ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 42
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: № 3 зертханалық жұмыс. «Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшi мен кернеуді өлшеу»
Білім беру ұйымының атауы | №24 орта мектеп | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәні: | Физика | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: | 8.3 А Тұрақты электр тогы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: | Сагындыкова Р.Б. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: | № 3 зертханалық жұмыс. «Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшi мен кернеуді өлшеу» | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 8.4.2.4 – электр тізбегіндегі ток күші мен кернеуді анықтау; 8.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар істей алады: Физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау.Электр тізбегін дұрыс сызба бойынша құрастырады. Көптеген оқушылар істей алады: Электр тізбегін құрып, ток күшін және оның әр түрлі бөлігіндегі кернеуді өлшейді. Кейбір оқушылар істей алады: Электр тізбегін сызба бойынша құрып, дәлдікпен олардың бір бөлігінің құнын анықтайдыоның әр бөлігіндегі ток күшін және кернеуді өлшеп,қорытынды жасайды. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру Өткен білімді еске түсіру Сабақтың басы 10 минут Жаңа білім 10 минут Бекіту 15 минут Кері байланыс Сабақтың соңы 10 минут | 1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Психологиялық ахуал «Ыстық лебіз» 1.«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы зертханалық жұмысқа қажет құралдардың қызметін қайталап алу. Жеке жұмыс (I) 1.Тоқ күші деп нені атайды?Ол нені сипаттайды? 2.Вольтметр тізбекке қалай қосылады? 3.Мына шартты белгілердің атауларын сызып көрсет: а)Кілт в)Амперметр с)Қыздыру шамы 1.Электр кернеуі деп нені атайды?Ол қандай бірлікпен беріледі. 2.Амперметр тізбекке қалай қосылады? 3.Мына шартты белгілердің атауларын сызып көрсет: а)Генератор в)Реостат с)Вольтметр 1.Электр кернеудің формуласы қалай жазылады? 2.Электр заряды және уақыт арқылы тоқ күшін қалай өрнектеуге болады? 3.Мына шартты белгілердің атауларын сызып көрсет: а) қосылған сымдардың түйісу в) гальвани элементі с)қысқыштар Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі Зертханалық жұмыстардың құрал-жабдықтарын көрсете отыра түсіндіру. №3 зертханалық жұмыстың мәтінін оқып, жұппен бірлесе отыра, талқылап, топпен жасайды . Зертханалық жұмысты орындау. Жұмыс тақырыбы:Зертханалық жұмыс №3Электр тізбегін құрастыру және әр түрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу Жұмыстың мақсаты:тоқ күші тізбектің әр түрлі бөлігінде бірдей екенін көрсету және кернеуді өлшеуді үйрену. Құрал – жабдықтар: тоқ көзі,амперметр, вольтметр, қыздыру шамы,2 резистор,кілт,өткізгіш сымдар. Жұмыс барысы: 1)Амперметр мен вольтметрдің шкалаларын қараңдар,бір бөліктерін құнын анықтаңдар: 2)191,192 және 193 суреттердегі сұлбалар бойынша электр тізбектерін жинаңдар. 3)Әр жағдай үшін амперметрдің көрсетуін кестеге жазыңдар. 4)Қорытынды жасаңдар. 5)Тоқ көзін,резисторды,қыздыру шамын және кілтті тізбектей қосып,электр тізбегін жинаңдар; 6)Тізбектегі тұйықтаңдар және әр резистордың ұштарындағы кернеулерді U U және екі резистордан тұратын тізбек бөлігіндегі кернеуді өлшеңдер 7) Жинаған тізбектің сұлбасын сызыңдар 8/U+U қосындысын есептеңдер және U кернеуімен салыстырыңдар 9)Қорытынды жасаңдар. Жұмыстың мақсаты:_______ Құрал-жабдықтар: амперметр, вольтметр, ток көзі, тізбекті жалғауға арналған сымдар жиыны, қыздыру шамы немесе екі резистор, кілт. 1-тапсырма. Тапсырманың мақсаты: Электр тізбегін жинау амперметр мен вольтметрдің бөлік құндарын есеп-теу Жұмыс барысы:
мұқият зерттеп, аспаптардың бөлік құнын анықтау ережесі бо-йынша, олардың бөлік құндарын есептеңдер. а) Амперметр шкаласының бөлік құнын есептеу үшін, шкаланың сан мәндері көрсетілген көршілес екі белгіні тауып, үлкен мәнінен кішісін алып, алынған санды олар-дың арасында орналасқан бөліктер санына бөліңдер . І0=______________ б) Осылайша вольтметрдің шкаласының бөлік құнын анықтаңдар . U0 =______________ 2-тапсырма.. Тапсырманың мақсаты Электр тізбегінің әр түрлі бөлігіндегі ток күшін өлшеу Жұмыс барысы: А А а ә б Суреттегі сұлбалар бойынша, электр тізбегін құрастырыңдар.
І1=______________ І2=______________ І3=______________
3-тапсырма.. Тапсырманың мақсаты: Электр тізбегінің әр бөлігіндегі кернеуді өлшеу Жұмыс барысы:
Т ізбекте кернеуді анықтаған соң, ток көзін өшіріңдер, яғни кілтті тізбектен ажыратыңдар.
U2 =______________ Ток көзін өшіріңдер. Ол үшін, кілтті тізбектен ажыратыңдар.
U3 =______________ Кілтті ажыратып, ток көзін өшіріңдер.
Қорытынды. а) Бірінші тапсырма бойынша не үйрендің? б) Екінші тапсырма бойынша. в) Үшінші тапсырма бойынша. Тапсырманы орындап болғаннан кейін оқушылар топ ішінде орындаған кестені бір-біріне оқып талқылайды.Әр топтан бір-екі оқушының кестесі оқылып сыныпқа жарияланады. «Жеке практикалық жұмыс» әдісі. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Оқушылар зертханалық жұмыс нәтижесін талдайды және өлшеу қателігін жазады. Кім жылдам?»(I) әдісі. Сәйкестігін табу
«Синквейн» әдісі. Бес жолды өлең құрастыру. Бірінші жолда- тақырып бір сөзбен беріледі(зат есім) Екінші жолда-тақырып екі сөзбен сипаттау(сын есім) Үшінші жолда-тақырыпқа қатысты қимыл атауынан үш сөз жазу(етістік) Төртінші жолда-төрт сөзден тұратын бір сөйлем Бесінші жолда-тақырып мәнін ашатын бір синоним сөз. 1-топ:Амперметр 2-топ:Вольтметр 3-топ:тоқ көзі Рефлексия: «Көңіл күй» Оқушыларға үш түсті белгілер беріледі. Қызыл түс – «Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ.» Көк түс - “Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым.” Жасыл түс – «Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл–күйім тамаша.» Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау «Электр тізбегінің адам өміріндегі қапжеттілігін білу" тақырыбында эссе жазу. | Оқушылар конверт ішіндегі сұрақтарға жауап беріп, зертханалық жұмысқа дайындығын тексереді. Оқушылар өздеріне берілген қосымша-1 парағындағы нұсқаулыққа қарап зертханалық жұмысты орындайды. Жасалған зертханалық жұмыстың нәтижесін талдап, құралдардың қателігін есептейді. Физикалық шамалардың атауымен өлшем бірліктерін сәйкестендіреді. Әр топ бұл әдісте бес жолды өлең құрастырады. Сабақ бойынша өз ойларын қорытындалап жазады. | Бағалау критерийлері -Физика кабинетіндеқауіпсіздік ережелерін біледі және анықтайды. -Элек тртізбегін құрастыруда шартты белгілерді қолданады,бөлік құнын есептеу арқылы прибордың көрсетулерін анықтайды Дескриптор: -Ток күші, кернеу ұғымдарын біледі. -Өлшейтін құралдардың тізбекке жалғануын біледі. -Құралдардың шартты белгілерін көрсетеді. Жалпы балл-4 Дескриптор: 1.Зертханалық жұмыс бойынша алынған нәтижелерді қорытындылайды. 2.Өлшеу қателігін анықтайды. Жалпы балл-2 Дескриптор: -Физикалық шамалардың атауын белігеленуін, формуласын сәйкестендіреді Жалпы балл-2 Жалпы бағалау критерийлер бойынша 10 балл Дескриптор: 1.Электр тізбегінің адам өміріндегі пайдасын біледі. 2.Өмірде қолдана алады. | Құрал ж абдықтар, суреттер Конверт ішіне салынған сұрақтар Ток көзі, вольтметр, амперметр, кілт, резизтор, өткізгіш сымдар Әр түсті жапырақ тәріздес стикерлер |