ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 79
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жылқы шаруашылығы – бұл жылқыны көбейтумен және пайдаланумен айналысатын мал шаруашылығының бір саласы. Аттардың бойы (шоқтығының биіктігі) 50‑185 см, салмағы 60‑1000 кг. Есту, иіс сезу және есте сақтау қабілетінің жақсы дамығандығының арқасында жылқылар үйретуге және жаттығуға тез көнеді.
Жылқы етінің майы аз болады, бірақ ол балғындығымен, әсіресе жас малдың еті, ерекшеленеді. Қымыз – бие сүтінің өңделген өнімі. Қымыздын қант құрамы бірден төмендейді, онда сүт қышқылы, көмірқышқыл газы, түрлі ароматты заттар жинақталады. Қымыз тәбет ашады, ұйқы безінің жұмысын, ас қорыту процесін жақсартады. Сондықтан да қымыз тек сау адамдар үшін ғана бағалы өнім болып саналмайды, сонымен қатар көптеген ауруларға қатысты күшейту құралы болып табылады.
Жылқы тұқымдары. Жылқының 200-ден астам тұқымы бар. Ең алдымен сіз жылқыны қандай мақсатта өсіретініңізді шешіп алу керек. Егер сіздің мақсатыңыз – жоғары сапалы ет пен құнарлы сүт (қымыз) алу болса, онда мынадай тұқымдарға назар аудару керек: қазақы, көшім, ресейлік, мұғалжар және т.б. Сонымен қатар, акклиматизация мен осы тұқымдас жануарлардың Қазақстанның өңірлерінің табиғи‑климаттық жағдайларына бейімділігі секілді факторларды да ескеру қажет, өйткені аталған мәселелер жануарлардың өнімділік сапасына кері әсерін тигізуі мүмкін.
Өсіру. Жылқыны ұстаудың түрлері: ат қорада (жыл бойы ат қорада), атқора мен жайылымда (атқора мен көктемнен күзге дейін жайылымда), жайылымда (жыл бойы жайылымда, қыста пішенмен және концентраттармен азықтандыру арқылы). Жеткілікті түрде дамыған құлындар алу және олардың алдағы уақытта жақсы сүтті өнімдіге айналуы үшін биелерді уақытылы құлындауға (тууына) даярлаудың маңызы зор, сауын маусымында толыққанды азықпен қамтамасыз етіп, қорада ұстау қажет.
Сүтті жылқы шаруашылығының технологиясы биелерді жайылымда бос ұстау жүйесін қарастырады.
Атқораны ағаштан, кесілген бөренелерден жасаған дұрыс, бұлар жылуды жақсы сақтайды, әрі құрғақ болады. Атқоралардағы жылқыларға арналған орын өжіре (жылқылар үшін жеке «бөлмелер») және бөлініп қойылған орындар болып бөлінеді, онда жылқылар бір бірінен қоршаулармен бөлектенген күйде немесе оларсыз қатар-қатар байлаулы тұрады, сондай‑ақ залдық түрі–онда жылқылар атқораның жеке кең орынжайында топтастырылып ұсталады. Еденді қатты етіп жасайды, асфальтты етуге де болады. Терезе әдетте екіқабатты әйнектен тұрады. Аттақыр әрбір атқа жеке орнатылады. Биені қалың төсеніштерде ұстайды, оларды жылына 2-3 рет ауыстырады. Суалмаған және сауылатын биелер үшін атқораны биіктігі1,7 мболатын жылжымалы қалқалармен секцияларға бөледі, олардың әрқайсысы 10 биені ұстауға есептелген болуы керек. Секцияның оңтайлы алаңы 60-70 м². Жылқыларды серуендету үшін шөптермен жабылған қоршалған алаңдар жасайды, бұны левада деп атайды. Жылқыларды баптау дегеніміз жануарларды тазалап (щеткамен), жалын, құйрығын тарап, тұяқтарын тазалап тұру. Жұмысқа салынатын жылқыларды әдетте тағалайды, бұл тұяқтарының сынып, жарақат алудан қорғайды.
Жылқылар үшін жем. Қорадағы кезеңде жылқылардың негізгі жемі: сұлы, арпа, қарабидай, басқа да концентратты жемдермен (кебекпен, жоммен) араластырылған жүгері қоспалары, астық‑бұршақтық пішен, сөлді жем (сәбіз, жартылай қантты қызылша, картоп, сүрлем), құрама жем.
Өрістегі жайылым кезеңінде жылқылар үшін ең қажетті жем– өрістегі көк шөп немесе жаңа шабылған шөп. Бұдан бөлек, жылқыларға күн сайын қайнатылған тұз береді. Берілетін жемнің мөлшері оның таза салмағына, жылқының жағдайына, оның жасына, атқаратын жұмысы мен жемнің құндылығына байланысты. Жылқыны тәулігіне 3 рет суарады.
Көбейту. Жылқы шағылысуға 1,5 жаста жетіледі, бірақ көбеюге шаруашылық‑тиімді мерзім 3-3,5 жас болып табылады; өсімі 5-6 жаста тоқтайды. Буаздық мерзімі шамамен 11 ай. Бие әдетте бір құлын туады. Суалмайтын кезеңі 6-8 ай. Биенің сүттілік өнімділігі тәулігіне 11-15 л сүт (ерекше сүттілері — 25 л-ге дейін). Бұл құлынды өсірумен қатар, сүттің едәуір бөлігін қышқыл сүт өнімдеріне жататын қымызды жасауға мүмкіндік береді.
Жұмысшы тұқымдарының құлындарын жұмысқа 2 жасынан үйретеді. Буаз биелерді күн сайын аулаға, ал ауа райы жақсы болғанда далаға 2-3 сағатқа серуендеуге жібереді. Жылқыны ет үшін 1,5-2-жасқа дейін өсіреді, бұл кезеңде жылқының жас еті ең жоғары сапалы болады. Жылқының өмір сүру жасы – 25-30 жыл, шаруашылықта пайдалану мерзімі – 14-15 жыл, асыл тұқымдысы – 20-25 жыл.
Өнімді сату. Жолға қойылған өткізу рыногы үлкен табыс табу үшін қажет. Бұл үшін бірнеше нұсқалар бар: базарда сату, газетте, интернетте жарнама беру, бәлкім, сіз өз тауарыңызды тұтастай сатып алатын, әрқашан сізбен келісімге келетін саудагер тауып қаларсыз. Сондай‑ақ ауылдастарыңызға жылқыны өсірумен немесе соғым сатумен айналысатыныңызды ескертіп қойыңыз.
Болжамды есептеулер.
Шығыстар:
- 1 жылқы сатып алу – 70 000-120 000 теңге.
- жем (пішен, арпа, сұлы) = 100 000 теңге (2 жылға).
Барлығы: 170 000-220 000 теңге (өңірге байланысты).
Табыс:
Жылқы етін сату 1 кг= 1 200 теңге, бір жылқының салмағы 250 кг жетеді x 1 200 теңге = 300 000 теңге.
Мазмұны
-
Бизнес жоспардың түйіндемесі -
Бизнес жоспарды іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері -
Обьектінің сипаттамасы -
Маркетинг жоспары -
Құрал-жабдықтың техника-экономикалық мәліметтері -
Қаржы жоспары -
Тәуекелділікті бағалау -
Қорытынды
Қосымша
Жобаның түйіндемесі
Ұсынылып отырған жоба би мектебін құрудың бизнес жоспары.
Жобаның жетекшісі: Аспандияров М.С.
Жобаның идеясы: Би мектептерін құру келесі мақсаттарды көздейді:
-
Кәсіпорынды құру -
Пайда табу -
Би үйрету сабақтарын нарықта ұсыну
Жобаны қаржыландыру: коммерциялық несие алу арқылы. Несиенің мөлшері (соммасы) 353 592 тенге.
