Файл: за мерзімді жоспар блімі Кні 07. 02. 2023 Сынып 8.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 50

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:07.02.2023

Сынып: 8

Мектеп: Марқакөл ауылының «мектеп-интернат-колледжі»

Құрманғалиева Ж.К


Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері. Джоуль-Ленц заңы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану

8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады:

-Электр тогының жұмысы мен қуаты және Джоуль-Ленц заңы мен формуласын біледі.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

- Жұмыс, қуат және Джоуль- Ленц заңы формулаларын түрлендіре отырып, есептер шығаруда қолданады.

Кейбір оқушылар істей алады:

- Тұрмыста қолданып жүрген электр құралдарының электр энергиясының шығынын есептей алады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(8 минут)

Сабақтың ортасы


(10 минут)

(12 минут)



1. Сәлемдесу, сынып оқушыларына жағымды психологиялық ахуал туғызу.


2. Топқа бөлу «Wordwall» программасы арқылы топқа бөлінеді.

3.«Досыма сенемін» әдісі арқылы үй жұмысын тексеру.

Қосымша есеп тексеріледі.

Дайын шаблон тақтада беріледі.
4. Өткен білімді қайталау «Тарсия» әдісі арқылы

бүгінгі сабақтың терминдерін анықтау арқылы тақырыпты ашу. Оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын сұрау.


5. Ой қозғау. «Суреттер сөйлейді» сурет арқылы жаңа тақырыпты толықтыру.

Мұғалім түсіндірмесі.

Қандай да бір тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы осы өткізгіштің ұштарындағы кернеу мен өткізгіш арқылы өткен электр зарядының көбейтіндісіне тең: A=U·q.

Тізбек бөлігіндегі электр тогының жұмысы осы тізбектің ұштарындағы кернеу мен ток күшінің және жұмыс атқарылған уақыттың көбейтіндісіне тең: A=UIt.

Жұмыстың өлшем бірлігі –Джоуль ( 1Дж=1В·А·с). Электр тогының есептегішімен өлшенеді.

Электр тогының қуаты кернеу мен ток күшінің көбейтіндісіне тең: Р=UI.

Қуаттың өлшем бірлігі –ватт (1Вт=1В·А). Ваттметрмен өлшенеді.

Токтың жылулық әсері.

Энергияның сақталу және айналу заңы.Электр тізбегіндегі энергияның түрленуі.

Джоуль-Ленц заңы.Тогы бар өткізгіште бөлінетін жылу мөлшері ток күшінің квадраты мен өткізгіш кедергісі және уақыттың көбейтіндісіне тең:

Q=I ·Rt.
6. Жұптық жұмыс.

Сызбалар суреттермен жұмыс.

«Әріптестер» әдісі

Тапсырма 1

А)Электр тогының қыздыру шамы арқылы өткенде атқарылған жұмысты есептеңіз.



В) 230 В кернеу көзіне қосылған тоңазытқышта қандай жұмыс атқарылды?

Тоңазытқыш 5 минут бойы жұмыс атқарды. Осы уақыт ішінде жасалынған жұмыс кДж.



7. Жеке жұмыс. «Графикті талдау» әдісі.

Тапсырма 1

Графикті ескере отырып, қай кезде энергияны қолдану ең көп және ең аз мөлшерде қолданған күнді табу. Содан соң 21 наурыз кезінде қолданылатын энергияға қанша төлейтіндігіңізді есептеңіз.



Тапсырма 2

8.Жеке жұмыс. Кластайм платформасы арқылы тест тапсырады.


Оқушылар жұппен көңіл-күй кубиктерін лақтыра отырып бір-біріне амандасады, тілек айтады.

Оқушылар тақтадан ұяшықтарды таңдай отырып топқа бөлінеді.Ұяшық ішінде физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктері бойынша

Оқушылар қасындағы досымен дәптерлерін алмастырады, есепті тексереді.



Оқушыларқағаз қиындалыр сәйкестендіріп құрастырады. Дұрыс құрастылған жағдай артқы жағынан бүгінгі сабақ тақырыбы шығады.

Оқушылар тақырыпты дәптерлеріне жазып. Жаңа тақырыпты мұқият тыңдап отырады.

Критерий_Тұрақты_тоқтың_қыздыру_шамы_арқылы_өткенде_атқарылған_жұмысын_анықтау._Дескриптор'>Критерий_Тұрақты_тоқтың_қандай_шамаларға_тәуелді_екенін_анықтау._Дескриптор'>Оқушылар жұппен есептерді талқылайды.
Критерий

Тұрақты тоқтың қандай шамаларға тәуелді екенін анықтау.

Дескриптор

Оқушылар

-тұрақты тоқтың жұмысы қандай шамаларға тәуелді соны анықтайды.

-электр тогының жылулық әсері және жұмысы мен қуаты ұғымдарын,өлшем бірліктерін түсінеді

-тоқтың қуатын есептеуге арналған формуланы қорытады

-Джоуль-Ленц заңының жазылуын көрсетеді.

Критерий

Тұрақты тоқтың қыздыру шамы арқылы өткенде атқарылған жұмысын анықтау.

Дескриптор

Оқушылар

-сызба мен суреттен тоқ күші,кернеу,уақыт мәнін анықтайды.

-тұрақты тоқтың жұмысын анықтайды.

-тоңазытқыш қуатын анықтайды.

- 230 В кернеу көзіне қосылған тоңазытқыштың жұмысын анықтайды

-тұрақты тоқтың тоқ күшін табады.

Критерий

Энергияны қолдану ең көп және ең аз мөлшерде қолданған күнді табу.

Дескриптор

Оқушылар

- графикті ескере отырып, қай кезде энергияны қолдану ең көп және ең аз мөлшерде қолданған күнді табады

-энергия үшін төленетін қаржынының теңгемен есептегендегі мөлшерін есептейді

Электр тогының жұмысын табады. Және қанша теңге шығын жасайтынын есептейді.


Оқушылар сұрақтарды ұялы телефон арқылы тест тапсырмасын орындайды.



Сабақ бойы, әр кезең «Ақыл монеталары арқылы» бағаланады

Дескриптор

Өткізгіштерді параллель және тізбектей жалғау шарттарын біледі.

Ақыл монетасы арқылы бағаланады.


Башарұлы Р.

Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.

Үлестірме қағаздар физикалық шамалардың белгілену әріптері.

Қағаз қиындылары, желім


www.blimland.kz
A, U, P, I физикалық шамаларының белгілері

Карточкалар

www.blimland.kz
Токтың жұмысы мен қуаты 4,8 бет

Электр энергиясы және оны үнемдеудің жолдары

5,6 бет

Ұялы телефон

Сабақтың соңы

(9 минут)


Сабақты қорытындылау.

«Синквейн әдісі» әдісі

5 жолды өлең


.


Сабақ бойынша рефлексия



«Білімметр»

Үйге тапсырма

§26 оқу.Өз үйіңде 1 күнде қанша энергия тұтынатын есептеу келу