Файл: ОЖ 378. 147 тіршілік ауіпсіздігі негіздері Пнінен наты жадаяттарды талдау дістемесі.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 127
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ӘОЖ: 378.147
«ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН НАҚТЫ ЖАҒДАЯТТАРДЫ ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ Ермуханова Н.Б., Нуржанова Д.Б., Ташимова А.А.Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Қызылорда қ.ТүйіндемеМақалада «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша нақты ситуацияларды талдау әдістемесі сипатталған. Нақты жағдаяттарды талдау әдісі бұл шынайы ойындық емес, белсенді оқыту әдісіне жатады. Бұл кейс материалдары тәжірибелік және студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарында пайдаланылады.РезюмеВ данной статье охарактеризованы методы конкретных ситуаций и учебно-методические материалы по дисциплине «Безопасности жизнедеятельности». Метод конкретных ситуаций относится к неигровым имитационным активным методам обучения. Материалы конкретных ситуаций используются на практических занятиях, а также на занятиях самостоятельной работы студентов с преподавателями. ResumeIn this article, the use of methods of specific situations and educational materials on the discipline of "Life Safety" are characterized. The method of concrete situations refers to non-game simulation active methods of training. These materials are used in practical lessons, as well as on lessons individual works of students with teachers.Кілт сөздер: нақты ситуация, жағдаят, оқытудың кредиттік жүйесі, білім алушының өзіндік жұмысы,интерактивті әдістер, презентация, кері байланыс ұсыну, “Quiz maker”бағдарламасы.Ключевые слова: кейс, ситуация, кредитная технология обучение, самостоятельная работа обучающегося,интерактивные методы, презентация, рефлексия, программа “Quiz maker”.Keywords:case, situation, credit technology education, self employed work,interactive methods, рresentation, reflection, program "Quiz maker".Оқытудың кредиттік жүйесі кезінде білімді алдын-ала меңгеру өзіндік жұмыс ретінде жүзеге асырылса, ал алынған білімдерді түзету, тереңдету, бекіту және дағдыға айналдыру аудиториялық сабақтарда оқытушының қатысуымен жүргізіледі және міндетті бақылау жүзеге асырылады.Оқытушы кредиттік технология жағдайында білім алушылардың өзіндік танымдық қызметінің ұйымдастырушысы болып табылады. Оқытушыға қазіргі заманғы интерактивті әдістерді меңгеру қажеттілігі, оқытылатын пәні бойынша силлабусты кешенді құрастыру, сабақтың тиімді нысанын таңдау, студенттердің өзіндік жұмысын тиімді ұйымдастыруға сынды талаптар қойылады[3].Білім алушының өзіндік жұмысы барлық танымдық іс-әрекетте шығармашылық ойлауды дамытатын және интеллектуалдық қабілетін оятатын білім алушының жеке жұмысының нысаны ретінде келесілерді қарастырады:
-
лабораториялық және практикалық сабақтарын, курстық және бітіруші біліктілік жұмысын, семинарлар мен коллоквиумдарды, сынақтар мен емтихандарды, аралық және қорытынды бақылауды, сонымен қатар үй тапсырмаларын орындау барысында оқу материалдарын тереңдету мен бекітуді; -
ғылыми және техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау тәжірибесін игеру, есептеу техникасын, тәжірибе жүргізуге, ақпаратты өзінше ізденуге, ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілетін жетілдіруді; -
білім алушының алған білімдерін тереңдету, бекіту, шығармашылық қабілеттерін арттыру; -
БӨЖ сағаттары күнделікті өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалармен расталуын, дәлелденуін қарастырады.
