Файл: Эмпатиясын дамыту.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 77

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тренинг – кәсіптік және тұлғалық қарым-қатынастағы құзіретті дамытуды көздейтін интерактивті оқытудың бір түрі. Тренинг көпшілікті оқытудың әдісі.Оқушылар тәрбиесінде тренингтің көмегі зор.

Тренинг - әмбебап әдіс болып саналады. Өйткені оны мектеп оқушыларымен де, жасөспірімдердің арасында да, ата – аналармен, мұғалімдермен жұмыс жасағанда да қолдануға болады.

Психологиялық, әлеуметтік, мәдени тренингтер белгілі ортадағы мәселелер мен қиындықтарды түзетуге, өзін - өзі шығармашылық тұрғыда дамытуға, тұлғаның әлеуметтік ортада өзіндік реттелуіне мүмкін болатын қажетті жағдайды туғызуға көмектеседі.Тренингті өзіне тән ерекшеліктеріне, мақсатына, шартына қарай таңдап алу қажет. Тренинг оқушылардың қызығушылықтарын арттыра алатындай, өз ойларын ортаға еркін сала алатындай жағдайда өткізілуі тиіс. Ендеше, әртүрлі жағдайда өткізілетін тренингтер түрлерін ұсынып отырмын. Тренинг барысында қаралып шешілетін міндеттер:

  • Тиімді қарым-қатынасқа машықтану (байланыс құру, қосылып отыру, белсенді тыңдау, өз пікірін толыққанды білдіру);

  • Эмпатиясын дамыту;

  • Сенімсіздіктен, қобалжудан, қорқыныштан, қарым-қатынастағы қиындықтардан арылу;

  • Тиімді қарым-қатынасқа деген дайындығын дамыту;

  • Айналадағылармен қатынаста адамгершілікті дамыту;

  • Тыңдай білу, жанашырлық, дауды жеңу, іскерлігін игеру;

  • Тренингке қатысушылардың мәдениетін қалыптастыру;

  • Байланыс жасау іскерлігін меңгеру;

  • Өзгелердің қызығушылығымен санасу және оны есепке алу іскерлігін қалыптастыру;

«Құрметті қонақ» тренингі.

Мақсаты: Қатысушылардың әртістік шеберліктерін шыңдау, басқалармен қарым–қатынас жасай білу қабілеттерін арттыру. Жетекші ойынның мәнін түсіндіреді. Қазір арамыздағы бір адам осы ортадан сыртқа шыға тұрады. Біз шақырмайынша кірмейді. Қалған адамдардың бесеуі ойынға қатысатын әр адамның мінез-құлқын бағалауға әділқазылар құрамын құрады. Есіктің сыртындағы адам – біздің құрметті қонағымыз. Ол шетелдік, өзінің және біздің халық аралығындағы шынайы қатынасты дамытуға белгілі үлесін қосқан тұлға. Шетелдік адам алдын ала өзін кез-келген ұлтқа тиістілігін анықтап алып, қай ұлттың өкілі екенін таныстырады. Арамыздағы бір адам сол қонақты алып жүруші. Әрі біздің қонағымыздың тілмашы, осы ортаға ертіп келеді.Әрі қарай әр адам қонақпен қол алысып, одан бір нәрсені сұрап, әнгімелесіп,қалай да оның ішін пыстырмаудың амалын ойлау керек. Әділқазылар алқасы бір-бірімен байланыспай, шешім қабылдап, қай адам өзін қонақпен араласуда салқындық көрсетіп, қысылатын болса, оған ұпайды төмен қояды. Әділқазылар бағалары бойынша орта арифметикалық бағаны қатысушының әр қайсысына шығарады».


Талқылау:

  • Қарым-қатыныста қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

  • Егер осы ойынды қайталасақ, Сіз өзіңізді жеңіл, еркін ойнайсыз ба?

  • Мінез-құлқыңыздың бағытын өзгертер ме едіңіз?

«Таңдау» тренингі.

Мақсаты: Мақал - мәтелдердің, өсиет сөздердің мағынасын түсіне білуге, өз ойларын ортада еркін жеткізе білуге жағдай жасау. Топ мүшелері орындарынын тұрады. Орындықтарды екі жақтағы қабырғаға тізбектен орналастыру қажет. Жетекші қатысушыларға тапсырманы түсіндіреді. Сіздер ұрпақтан-ұрпаққа таралған, ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіндегі өсиет сөздермен, мақал-мәтелдердің сан түрін білесіздер. Қазір олардың кейбіреуін оқып беремін. Егер оның мазмұнымен келіссеңіз, оң жақта орналасқан орындыққа отырасыз. Ал келіспесеңіз – сол шеттегі орындықтарға отырасыз. Ортада қалмауы керек. Сіз жауаптың тек біреуін (келісемін немесе келіспеймін) таңдауыңыз қажет.

1. Жер тағдыры – ел тағдыры.

2. Әр адам өз халқының жасаған қателеріне кішкене болса да кінәлі.

3. Бір дінге сенген халықтардың бір-бірін түсінуі оңай.

4. Жаңбырсыз – жер жетім,

Басшысыз – ел жетім.

5. Бірлік бар жерде – тірлік бар.

6. Адамның ұлтынан әрқашан оның халқын көруге болады.

7. Есің бар да еліңді тап.

8. Адам өзін қандай да бір халықтың бөлігі ретінде сезіну қажет.

9. Ер – елдің қорғаны.

10. Әрқашан адам өз ұлты туралы есінде сақтау керек.

11.Халықтар арасындағы өзара ұғыну, олардың қандай дінге сенуіне байланысты емес.

12. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

13.Өз халқыңның өмірдегі салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыпын ұстауға тырысу керек.

14. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің.

15. Жер көркі-гүл, ел көркі-қыз.

16. Наннан үлкен ұлық жоқ т.б.

Қатысушылар екі топқа бөлініп, талқылау жүргізіледі. Жүргізуші топтың біреуіне мақал-мәтелдің, өсиет сөздердің мағынасын түсіндіруді талап етеді. Мұндай жаттығу ішкі бағыттың анықталуына, өз ойын жеткізуін қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Жаттығу: «Сиқырлы орындық»

Мақсаты: Қиын тапсырманы орындағаннан кейін топтағы қысымды шығару; ортада жаттығуды орындауда назар аудартқан қатысушылардың жетешілік деролизациясын жүргізу. Ортада жаттығуды орындауда аса назар аударқан қатысушыны сиқырлы орындыққа отырғызу керек. Орындықтың сиқырлылығы мынада: орындыққа отырған адамның еш кемшілігі жоқ. Тек мінезінде жағымды қасиеттері бар.Барлық топ мүшелеріне өздерінің білетін, осы адам туралы ойлайтын пікірлерін, барлық мейірімділігін айту ұсынылады. Егер жаттығу баяу, нашар жүрген жағдайда жүргізушінің өзі белсенділік көрсету керек. Содан кейін, бәріне ризашылығын білдіріп, орындықтағы адам басқалар ойларын айтқан кезеңде өзі не сезгені жайлы айтып беруді сұрау тапсырылады. Егер өз еркімен отырғысы келетіндер бар болса, жаттығуды жалғастыруға болады. Соңында ол адамға да қалай әсер еткені жайлы сұрау қажет.



Талқылау: Әр адамнан бұл жаттығу не үшін жүргізілгені сұралады.

«Суретші» тренингі.

Мақсаты: Қатысушылардың сезгіштік қабілеттерін арттыру. Қатысушылар жұптасып тұрады. Оларға серіктестің арқасындағы қағазға қолымен қалаған суретті салу керек. Әрі екінші адам не салғанын шешуі қажет.

Талқылау:

  • Денеге қолдың тигені ұнайды ма?

  • Жағымсыз қандай сезім болды?

  • Серіктесті түсінуге не кедергі жасады (тұлғалық қабылдау ма, қолдың тиген кезеңі ме?)

  • Қарым-қатынаста қалай кедергі жасайды?

«Қарым- қатынас» тренингі.

Мақсаты: Жаңа ортаға келген оқушыларға тренинг жүргізе отырып, оларды бір-біріне деген түсіністікке, достыққа, жолдастыққа, қарым-қатынастың қалыптасуына әсер ету.

Міндеті: оқушылардың бір-біріне деген қарым-қатынасын жақсарту, адамгершілік қатынастарын қалыптастыру арқылы тұлғаның өсуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне және жетілуге ынталандыру.

Тренинг жүрісі: Қайырлы күн, оқушылар! Бүгін біз сіздің сыныпқа сәті түсіп, тренинг өткізбекшіміз. Сіздер жалпы тренингке қатысып көрдіңіздер ме? Қатысып көрмесеңдер сіздерге үлкен мүмкіндік туып отыр. Бүгін біз сіздің топтың бағалауы арқылы өзіңді жақсы түсінуге мүмкіндік алып қана қоймай, бұл тренинг сіздің бір-біріңіздің арасында түсіністік, жолдастық, достық қарым-қатынастың қалыптасуына әсерін тигізеді деп ойлаймыз.

Жалпы тренингімізді қарым-қатынас дегеніміз не деген сұрақтан бастасақ? Ия, дұрыс айтасыңдар,өзгелермен қарым қатынас жасау-бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алу деген сөз. Әрине қарым-қатынас ақпарат алумен шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсекте, лекция тыңдасақ да, телефонмен хабарлассақ та, дос-жаранмен сөйлессек те – осының бәрі қарым-қатынастың сан алуан қыры. Солай емеспе келісесіңдер ме? Ендеше бұл ұғымды түсіну үшін, біз алғашқы ойынымызға кезек берейік:

«Көңіл-күй» жаттығуы.

Жүргізуші: бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелеулерің керек.

  • Қабағы түйілген, ашулы адамның кейіпі;

  • Қасқырдан қорықан қоянның;

  • Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсетіңіз;

  • Ұядан тұсіп қалған балапанның бейнесін көрсетіңіз;

  • Мысықтан қорыққан тышқанның;

  • Жәй күліп тұрған қыздың бейнесі;

  • Қатты күліп тұрған қыздың бейнесі;

  • Иттен қорыққан баланың бейнесі;

  • Жылап тұрған баланың бейнесін көрсетіңіз.

«Кім жоғын табу» ойыны.


Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек. Осы уақытта жүргізуші бір баланың иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенін тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып алса, сол жеңімпаз болады. Ойын есте ұстау қабілетін және бақылауды тексереді.

«Тазару» Реалаксация.

Өзіңізді жас баланың кейіпінде елестетіңіз. Жақындап көзіне терең үңіліңіз. Көздің тереңдігіндегі мұңды көруге тырысыңыз, өйткені бұл сізге деген махаббат мұңы. Әлгі кішкентай баланы өзіңізге жақын тартып, кеудеңізге қысыңыз. Сондай жақсы көретініңізді айтыңыз. Оның ақылына бас иетініңізді, қателіктер жіберсе де, жөндей білетін жан екеніңізді айтыңыз. Шындығында, бәрі де қателеседі. Қандайда бір көмек керек болса, қасынан табылатыныңызды айтыңыз. Енді осы баланы кішірейтіңіз, бұршақтай болып кішірейгенде қолыңызға алыңыз да, жүрегіңізге басыңыз, онда бүкіл әлемді тазартатын махаббат бар. Денеңізге жылу тарап, мамыражай рахатты сезініңіз. Өміріңіздің басқа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз.

«Тірек нүктесі» ойыны.

Мақсаты: оқушылардың тіл байлығын дамытумен қатар бір-бірімен жақсы қарым-қатынасын жақсартып, еркін сөйлеуге дамыту.

Барысы: Әр оқушы өз бойындағы жақсы, жаман қасиеттерін тіке, сеніммен айту қажет. Алайда сіздер «бірақ», «егерде», «мүмкін» деген сөздерді қоспай айтулары керек. Көрермендер қатысушыларға өз пікірін айтуға құқы жоқ.Оқушы бойындағы аталған жақсы қасиеттерге, яғни тірек нүктелеріне, күшті жақтарына түсінік беру міндетті емес. Оған сенудің өзі жеткілікті.

«Жақсы тілектер» ойыны.

Мына менің қолымдағы сиқырлы гүл, яғни бұл гүлге жақсы тілектер сыйласаңыз олда сізге өз жүрек жылы сөздерін тілейді. Ендеше барлығымыз бір-бірімізге жақсы тілектер тілейік. Мен қазір мына гүлді сол жақтағы оқушыға өз жақсы тілегімді айтып

беремін, сол жағыма беруімнің себебі, адам баласының жүрегі сол жағында болғандықтан мен өзімнің жүрек жылы сөзім және тілегімді білдіремін. Ойын осылай жалғасады.

«Сыйлық» жаттығуы.

Мақсаты: Жағымды көңіл - күй орнату. Өзгелерді қуанта білу сезімін қалыптастыру. Топтағы қатысушылардың әрқайсысы бір-біріне сыйлық сыйлайды. Сыйлықты сыйлау былай басталады: «Менің сізге сыйлығым - ...» Неге сыйлаймын? Не үшін? – деген сұрақтарға жауап беріледі.Тренинг рефлексиямен аяқталады.

«А д а м - с а н» тренингі.

Мақсаты: Бейненің визуалдылығы бойынша қабілеттерді дамыту, шығармашылық тапсырма бере отырып, интеллектуалды, еріктік,
эмоцияналды функцияларын стимулдеу, ойдың қарапайым түрінен күрделі түріне өтуіне әсер ету;

Ресурстар: Кең бөлме немесе ашық алаң.

Уақыты: 7-15 минут

Жаттығу барысы: Араларыңыз 1,5 метрдей қашықтықта болатындай қатарға тұрыңыздар. Мен сіздерге 1-ден 9-ға дейінгі сандарды атаймын. Сіздердің міндеттеріңіз: сол сандарды денеңіздің көмегімен көрсету, отырып тұрып, жатып тұрып көрсетесіз бе өз еркіңіз. Ең бастысы –математикалық сандар мен денеңізбен көрсетіп тұрған сандардың сәйкестігі. Келесі кезеңде жұптасып тұра қалады да, оларға 2 мәнді сандар айтылады, 3 мәнді сандарды атағанда үш-үштен тұрғаны дұрыс. Ескерту: шығармашылықты дамытып қана қоймай, бұл ойын достық қарым-қатынасты қалыптастыруға көмектеседі, сонымен қатар дене бұлшық еттері бақылауды дамытады.

Талқылау:

  • Сізге бұл ойын несімен ұнады?

  • Ойынды ойнағанда сіз қандай қиыншылыққа тап болдыңыз.

«Әріптер әлемі» жаттығуы.

Нұсқау: «Қалампыр» сөзі беріледі. Осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет (уақыты – 3 минут). Сөз құрауда бір әріпті 2 рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі. Және оқушы оған өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы 9 және одан көп сөз. Орташа деңгей – 7 – 8 сөз. Төменгі деңгей – 6 және одан аз сөз.

«Заттың қолдану тәсілдері» жаттығуы.

Мақсаты: зейін шоғырландыру, құбылыс (заттардың) қалыптан тыс мүмкіндіктерін ашу арқылы ойлау қабілетін дамыту.

Нұсқау: жақсы танымал бір сөз беріледі, мысалы: «кітап» сөзі. Заттың қалыптан тыс неғұрлым көп қолдануаясын айту керек. Кітапты оқиды, бір нәрсенің астына қоюға болады, қажетті қағаздарды көзден таса зат ретінде жасыру мақсатында қолдануға болады,т.б. сондай –ақ , тіс щеткасы, бөтелке, тоқыма сымы, т.с.с. сөздерді пайдалануға болады. Бірақ заттарды адамгершіліксіз, жыртқыштық жолмен қолдану тәсілдерін айтуға тыйым салынады.

«Артық сөзді тап» жаттығуы.

Мақсаты: ойлау қабілетін, ұқсастықтарға жіктей білу қабілетін дамыту.

Нұсқау: кез – келген 3 сөз беріледі, мысалы: «ит», «қызан», «күн». Белгілері арқылы ұқсастықтары бар 2 сөз қалдырылады да, артық сөзді алып тастау керек. Қалған 2 сөздің өзара ұқсастықтарын, алынып тасталған сөзден айырмашылығын неғұрлым көбірек атау керек. Мысалы: «ит» сөзі артық, «қызан», «күн» сөздері қалдырылады, өйткені олар: дөңгелек, қызғылт, сүтқоректі емес, адамдарға қуат береді. Қалыптан тыс, нақты шешімдер қабылданады (бұлт, мақта, дән), т.б.