ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 76
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Заттардың қасиеті» жаттығуы.
Мақсаты: ойлау жылдамдығын дамыту, ес қабілетінен ақпарат жылдамдығын алу, жаңа аймақтарға өту қабілетін сезіну. Құрал – жабдықтар: доп.
Нұсқау: қатысушылар шеңбер құрап тұрады.
Жүргізуші: «бұл доп «апельсин». Қазір біздер допты бір – бірімізге лақтырып, оның қандай апельсин екендігін атаймыз. Ойынға бәрі де қатысуы керек. Аталған сапаларды қайталауға болмайды. (дөңгелек, сары, бұжыр, сулы, тәтті, қышқыл, әдемі, симметриялы, т.б.) және басқа да сөздерді (күн, т.б.) қолданылады.
«Өрмекші торы» жаттығуы.
Ол үшін бір дөңгелектенген жіп орамасы қажет.Барлық қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші: «қазір әрқайсысыңыз өз есімдеріңізді атап және өзіңіз жайлы қысқаша ақпарат беруге мүмкіндіктеріңіз бар. Мысалы,саған немен айналысқан ұнайды,сүйікті тағамың немесе ойының қандай?» Өздеріңіз жайлы не айтқыларыңыз келеді? Соны ойланыңыздар.Жүргізуші жаттығуды бастап,атын атап және өзі жайлы шамалы айтады да жіптің бос ұшын ұстап қалып, жіптің орамын қарама –қарсы тұрған қатысушыға лақтырады.Барлығы айтып болғаннан кейін жіп орамы кері «Мен мынадан құтылғым келеді...» деп жиналады.Барлығы бір-біріне қол шапалақтайды.Берілген жаттығудан кейін қатысушылар автобусқа қарай бет алады. Кірерде әрқайсысы ерекшелік белгісіне ие болады.
«Шатасқан шынжырлар» жаттығуы.
Қатысушылар шеңбер жасап тұрады,көздерін жұмып алға оң қолдарын созады.Созылған қолдар бір-бірін ұстайды.Екі қолын басқа адамның қолдарымен ұстасуы керек.Жүргізуші қолдардың бірігуіне және әркімнің екі адамның қолынан ұстағанын қадағалайды.Қатысушылар қолдарын ашады.Олар қолдарын бір-бірінен жібермей ұстай тұра шатаспақты шешуі керек.Қауіпсіздік ретінде қолдарды қалпынан ауыстыруға рұқсат беріледі.Нәтижесі: шеңбер болып немесе бірнеше адамнан құрылған шағын шеңберлер,сақиналар,бірнеше тәуелсіз шеңберлер және жұптар немесе үлкен бір ғана шеңбер шығуы мүмкін.
«Менің жағымды және жағымсыз жақтарым» тренингі.
Ең бірінші әр оқушы өзінің бойындағы жағымсыз қасиеттерден арылуы қажет.Ол үшін әр оқушы қағазға бойындағы кездесетін,өзіне ұнамайтын жағымсыз қасиеттерді жазады.Барлығы жазып болған соң,қағазды жыртып,қоқыс жәшігіне тастайды.Міне,осылай бойдағы жағымсыз қасиеттерден арыламыз.Енді сендердің бойларында жағымды қасиеттер ғана қалды деп есептейміз. «Көршінің жақсы қасиеттерін ата». Әр оқушы өз көршісінің жақсы жақтарына сипаттама жасайды.
«Рулетка» жаттығуы.
(10 минут).
