Файл: Саба таырыбы Аспапты зерттеу дістері. Модуль пн атауы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 105
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Зерттеуге 1 сағат қалғанда сусынды шамамен 1 литрдей ішу керек. Зерттеу толық қуыққа жасалады.
ҚУЫҚ ПЕН ҚУЫҚ АСТЫ БЕЗІН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ (ТРАНСРЕКТАЛДЫ ЖОЛДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ)
Зерттеу күні таңертең тазартқыш клизманы жасау қажет.
МАММОГРАФИЯ
Етеккір циклі басталғаннан кейін 8-10-күнге жасалады.
ТАМЫРЛАРДЫ – ҚҰРСАҚ АОРТАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАРАУЛАРЫН, ТӨМЕНГІ ҚУЫҚ ВЕНАСЫН (ТҚВ) ЖӘНЕ ЦДК-МЕН БҮЙРЕК ТАМЫРЛАРЫН УЛЬТРАДЫБЫСТЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ДАЙЫНДАУ
Зерттеуге 3 күн қалғанда іш кебуді және ішектегі газ жиналуды болдыратын тағамдарды (сүт, қара нан, картоп, орамжапырақ, жүзім, алма, бұршақ тұқымдастар және т.б.) рационнан алып тастау керек. Зерттеу күні эспумизанды күніне 3 рет тамақтану кезінде 2 капсуладан және таңертең ашқарынға 4 капсула немесе белсендірілген көмірді күніне 3 рет 2 таблеткадан ішу керек. Зерттеу- ашқарынға жасалады.
БАС ПЕН МОЙЫН ТАМЫРЛАРЫН, ШЕТКІ БӨЛІМ АРТЕРИЙЛЕРІНІҢ БАС ПЕН МОЙЫНҒА ДУПЛЕКСТІ СКАНЕРЛЕУІН, ШЕТКІ БӨЛІМ АРТЕРИЯЛАРЫН УДЗГ-ҒА ДАЙЫНДАУ
Зерттеу – тамырларға арналған дәрілік заттарсыз (гипотензивті, тамыркеңейткіш, спазмолитиктер) жүргізіледі. Зерттеуге 6 сағат қалғанда ерекше көрсетулер болмаған жағдайда, аталған дәрілерді қолдануды тоқтату керек.
Егер сіз белгілі-бір дәрі-дәрмектерді үнемі ішсеңіз, онда дәрігермен кеңескен абзал.
СТРЕСС-ЭХОКАРДИОГРАФИЯ ЖАСАУҒА ДАЙЫНДЫҚ
Зерттеуге 24 сағат қалғанда нитраттар тобы мен β-блокаторлар сияқты дәрілік заттар қолданылмайды.
Өзімен бірге бір тәуліктен аспаған «жаңа» ЭКГ болуы қажет.
ЭКГ мен ЭЕМ-нің холтерлік мониторингі болуы керек (егер зерттеу мәліметтері тіркелсе).
Егер сіз белгілі-бір дәрі-дәрмектерді үнемі ішсеңіз, онда дәрігермен кеңескен абзал.
ӨҢЕШТІҢ ЭХОКАРДИОГРАФИЯСЫН ЖАСАУҒА ДАЙЫНДЫҚ
Өңештің патологиялық тарихында өңештің ЭхоКГ-не дейін болса, онда фиброгастроскопия немесе контрастирлеумен бірге өңеш рентгеноскопиясын жасау қажет. Зерттеу жасалатын күні 8 сағат қалғанда сусын мен тағамды ішпеу керек, яғни зерттеу ашқарынға жасалады.
Өңештің ЭхоКГ-сы алдында өңеште арнайы құрылғының болуына байланысты ауырсынуды максималды басу үшін медикоалды шаралар жасалынады:
1.Бұлшықетке құсуға қарсы Церукал деген дәрі енгізіледі;
2. Қажет жағдайда седативті әсер ететін сибазон, реланиум сияқты дәрілер пайдаланылады.
ТРЕДМИЛ ТЕСТІН ӨТКІЗУ ҮШІН ЖАСАЛАТЫН ДАЙЫНДЫҚ
Тексеріс алдында науқасқа алдымен диагностиканың басқа түрлерінен өту керек, мәселен, ЭКГ, холтерлік (1 тәулік) ЭКГ мониторингі, жүректің УДЗ-ы.
