Файл: за мерзімді жоспарды блімі оптика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 32

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

ОПТИКА







Пән:

Физика




Оқытушының аты-жөні:




Күні:




Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:







Сабақ тақырыбы:

Жарықтың шағылу заңы. Жарықтың сыну заңы. Толық ішкі шағылу.




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың шағылу заңын түсіндіру;

- Гюйгенс принципінің көмегімен жарықтың сыну заңын түсіндіру;

- жарық сигналдарын тасымалдауда оптоталшықты технологияның артықшылығын түсіндіру.




Бағалау критерийлері

Студент сабақ соңында:

  • сыну құбылысын сипаттайды;

  • толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіреді;

  • шектік бұрыш мағынасын түсіндіреді және мәнін есептейді;

  • шектік бұрыш мәнін практикада анықтай алады;

  • толық ішкі шағылу құбылысының практикалық қолданылуын сипаттайды;

  • талшықты оптиканың артықшылығына талдау жасайды.




Тілдік мақсат


Пәнге тән лексика мен терминология:

Жарық толқыны, толқынның таралу жылдамдығы, жарық сәулесі, түскен сәуле, сынған сәуле, түсу бұрышы, сыну бұрышы, салыстырмалы сыну көрсеткіші, абсолют сыну көрсеткіші, ортаның оптикалық тығыздығы, шағылудың шектік бұрышы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде .... өзгереді, сондықтан оның таралу бағыты да өзгереді.

Жарық оптикалық тығыздығы .... ортадан оптикалық тығыздығы .... ортаға өткенде, сынған сәуле нормаль (-дан /-ға;) алыстайды/жақындайды.

Сыну бұрышы 900-қа тең болған кездегі түсу бұрышының мәні - шағылудың шектік бұрышы.




Құндылықтарды дарыту

  • Студенттердің белсенділігін арттыру;

  • Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;

  • Коммуникативтік дағдысын жетілдіру;

  • Математикалық сауаттылығын дамыту.






Пәнаралық байланыстар

Математика, информатика.




АКТ қолдану дағдылары

Презентация Power Point, сайттар.




Бастапқы білім


8-сыныптан толық ішкі шағылу құбылысы және оптикалық аспаптардың құрылысы туралы білім қорлары бар.





Сабақ барысы




Сабақтың жоспар ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар




1 минут

5 минут

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Дәрісхананың тазалығына, оқушылардың киіміне назар аудару. Журналды толтыру, оқушыларды түгендеу.

Қайырлы күн, студенттер! Бүгін күн бәрімізде үшін табысты болсын.

- Көңіл күйлеріңіз қалай? Сіздер көңіл-күйлеріңізді партада жатқан түрлі түсті фишкалардың көмегімен білдіруді ұсынамын. Қызыл фишка - көңіл-күйім керемет, жасыл-жақсы, көк-онша емес.

Менде сіздерге көңіл-күйімді көрсетейін.

- Барлығымыздың көңіл күйіміз тамаша болса, онда сабағымызды бастайық.
Топ алдын ала екі командаға бөлінген, әр комнданың өз топ басшысы бар. Топ басшысы бағалау парағында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалап отырады.
Үй тапсырмасын сұрау. 

Студенттер Kahoot бағдарламсында тест жүмысын орындайды.

Тест жұмысы.
1. Жарықтың дифракциялық торды өткеннен кейінгі ауытқу бұрышы формуласы анықтайтын мұндағы d деген не?
a) Тор ұзындығы b) Тор периоды c) Тор жиілігі d) Тор кернеуі
2. Электромагниттік толқын қандай толқын?
a) Қума b) Көлденең c) Жазық d) Жанама
3. Ең күрделі түс?

a) Қара b) Ақ c) Қызыл d) Жасыл
4. Жарық толықындарының бастапқы бағытынан ауытқуын..... деп атайды.
a) дисперсия b)интерференция c)дифракция d)поляризация
5. Жарық жылдамдығының тұрақты мәнін анықтаңдар:
a) 2* м/с b) 4* м/с c) 3* м/с d) 5* м/с
«Ой қозғау» әдісі

Студенттерге жарықтың сынуына және шағылуына байланысты суреттер көрсетіледі.

Прблемалық сұрақ:

Суреттерде қандай құбылыс байқалады?

Осы құбылыстарды қалай түсіндіруге болады?

Стақанға тұрғызылған сызғыш ауа-су шекарасында сынған сияқты көрінеді. Себебі неде деп ойлайсыздар?

Студенттердің жауаптарын негіздей отырып сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын жариялау.

Презентация, фишкалар

Ұялы телефон

http://www.youtube.com/watch?v=hXLKHWlWvKg




20 минут

5 минут

6 минут

5 минут


Мағынаны тану:

Жаңа материалды меңгерту.

Топ шағын екі топқа бөлінген «Сыну заңы» және «Шағылу заңы». Әр топтқа жаңа тақырып бойынша тапсырма беріледі, яғни топпен постер жасап қорғайды.
Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңдары.

Бұл тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында, яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір бөлігі екінші ортаға өтетінін және өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын) дәледейді.

Осы құбылыстан қандай тұжырым жасауға болады?

Жауап: Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз.

Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш ( ) сыну бұрышы деп аталады.

Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар тұсу бұрышын сан мәнін (градус)сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.

Бұдан қандай тұжырым айтуға болады?

Жауап:

  • Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

  • Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.

, бұл формула мен анықтаманы сыну заңы деп атайды.

Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы n – сынды рукөрсеткіші деп аталады.

Сындыру көрсеткіші түсу бұрышын атәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы көрсеткіші «абсалют сындыру көрсеткіші» деп аталады.

Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.

Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.

Сонда берілгенекі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны...) заттың сындыру көрсеткіші

формуласымен де анықталады. с-жарықтың вакумдағы жылдамдығы, v –ортадағы жылдамдығы, Онда екі формуланы біріктіріп былайжазуға болады.



Қазіргі кезде көптеген заттардың сындыру көрсеткіштері тәжірибеде анықталып кестеге жазылған.

Шағылу заңдары:
- түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.
- шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.
• Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
• Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады.
• Егер бет кедір - бұдыр болса, онда одан шағылғанда жарық шашырайды. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды
Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмалары:

«Тәжірибелер» (топтық жұмыс)

1-топ: Тарелке, су, тиынмен жасалатын тәжірибені көрсету.
Тарелкеге тиын салып қойып, оған тиын көрінбейтіндей қырынан қарап тұрып жәйлап су құямыз. Аздан соң тиын көрінеді.Тиын неге «көтерілді»?

2-топ: Шыны, жарық көзі, транспортир арқылы жарықтың түсі бұрышын анықтау.

Есеп шығару: (жұппен жұмыс)

№1. Шыныдағы жарықтың таралу жылдамдығы 136000 км/с. Шынының сыну көрсеткішін есепте.

№2. Жарық вакуумнан мөлдір ортаға түседі. Түсу бұрышы 600 тең. Сыну бұрышы 450. Осы ортадағы жарықтың таралу жылдамдығы қанша? ( с = 3 ∙ 108 м/с )

«Сәйкестендіру» (жеке жұмыс)

Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз. (бір сұрақтың 2-3 жауабы болуы мүмкін, флипчарта орындайды)




Сұрақ

Шағылу

Сы ну

Шағылу заңы

Сыну саңы

Сындыру көрсеткіш

1

бұл ненің формуласы?










+




2

Көл бетінен күн көрініп тұр. Бұл қандай құбылыс?

+













3

бұл ненің формуласы?

-түсу, -шағылу бұрышы







+







4

Судағы балықтар үлкен болып көрінеді. Бұл қандай құбылысты көрсетеді?




+










5

Вакумдағы жарық жылдамдығының ортадағы жарық жылдамдығына қатынасына тең тұрақты шама:













+

6

бұл қай заңның формуласы?










+




7

бұл ненің формуласы?










+







Презентация , маркер, плакат.

Құрал-жабдықтар:

Тиын, су, шыны, жарық көзі, транспортир

Флипчарт




2 минут

Рефлексия
«Еркін микрофон әдісі»
Студенттер бекіту тапсырмасын орындау нәтижесі бойынша өз жұмыстарына бағалау жүргізеді.
Үйге тапсырма беру
Табиғатта толық ішкі шағылу арқылы түсіндірілетін құбылыстарды туралы ақпарат



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



  1. Алдыңғы білімдерін жаңғыртуға арналған жетелеуші сұрақтар қою

  2. Демонстрациялық, ақпараттық бейне материалдар қолдану

  3. Жұптық жұмыс ұйымдастыру

  4. Қосымша теориялық материалдар ұсын

        1. Өзара бағалау

        2. Өзін-өзі бағалау

        3. Қосымша сұрақтар арқылы




Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.