Файл: 1. Тосанды жиынты баалауды масаты 3.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 568

Скачиваний: 14

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
МАЗМҰНЫ

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

3. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша күтілетін нәтижелер 3

4. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі 4

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды 6

бөлу 6

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 7

7. Модерация және балл қою 7

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 8

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 24

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 33

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған. Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы

3. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша күтілетін нәтижелер

Білу

  • қарапайым математиканың, статистиканың және ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарын;

  • сандар жіктемесін;

  • нақты сандармен есептеу амалдарын;

  • қарапайым математиканың негізгі формулаларын;

  • функция ұғымын, оның қасиеттері мен графигін;

  • алгебралық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін;

  • статистикалық деректерді жинау және өңдеу әдістерін;

  • қолданбалы есепті шешу үшін математикалық модельді пайдалану алгоритмін.

Түсіну


  • математиканың академиялық тілін;

  • санды стандартты түрде жазу тәсілін;

  • квадрат үшмүшенің түбірлері мен коэффициенттері арасындағы байланысты;

  • түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын;

  • таңдау және бас жиынтықтың сандық сипаттамаларының мағынасын;

  • сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде

берудің рөлін.

Қолдану


  • практикалық есептерді шешуде математикалық білімін;

  • математикалық есептерді шешу алгоритмдерін;

  • түпмәтінге сәйкес математикалық терминологияны;

  • нақты сандарды есептеу амалдары;

  • ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді;

  • түрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді;

  • математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын және бағдарламалық қамтылымды.

Талдау


  • заңдылықтарды талдайды және олардың негізінде математикалық модельдер құрастырады;

  • статистикалық деректердің берілуінің түрлі нысандарын пайдаланып, статистикалық деректерді;

  • рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулерді; теңдеулерді, теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді;

  • функциялардың қасиеттерін;

  • математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын;

  • графика, диаграмма және әртүрлі сызбалар түрінде ұсынылған деректерді және олардың нәтижелерін.

Жинақтау


  • математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін;

  • статистикалық деректерді өңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды.

Бағалау


  • есептің түпмәтініне қатысты есептеулер нәтижесін;

  • берілген параметрлердің мәндеріне байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын;

  • шамалардың жуық мәндерін және олардың стандартты түрде жазылуын;

  • жүргізілген тәжірибелер санының артуына байланысты оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін.

4. «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі


Ойлау дағдыларының

деңгейі

Сипаттама

Ұсынылатын тапсырмалар түрлері

Білу және түсіну

Алғашқы функция және анықталмаған интеграл анықтамаларын біледі, математикалық статистиканың негізгі терминдерін білу және түсінеді, n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін біледі, рационал көрсеткішті дәреже анықтамасын және қасиеттерін біледі, дәрежелік функция қасиеттерін біледі

Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ)

және/немесе

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін

тапсырмалар



Қолдану

Айнымалыны алмастыру әдісімен интегралды есептейді, негізгі анықталмаған интегралдарды білу және оларды есептер шығаруда қолданады, бөліктеп интегралдау әдісімен интегралды есептейді, берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептейді, айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолданады, дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдейді, берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдайды,

таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалайды, алгебралық өрнектерді түрлендіру үшін рационал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданады, иррационал өрнектерді түрлендіру

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмалар, толық

жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар




үшін n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолданады, иррационал өрнектерді түрлендіру үшін n-ші дәрежелі түбір қасиеттерін қолданады, нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысын табу ережелерін біледі және қолданады, нақты көрсеткішті дәрежелік функцияның интегралын табу

ережесін біледі және қолданады,

иррационал теңдеулер жүйелерін шеше алады, иррационал теңсіздіктерді шеше алады, алгебралық түрде берілген комплекс сандарға арифметикалық амалдар қолданады, алгебралық түрдегі комплекс санды бүтін дәрежеге шығарғанда мәнінің заңдылығын қолданады, квадрат теңдеулерді комплекс сандар жиынында шешеді, көрсеткіштік функция қасиеттерін есептер шығаруда қолданады, логарифм қасиеттерін біледі және оны логарифмдік өрнектерді түрлендіруде қолданады, логарифмдік функцияның туындысын табады, көрсеткіштік теңдеулерді шешу әдістерін біледі және қолданады, логарифмдік теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шеше біледі, дифференциалдық теңдеулердің жалпы және дербес шешімдері анықтамаларын біледі, айнымалылары ажыратылатын дифференциалдық теңдеулерді шешеді, физикалық есептерді шығаруда дифференциалдық теңдеулерді қолданады, екінші ретті біртекті сызықты дифференциалдық теңдеулерді шешеді (ay''+by'+cy=0 түріндегі ,мұндағы a,b,c тұрақты шамалар); гармоникалық тербелістің теңдеуін құрады және шешеді.