Зерттеуге бір тәулік қалғанда дәрігердің рұқсатымен ЖСЖ-не әсер ететін және коронарлы қантасымалдауды жақсартатын ( β-адреноблокаторлар, нитроглицерин және оның аналогтары) дәрмектерді пайдаланбайды.
эндоскопиялық зерттеулерге дайындық ережесі
колоноскопияны орындау үшін пациенттерді дайындау
Фортранс дәрі-дәрмегімен ішекті дайындау клизмасыз колоноскопияға дайындықтың маңызды стандарты болып саналады. Фортранстың орнына Лавакол немесе Флит фосфо-сода дәрі-дәрмектерін қолдану мүмкін.
Дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауымен қолданылады.
Қолданар алдында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз!
Зерттеуге дейін 3 күн алдын: қалдықсыз емдәм ұстану.
Зерттеуге дайындық күні эндоскопия қарсаңында: түссіз сұйықтықтарды күні бойы шексіз мөлшерде ішу.
18.00-20.00: Фортранс 2 л (1 қапшық 1литр суда сұйылтылады, сұйықтықтың мөлшерін азайтуға болмайды). Ерітіндіні әр 15 минут сайын 250 мл-ден бірте-бірте ішкен жөн.
Ерітіндіні қабылдағаннан кейін шамамен 1 сағаттан соң ауыртпалықсыз сұйық дәрет пайда болады. Фортранстың соңғы мөлшерінен кейін 2-3 сағаттан соң ішектің босауы түссіз немесе аздап боялған сұйықтықтың бөлінуімен аяқталады.
19.00: Эспумизан дәрі-дәрмегінің 30 мл
Зерттеу күні:
5.30-7.30: Фортранс 2 л
6.00: Эспумизан 30 мл (сумен ішуге болады).
Фортрансты қабылдауды зерттеудің басталуына дейін 3-4 сағат алдын аяқтау ұсынылатындағын есте сақтау маңызды!
Егер колоноскопия таңертеңге тағайындалған болса, онда дайындық 14.00-ден кешіктірілмей Фортрансты қабылдаудың басталуы қарсаңында жүргізіледі, 4 л ерітіндінің барлығын ішу қажет.
Фортрансты қабылдау барысында жүру, денемен айналмалы қозғалыс және іштің алдыңғы бөлігіне жеңіл массаж жасау ұсынылады. Дәмін жақсарту үшін жұмсақ етсіз цитрус шырынын ерітіндіге қосуға болады.
ЭЗОФАГОГАСТРОДУОДЕНОСКОПИяға, БРОНХОСКОПИяға, ЭРПХГ-ға пациенттерді дайындау
Зерттеу қарсаңында соңғы тағамды қабылдау сағат 18-19.00-ден кешіктірілмеу ұсынылады, зерттеу күні ештеңе ішуге және жеуге болмайды (соның ішінде және таблеткалық дәрі-дәрмектерді де), шегуге болмайды. Зерттеу аш қарынға жүргізіледі.
Егер сіз үнемі қандай да бір дәрі-дәрмектерді қабылдайтын болсаңыз, өз дәрігеріңізбен ақылдасыіыз.
РЕКТОСКОПИяны және АНОСКОПИяны жүргізуге пациенттерді дайындау
Зерттеуді жүргізуге дейін бір тәулік бұрын қалдықсыз емдәм ұсынылады.
Кеш қарсаңында микроклизма орындалады: Микролакстың 1шприц-тюбигі. Таңертең зерттеу күні: Микролакстың 1шприц-тюбигі. Микролаксты қабылдағаннан кейін тоқ ішектің сол жақ жартысы құрамындағысынан жақсы босап, тік және сигматәрізді ішекті егжей-тегжейлі қарауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ колоноскопия үшін Фортранс, Лавакол, Флит фосфо-сода дәрі-дәрмектерімен дайындық мүмкін.
Дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауымен қолданылады.
Қолданар алдында нұсқаулықпен мұқият танысыңыз!