ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 78
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эстафеталық жарыс.
Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Эстафетаға қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру.
Методикалық әдіс: Ойын эстафета, эстафета мазмұны, түсіндіру, үйрету.
Көрнекіліктер: Шана, аққала, қар, күрек, қар үйінділері, қар кесетін ағаш құралдар.
Эстафетаның жүру барысы:
Жүргізуші: Балалар шеңбер бойында бір- бірімізге тілек айтайық
Тілек шеңбері
Балалар алаңда дөңгеленіп шеңбер жасап тұрып, бір-бірінің алақандарын беттестіріп тілектер айтады.
1. Ауамыз таза болсын
2. Денсаулығымыз мықты болсын
3. Ойын қызықты болсын
4. Жарыс көңілді болсын
5. Жеңімпаздар көп болсын
Балалар музыка ырғағымен айналып жай жүріп, сонан соң жүгіріп келіп, аяқ-қол блшықеттеріне арналған сергіту жаттығуларын жасауды.
Қозғап барлық денеңді
Қолды қатты соқ енді.
Тақылдатпай таяқты
Ақырын бас аяқты.
Иықты артқа ысырып,
Басты төмен саламыз.
Жаттығу жасап осылай,
Біз шынығып аламыз.
Жүргізуші: Балалар, эстафетаға ұпай қойылады, сондықтан ұпай қоятын әділ қазылар алқасымен таныстырайын
Балабақша директоры: Жанбосынова Л.C.
Әдіскер: Шешенбаева Ә.А.
Эстафета түрінде өтетін болған соң, балаларды екі топқа бөлеміз.
Тұлпар тобының мүшелері: Махамбет, Ердәулет, Ерасыл, Салтанат, Ақерке, Айқын.
Сұңқар тобының мүшелері: Парасат, Мунира, Айдын, Қуандық, Мерей, Мадияр.
Ойын №1 «Жолды қардан тазарту».
Мазмұны: Балалар қолдарына күрек алып екі жақтан қарсы жүріп, жолды қардан тазартады. Қай топтың балалары жолды ұзын етіп тазартса сол топ жеңеді.
Ертегі кейіпкерлері қонақта.
«Үйшік» ертегісінен Аю келіп балалардан өзі сыйатын үйшік жасап беруін өтінеді.
Ойын №2 «Үйшік жасау».
Мазмұны: Қар кесінділерінен кішкене үйшік тұрғызу. Қай топ бұрын болса, сол топ жеңген болады.
Ойын №3 «Шанамен жарысу».
Мазмұны: Екі топтың үлкен балалары бір баланы шанаға отырғызып сүйреп мәре сызығына дейін жарысады. Ойынға балалар түгел қатысады. Қай топ бұрын жетеді, сол топ жеңеді.
Балалар, біз келесі ойынды ойнамас бұрын жұмбақ шешейік.сол жұмбақтың шешуі арқылы келесі ойынымыздың атауын анықтаймыз.
Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан жасалар,
Тауып көрші сен оны.
(аққала)
Ойын №4 «Аққала».
Мазмұны: балалар дайын тұрған қардан аққала құрастырады.Оның көзін, мұрнын, аузын жапсырады. Басына телпек кигізіп, қолына сыпырғыш ұстатады. Қай топтың балалары бұрын болса, сол топ жеңеді.
Ойын №5 «Көпір жасау».
Мазмұны: Қар кесінділерін 2 қатар етіп жерге (2метр ұзындықта) төсеу. Бір бала қарды жерге қойып тұрады, басқалары қарды жалғап, жеткізіп тұрады. Қай топ бұрын болса, сол топ жеңеді. Ойын соңында балалар шанамен биік қардан төмен қарай сырғанап ойнайды.
Қорытынды
Жүргізуші: Эстафетаға балалар өте жақсы қатыстыңдар. Ал,ендеше әділ қазылар алқасы әділ бағаларын беріңіздер. Әділ қазылар алқасы балаларды мадақтап, эстафетаны қорытындылап, балаларды марапаттау үшін қыс кейіперлері келіп, сыйлықтар таратып балаларды риза қылады.