Жоғары деңгей дағдылары

анықталған интегралды жұмыс пен арақашықтықты есептеуге берілген физикалық есептерді шығару үшін қолданады.

Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмалар, толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады

5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды

бөлу


Тоқсан

Білу және түсіну

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

I

17%

75%

8%

II

33%

67%

0%

III

38%

62%

0%

IV

33%

34%

33%

Барлығы

30%

60%

10%

6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Жиынтық бағалауды орындауға ой салатын кез келген көрнекі материалдар: диаграммалар, схемалар, постерлер, плакаттар және карталар жабылған оқу кабинетінде өткізіледі. Жиынтық бағалау алдында нұсқаулық оқылады және оқушыларға жұмысты орындауға қанша уақыт бөлінгендігі хабарланады. Жұмысты орындау барысында оқушыларға бір бірімен сөйлесуге болмайды. Жұмысты орындар алдында оқушылардың нұсқаулық бойынша сұрақтарды қою құқығы бар. Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға міндетті, бір біріне көмектесуге құқықтары жоқ. Жиынтық бағалау уақытында оқушыларға қосымша ресурстар: оларға көмек болатын сөздік немесе анықтамалық құралдар (егер, спецификация бойынша ресурсқа рұқсат берілмесе) қолжетімді болмауы қажет. Шешу жазбалары ұқыпты болуы қажет. Оқушыларға дұрыс емес жауаптарды өшіргішпен өшіргеннің орнына сызып тастауға болады. Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталысымен, оқушылар жұмысты уақытында аяқтап және қаламдарын\ қарандаштарын партаға қоюы қажет.

7. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут Балл саны – 25 Тапсырма түрлері: КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар. Жиынтық бағалаудың құрылымы Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларға оқушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға оқушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда оқушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Оқушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Берілген тоқсан бойынша жиынтық бағалауда оқушыларға калькулятор қолдануға рұқсат етіледі. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

Бөлім

Тексерілетін мақсат















Алғашқы функция және интеграл



11.4.1.1 алғашқы функция және

анықталмаған интеграл анықтамаларын білу

Білу және түсіну

1

3a

ҚЖ

1 минут

1

16

11.4.1.4 айнымалыны алмастыру әдісімен интегралды есептеу

11.4.1.3 негізгі анықталмаған интегралдарды білу және оларды есептер шығаруда қолдану

Қолдану

3b

ТЖ

2 минут

1

11.4.1.2 - анықталмаған интеграл қасиеттерін білу және қолдану

11.4.1.5 бөліктеп интегралдау әдісімен интегралды есептеу

Қолдану



ТЖ

6 минут

3

11.4.1.8 берілген сызықтармен шектелген жазық фигураның ауданын есептеу

Қолдану

1

4

ТЖ

8 минут

4

11.4.1.9 айналу денесінің көлемін анықталған интеграл көмегімен есептеу формуласын білу және қолдану

Қолдану

1

2

ТЖ

6 минут

4

11.4.2.1 анықталған интегралды жұмыс пен арақашықтықты есептеуге берілген

физикалық есептерді шығару үшін қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ТЖ

4 минут

3

Математи калық статистик

а

элементте

рі

11.3.3.1 математикалық статистиканың

негізгі терминдерін білу және түсіну

Білу және түсіну

1

5

КТБ

1 минут

1

9

11.3.3.2 дискретті және аралық вариациялық қатарларды құрастыру үшін таңдаманы өңдеу

Қолдану

2



ҚЖ

2 минут

2




Қолдану

6, 7 (b,c)

ТЖ

10 минут

6




11.3.3.3 берілген шартқа сәйкес вариациялық қатарлардың деректерін талдау

11.3.3.4 таңдама бойынша кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамаларын бағалау

Қолдану



















Барлығы:





7





40 минут

25

25

Ескерту:* - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер