіштер көрсетуіне әсер еткен басқа да себеп болуы мүмкін бе? Далада қай кезде жылы болады: күндіз бе, әлде түнде ме? Күн адамға жылу беретін болса, ол жылуды тастар мен өсімдіктерге бере ме?».Осылайша оқушылар қоршаған ортаның құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерделеу үшін қажетті шарттар мен жеке тұлғалық қасиеттерді анықтауды үйренеді.Келесі екі топқа калькулятордың ішіне күн батареясын салып, терезе алдына қойып , онымен жұмыс жасау , және күн батареясы орналасқан панельді қолмен жауып, тағы да есептеу жасау , қорытындысын дәптерге жазутапсырмасы берілді. Бұл тапсырма арқылы . Білім алушыларға Сонымен қатар оқушылар әр тапсырманы орындау кезінде үнемі қалыптастырушы бағалаудың әр – түрлі әдістерімен бағаланып отырылады. Бұл тапсырма нәтижесін жақсартуға бағытталады.Тапсырманы қандай деңгейде орындағанның, сабаққа қатысу белсенділігінен көрсетеді. Іс - әрекетінің бағалануы оқушының ынтасының жоғарлануына оң ықпалын тигізеді . Бұл саралаудың « Бағалау» тәсілі . Сабақта оқушылар жаңа теориялық ақпаратпен танысып, практикалық, талдау, жинақтау , бағалау тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдерін толықтыру жоспарланады.. Рефлексия бұл сабақтың соңғы кезеңіне жоспарланды . Əр оқушының өзін-өзі бағалуын ұйымдастырылды. Оқушылардан зымыранды бояп, сабақтағы өз жұмыстарын бағалады. Қызыл қарындаш – ештеңе түсінбедім; Сары қарындаш – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын; Жасылы қарындаш – түсіндім, басқа оқушыға түсіндіре аламын. Сабақтағы өз жұмысын, оқу материалын меңгеру деңгейін талдады. Өзінің эмоциялық жағдайын айқындады. Өз білімін өзі бағалады.Сабақтың сәтсіз тұстары: Қабілеті жоғары оқушылар зерттеу жұмысын жасау кезінде,бар зерттеу жұмысын жасау мүмкіндігінің көпшілігін өздері жасап кетті. Сабақтың сәтті тұстары: тапсырмалардың нақты оқу мақсатына сай құрастырылуы, топта талқылау, диалог, өзін-өзі бағалау, өздігінен матреиалдар іздеуі, сабақтың ең бастысы қолжетімді, сапалы өтуі.Мен ----- күні 2 сыныпқа жаратылыстану пәнінен №14. Ауаныңқасиеттері тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың оқу бағддарламасына сәйкес мақсаты: 2.3.2.2 ауаныңкейбірқасиеттерінсипаттау(агрегаттыңкүйі,түсі,иісі);2.3.2.3.ауаныңкеңістіктітолтыру
қасиетін және жылуөткізгіштігін зерттеу; 2.1.2.7эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге тіркеу.
Сабақ мақсаты: Оқушыларды ауаның кейбір қасиеттерімен таныстыру, ауаның жылу өткізгіштік қасиетін зерттеу жүргізу арқылы түсінеді.
Сабақ барысы оқушылардың белсенділік, коммуникативтік, зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға және жетілдіруге бағытталған. Сондықтан оқушылар болашақ ғалымдар тәрізді әртүрлі заттарды зерттеп, бақылап үйренеді. Сабақ барысында оқушының ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындау және болжам жасау; сұрақтарға жауап табу үшін зерттеулер жүргізу; зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтау, өңдеу және түсіндіру дағдысын дамытуға тапсырмаларды бағыттадым.
-
Кіріспе-мотивациялық кезең.Сабақта қолайлы психологиялық жағдай жасау мақсатында оқушыларға ауаға толтырылған шар ішін босатып , шардың ішіндегі ауа туралы жұмбақ жауабын тапты. Негеш және Эврикамен бүгінгі білімді меңгеру үшін, әуе шарымен бірге білім саяхатына шығуды, ол үшін өздеріңе ұнаған суретті алып, топтарға бөлінетіндігі айтылды. / қызыл, сары, жасыл түсті шарлар парта үстіне бекітілген/.
-
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру мақсатында
Сабақтақырыбынқайталай отырып «Ауаныңқасиеттері»Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарынтұжырымдап алынды. .Оқушыларғаалдынасабақмақсаттарыбойыншапроблемалықжағдайқойылды. Суреттердіқарап,сұрақтарғажауапберіп,қорытындышығару ұсынылды.
-
Суреттен нелерді көріп тұрғаныңды айтыңыздар . -
Бұл заттарды көруге ауа кедергі жасай ма? -
Ауаның қандай қасиеті бізге заттарды анық көруге мүмкіндік береді?