Мақсаты:Топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін есте сақтауын дамыту. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-бірлерінің есімін қаншалықты жақсы білетіндіктерін білуге мүмкіндік береді.Ойынға қызығу екі команданың арасында жарыс туғызады. Топты 2 командаға бөлу. Олар екі шеңбер құрып бір-бірлерінің жанына арқаларын беріп тұрады (топта 16 адамнан болған лазым,өйтпегенде ойын қарқынды түрде өтпейді). Шеңбердің дұрыс болғаны маңызды,себебі,дөңгелене отыра айналу керек және бір-біріне өте жақын,қиылыспағаны абзал.Ойыншылар дұрыс шеңберді ұстап тұру үшін бір-бірінің қолдарын алады.Ойынды бастау туралы Сіз белгі берген соң,екі шеңбер айнала бастайды,біреуі-сағат тілімен,екіншісі –сағат тіліне қарсы.Екі команда алдын-ала, қай бағытта қозғалатынын шешіп алсын. «Тоқта» дегенде орнында қатып қалады.Әр командада шеңберлердің жанасу (немесе түйісу) нүктесінде тұрған бір ойыншы болады.Олар бір-бірін көрмей,бір-біріне арқа жақтарын беріп тұруы керек,ал Сіз олардың бір-біоіне қарамауын қадағалаңыз. Сіз «Толық айналыңдар!» дегенде ,осы жанасу нүктесінде тұрған екеулері 180 градусқа бұрылып бір-бірлеріне қарайды.Қайсысы бір-бірінің есімін бұрын атаса,сол оны өз шеңберіне алады және ойын жалғасады. Талдау: Жаттығу ұнады ма?Не қиындық келтірді?Қандай әсер алдыңыздар?
«Орынды иемдену» жаттығуы.
Мақсаты: Көңіл-күйді көтеру.
Ортада тұрған ойыншы бос орындыққа отыра алмауы үшін,қатысушылар шеңбер бойымен орындықтан-орындыққа орын ауыстырады. Нұсқа:Ортадағы ойыншы өзі орын алу үшін,отырғандарды өзінің бұйрығы бойынша орындарынан ауыстырады (қолында сағаты барлар орындарын ауыстырады,кім түнде қорылдайды орындарын ауыстырады және т.б)
Талдау:Не ұнады?Не ұнамады?Алған әсерлеріңіз қандай?
«Жіп» жаттығуы.
Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету.
Нұсқа: Екі қатысушы алынады.Олар 1-5м қашықтықта, бір-бірлеріне арқаларын беріп отырады.Жүргізуші еденге бір қатысушыдан екіншісіне қарай жіп тартып қояды.Жіптің ұштары екі орындық аяқтарының ортасына жату керек.Кім бірінші болып жүргізушінің бұйрығы бойынша жіпті өзіне тартып алса,сол жеңімпаз атанады. Талдау: Жаттығу ұнады ма? Өзімізді қалай сезінуіміз керек?
«Жыпылықтату» жаттығуы.
Мақсаты: Ойыншылар арасында жағымды сезім тудыру.
Қатысушылар жұптарымен шеңбер бойымен орналасады.Жұптың біреуі орындықта отырады,екіншісі орындықтың артында тұрады.Тағы бір ойыншы бос орындықпен тұрады да,отырғандарға білдіртпей кімде-кімге жымиып белгі береді.Сол адам оның орындығына келіп отыру керек.Ал оның артында тұрған ойыншы өз жұбының орнынан тұруына кедергі жасайды. Жұбынан айырылып қалса,бос орындықпен қалған ойыншы жүргізуші болады.
Талдау: Не ұнады?Не ұнамады?Қандай қиындықтарға тап болдың?Қазір не сезіп тұрсың?
«Допты шеңберден шығару» жаттығуы.
Мақсаты:Қатысушылардың көңіл-күйіне ұнамды әсер ету.Ойыншылар қолдарын тізелеріне қойып,шеңбер бойымен бір-біріне өте жақын тұрады.Ортада-жүргізуші.Оның міндеті –допты шеңберден шығару.Допты аяқпен соғуға және допты соққанға дейін тізеден қолды алуға тыйым салынады.Допты өткізіп жіберген ойыншы жүргізуші болады.Егер доп қатысушылардың арасынан өтіп кетсе,онда оң жақтағы ойыншы жүргізуші болады. Талдау: Не ұнады?Не ұнамады? Қазір көңіл-күйлеріңіз қандай?
«Соқыр теке» жаттығуы.
Мақсаты: Топ мүшелерінің арасында жағымды көңіл-күй туғызу.
