Файл: Саба таырыбы Аспапты зерттеу дістері. Модуль пн атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 104

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары


Сабақ тақырыбы

Аспаптық зерттеу әдістері.

Модуль /пән атауы

Аспаптық зерттеу әдістері.

Дайындаған педагог

Салетаев Айбар

20_ жылғы "__" ______

2023 жылғы __

1.Жалпы мәліметтер

Аспаптық зерттеу әдістері.

Курс, оқу жылы, топ

Аспаптық зерттеу әдістері.

Сабақ типі

Симуляция № 25

2. Мақсаты, міндеттер




2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Аспаптық зерттеу әдістері туралы түсінік. Ультрадыбыстық зерттеу әдістерін (құрсақ бөліміндегі мүшелері, зәршығару жүйесі, жүрек, эндокриндік және тірек – қимыл жүйесі) өткізу ерекшеліктері. Зерттеу әдістеріне дайындауда медбике мінез – құлығынын этика – деонтологиялық аспектілері. Пациентті тексеруге және тексеруден кейін шығырып салу немесе тасымалдау.Пациенттерді аспаптық зерттеу әдістеріне дайындаужәне пациент еміндегі диагностика маңызын.

3. Сабақты жабдықтау

Презинтация,дидактикалық метериалдар (тесттер, таблица, бұйырықтар,стандарттар)

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1.Мухина С.А., Тарновская И.И. «Мейірбикелік іс негіздері пәніне практикалық басшылық».

2 баспасы; Баспау- «ГЭОТАР – Медиа», 2014 ж.


3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақталар, видео көрсету,презентациялар


4. Сабақтың барысы


Сабақ

тың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті



Студенттін

әрекеті



Бағалау

(критерии)



Ресурстар


Ұйымдас-тыру кезеңі:

-сәлемдеседі

-топты түгелдейді

-аудитория тазалығын тексереді

-сабақ мақсатын айтады

-сәлемдеседі

-аудитория тазалығын сақтайды

-сабақ мақсатын тыңдайды





Жаңа тақырып-ты талқылау


Аспаптық зерттеу әдістері.:

-оқытушының көрсеткен көмектерін қайталайды

Пациентпен сөйлесу қойлымдар өткізеді


- қосымша №1


Бекіту


-тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды

-ситуациялық есеп беріледі

-тақырыпқа бойынша берілген сұрақтарға жауап береді;

-ситуациялық есептерге , тесттерге жауап береді

-сұрақ жауабын біледі;

-есепке жауап бере алады

-қосымша №2

5. Аспаптық зерттеу әдістері.

Студенттермен сабақ жайлы кері байланыс жүргізу

6. Үй тапсырмасы






Диагностикалық зерттеулерге дайындау тәртібі рентгенологиялық зерттеулерге дайындау ережелері ИРРИГОСКОПИяны орындау үшін пациенттерді дайындау Емдәм

Емшараға дейін бір күн бұрын кез- келген тамақ ішуден бас тартқан жөн.Бір тәулік бойы газсыз, құр таза су ішу керек ( түрлі шырын, сусындар, шәй, кофе тұиынуға тыйым салынады). Бір тәулікте ішкен суының мөлшері 2 – 3 литрді құрау керек. Бір тәулік бойы ашығу арқылы емдәм шарасын қолдану – тиісті емшара кезінде жақсы көрінуін қамтамасыз етудің тек қажеттілігі ғана емес, сондай-ақ жалпы бүкіл ағза үшін пайдалы.

Клизма жасауға дайындау
Клизма жасау үшін (Эсмарх саптыаяғы) мен (35-37ºС) жылу су қажет. Тазартуды емшара басталуына дейін 5-6 сағат бұрын бастау керек. Ирригоскопия шарасын жасау таңртеңге тағайындалған болса, бір күн бұрын кешкісін клизма жасау қажет. Эсмарх саптыаяғын сумен толтырыңыз. Клизма жасау барысында аурытпай, түтік оңай ену үшін, түтіктің ұшын вазелинмен немесе креммен майлау керек. Түтікті анусқа асықпай енгізіңіз, ішек жолдарына су бару үшін, қақпақшаны ашыңыз. Бірінші рет клизма жасаған кезде саптыаяққа 1,5 – 2 литр судың мөлшерінен бастаған жөн. Ішек жолдарына суды енгізгеннен кейін, аяқтарын бүгіп, 5-7 минуттай бір жағымен жату керек, кейін басқа жағына аударылып жату керек. Клизма шарасы барысында ішекке құйылған суы тазарғанға дейін бірнеше рет жасау керек. Таза судың орнына шөптерден (түймедақ шөбінен) ерітінді жасап сумен араластырып қолдануға болады. Егерде клизма емшарасын жасауға қарсы көрсетілімдері болса (геморрой, ішек қабынуы және т.б. проблемалары болған жағдайда), тоқішекті тазартудың өзге де тәсілдерін қолданған жөн. Фортранс препаратын дайындау шарттары
Препараттың мөлшерін дұрыс есептеу үшін, өз салмағын 25 ке бөлу керек, сонымен клизмаға қажетті пакетиктер (сашелер) санын алуға болады. Әрі қарай 1 литр суға 1 саше (пакетик) есебімен ерітінді дайындалады. Әзірленген ерітіндіні әр 15 минут сайын 1 стакан схемасы бойынша ішіп тұрады. Ерітіндінің дәмін жақсарту үшін цитрус жидектерін қоюысыз қосуға болады.

ДӘРІГЕРДІҢ ТАҒАЙЫНДАУЫ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАНАДЫ.

Тұтынуға дейін нұсқауымен мұқият танысып шығыңыз!

БҮЙРЕКТІҢ кеңейтілген РЕНТГЕНОГРАФИясфияына, венаішіндегі урографиясына дайындық

Зерттеуге дейін 1 – 2 тәулікте: рационынан газ түзетін тағам түрлерін алып тастау: нан, сүт, бұршақ тұқымдастар, алма, жүзім. Метеоризм кезінде тәулігіне 3 рет — түймедақ тұнбасы.


Зерттеу барысында: тәуліктің екінші жартысынан сұйықтықты қабылдауды шектеу.
Зерттеу барысында таңертең және кешке: тазартатын клизма.
Зерттеу күні: Зерттеу процедурасының орындалуына дейін су және тамақ ішуге болмайды.

Егер де сіз тұрақты түрде дәрі-дәрмек қабылдайтын болсаңыз, өз дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
Зерттеу алдында: дымқылдануға кеңес беріледі.

БЕЛ ОМЫРТҚАНЫҢ СЕГІЗКӨЗ БӨЛІГІН РЕНТГЕНОГРАФИЯҒА ДАЙЫНДАУ

Тексерілуден 3 күн бұрын барлық тағамдарды тыю керек, аш ішекте жоғары деңгейдегі іштің желденуін тудыратын тағамдардан бас тарту керек ( қара нан, картоп, сүт, қырыққабат)

Науқас іштің желденуіне жиі шағымданса, осы уақытта қосымша белсендірілген көмірді ішу ұсынылады (2-3 таблеткадан күніне 3 рет) немесе Эспумизан. Бел омыртқаның сегізкөз бөлігінің рентгенографиясына 2-3 күнге дейін науқасқа валериан тамырын ішу ұсынылады. Жасы үлкен адамдарға әдетте препаратты тәулігіне 3 рет 15-20 тамшыдан ішу тағайындалады. Ем қабылдаудан 1 күн бұрын кешкі тамақты 19 00 ден кеш ішілмеуі керек. Тексерілу уақытының алдында кешке тазартқыш клизма жасалады. Таңертең тексерілуге дейін қайталауы керек. Тексерілу күні науқас ештеңе ішіп, жемеуі керек. Темекі шегетіндерге темекіден бас тарта тұруы керек.

