Файл: Трбие сааты таырыбы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 27

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін: Директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Тикеева

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты тақырыбы

Бейбарыс Сұлтан ерлігі

Күні

07.04.2023ж.

Сынып жетекші:

Ж.Көшербай

Сынып : 7 «в»

Қатысушылар саны: 24

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағаты мақсаты:

абамыздың  өз  елінде  емес, өзге  елде  17 жыл  сұлтандық
құру,  сол  елде  құрметтелу  кез  келгеннің  қолынан келмейтін
іс. Ерлігін, батылдығын, табандылығын, қайсарлығын  үлгі  ету;

Источник: https://www.tarbie.kz/17053

Ресімдеу

Карта (саяси).

Кесте.

Бейбарыстың бейнесі.

Кітап көрмесі.

Бейбарыс ескерткішінің   ашылу   сәтін   видеодан  көрсету.

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

«Бұрынғы  дәстүрді,  бұрыңғы  жасаған  ерліктерді  білмей, қадірлемей  тұрып, жаңа  ерліктерге  шақыру  бекершілік»       Бауыржан  Момышұлы

Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Мәмүлік сөзін  талдау.

Бейбарыстың балалық шағы.

Қолбасшының қабілеті.

Мысыр мәдениеті.

Ұлыққа тағызым.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады

презентация



Сабақ басы (13 мин)



1топ:  Тарихшылар.
2топ:  Әдебиетшілер.

3 топ:  Зерттеушілер.
Үш топтың көмегімен  жаңа  сабақта алатын   мәліметтерді  талдаймыз.
«Мәмлүк»   сөзінің  мағынасын  талдау.
І топ. Тарихшылар:

Батыс тарихшылары  мәмлүктерді  әскери  бөліміне қарай «бахри»  және  «бурджи»  деп  атайды.  Мәмлүктердің  арқасында  араб — ислам  өркениеті  монғол  мен  кресшілер  зауалынан  аман  қалды. Оған ислам әлеміндегі  төңкерісте  сайма — сай келді.1258 жылғы  Бағдад  халифатының  құлауы, монғол  шапқыншылығы  әсерінен  кезінде  ислам  мәдениетінің  орталығы  болған Бағдадтың  талқандалуы, мықты — мықты  ғалымдардың  Мысырға  монғол  езгісінен  қашып  келуі  оның  орталыққа  айналуға себеп  болды.
ІІ топ. Әдебиетшілер:
ХІІІ  ғасырда  Мысырдың  мемлекет  басына  мәмлүктер (араб  тілінде «мүлік», «құл», «бас бостандығы  жоқ  адам» деген ұғым  береді) келеді. Мәмлүктердің  басым көпшілігі  моңғолдар  шапқыншылығы  кезінде тұтқынға  түсіп, Дешті — Қыпшақ  даласынан Мысырға сатылған  құлдар. ХІІІ ғ. –  ХІҮ ғ. Мысыр  мен  Шамда  түркі (қыпшақ) тілін  үйренуге  деген үлкен құштарлық  пайда  болды. Өйткені  мемлекет  басында қыпшақ  сұлтандары  отырды.Сондықтан  сол  тұста  арабтарға  қыпшақ тілін үйрету үшін  арабша — қыпшақша сөздіктер  мен  граматикалық  еңбектер  көп жазылған.
     ІІІ топ. Зертеушілер:
Мәмлүк қыпшақтары ХІІ — ХІІІ ғасырларда  Арабстан  (Мысыр,  Ислам,  Месопатамия,

