Файл: Атаана бала трбиесіні айнасы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мерзімі:




Тақырыбы:

«Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы»

Мақсаты:

Ата-ананың отбасындағы рөлін анықтау, өз балаларының болашағы туралы пікірлерін тыңдау. Ата-ананың мектеппен байланысын нығайту. Мұғаліммен дұрыс тіл табыса білу.

Күтілетін нәтиже

Ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбиенің негізгі ережелерін талқылау,бала тәрбиесінде ата-аналардың рөлін көрсету.

Түйінді идея

«Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға жастайынан түзу тәрбие бер» деп, ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелеу.     

Сабақта қолданылатын материалдар

маркер, стикер, ақ парақ, видеожазба

Стратегиялар

Миға шабуыл, Ойлан-жұптас-бөліс, РАФТ әдісі

Әдісі

Сұрақ- жауап, топтық жұмыс, талдау, өзара пікірлесу

Тренингтің өту жоспары

Тренингтің өтілу кезеңдері

      Уақыты

Тренингке қатысушылардың іс-әрекеті

Жайлы атмосфера орнату.      

  3 мин

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Ата-ана – бала тәрбиесінің айнасы» атты коучинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

«Танысу» жаттығуы

3 мин

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.

Топқа бөлу

2 мин

Құрметті ата-аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» демекші, адам табиғатпен тығыз байланысты, табиғаттағы ең маңызды заттың бірі — ағаш. Халқымыз «Ата – бәйтерек, бала – жапырақ» деп адам өмірімен байланыстырады. Ендеше, сол ағаштың қай бөлігі болар едіңіз? Тамыры ма, әлде, діңі ме, әлде, жапырағы ма?

Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлініп отырады.
Ал, енді, тамырды таңдаған ата-аналар бір бөлек, жапырақты таңдаған ата-аналар бір бөлек, діңді таңдаған ата-аналар бір бөлек әр үстелге жайғасып отырыңыздар.

Әр топ отбасы, бала, ата-ана ұғымын осы топтарыңыздың атауларына байланыстырып пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Тобыңызбен келісе отырып, бір келісімге келіп, ортаға шығып қорғаңыздар

 «Миға шабуыл»

  5 мин


«Бала тәрбиесі» видеоролигін көріп ой бөлісу


 «Ойлан-Жұптас-Бөліс» стратегиясы бойынша жұмыс.

 

 8 мин

І топ. «Тамыр» тобы
1. Егер баланы үнемі сынап отырса...(оқуға құлқы болмайды).
2. Балаға үнемі күлсе...(бұйығы болып өседі).
3. Баланы қолдап отырса...(білімге деген ынтасы артады).
ІІ топ. «Дің» тобы
1. Баланы қолдап отырса...(өз ісіне сенімді болады).
2. Бала төзімділікте өссе...(адал болып жетіледі).
3. Бала қауіпсіз жағдайда өссе...(ол адамға сеніммен қарайды).
ІІІ топ. «Жапырақ» тобы
1. Бала кекшілдікте өссе...(ол қатыгез болып өседі).
2. Бала адалдықта өссе...(әділ болып жетіледі).
3. Бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе...(бұл әлемнен махаббат табуға үйретеді).

Топтық жұмыс

8 мин

Ендеше, өздеріңіз айтып отырғандай балалардың жасаған істеріне қарай үнемі кінәлай бермей, оларға қалай қолдау білдіреміз?Кінәлаған сөздерімізді қолдау білдіретін шуақты сөздерге айналдырып көрейік!

1-топ. «Тамыр» тобына тапсырма

1.Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, болмағырсың!

2.Неге сен басқа балалардай емессің?!

2-топ. «Дің» тобына тапсырма

1.Неменеге сонша ұсқынсызсың, шашың дудыраған, үстің кір-кір!

2.Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың!

3-топ. «Жапырақ» тобына тапсырма

1.Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады!

2.Айтатының ылғи өтірік, сенің сөзіңе қалай сенемін?!

«Шуақты сөздер»

  1. 1.«Сенің де қолын өмірде бір нәрсеге жететініне сенгім келеді. Оқу озаты немесе оқу екпіндісі боласың» — деп, үміт артуы керек.

  2. 2.«Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді» — деп, сенім артуы керек.

3.«Үстіңді ретке келтір, шашыңды тара, киіміңді ауыстыр » — деп, баланың өзін жақсы сезінуіне көмектесу керек.

  1. 4.«Біз саған қиыншылықты жеңуге көмектесеміз, екіншілей жаман қылық жасама».

  2. 5.«Үлкендердің өмір жолында болып жатқан ыңғайсыз жағдайларға сен кінәлі емессің. Сенің болашағың алда, үлкен ғалым боласың, жақсы дәрігер, білімді ұстаз болуды арманда » және ата-анасын сыйлау керек екенін айтып отыру керек.

  3. Қателеспейтін адам болмайды, мен саған сенемін, сырлас болайық.

Міне, осындай біз көңіл аудара бермейтін қарапайым нәрсенің өзі немесе ойланбай айтылған сөздер баланың жанын ауыртуы мүмкін, өмір сүру ағынын өзгертуі де ғажап емес. Бала жат қылықтарға бой алдыруы мүмкін екен.Сондықтан да, балаларымызға жылы сөйлеп, дұрыс бағыт-бағдар беріп, қолдау білдірейік!

Сергіту сәті

  3 мин

Мақал-мәтел жалғасын табу.

1. Балалы үй базар, .......Баласыз үй қу мазар.
2. Атадан жақсы ұл туса, Қар үстінде от жанар. 
Атадан жаман ұл туса, ........Ат үстінде ит қабар.
3. Ақ жаулығы ананың — ........Ақ көрпесі баланың. 
4. Ананың ойы ұяда, ........Баланың ойы қияда. 
5. Шәкіртсіз ұстаз – .....тұл.
6. Ата – бәйтерек, .......бала – жапырақ.
7. Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер, Он бес жасқа дейін құлдай жұмса, ...... Он бестен ары онымен досыңдай ақылдас.
8. Атадан жақсы ұл туса,….. Елінің қамын жейді; 
Атадан жаман ұл туса, ......Елінің малын жейді. 
9. Күш – білімде, білім – .....кітапта
10. Аш бала тоқ баламен ойнамайды, .....Тоқ бала аш болам деп ойламайды. 
11. Алты жасар бала алыстан келгенде, .....Алпыстағы ақсақал сәлем берер. 
12. Жақсы бала – сүйік, ......жаман бала – күйік.
13. Ағайын — алтау, ... Ана — біреу.
14. Балалық шағы,.....патшаның тағы.
15. Әдепті бала арлы бала, .....Әдепсіз бала сорлы бала. 
16. Бала тентек болатыны — үйінен, Ердің тентек болатыны — ......биінен. 


РАФТ әдісі

  8 мин

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін ата-ана және мектеп тарапынан жазалаудың қандай түрін ұсынар едіңіздер?

III—топ. Баланың жақсы оқып, дұрыс тәрбие алуы үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек?

Рефлексия

2 мин

«Ашығын айтсам……»

Қорытынды





Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Сондықтан, қымбатты ата-аналар, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып, ортақ бір мүддеге бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асады

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі, — деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біздер оларға үлгі болар бейне екендігімізді ұмытпайық