| № | Әдістері | Мазмұны |
| 1. | Қысқа эссе жазу | Бұл шағын көлемдегі еркін композиция, онда нақты бір сылтау немес тапсырмалар бойынша жеке ойлар мен көзқарастар беріледі |
| 2. | Түсіндірме сөздік | Берілген пәнге қатысты терминдерді талқылауға өзіндік жеке дайындық. Әрбір студент глоссарий дайындау үшін бөлек дәптерді міндетті түрде арнауы тиіс, онда пән бойынша негізі түсініктер сөздік түрінде тіркеліп отырады. |
| 3. | «Білім ағашы» | Оқытушы тақтаға бірнеше бұтақтары бар ағаш талын салады, студенттер алдыңғы сабақ бойынша өтілген негізгі түсініктерді байланысы бойынша ретімен жазып шығады. Оқытушы түсініктердің «логикалық байланысы» бойынша дұрыстығын тексереді. |
| 4. | Презентация | Оқытушы студенттерге дайындауы үшін презентацияның тақырыбын анықтап береді. Студенттер топтарға бөлінуі тиіс. Топ мүшелері өздерінің ойларын айта отырып, түсінген немесе түсінбеген аспектілерін хабарласа отырып жұмыс жасайды. |
| 5. | Нақты ситуацияларды талдау әдісі | Нақты ситуация (кейс) – бұл жағдайларға көзқарасын білдіретін кейстің авторына тән, нақты фактілер мен жағдайлардың суреттелуі. Кейстер студенттерге талдаулардың еркін іздеу жолын және мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Кейсті талдау барысында студенттер бір бірімен нақты коммуникациялық байланысты орнатады. |
| 6. | «Миға шабуыл» | Коллективтік талқылау әдісі, барлық қатысушылардың ойлары шешім қабылдауда еркін білдіріледі. |
| 7. | Топтық жоба | Сабақ үстіндегі негізгі жұмыс нысаны бұл топтық жұмыс болып табылады. Егер әрбір топ бірдей тапсырма шешетін болса (бір объектінің жұмысын зерттейтін болса) онда әр түрлі деңгейдегі топтарды құру мақсатты болып табылады. Әңгімелесу немесе талқылау процесінде мәселелі сұрақ туындайды, алдағы уақытта зерттелетін білімдердің маңыздылығы мақсаты, тапсырмалары айқындалады. |
| 8. | Рольдік ойындар | Бұл білім берудің белсенді әдісі болып табылады. Онда студенттер басқа адамның роліне кіреді. Қатысушылардың басты мақсаты - рольге кіріп кейбір сценарийге байланысты оны еркін ойнап шығу. Ойында әдетте студенттердің шешім қабылдауға міндетті ситуациялары беріледі. Рольдік ойындар басқа бір адамды түсіну мен сезіне білуге мақсатталған, онда білім алушының мінез-құлқының моделі қалыптасады, өзінің қөзқарасын білдіруі мен шешім қабылдау қабілеті артады. |
| 9. | Іскерлік ойындар | Басқарушылық шешім қабылдау бойынша мамандар басшылар, экономистер, заңгерлер қызметтерінің процесі модельденеді. Рольдер ойынға қатысушылар арасында бөлінеді. |
| 10. | Топтық талдау | Ұсынылған тақырыпты талқылау үшін немесе мәселені шешу үшін топ 3-6 адамнан тұратын шағын топтарға бөлінеді. Әрір шағын топтан бір адам таңдап алынып, ол адам топтың нәтижелерін барлық топтарға айтып береді. |
Оқытушының басшылығымен студенттердің өзіндік жұмысын (СОӨЖ) жүргізудің негізгі әдістеріне кейс әдісін пайдалану талдау жатады. Кейс - технологиясы (ағылшынның case – потрфель) оқытудан жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады[1].Нақты жағдаяттарды талдау әдісі бойынша нақты ситуация (кейс) – бұл жағдайларға көзқарасын білдіретін кейстің авторына тән, нақты фактілер мен жағдайлардың суреттелуі. Кейстер студенттерге талдаулардың еркін іздеу жолын және мәселелерді шешу жолдарын ұсынады. Кейсті талдау барысында студенттер бір бірімен нақты коммуникациялық байланысты орнатады.Кейс құрудың этаптарына мыналар жатады:
-
Студенттерді топтарға бөлу (3-5 адам); -
Кейс материалдары мен жағдаятпен таныстыру; -
Топтарда бір немесе бірнеше шешімдерді табу; -
Топтардың баяндамасын тыңдау; -
Кейс құрудың мақсаттарын анықтау және тапсырмаларды орындау регламенті; -
Топтардың қабылдаған шешімдерін салыстыру, талқылау; -
Өзін-өзі бағалау; -
Кейс шешімдерін өзара бағалау; -
Кері байланыс ұсыну / рефлексия.