Оңтүстік Арабия) әскерінің  алдыңғы саптағы  жасақшылары болған. Бұл  қыпшақ  құлдары Мысыр мен  Шамды  250 жыл билейді. Олар ХІІІ ғасырда Айуб әулетінің  ең  соңғы шах   мұрагері сұлтан Тұран шахты  өлтіріп, мәмлүк мемлекетінің алғашқы  билеушісі Айбек  болды. Айбек таққа отырғанымен мәмлүк  мемлекетінің  абыройын  асқақтатқан  ал-Малик-аз — Захир Рух – ад — Дин Бейбарыс.
ІІ тақырыпша. «Бейбарыстың  балалық  шағы»
І топ Тарихшылар:
«Бейбарыс  қыпшақ  даласында  туған, көзі  көгілдірлеу еді», — деп  жазады Макризи. Шынында да солай, бір  көзіне  сүйел  шыққан. Сол кемтарлығынан Дамаскіде бала кезінде небәрі 800 динарға сатып жіберілген. Өңі қоңырлау, даусы ашық, ыстық қанды адам  болған.
ІІ топ.Әдебиетшілер:

Мамлюктердің Египетті  билеген төртінші сұлтаны (1260 — 1277 жж.). Әкесінің  аты  Жанақ, Шешесінің аты Әйек деген  мәліметтер бар. Дамаскіде  10 жасында 800 дирхимге сатылған.
ІІІ топ.Зерттеушілер:
Бейбарыс  туралы  жазбаларда, оның  қыпшақ  елінен, алшын тайпасынан, Беріш руынан шыққаны  жайлы анықтама деректер де бар. Шыңғысқанның шабуылынан  бұрын, Сарыарқаның солтүстік батысынан  бастап, Сыр өзенінің төменгі  ағысымен, Маңғыстау түбегін, Еділ – Жайық  аралығын  қыпшақтар мекендеген, өзің мемлекеттік  бірлестігін құрғанды. Ол  мемлекет тарихта Дешті Қыпшақ аталады. Осы мемлекет құрамына тек қыпшақ  руынан  басқа  Орта жүз, Кіші жүздің, яғни Алшын, Ноғай, Қарақалпақ Дон өзенінің  төменгі ағысымен, Азов  қаласының айналасында  мекендеген  түрліше түрік  тектес рулардың біршамасы кірген. Бейбарыс қыпшақ қызы Тәж – Бақытқа  үйленген. Одан Сайд  хан  Мұхаммед  және Ахмет  атты  егі з ұлдары  болған.
ІІІ тақырыпша.   «Қолбасшылық  қабілеті»
І топ. Тарихшылар:

Тарихи мәліметтерге  қарағанда, Араб  елдері  ішінде,  мұсылман елдерінде ислам дінінің екі бағыты, яғни сунеттер  мен шииттер арасында ұзаққа созылған  күрес болғаны анық. Тек  уәли  Арыстанның кезінде суниттер жеңіске  жетті. Өз  жасағының, өз басының қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуі үшін шетелдіктерден арнайы жасақтар  құрылған. Ол  жасақтардың  қатары тұтқындалған түрік және шығыс халықтарының жастарынан толықтырылып отырылған.
Еуропалықтардың  кресті жорығы  кезінде сол  тұтқын  жастардың  қатарында  әскер  басшысы  болғаны, оның    сұлтандығы  кезінде  Египет пен Сирия үлкен  мемлекетке айналып, хал — ахуалдары  жақсарғаны, крест жорығын талқандап, монғол басқыншыларына да тойтарыс бергені, араб, мұсылман елдеріне қорған болғанын  жазған.
ІІ топ.Әдебиетшілер :
Дамаскінің  шаһарбасы  800  дирхемге  сатып  алады. Қарындасы  ағасынан  сатып  ап:  «Менің  тура  саған  тартқан  ұлым  қайтыс  болды. Сенің  атың – Бейбарыс. Бар  дүние – мүлік  сенікі», — дейді. Аналық  мейірімінің  арқасында  еркіндік  алған  Бейбарыстың  бақыты  енді  ашыла  бастайды. Көшпелі  бәдәуилердің  көмегімен  қарақшылармен  болған  қақтығыста  жас  мамюк  жеңіске  жетіп  сұлтан  дәрежесіне  дейін  көтеріледі.
ІІІ  топ. Зерттеушілер :