ІШ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БҮЙРЕКТІҢ ЖӘНЕ ЖАМБАСТЫ КОМПЬЮТЕРЛІК ТОМОГРАФИЯҒА ДАЙЫНДАУ

ТОМОГРАФИЯ ӨТЕР УАҚЫТЫНДА АСҚАЗАН-ІШЕК ЖОЛЫ ТОЛЫҒЫМЕН БОСАТЫЛУЫ ҚАЖЕТ. ДИАГНОСТИКА АШҚАРЫНҒА ЖҮРГІЗІЛЕДІ, ЕГЕР ОЛ:

  • Таңертең жүргізілсе- жеңіл, сұйық кешкі ас ішу ұсынылады;

  • Түс уақытында- 5 сағат бұрын жеңіл таңғы ас ішуге болады;

  • Кешке-науқас жеңіл, сұйық таңғы ас ішіп , түскі астан бас тартуы қажет.

  • Тағам жұтқыншақтан 2 күндей өтетін болғандықтан, осы уақытта, желденуді тудыратын, сонымен қатар ауыр тамақтардан, газды сусындардан, сүт қышқылды, ашытылған көкөністерден, алма мен қырыққабақтан, ашытқыдан жаслған тағамдардан, қиын қорытылатын тағамдардан бас тартқан дұрыс. Процедура алдында тазартқыш клизма жасалады, немесе процедура алдында кешкісін ішекті Фортранс ерітіндісімен тазалауға болады. Қуық аздап толып тұруы мүмкін.

  • КТ-ның алдында кешкі уақытта тең дәрежеде 4 литрге дейін газдалмаған суды, ішінде 20 мл-ден 2 ампула 76 пайыздық ерітілген Урогрофин препаратын ішу керек.

  • Дәрігер нұсқауымен ұсынылады. Қолданар алдында нұсқауды мұқият танысып шығыңыз! Егер сіз қандай да бір дәрілік препаратты ұзақ уақыт ішіп жүрсеңіз, дәрігермен ақылдасыңыз. Қант диабетімен ауыратын науқастар процерудаға 48 сағатқа дейін метаморфин тұтынудан бас тартуы қажет.


ВЕНАІШІЛІК КОНТРАСТТАУ МЕН КТ-ҒА ДАЙЫНДАУ:

КТ-ангиографиясында рентген сәулелері қолданылатынын есептегенде, тамырға контраст жарығы енгізіледі. Бұл процедураның белгілі бір қаупі мен асқынулары болуы мүмкін.

КТ зерттеу жүргізілерде әйел пациенттер диагностиканың асқынуларын алдын алу үшін жүкті болса немесе ана сүтімен қоректендіретін баласы (яғни, контрастты препарат ана сүті арқылы шығарылуы мүмкін) болса дәрігерге хабарлау керек. Контрасттың балаға кері әсерін болдырмау үшін анасы тексеруден өткеннен кейін бірнеше күн, организмнен контраст толығымен шығарылғанша, қосымша, жасанды сүт арқылы қоректендіруі керек және ана төсіндегі сүтті сыздықтатып ағызып алу арқылы сауып алуы керек.

СОНЫМЕН ҚАТАР, ПАЦИЕНТ ДӘРІГЕРГЕ ХАБАРЛАУЫ КЕРЕК:

  • құрамында йоды бар препараттарға аллергиялық реакциясы болса;

  • жүрек жетіспеушілігінен пайда болған жүрек ауруы болса;

  • құрамында метморфины бар қант диабетіне қарсы препараттарды қолданса;

  • бүйрек ауруы болса;

  • бронхты астма;

  • қалқанша безі аурулары болса;

  • миеломалық (қан өндіретін тіндер ісігі) ауруы болса;

  • 3-4 күн бұрын барий, висмут құрамдас препараттармен рентгенологиялық зерттеуден өтсе;

  • денесінде электромеханикалық құрылғылар болса (кардиостимулятор, дефибриллятор, нейростимулятор);

  • клаустофобия болса, яғни жабық кеңістіктен паникалық қорқынышта болса. Мұндай пациенттерге алдын ала тыныштандыратын дәрі беріледі;

  • Мұндай зерттеулер құсу, жүрегі айнуды алдын алу үшін аш қарынға жүргізіледі.

