Файл: Кні 15. 11. 22 18. 11. 22 Малімні атыжні Пернебек Нрмхаммед.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2 А. бөлім – Есептерді электрондық кестелердің көмегімен шешу








Күні: 15.11.22 – 18.11.22


Мұғалімнің аты-жөні : Пернебек Нұрмұхаммед

Сынып: 7 сынып



Сабақ тақырыбы

Электронды кестелер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.2-электронды кесте элементтерін пішімдеу

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: Электронды кестенің элементтерін пішімдеу (форматтау) туралы ақпарат алады, түсінеді.

Оқушылардың басым бөлігі: Кестеде сандарды пішімдеуді көрсетеді

Кейбір оқушылар: Ұяшықтарды дұрыс пішімдеудің қандай маңызы бар екенін біледі, практика жүзінде білімін көрсетеді.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері


1. Электронды кестенің элементтерін пішімдеуді біледі түсінеді.

2. Электронды кестеде сандарды пішімдеуді жасайды.

3. Ұяшықтарды дұрыс пішімдеудің қандай маңызы бар екенін біледі, практика жүзінде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Ұяшықтарды көшіріп алады, ұяшықтарға формула жаза алады, пішімдейді

Пәндік лексика және терминология:

Электрондық кесте, сан, туралау,теңестіру,қаріп, шекара, жиек, құйып бояу, қорғау,

Диалогтар мен жазу үшін қолданылатын сөз тіркестер:

-Кесте элементтерін пішімдеу үшін біз ... пайдаланамыз, өйткені…

-Ұяшықты пішімдеу үшін … керек.

Құндылықтарды

баулу

Құндылықтарға баулу арқылы практикалық жұмыста қарым-қатынас жасау, жауапкершілікке, шығармашылық және сыни тұрғыдан ойлау,
өмір бойы оқуға дайын болуға тәрбиелейді.

Пәнаралық байланыстар

Математика (математикалық есептерді қолдану),орыс тілі(термин сөздер)

Алдыңғы меңгерілген білім


Кестелер, диаграммалар құру, кестелерді шартты форматтаумен жұмыс

Сабақ барысы













Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Үй тапсырмасы

«Мен саған, сен маған әдісі»

5 минут

Миға шабуыл

3 мин

Сабақтың ортасы

«Ойлан, бірік, топтас,» әдісі

10 мин



«Пилот және штурман» әдісі

Тәжірибелік тапсырма орындау

7 мин

«Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі

Қолдану .

15 мин
Компьютерлік жұмыс


Сабақтың соңы

«Түйіндеу» әдісі бойынша талдау

5 мин
Үйге тапсырма

1 мин

Кері байланыс

2 мин

Оқушылар әр түрлі домалақ фигуралар арқылы 3 топ құрайды. Топ басшысын анықтайды. Бағалау парағы таратылады.

Оқушыларға ынтымақтастыру атмосферасын ұйымдастыру:

Кәмпиттерді бір-біріне сыйлай отырып жылы лебіздерін білдіру.

Оқушылар бір - біріне өткен тақырып бойынша сұрақ қояды:

1.Мәтіндік процессордағы кесте дегеніміз не?

2.MS WORD-та кестені қалай құрамыз?

3.Кестені қалай пішімдеуге, редакциялауға болады?

Пішімдеу дегеніміз не?

Пішімдеуді қандай мамандық иелері қолданады?

Сұрақ – жауап арқылы талқылау.
Әр топқа 1, 2, 3 нөмірлері беріледі.

№ 1-і " Электронды кесте элементтерін пішімдеу ",

2 -і " Ұяшықтарды формула енгізу терезесінің құрылысы",

3 " Ұяшықтарды өшіру, тазалау, көшіру, қою" туралы кітаптан мағлұмат алады.

Тапсырманы өз беттерімен оқып түсініп, постер құрайды, тақтаға шығып қорғайды.

