Файл: Ксіби ызметтегі апаратты технологиялар атты авторлы бадарлама.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 217
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың барысы
Сабақтың барысы | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||
сабақтың Басталуы | - Амандасу. - Ыңтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін 2 топқа бөлу. Ағаш отырғызу алгоритмі Жерге шұңқыр қазу Шұңқырға көшет отырғызу Шұңқырды өміп тастау Көшетті суару. Жолдан өту алгоритмі Қызыл түс жарық тоқта Сары түс жарық дайындал Жасыл түс жарық жолдан өту Үй тапсырмасын семантикалық карта арқылы тексеру. Бағалау критерийі арқылы өздеріне бағалатады. | | | Музыка, стикерлер, плакаттар, суреттер | |||||||||||||||||||||||||||
Ортасы сабақтың | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық ахуал орнату, ширату жаттығуы «Пойыз» жаттығуы. Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1,2,3-ке саналып алады. 1-нөмірдегілер қолдарын бір рет соғып, аяқтарымен еденді екі рет тарсылдатады, 2-нөмірдегілер қолдарын екі рет соғып, аяқтарымен еденді үш рет тарсылдатады. Ал, 3-нөмірдегілер қолдарын үш рет соғып, аяқтарымен еденді бір рет тарсылдатады. Саралау тәсілі: Жіктеу (аралас гендерлік топ) «Топтасқан сандар» тәсілі арқылы 1,2,3 деп ретімен саналған бойынша оқушылар топқа бөлінеді. І топ: For to do ІІ топ: While do ІІІ топ: Repeat until Өткен сабақты қайталау: «Сұрақтар жаңбыры» әдісі. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтырады. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алып оқушы, сол жауаптан сұрақ тудырып, әрі қарай лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді. 1. Алғы шарт циклы дегеніміз не? 2. Алғы шартты цилын программаны өңдеудің кіріктірілген ортасында қалай қолдануға болады? 3. Соңғы шартты цикл және алғы шартты циклдарының жұмыс істеу негіздерінің бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар? Белсенді оқыту: Нұсқау беру жəне айту 1) Әдеби кітаптан тақпақты бір рет оқып, оқушы жатқа айтып беру; 2) Тақпақты бірнеше рет қайталаса, жатқа айтады. Екі берілген тапсырманың айырмашылығы неде? Қандай қиыншылықтар болды?-деген сұрақтарды қоя отырып, проблемалық жағдаят туындатады, сабақтың тақырыбын ашады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын және күтілетін нәтижелерді анықтайды. Саралау тәсілі: Дереккөздер. (Т, ЖЖ) Оқулықпен жұмыс. «Ойлан, бірік, бөліс» әдісі: Оқушылар тақырыпты оқып шығады, берілген есептің шешімін топпен орындайды. Тапсырма: Repeat-until, for және while-do операторлары жұмысын модульдік және визуалды программалау ортасында жұмыс жасаудағы негізгі ұқсастық пен айырмашылықтарды саралаңдар. ҚБ: Ауызша, мадақтау, ынталандыру. Информатика пәнінің термин сөздерінен құрастырылған мақал-мәтелдің негізгі түпнұсқасын табу. 1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала. (Жігітті досына қарап, бағала) 2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады) 3. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім) (Ж) Белсенді оқыту әдісі: Бекіту және қолданысқа енгізу Саралау тәсілі: Тапсырма. 1-тапсырма. Семантикалық картаны толтырыңыз.
2-тапсырма. Келтірілген программа фрагментіндегі қатені табыңыз. int s.i; s=0; i=100; While (i 0) Print(‘%d\n’.s);
ҚБ: Өзін-өзі бағалау (Т) Белсенді оқыту: Сұрақ қою жəне талқылау «Tarsia» формуляторында бас қатырғыны шешу. Оқулықтан термин сөздердің аудармасын табады.
ҚБ: «Эмотикондар» әдісі Белсенді оқыту әдісі: Қорытынды шығару және есте сақтау. Саралау тәсілі: Қорытынды (Т) «Жабық және ашық сұрақтар» әдісі. Бұл әдіс топ жұмысы барысында оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар құру тапсырылады.
