Файл: за мерзімді жоспар блімі тыызды Кні 14. 11 Сынып 7.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: тығыздық

Күні: 14.11

Сынып: 7

Мектеп:Шар негізгі мектебі. ШҚО, Жарма ауданы, Кеңтарлау ауылы

Мұғаліммнің аты-жөні: Узбекова Айман Оразхановна

Қатысқандар саны: 6

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.13. Тығыздықтың физикалық мағанасын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Заттың тығыздығының негізгі физикалық мағанасын білу;

Оқушылардың басым бөлігі: Заттың тығыздығының сипаттамаларын түсіну;

Кейбір оқушылар: Заттың тығыздығының тәуелді шамалар заңдылықтарын қолдану.

Жетістік

критерийлері

- Заттың тығыздығының негізгі физикалық мағанасын біледі.

- Заттың тығыздығының сипаттамаларын түсінеді.

- Заттың тығыздығының тәуелді шамалар заңдылықтарын қолданады.

Тілдікмақсаттар


Тілді оқыту мақсаты

Тығыздықты есептеу әдісін ауызша немесе жазбаша

түрде талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология

тығыздық, масса, көлем, газ, қатты дене, таразы, текшелер, сыйымдылық, литр, темір, қорғасын, шойын, металл

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

... заттың 1м3 көлемінде қанша масса бар екендігін көрсетеді.

Заттың ... мен ... белгілі болса, заттың тығыздығын табуға болады.

Тығыздық дене ... ... қатынасына тең.

... дене массасына ... тәуелді, көлеміне ... тәуелді.

... табу үшін тығыздықты көлемге көбейтеді.

Массаны табу үшін тығыздықты ... көбейту керек.

Көлемді табу үшін ... тығыздыққа бөлу керек.

Құндылықтардыдарыту

тығыз қарым-қатынас жасау қабілеті; жауапкершілік, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету; функционалдық сауаттылықтары; логикалық ойлау, салыстыру, өздігінен қорытынды жасау дағдылары.

Пәнаралық

байланыстар

Геометрия(денелердің пішініне байланысты көлемін формула арқылы есептеу, түзу сызықты,орын ауыстыру,таектория түзулерін кескіндеу)

Химия пәні мен заттың күйлері,

АКТ қолдану

дағдылары

Интер белсенді тақтамен жұмыс

Бастапқы білім

Әр түрлі пішіндегі заттардың массасы.


Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Жаңа тақырып

( 7 мин )

Сабақтыңортасы

(15 мин мин)


Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Білім шеңбері» әдісі.

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Үй жұмысын тексеру: "Сұрақтар қобдишасы"әдісі арқылы білім шеңберін жасап ортаға сұрақтар жазылған қобдиша қойыладлы, оқушылыр кезектесіп сұрақтарға жауап береді.соңында қолдарында қалған стикерлер түсімен топқа бөлініп отырады.

Топқа бөлу:

І топ: Көлем

ІІ топ : Масса

ІІІ топ : Тығыздық

IV топ : уақыт


Сұрақ қобдишасы

презентация


Мұғалімнің түсіндірме жұмысы.

Білім дағдысы: Білу.

Белсенді оқыту:«Ширату» әдісі W

Суреттегі берілген мысалдарға қарай отырып тақырыпты ашу.



Оқушылар bilimland.kz парақасындағы ресурстарды пайдаланып, «Тығыздықтың» концептуалды картасын жасап жаңа тақырыпты өздері зерттейді.

Өзін-өзі бағалау презентация бойынша

Қиынықтарды анықтау және шешу.

Білім дағдысы:Түсіну.

Белсенді оқыту:«Дана үкі» әдісі. топпен жұмыс.таратылған қосымша ақпараттарға сүйене отырып, бірінші мәтінмен жұмыс жасау, екінші сол бліммдерін тәжірибеде көрсету.

1-ші ЭКСПЕРИМЕНТ : Денелер әртүрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласындар?

Осы денелердің массасы жайлы не айтасыздар? Таразының көмегімен анықтайық.

2-ші ЭКСПЕРИМЕНТ: Әртүрлі заттардан жасалған денелердің массалары бірдей. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласыңдар?

3-топ:

Керекті құрал-жабдықтар: спирт, қызыл түске бояғыш, сұйық май, томат шырыны, колба.

Колбаға алдымен томат шырынын, майды, одан соң спиртті құю. Олардың орналасу себебін түсіндіру

4-топ:

Керекті құрал-жабдықтар: піскен жұмыртқа, тұз, су, мензурка, қасық

колбаға су құйып, оған піскен жұмыртқаны саламыз. одан соң суға тұз салып, араластырып, жұмыртқаны қайта саламыз. Екі жағдайдағы жұмыртқаның орналасуын түсіндіру керек.

Кері байланыс: «Ой бөлісу».

Сабақты бекіту.

10 мин


Білім дағдысы: Қолдану.

Белсенді оқыту: G «Кім жылдам» тәсілі: арқылы есептер шығару.

1. Металдың массасы 26,7 кг, көлемі 3 дм3. Бұл қандай металл?

Көлемі 20см3 алюминийдің массасы қандай?

2. Үстел үстінде ұзындығы 20 см, ені 40 мм, биіктігі 0,02 м мыс білеуше жатыр. Мыстың тығыздығы 8,9 г/см3. Білеушенің массасын анықтаңыз

3. Бөлменің өлшемі: ұзындығы 4м; ені 2,5м; биіктігі 2 м. Егер осы бөлмедегі ауаның тығыздығы 1,3кг/м3 болса, онда бөлмені толтырып тұрған ауаның массас қандай?

4. 80 кг мұнай құйылған ыдыстың көлемі қандай?

критерий

дескриптор

Заттың тығздығы мен көлемін анықтау.

Есеп мазмұнын түсінеді

Өлшем бірлікті ХБЖ ға түрлендіреді

Формула бойынша есептің мәнін табады.



Презентация


Сабақтың соңы Үйге тапсырма:

3 мин

Үйге : 7- жаттығу: 7-8-тапсырма;


7-сынып оқулығы

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылыр: Заттың тығыздығының негізгі физикалық мағанасын білді;

Оқушылардың басым бөлігі: Заттың тығыздығының сипаттамаларын түсінді;

Кейбір оқушылар: Заттың тығыздығының тәуелді шамалар заңдылықтарын қолданды.

Қалптастырушы бағалау

«Өзін-өзі бағалау», «Ой бөлісу», «Критерий»

Оқушы құрал-жабдықтармен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.

Сабақ бойынша рефлексия

«Нысана» рефлексиясы

5- Өте жоғары

4- Жоғары

3- Орта

2- ортадан төмен

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:
2
Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?