Файл: Саба жоспары Блім Заттар интернеті Педагогты атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 101

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары

Бөлім

Заттар интернеті

Педагогтың аты-жөні

Айдарбекова Д.М

Күні




Топ

11 агроном

Сабақтың тақырыбы:

Мобильді қосымша интерфейсіне қойылатын талаптар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


11.5.2.1 1- конструкторда ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру

11.5.2.2 - кодтың блоктарымен және циклддерімен мобильді қосымшаны жасау

11.5.2.3 - әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Мобильді қосымшалар конструкторы дегеннің не екенін біледі;

Көптеген оқушылар:

Конструктор интерфейсіне бағдарланады;

Кейбір оқушылар:

Достық интерфейсін жасайды.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылармен амандасу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылар дәптерлерді өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.


1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.

4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.

5.Бағалайды.

Жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы

Usable сын есімінен шыққан usability сөзі «қолдану ыңғайлылығы, ыңғайлылық деңгейі, оңай қолдану» деп аударылады. Бірақ IT-саласының көптеген терминдері сияқты белгілі бір уақыттан бастап оны кірме сөз ретінде қолдана бастады. 

Юзабилити – сайтты қолдану ыңғайлылығы, оның тапсырмасын қолданушыға ыңғайлы әрі түсінікті болатындай етіп жасау, сонымен қатар қолданушының қызығушылығын арттыру. 

Жүйелік мәртебені көрсету. Қосымша қолданушыны тиісті мерзімде не болып жатқандығы туралы хабардар етуі тиіс. Ол үшін қалқымалы хабарлар, хабарламалар, тарату, жүктеу экрандары мен мәртебенің түрлі көріністері қолданылады.

Мобильді қосымша дизайнына қойылатын талаптарды қарастырайық. 

Жалпы талаптар 

1. Мобильді қосымша 3 негізгі блоктан тұрады: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. 

Жоғарғы – мобильді қосымшаны басқарудың негізгі элементтерін орналастыруға арналған блок (мысалы, көрсеткіні ашу батырмасы) (1-сурет). 

Ортаңғы – қосымшаның контентін орналастыруға арналған блок (2-сурет).

Төменгі – қосымша сілтемелерді немесе көрсеткі тармақтарын орналастыруға арналған блок (3-сурет). 

2. Дизайн көлденең бағдарды да, тік бағдарды да дұрыс көрсетуі тиіс.

Басқару элементтері – қолданушының программа жұмысын басқаруына арналған экран нысандары. Олар: батырмалар, жалаушалар, т.б.

Басқару элементтері (controls, басқа аты – widgets – windows gadgets сөзінен қысқартылған – терезелік бейімделу) – графикалық қолдану интерфейсінің базалық құрылыс блоктары. 

Негізгі санаттары: 

• функцияларды орындау үшін қолданылатын командалық басқару элементтері; 

• деректерді немесе баптауларды таңдауға мүмкіндік беретін таңдау элементтері; 

• мәліметтерді енгізу үшін қолданылатын енгізу элементтері; 

• тікелей қозғалысқа келтіру үшін қолданылатын бейнелеу элементтері.
Білу және түсіну

Оқушылар мына сұрақтарға жауап беретін постер жасайды:

1. Юзабилити деген не?Юзабилитидің негізгі эвристикаларын сипаттап беріңдер.

2. Юзабилитидің дизайннан ерекшелігі неде?

3. Мобильді қосымшалардың дизайнына қойылатын негізгі талаптар қандай?

4. Юзабилити-сынақтан өткізу деген не?

№1 тапсырма: Блок пен ондағы нысандар арасындағы сәйкестікті тауып, дұрыс орналастыр.


Түйін сөздер:

  • Негізгі басқару элементтерін

мобильді қосымшаға

орналастыру үшін.

  • Қосымша сілтемелер мен мәзір

элементтерін орналастыру

үшін.

  • Контент қосымшасын

орналастыру үшін.

Қолдану

Деңгейлік тапсырмалар:

А деңгейі. Мына қосымшаға арналған юзабилити-сынақтама өткізу сценарийін әзірле:

Оқушыларға арналған репетитор іздеу


В деңгейі. Мобильді қосымша интерфейсінің негізгі элементтерін сипатта.

С деңгейі. В деңгейінің тапсырмасын орында және юзабилити бойынша интерфейс элементтерін

қарастыр.

Топтық жұмыс

Топта юзабилити ережелерін талқылаңдар және қарапайым қолданушының көзқарасымен юзабилити

тұжырымдамасын жасаңдар.

Жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындату

Өзіңнің смартфоныңа орнатылған 3 қосымшаға шағын зерттеу жүргіз. Олардың дизайн мен

юзабилити бойынша артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсет.


Мұғалімді тыңдайды

1-тапсырманы орындайды


2- тапсырманы орындайды



Презентация


Сабақтың соңы

1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.

2.Кері байланыс: «Смайлик»

барлығын түсіндім

менде сұрақтар қалды

Өзін-өзі бағалау.

Плакат /слайд/

Үй тапсырмасы

1. Өз қосымшаңа логотип ойлап тауып, оны кез келген графикалық редакторда сыз.

2. «Мобильді қосымшалар дизайнына қойылатын талап» жаднамасын жаса.