ҚБ: Екі жұлдыз және тілек (бірін-бірі бағалау) «Серпілген сауал» әдісі Мұғалім әрбір топқа оқу мақсатына сәйкес 3 сұрақ қояды. 1. Алғы шартты циклдің модульдік және өңдеудің кіріктірілген ортасында қолдану тәсіліндерін бағаландар. 2. Визуалды программада соңғы және алғы шартты циклді орындау күрделі ме? 3. Алған біліміңізді өмірде қалай қолданасыз?
1. Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай кез келген өлеңінің бір шумағын 5 рет қайталайтын код жазыңыз 2. Өз атыңызды 10 рет басып шығару үшін «For» циклын қолданыңыз, содан кейін соңына «Done» деген сөзді теріңіз 3. «For» циклін қолдана отырып 2-ден 100-ді қоса алғандағы барлық жұп сандарды басып шығаратын код жазыңыз. Мысал: 2 4 6 8 ... 100 4. 1-ден 100-ге дейінгі барлық тақ сандарды басып шығаратын кодты жазыңыз. Мысал: 1 3 5 7 ... 99 5. 1-ден 1000-ға дейін 5-ке көбейтілген барлық сандарды басып шығаратын код жазыңыз. Мысал: 1 5 10 15 20 ... 1000 6. 1-ден 60-ты қоса алғандағы барлық сандардың қосындысын шығаратын кодты жазыңыз. Бағалау критерийі:
| | Оқушыларды фигуралар арқылы бағалау | | |||||||||||||||||||||||||||
Соңында сабақтың | - «Пицца» әдісі бойынша сабақты қорытындылатады. «551» арқылы кері байланыс жасатады. | Бағалай отырып, өз жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша жазады рефлексия | | стикер, плакаттар, суреті үшін рефлексия |
Сабақ №31-32
Бөлім | | |
Мұғалім аты-жөні | | |
Күні | | |
Сынып | қатысушылардың Саны: | жоқ: |
сабақтың Тақырыбы | Практикалық жұмыс. Python - да циклдармен жұмыс | |
сабақтың Мақсаты | Өз бетінше шығаруға арналған есептерді шығару | |
| |
Сабақтың барысы
Сабақтың барысы | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
сабақтың Басталуы | Ұйымдастыру. Сабақтың басталуы. Вводно-мотивациялық кезең Үй тапсырмасын тексеру: Маршруттық карта әдісі арқылы сұралады. | Дайындалып, оң эмоциялық ностроям басында сабақ сабақтың Туғызады оң, сыныпта | | Музыка, стикерлер, плакаттар, суреттер |
Ортасы сабақтың | Нұсқа 1 1. Нөлмен аяқталатын бүтін сандар қатары келтірілген. Алдымен а) қатардағы барлық сандардың қосындысын табыңдар; б) қатардағы барлық сандардың санын анықтаңдар. Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар. 1. 2. Нақты сан берілген – 1 кг кәмпит құны. 1, 2, … 10 кг кәмпит құнының бағасын шығаратын программа құрыңдар. Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар. Нұсқа 2 1. Оң санмен аяқталатын теріс сандар қатары берілген. Тізбектегі барлық сандардың арифметикалық ортасын табу керек (оң сан есепке алынбайды). Есепті while циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар. 2. A және B (A Есепті for циклдық құрылымын қолдана отырып шығарыңдар. | | | |
Соңында сабақтың | Ыстық орындық әдісі арқылы қорытындылау Кері байланыс «Блоб ағашы» әдісі арқылы жасалады. Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша бағаланады. | Бағалай отырып, өз жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша жазады рефлексия | | стикер, плакаттар, суреті үшін рефлексия |
Сабақ № 33-34
Бөлім | | |
Мұғалім аты-жөні | | |
Күні | | |
Сынып | қатысушылардың Саны: | жоқ: |
сабақтың Тақырыбы | Информатика білгірлері мен тапқырлары | |
сабақтың Мақсатын | Циклдік программалау, прметрі бар циклдер, циклдің алғы шарты «дейін», циклдің ілесу шарты «әзірше» тақырыптары алған білімдерін қорытындылау, жинақтау | |
| |
Сабақтың барысы