Кәсіпорынның сипаттамасы: би үйрету кызметін көрсету.
Жобаның құны: 353 592 тенге.
Жоба өзін-өзі ақтау мерзімі 4 ай.
Инвестордың табысы — 3 660 000 тенгені құрайды.
Алған несие бойынша төлемдер жобаның бірінші айынан басталады.
Іске асыру жобасының қарызын қайтару— бірінші айдан басталады.
Несие жылына 17% мөлшерлемесінде алынады.
Жобаның өмірлік циклы 1 жыл.
Жобаның жалпы экономикалық тиімділігінің соммасы 802 808 теңгені құрайды.
Жобаны іске асыру мерзімі мен негізігі кезеңдері
Жобаны іске асырылуы несие алған соң басталады. Аяқталу мерзімі 12 ай. Жобаның іске асыруылуы 1-ші кестеде сипатталған.
Жоба кезеңдері
1 кесте.
Жоба кезеңі | Орындалу шарттары | Орындалу мерзімдері |
Жобаның бастаулуы | | Бірінші ай |
Кәсіпорынның тіркелуі (Жеке кәсіпкерлік) | Қажетті құжаттардың болуы | Бірінші ай |
Несие алу | Қажетті құжаттардың болуы | Бірінші ай |
Кәсіпорынға қажетті орынды (ғимарат) іздестіру | Ғимарат ішіндегі орында жалға алу туралы келісім-шарт жасасу | Бірінші ай |
Қажетті құрал жабдықтарды сатып алу | | Бірінші ай |
Қызметкерлерді жалдау | Жұмысқа алу туралы келісім-шарт жасасу | Бірінші ай |
Маркетингктік іс-шараларды өткізу | 360 күн | Жыл ішінде |
Обьектінің сипаттамасы
Би мектептері биге қызығушылық танытып би үйренем деушілерге би үйрету. Сондықтанда бұл қызметті тұтынушылар:
-
Өзінің дене-тәнін жақсы формада ұстап, би үйренгісі келетін адамдар; -
Казіргі заман талабына сай әдемі билеу мен әсерлі қимылдарды үйренгісі келетін адамдар; -
Достары мен жастар арасында өзін еркін әрі жақсы сезінгісі келетін адамдар.
Казіргі таңда би билеу барлық жастар арасында танымал. Мысалы, балалар би арқылы дене икемділігін дамытады және денсаулығын жақсартады, ал үлкендер болса биді спорттың балама түрі ретінде пайдаланады, зейнеткерлер мен қарт адамдарға таныстық ортасын кеңейтіп, бос уақытын қызықты өткізуге мүмкіндігін береді.
Әлем тарихында 100 ден аса бидің түрлері бар. Қазіргі таңда келесі билердің түрлері үйретілуде. Соның ішіндегі танымалы:
-
Классикалық би түрін үйрену: Классикалық вальс, вендік вальс, кадрил, квикстеп, мазурка, менует, чарльстон, ча-ча-ча. -
Латынамерикандың билер: Аргентиндік танго би, болеро, румба, сальса, самба; -
Шығыс би: «танец живота» (belly dance); -
Заманауи би: брейк, hip-hop, r’n’b, new style, club-dance, house, girls style, L. A. Style, break-dance.
Би мектебін ұйымдастыру жоспары 353 592 теңге сомма көлемінде инвестиция тартуды көздеп отыр.
Би мектебін ұйымдастыру үшін 80-100 шаршы метр көлемінде орынды жалдауды қажет етеді.
Биді сапалы үйрету мақсатында топтар 5-6 би үйренушілерден тұрады.
Бір би үйрену сабағынығ ұзақтығы 90 минут.
Айлық абонемент айына 12 би сабағынан тұрады (аптасына 3 рет).