Он  жеті  жыл  бойы  Египет  пен  Сирияның  кресшілер  жорығынан, монғол  шапқыншылығынан  қорғап, бөлшектенген  ұсақ  мемлекеттерді  халифат — империя  дәрежесіне  жеткізген. Кез  келген  тақ  иесі  сияқты  күдікшіл, кекшіл, қатыгезде  болды.   Бірде  үлкен  ұлы  Сайд  әкесіне  даярланған  дастарханның  үстіндегі  қып – қызыл  қарбызға  қызығып, жей  берем  дегенде  сұлтан  кіріп  келеді. Баласы  ұялып  шығып  кетеді. Бейбарыс  қарбыздың  бір  тілімінің    дәмін тартады  да, уланғанын  сезіп, оны  баласынан  көріп  шариғат  жолымен  өлтіруге  үкім  шығарды. Кейін  қарбызға  у  салған  даяршы  әйел  екенін  білгенде  қатты  өкінді. Ең  жақын  досы  Ибрагим  Сайдтың  адалдығына  сеніп  тығып  тастаған  еді.
1227  жылы  уәзірі  Қалауында  Меккеге  апарып, Алланың  қасиетті  үйі  Байталланың  қасында  тұрып:  «Маған  адалмысың, Алланың  мешітінде  ант  бер», —
дейді.  Қалауын  ант  су  ішеді. Жолай  Дамаскіге  соғады. Оны  білген  Қалауын  Шаһар  бегіне  жасарын: «Сұлтан  ішетін  тамағына  у  тамыз. Сирияның  билігін  түгел  саған  беремін»  деп  хат  жазды.
Сөйтіп  7  күннен  кейін  Бейбарыс  дүниеден  өтті. Ол  Дамаскідегі  Баб – Әл – Барид  зиратына  жерленді. Бейбарыстың  ұлы  Сайдты, бақшада  улы  сусын  беріп  өлтірсе, екінші  ұлы  Ахметті  жасанды  қабырғаның  астына  қалдырып  өлтірді.
Бейбарыстың  жақтастарының  бірін  дарға  асып, бірін  у  беріп  өлтіріп, қалғандарын  қудалады.

Қыпшақтан  шыққан  мамлюктер  әулеті  Египетті  1250 – 1517  жылдардың  аралығында, 267  жыл  билеп  барып  тарих  сахнасынан  ығысты.
 ІҮ  тақырыпша.    «Мысыр  мәдениеті»
І  топ. Тарихшылар :
Бейбарыс  сұлтан  тағына  отырысымен  әр  шаһардың  қорғанысын  нығайтып,  қамал  мұнара, жол  бойына, бекет  айлақтарға    шырақ  салдырды. Әр  қалада  тұрақты  әскер    ұстады. Тәртіпті  нығайтып,ұры – қары, қарақшыны  жойды.   Шөлейтке  канал  қаздырып, құбыр  тартқызды.  Сарай  ішіндегі  алауыздықты  жойды.  Әлемнің  түкпір – түкпірінен  ағылған  көпестергеесік  ашты.  Өзендерге  көпір  салдырып,   әр  шаһарға  мешіт  орнгатты.
ІІ топ. Әдебиетшілер:

Мәмлүктер  кезеңі  Мысыр  мен  Шам  үшін  аса  жэоғары  дәуірлеу  замакны  болды.  Оған Ислам  әлеміндегі  төңкеріс  те  сайма – сай  келді. 1258 жылы  Бағдат  халифатының  қүлауы, монғол  шапқыншылығы  әсерінен  кезіндегі  Ислам  мәдениетінің орталығы  болған  Бағдаттың  талқандалуы, Мысырға  мықты – мықты  ғалымдардың  монғол  езгісінен  қашып  келіп,  орталыққа  айналдыруына  себеп  болды.
Араб  тіл  білімпаздары  қыпшақ  тілін  оқып – үйренуге  дегенүлкен  мүделік  туындаған.  Соның  нәтижесінде  қыпшақ  тіліне  қатысты  алуан  түрлі  сөздіктер, грамматикалық  оқулықтар,  үлкенді – кішілі  анықтамалар  дүниеге  келген.
ІІІ топ. Зерттеушілер:
17  жыл  2  ай  12  күн  әмірлік  еткен  Бейбарыс  ел  билеу  дәстүріне  сай  оның  Каирдағы  сарайы  сәулетті   болған.
Аяқ — табақ тасушылар да, тағам дәмін татып  білушілер де, түнгі  күзетшілер де тиісті лауазымға сай болған. Олардың бәрі де қамалда  өтетін қабылдауларға  қатысып отырған. Әскери бекіністерді жасақтаған  Бейбарыс  діндар  болған, қаланы  сауықтыру  мақсатында  Каирда анаша  тартып, шарап  ішуге  тыйым салған, барлық ішімдік орындары мен жезөкшілер  үшін  салынған  орындарды  жапқан, жорықта  кәпірлерге  еріп  келген  Еуропалық  жезөкше  әйелдерді  қуып  шыққан.
Каир әйелдерінің  бұзақы  әрекеттеріне  қарсы  қатаң  заң  қабылданған.
Мұғалімнің  қорытуы:  «Ұлылыққа  тағызым»
Бейбарыс 1223 жылы дүниеге келіп, 10 жасында ата — анасынан айрылып, құлдық қамытын киіп,  басқа  елге сатылып кетті. Өмірдің ең ащы кезеңдерін өзінің табандылығы, қайсарлығы, қыпшаққа тән  батылдығы  мен  өжеттігінің арқасында  Бейбарыс   1260 жылы қазан айында 37 жасында таққа отырды. Ол монғол, крест жорықтарын  жеңіп, Сирия, Египет, Иран, Грузия, Алтын орда, Франция, Англия сяқты елдермен қарым -қатынас  жасады. Өзінен ірі елдермен бейбіт, айлалы   дипломатиялық қатынас жасаса, ұсақ  мемлекеттерді  басып  алып  ірі  Халифат  құрды. Оны  17  жыл  2ай   12  күн  биледі.
1277 жылы 54 жасында өзінің  уәзірі Қалауының қолынан кенеттен өлді. Денесі Дамаскіге  жерленді. Мамлюктер 1250 — 1517 жылға дейін  билік  құрды. Бейбарыс  туралы 1990 жылы М.Симашконың «Жусан» повесі бойынша түсірілген «Бейбарыс» киносы шықты. Онда «Бейбарыс» рөлін атақты актеріміз Н.Жантөрин ойнап, есте қаларлықтай бейне жасады, Бейбарыстың кім екенін  әлемге  танытты. Бейбарыс  жайындағы драманы Р.Отарбаев жазса, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері А.Ершуов «Бейбарыс» дастанын  жазды. Атыраулық  қылқалам  шебері Ә.Жантасов  оның  бейнесін  бейнелеп, суретін  салды. Алматылық мүсінші  Қ.Хакимов пен сәулетші Қ.Жарылғаповтың  еңбектерімен жасалған  биіктігі  6,5 метр  болатын  ескерткішті  Атырау облысының «Бейбары Сұлтан» атындағы  алаңға  орнатты.
2000 жылы  қыркүйек  айында Бейбарыс сұлтанның туғанына 775 жыл толу мерейтойына орай  ғылыми практикалық конференция өтті. Республика  көлемінде 775 жылдығы  тойланды.


презентация


Ортасы (20 мин)


«Синквенн» стратегиясы.

1.Зат есім:  Бейбарыс.
2.Сын есім:  Көк көзді,  бойы ұзын,  қайсар,  өжет.
3.Етістік:  Ел  биледі,  сауданы  дамытты,  мұсылмандарға   қорған  болды.
4.Тақырыпқа  байланысты  өз  ойын  білдіретін  4  ұғым. «Топтастыру» стратегиясы.
 
 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді



презентация

Соңы


«Менің қиялымдағы Бейбарыс» деген тақырыпта   әңгіме   жаз.



Оқушылар тілектерін айтады

презентация