Сабақтың барысы | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
сабақтың Басталуы | Ұйымдастыру кезеңі А) Амандасу, түгелдеу, тексеру. Ә) оқушыларды шаттық шеңберіне тұрғызу «Шаттық шеңбері» тренингі Бір - бірінің қолдарын ұстап алақан жылуы арқылы жылы лебіздер айтады: “Қуанамын мен де, Қуанасың сен де. Қуанайық, достарым Арайлап атқан күнге!” | Дайындалып, оң эмоциялық ностроям басында сабақ сабақтың Туғызады оң, сыныпта | | Музыка, стикерлер, плакаттар, суреттер |
Ортасы сабақтың | Сайыс кезеңдері: Бұл сайыс 8 кезеңнен тұрады: І кезең. «Таныстыру» (командалар өз атын, ұранын және жасаған эмблемаларын таныстырады). ІІ кезең. «Кім епті?» (команданың бір мүшесі шығып, өзгелерге заттық сипаттаманы айтады, команда мүшелері сипаттама бойынша зат атауын табу керек) ІІІ кезең. «Кім жүйрік?» (алдарыңызға берілген құралдар мен жабдықтарды дербес компьютерге жалғау керек. Жалғанған компьютер дыбыстық, жеке файлдармен жұмысты қамтамасыз ете алуы тиіс. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі). IV кезең. Үй тапсырмасы. Компьютерге байланысты таныстырылым құру. Шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында анимацияларды пайдалана отырып, эффект беру. 1-3 бет болатын презентация. 5 минут уақыт беріледі. V кезең. «Ойлы болсаң озып көр». Әр командаға 4 жұмбақтан жасырылады. Әр ойыншының көздері жабық қалпында жұмбақтың жауаптарын тауып, сол сөзді құрастырулары тиіс болады. VI кезең. «Тапқырлық» сұрақ – жауап ҮІІ кезең. «Ширату» Компьютердің айналасындағы әзіл - қалжыңдар. VІIІ кезең. Қорытынды, марапаттау. Бүгінгі кеште өз білімдерімен сайысқа түскелі келіп отырған сайыскерлерімізді таныстырып өтелік. 7 - 8 сынып оқушыларынан құрылған «Google» тобы, «Интерфейс» тобы, «Эврика» тобы І кезеңі. Таныстыру (командалар өз атын, ұранын және жасаған эмблемаларын таныстырады). 1 топ.Топтың аты: Болашақ Топтық ұраны: Болашық тобы алға! Биіктерге самға Достығымыз барда Жүреміз тек алда! 2 топ.Топтың аты: «Паскаль» Топтық ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске. 3 топ. «Принтер» Топтың ұраны: Сәттілік тілейміз біз жарыста. Қане, достым сенде сайыстан қалыспа! «Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған, Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста ІІ кезеңіміз «Кім епті?». Сайыстың шарты бойынша әрбір командаға 6 сөз көрсетіледі. Команданың әрбір мүшесі шығып, өзгелерге заттық сипаттаманы айтады, команда мүшелері сипаттама бойынша зат атауын табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай. ІІІ кезең. «Кім жүйрік?». Армандарға қол созумен келеміз, Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз. Білімменен қаруланған тобымыз, Қарсыласты қалайда біз жеңеміз, - деп, сайыскерлерімізге сәттілік тілейміз. ІІІ кезең. «Кім жүйрік?». Алдарыңызға берілген құралдар мен жабдықтарды дербес компьютерге жалғау керек. Жалғанған компьютер дыбыстық, жеке файлдармен жұмысты қамтамасыз ете алуы тиіс. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі. IV кезең. «Үй тапсырмасы». Компьютерге байланысты таныстырылым құру. Сайыстың шарты: таңдап алынған тақырып бойынша презентация құрады. Бұл презентация жай презентация емес. Презентация құру барысында анимация, эффект беру отырып, 1-3 бет болатын презентация құру. Қорғауға 5 минут уақыт беріледі. V кезең. «Ойлы болсаң озып көр». Әр командаға 4 жұмбақтан жасырылады. Әр ойыншының көздері жабық қалпында жұмбақтын жауаптарын тауып, сол сөзді құрастырулары тиіс. VI кезең. «Тапқырлық» Келесі кезеңді бастайық Ұяшықтарды ашайық. Асығыстық қылмаймыз, Ұпайларды жинаймыз – Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі. І топ 1. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер) 2. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем) 3. Ақпаратты өңдеу құрылғысы (Процессор) 4. Дыбыс жазу құрылғысы (микрофон) 5. Адам денсаулығына зиянды компьютер құрылғысы (Монитор) 6. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (Алгоритм) 7. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы қай қалада пайда болды (АҚШ-та) 8. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит) 9. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиынтығы (файл) 10. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады) ІІ топ 1. Компьютердің атасы деп кімді айтамыз? (Чарльз Бэббидж) 2. Компакт дискіні оқуға арналған құрылғы (CD - ROM) 3.Меңзердің артындағы символды өшіру пернесі (Delete) 4. Компьютерде орындалатын программалар қандай топтарға жіктеледі? (Жүйелік, қолданбалы, программалау). 5. Дүние жүзіндегі ең бай адам? (Билл Гейтс) 6. Аталған байттар тізбегі (файл) 7. Компьютердің миы ол (Процессор) 8. Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус ) 9. Бос орын қалдыру пернесі (пробел) 10. Стандартты программалар (Блокнот, Word Pad, Paint, Калькулятор) ІІІ топ 1. ЭЕМ - нің даму тарихы неше буыннан тұрады (5) 2. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын) 3. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер) 4. Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қанша болу керек? (60 - 70 см) 5. 1 Кбайт қанша байтқа тең (1024 байт) 6. Меңзердің сол жағындағы символды өшіретін перне (Backspase) 7. Компьютермен жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан) 8. Сандардың аталу және жазылу тәсілі (санау жүйесі) 9. Ең алғашқы программа жазған ғалым (Ада Лавлейс) 10. Принтер түрлері (Лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш) *************************** ҮІІ кезең. «Ширату». Бұл кезеңде әр команданың бір мүшесі шығып, компьютерге байланысты 3 әзілін ортаға салады. Әзілдері ұнамаған топтар шығып отырады. *************************** Көрермен жиналған бұл тамашаға, Құр қарап, жым отыру жараса ма, Туыс, досқа, сыныптас таныс емес, Соқ қолыңды білімді жас талапқа. Қолыңды бекерге бос, соға берме, Ойсыз, соқыр сезімнің соңына ерме. Зерделеп, сұрақ - жауап санаңа түй, Сонда ортақ боласың, бар жеңіске. VІIІ кезең. Қорытынды, марапаттау. Ал әділ қазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек. Информатика нық басып ғаламатта, Ой бөлісіп заманды саралапты. Қош болыңдар, қымбатты көрермендер, Қайта айналып көріскенше саламатта. Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды! Баршаңызға көп - көп рахмет! | | | |
Соңында сабақтың | «Чемодан. Ет тартқыш. Себет» арқылы кері байланыс жасайды. «Чемодан. Ет тартқыш. Себет» қай жерде орналасқанын көрсетеді, стикерлерін жабыстырады, өзін-өзі бағалайды. | Бағалай отырып, өз жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша жазады рефлексия | | стикер, плакаттар, суреті үшін рефлексия |
Қолданылған әдебиеттер:
-
Y.Shaniyev, I.Gesen, N.Aidarbayev, N.Akhmetov. E.Yerzhanov “Informatics” Астана - 2017
-
Mesecan,i.2010. Microsoft Excel 2010
-
Zapier.com. Google Sheets
-
Ғаламтор ресурстары.