Дескриптор

1. Тапсырманың берілген уақытқа сәйкестігі

2. Топ оқушыларының бірге жұмыс істеу қабілеті

3. Берілген тапсырманың дұрыс орындалуы
Тапсырма№1 Компьютерлік жұмыс

Пилот және штурман әдісі (мен айтамын, сен жазасын)

арқылы практикалық жұмыс орындап, бітірген кезде қалай жасағаны жайлы түсінік береді

Ұяшықтарға сандар енгізіп, оларды:

Ақшалай;

етіп өзгертіңдер.

Ұяшықтарға мәтін енгізіп, сол ұяшықтардың қаріпін, бояуын, қоршауын өзгертіңдер. Формула енгізіп есептеңдер.

ДЕСКРИПТОР

-ұяшықтарға сандарды енгізе алады

- электрондық кестеде пішімдеуді қолданады

-ұяшықтардың қарпін, бояуын, қоршауын өзгертуді біледі

Тапсырманы бағалау парағы бойынша бағалау.
Тапсырма №3

Мереке күндері Қазақстандағы мерекелер жылдың қай мезгілінде көп болатыны анықтаңдар.

ДЕСКРИПТОР

- Ұяшықтарды бояу;

- Жыл мезгілдерін, сол мезгілдегі мереке -күндерін енгізу.

-Жылдың қай мезгілінде демалыстың көп екенін анықтау

«Бағалау парағы» арқылы бағаланады

ТАПСЫРМА

Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Кестеге санды қалай енгіземіз?

Ұяшықтардағы мәліметті қалай өзгертеміз?


Ұяшықтарды бояу үшін қандай батырманы пайдаланамыз?










ДЕСКРИПТОР

- кестеге сандарды енгізе алады

-ұяшықтардағы мәліметті өзгерту жолын біледі

-ұяшықты бояу батырмасын пайдаланады


Жалақы есептеу Кәсіпорындағы қызметкерлердің айлық жалақысын есептеңдер.Таблица құрыңдар.Формуланы қолданыңдар.

БІЛІМ АҒАШЫ

Не білдім? Не білгім келеді?


Домалақ қызыл, сары, көк фигуралар.

Топ басшылар жиынтық бағалау парағын толтырады

Топтық жұмыс

А4 формат қағаз, маркер

стикер, бағалау парағы

Топ басшылар жиынтық бағалау парағын толтырады.

Жұптық жұмыс

интербелсенді тақта

компьютерлер

жиынтық бағалау парағы



Жеке жұмыс

компьютерлер

оқулық

жиынтық бағалау парағы



Тапсырма жазылған кеспе қағаз

маркер

Білім ағашы

Стикер

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға

тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Оқушылар сабақ барысында үнемі қолдау тауып отырады. Оқушылардың қабылдау деңгейлеріне қарай жеке, жұптық, топтық деңгейлік тапсырмалар жасайды.

Тәжірибелік тапсырмаларды орындауда «Мен саған, сен маған, Ойлан, бірік, топтас», «Пилот және штурман», «Жасап көрсет және әңгімеле» «Түйіндеу» әдіс-тәсілдерді жиі сабақта қолдануда оқушылардың қызығушылығын, ынтасын оятуға, белсенділікке және білім деңгейінің жоғарылауына, өз ойларын ашық жеткізуге жетеледім.


Бағалауды әр тапсырманың соңында бағалау парағы арқылы, өзара бағалау әдісін қолданып отырдым. Егер бала түсінбегенін білдірсе, нені түсінбегенін сұрап кетемін.

Оқушылар Білім ағашына стикер арқылы кері байланыс береді.

  1. Не білемін

  2. Не білдім

  3. Не білгім келеді




Кәспиттер сыйлау арқылы көршісіне тілек айтып психологиялық ахуал тудыру. Компьютерлік техникамен жұмыс кезінде кейбір қауіпсіздік техникасы ережесін еске түсіру, мысалы, экранды, клавиатураны, тінтуірді орнатқан кезде қозғалыс қаупін туғызатын сымдардан сақтанып абай болу.

Оқушылардың компьютер алдында отыру ережесін сақтауын қадағалау.

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.