Кейстің орындалуына қойылатын жалпы талаптар:
-
Кейс білім алушыға бағытталуы қажет (яғни, студент үшін мәнін түсінуге құрылымы жеңіл және қызықты болуы қажет). -
Кейс – бұл іскерлік ойын емес, тапсырма немесе жаттығу емес. Кейс шынайы ақпаратқа негізделуі қажет, ойдан шығарылған түсініктер нақты түрде көрсетіле алмайды. -
Кейс іс-әрекет динмикасымен ерекшеленуі қажет, онда етістіктер көп болуы қажет. Мәтінді ұсыну өткен шақта жүргізіледі және негізделген жағдаяттар шынайы ақпараттарға негізделіп құрылады. Кейс мазмұнды болуы қажет. Ол студенттер тобында конструктивті талқылауды ұстап отыру үшін түрлі реакциялар мен ойларды тудыруы қажет[4].
-
негіз құраушы сұрақтар -
пәндік сұрақтар -
проблемалық сұрақтар құру кіреді. Оны құру тікелей жетекші басшылығымен жүргізіледі.
Сурет 1 - Жер сілкіну тақырыбы бойынша алған білімді бағалауға арналған «Quiz maker» бағдарламасы бойынша тест сұрақтары Сурет 2 - Жер сілкіну кезіндегі жарақатқа байланысты (Quiz maker) тест сұрақтарыКейс мәселе себептерін ашуға жақындау үшін кезек-кезегімен шешілетін мәселелерден тұруы қажет. Кейстің мәселелерін қортындылау кезеңдеріне тест тапсырмаларын орындау да жатады. Осы мақсатта «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша өткізілген «Жер сілкіну және оның алдын алуда жүргізілетін іс-шаралар» тақырыбы бойынша «Quiz maker» бағдарламасында жасалынған тест сұрақтары (1 – 2 - сурет) пайдаланылды. Тест тапсырмаларын құру негізгі, тақырыптық, проблемалық сұрақтар негізінде қарастырылады. Осы бағдарламалар негізінде тесті бірнеше деңгейде құруға болады. Ол екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз сұрақтан құрылып (2.1.,2.2-сурет), бір, екі, үш жауаптан тұруы мүмкін. Кейс - технология – оқытушылардың дәстүрлі және қашықтықтан кеңес беруін ұйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуалдық, мультимедиялық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.Кейс құру кезінде тақырыптың өмірмен практикамен байланыстылығы ескерілуі тиіс.Нақты жағдаяттарды талдау әдістері негізінен кейс-әдістің. күнделікті өмірде, кәсіби тәжірибеде кездесетін түрлі жағдаяттарда шешім жасауға негізделген пікірталас сипатындағы оқыту әдісі. Оқу процесінде студенттерге жақсы таныс, шынайы өміріне жақын, бұрын кездескенімен, білімі мен білігінің кемдігінен шеше алмаған жағдаяттарды таңдаған жөн. Аталған сабақ тақырыбына сәйкес жасалған кейс әдісінің жағдаятының шешімі осыдан он жыл бұрынғы шешімге сәйкес болмауы мүмкін. Себебі ғылымның дамуы тоқтап қалмайды, кемелденеді. Оның мысалы қазіргі алғашқы көмектің жетілдіруінде және тәжірибенің жинақталуында. Сонымен бірге қазіргі төтенше жағдайлар саласындағы құтқарушылардың арнайы білімінің болуы, құтқару әдістерін дұрыс ұйымдастыра білуі болса, екіншіден үйінді астында қалған адамдарды құтқарудың арнайы әдістері жетілдірілгендігін ескеру, ал үшіншіден, раенимациялық жедел жәрдем машина кешенінде «жасанды бүйрек» жолымен құтқару әдісінің жетілдірілгенін берілген жағдаятты талдауда ескеру қажет. Оны талдау барысында студенттің шешімін тыңдаумен бірге таныс емес шешуі қиын жағдаяттарға оқытушы көмекке келеді. Бұл жерде кейстің үшінші бастауы, ол - ғылым, бейнелік кешен ретінде көрініс береді. Ол аналитикалық іс-әрекетпен және кейске және оны талдау үрдісіне үйлестірілген көптеген басқа ғылыми әдістермен, әдістемелерді ұсынады. Cондықтан кейс оқытушы қызметінің бейнелік нәтижесі болып табылады.