ЗЕРТТЕУ АЛДЫНДА

Бағалы бұйымдарды, металл заттарды үйге шешіп, тастап кету керек

ЕМШАРА БАРЫСЫНДА

Томограф үстеліне пациент қозғалмай жатуы талап етіледі. Шынтақтық венаға контрастты затты енгізу үшін канюля орнатылады. КТ ангиографиясы барысында пациентке жүрек жиырылуын сирететін бета-блокаторды қабылдау сұралады. Компьютерлік томографтың жұмысы толықтай автоматтандырылған, пульт арқылы басқа бөлмеден қадағаланады. Зерттеу барысында дәрігер пациентті арнайы терезе арқылы бақылап, онымен таңдамалы байланыста болады. Аппарат іске қосылғаннан кейін пациентке томографтың шуылы мен тырсылы естілуі мүмкін, бұл дыбыстар аппарат сканерлеп жатқан кезде шығады. Зерттеуді жүргізіп жатқан рентгенолог дәрігер жұмыс барысында пациенттен бірнеше уақытқа демін ұстауын сұрайды.


ЗЕРТТЕУДЕН КЕЙІН

Контрастты препаратты ағзадан тезірек шығару үшін күніне 3-4 литр сұйықтық ішу ұсынылады.

КОНТРАСТТАУМЕН ҚАТАР МРТ-ҒА ДАЙЫНДАУ

Радиолог-дәрігер дұрыс әрі дәл қорытынды жасау үшін және МРТ түсірілімі анық көріну үшін кеуде қуысының органдары алдын ала жақсы дайындалған болуы керек.

Пациент қозғалыс анық көрінетін ыңғайлы металл элементтерінсіз киімде болуы керек.

Көкбауырды, ұйқыбездіжәне бауырды зерттеуден 2-3 бұрын көмірсусыз диета тағайындалады.

Зерттеуден бір тәулік бұрын рационнан газды сусындарды, кофе, шай, көкөніс, жеміс, қара нан және газ мөлшерін көбейтетін тағамдарды алып тастау керек.

Кеуде қуысының МРТ-сын жүргізер алдында 7-8 сағат бойы тамақтанбау керек. Газ пайда болуының алдын алу үшін «Эспумизан» , белсендірілген көмір сияқты препараттар қабылдау керек.

Ал зерттеуден 4-5 сағат бұрын сұйықтықтар қабылдаудан аулақ блолу керек.

Емшара басталуына жарты сағат қалғанда «но- шпа» сияқты тыныштандыратын дәрі қабылдау керек.

АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІНЕ НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ

ҚҰРСАҚ ҚУЫСЫН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ

Тексеріске 1-2 күн қалғанда тамақ рационынан көкөністерді, жемістерді, шырындарды,қара нан мен сүт өнімдері сияқты іштің желденуіне әкелетін тағамдарды алып тастау керек. Зерттеу міндетті түрде аш қарынға жүргізіледі, ас қабылдау мен сусындар ішу – зерттеуге 12 сағат қалғанда тоқтатылуы қажет. Егер зерттеу таңғы уақытта болмаса немесе науқаста инсулинтәуелді қант диабеті болса, онда қантсыз шай мен кептірілген ақ нанды тағамға қосуға болады.

НАУҚАС ӘЙЕЛДЕРДІҢ КІШІ ЖАМБАС МҮШЕЛЕРІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ (ҚУЫҚАРАЛЫҚ АКУСТИКАЛЫҚ ӘЙНЕКТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Тексеріске 1-2 күн қалғанда тамақ рационынан көкөністерді, жемістерді, шырындарды,қара нан мен сүт өнімдері сияқты іштің желденуіне әкелетін тағамдарды алып тастау керек.

Зерттеуге 1 сағат қалғанда сусынды шамамен 1 литрдей ішу керек. Зерттеу толық қуыққа жасалады. Циклдің кез келген фазасында, кейбір көрсеткіштер бойынша белгілі бір фазаларда жүргізіледі.

НАУҚАС ӘЙЕЛДЕРДІҢ КІШІ ЖАМБАС МҮШЕЛЕРІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ (ТРАНСҚЫНАПТЫҚ ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)

Зерттеуді бос қуыққа жасайды. Онымен қоса, зерттеу алдында жыныс мүшелерін гигиеналық тазалау қажет.

ҚУЫҚ ПЕН ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ ( ҚУЫҚАРАЛЫҚ АКУСТИКАЛЫҚ ӘЙНЕКТІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)