Би сабағы күні бойы өткізіледі. Жас өспірім балалар тобы түске дейін, үлкендерге түстен кейін өтеді. Сондай ақ би үйретуді жекеше өткізудіде жоспарлануда.
Бизнес ретінде би мектептері қысқа мерзімде өзін-өзі ақтау мүмкіндігі бар.
Би мектебін жайлы (спальный ) аудандарда ашуды жоспарланып отыр. Бұның себебі, би мектебінің адамдардың үйлерінен алыс емес жерде орналасуы клиенттердің көптеп келуін қамтамасыз етеді. Яғни адамдар жолға кететін шығындары мен уақытын үнемдей алады. Көптеген адамдар үшін би мектебінің үйден екі қадам жерде жақын орналасуы, оларды сабақтан соң немесе жұмыс уақытынан кейін және үйде отырған қарапайым үй шаруасындағы адамдарға тартымды фактор болып табылады. Аэробикалық және би жаттығулары фитнес пен өзгеде спорт түрлерін алмастыра алады. Әрбір қыз баланың немесе әйел адамның кез келген шағындағы негізгі мәселесі әдемі әрі тартымды болу. Ал би денедегі артық салмақтан айырылуға жақсы көмектеседі.
Би мектебін ашу үшін орынды (би залын) іздестіру барысында, жалға алатын бөлменің жағдайына, оның таза ауамен желдетілу (вентиляция) мүмкіндіктерінің болуына аса көңіл бөлінуі керек.
Би үйретушілердің кадрлық құрамы — Алматы қаласының хореографикалық колледждер мене академия студенттері арасынан іріктеліп алынады.
Маркетинг жоспары
Бәсекелес ортаны қарастырмастан бұрын тұтыну нарығының жағдайына тоқталу керек.
Алдағы жылдары демалыс қызметтеріне соның ішінде би мектептерінің қызметтеріне деген сұраныс ұлғаймақ.
Казіргі таңда арнайы яғни эксклюзивті билерді үйрететін би мектептері танымал болуда. Бірақ Алматы қаласы бойынша би мектептеріндегі бағалар жоғары, қарапайым тұтынушылар үшін қолжетімді емес болып тұр.
2015 ж Алматы қаласы бойынша спорт және демалыс ұйымдарының көрсеткен қызметтері 16 млрд. теңгені құрап отыр. (1-ші сурет қара)
Алматы қаласы бойынша 2015 жылы спорт және демалыс қызметін ұйымдастырудың құрылымында би және балет мектептері қызметінің үлес салмағы 0,8% пайызын құрады. Бұл Алматы қаласындағы спорт және демалыс қызметін ұыймдастыруда би мектептерінің әліде болса да жеткілікті деңгейде дамымағанын және игерілмендігін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, қала тұрғындары мен азаматтар арасында би мектептері мен олардың қызыметі туралы дұрыс ой-пікір қалыптастыру шараларды жүргізуді талап етіп отыр. Ол үшін нақты іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Атап айтқанда:
— мектеп, балабақша, университет және өзгеде оқу орындарында би үйрету мектебінің қызметін жарнамалау;
— буклет, брошюра қағаздарын басу арқылы жарнамалау;
— арнайы журналдар мен газеттер, сайттарда жарнамалау.
Негізі қандайда бір қызмет пен кәсіпті жарнамалау арқылы істі алға қарай жылжытудың негізгі жолы болып табылады. Қосымша жарнамалау ретінде би кештері мен би жарыстарын өткізуге болады. Осындай іс шаралар қатысушыларды ынталандырады.
Бүгінгі күні Алматы қаласында 200 астам би мектептері мен студиялар бар. Алматы қаласының тұрғындарының саны 1,5 миллионнан астам, және бұл көрсеткіш күнен күнге өсуде екенін ескерсек би үйрету мектептері қызметіне сұраныс ұлғайатыны сөзсіз.
Алматы қаласы бойынша би мектептері қызметінің орташа ақысы