Файл: Девиянтты мінез лы балалара арналан тренинг Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 20

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Девиянтты мінез құлқы балаларға арналған тренинг

Мақсаты: тренингке қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу,үрей-қорқыныштан арылту, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.


Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:
- Тиімді қарым-қатынасқа машықтану эмпатиясын дамыту.
-Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу.
-Өзгелердің қызығушылығымен санасу.
-Өзін-өзі құрметтеуді, өзін-өзі сенуді қалыптастыру.


Тренингтік ереже:

  • Тренингке берілген регламентті сақтау;

  • Қатысушылар бір-бірін тыңдау;

  • Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу;

Өтілу барысы:
1. «Бір-бірімізбен амандасайық».


2.«Сәлемдесу» ойыны

3. Жаттығу «Молекула»
4.Оқушыларға арналған аффирмация (Аффирмация сөздері дауысталып оқылады.)
1. «Бір-бірімізбен амандасайық»


Мақсаты
бір –біріне жақын болуға, бір-бірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру.
(Психолог балалармен амандасып, шеңбер құрып тұруын сұрайды.)
      «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сіздермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларыңыз керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сіздер бір-бірлеріңізбен тез-тез амандасасыздар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыздар. Сонымен, қолмен… иықпен… арқамен… баспен… аяқпен.
(Мұқият тыңдаймыз)

І нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен қол беріп амандасамыз. 
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен екі жақ иықпен тигізу арқылы бір-бірлеріңізбен амандасамыз. 

ІV нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен баспен түйістіріп амандасамыз. 

V нұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен арқаларыңызды тигізу арқылы
амандасамыз. 

VІ нұсқа: оң және сол жақ аяқтарыңызды тигізу арқылы амандасамыз. 
Қорытынды: Балалар, қалай Сіздерге амандасу түрі ұнады ма? Ұнаса көңіл-күйлеріңіз жақсы дегенді білдіреді. Енді ары-қарай жақынырақ танысу үшін осы шеңбер қалпында қалып, «Өрмекшінің торы» арқылы жіпті ұстап, бір-бірімізге бере отырып, танысамыз.
2. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .

Мақсаты: оқушылардың көңіл – күйін көтеру, бір – бірімен қарым – қатынасын нығайту, сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан арылу


Шарты: оқушылар дөңгелене тұрады, психолог қолды шапалақтап нұсқау берген кезде, берілген тапсырмаларды орындайды.

1 рет шапалақтаған кезде – қолдарын қысады;

2 рет шапалақтаған кезде – бір – біріне қарайды;

3 рет шапалақтаған кезде – бір-біріне жақсы тілек айтады.
3. Жаттығу «Молекула»
Жаттығу барысы:
Балалар енді тағы соңғы ойын. Сіздер қазір атомдар секілді қозғалыста боласыздар. Мен Сіздерге белгілі бір санды айтқанда, атомдар болып молекула құрайсыздар. Мысалы: «Үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.
Қорытынды: Балалар, Сіздерге молекула болған ұнадыма?

Өмірде молекула ғылыми тұрғыда - бірнеше атомдардан тұратын неғұрлым күрделі жүйе. Ең қызығы біздің де өміріміз, сол атом молекуласына ұқсас күрделі жүйе болып табылады. Сол күрделі жүйеден шығу үшін қазір бәріміз бірігіп, дауыстап өмірге қажетті аффирмация сөздерді айтып шығайық.

4 «Тазару» жаттығуы

Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз. Өзіңізге былай деңіз: Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жанға рахат жайбырақаттылықты сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім . 

5.Оқушыларға арналған аффирмация (Аффирмация сөздері дауысталып оқылады.)


Аффирмация – (өзін-өзі сендіру, ойды бекіту сөздері болып табылады).


Аффирмация сөздері:

• Мен қандай болсам, өзімді сол қалпымда жақсы көремін.

• Мен табысқа жететініме толық сенімдімін, менің үнемі жолым болады.
• Әр бір күн, әр бір сағат сайын менің өмірім жақсарып барады.

• Болып жатқан істің барлығы – менің игілігім үшін жасалуда.
• Менің қабілетім әр күн сайын жақсаруда.
• Маған өз ісім ұнайды, қуана, рахаттана, шабытпен айналысудамын.
• Өзіме деген сенімділік үнемі менің жадымда.

Педагог-психолог: Гульмира Зылгарина