Ұзын орындық,екі жай орындық және он зат керек.Қатысушылар орындықта отырады.Олардан 15-20 адым қашықтықта ұзын орындық үстіне он зат қойылады.Қатысушылар көздерін байлап алып,5затты өздерінің орындықтарына тасу керек.Осылайша,орындыққа дейін және керісінше 5 рет жүріа өтеді.Орындықтардың орнын ауыстырып жіберуге де болады. Кімнің орындығының үстіне 5 зат қойылса,сол жеңіске жетеді.Ол орындыққа кімнің әкеліп қойғаны есепке алынбайды.Ойыншының көзін байлаған шүберектің астына таза ақ қағаз салынады.Жүргізуші ойыншылардың бір-бірімен соқтықпауын,адаспауын қадағалап,керек жерде көмек береді.Жеңімпаз кез-келген біреуді жарысуға шақырады.Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Өзіңізді қалай сезінудесіз?
«Алфавит» жаттығуы. (20 минут)
Мақсаты: Өзінің және өзгенің даралығын бақылауға,өзін-өзі құрметтеуге мүмкіндік туғызу,ынтымақтастықты нығайту.Есімдерді есте сақтау үшін көптеген ойындар бар.Ұсынылатын ойындар үрдісінде топқа тапсырмалар шешуге тура келеді.Олар «команда сезімін» жасауға және зейінді дамытуға ықпал етеді.Топтың көпшілігі тапсырманы тез шешеді.Командалық шешім қабылдау үшін топқа тапсырма дайындағаныңызды хабарлаңыз.Ол тапсырма қатысушыларды бір-бірімен танысуларына көмектеседі.Бірінші адым-әркім өз есімін дауыстап және анық айтады (фамилиясыз).
Жүргізуші: Есімдеріңізді қатты,нақты,мақтаныш сезіммен айтуға тырысыңыздар.Егер кімде-кім біреудің есімін ести алмай қалса,онда : «Тағы да қайталаңызшы» деу керек.Әркімнің есімі нақты естілуі өте маңызды.Бәрі есімдерін атап болған соң тапсырманы айтыңыз.Барлығы алфавит бойынша бір қатарға,келесі ережені сақтап тұруы қажет:есімдер алфавиттегі әріптердің орны бойынша ,яғни есімі алфавиттегі бірінші әріптен басталса,бірінші орынға, екінші әріптен басталса,соңғы орынға тұру керек.Қатарға тұру кезінде сөйлеуге,жазуға,есімдерінің әріптерін ыммен көрсетуге немесе ауада салуға болмайды. Есіміңіз жазылған ешқандай құжаттарды көрсетуге болмайды.Қатысушылардың кейбіреуіне ғана өз орындарын ауыстыруға белгі беруге болады.Жаттығудың мақсаты,тапсырманы өте жылдам орындау екенін қатысушыларға айтыңыз.Тапсырма орындалып болған соң тексеру жүргізіледі,барлығы өзінің есімдерінің қатты дауыстап айтады.Егер орындарына дұрыс ретпен тұрмаса,бәрі қайта қайталанады.Қатысушылардың бәрі араласып,алфавит бойынша қайта тұруға тырысады.Жаңылыспай алфавит бойынша бір қатарға тұру үшін топқа неше рет әрекет жасау керек?
Талдау:Тапсырма ұнады ма?Қазір өзіміз қалай сеземіз?Топ бірлігін біз сезе алдық па?
«Адасқан сандар» ойыны.
Шарты: Сандар үйінде түрлі – түсті сандар, геометриялық фигуралар орналасқан. Сол сандарды балалардың әрқайсысына бөліп беру қажет. Әр балаға алған сол санды атап, қандай түспен боялғанын айтып, оны өз орнына қоюы тиіс.
«Тығылмақ» ойыны.
Шарты: Әрбір геометриялық фигураның артына психолог балалардың көзінше аңдарды тығады. Бала сол геометриялық фигураның түсін және қандай фигура екенін айтады. Бала аңның атын атап, қолына алып, орнына отырады.
“Сын түзелмей,мін түзелмейді” психологиялық жаттығуы.
Бұл ойында оқушы алдында екі орындық тұрады.Оқушы өз сыныбындағы бір оқушының немесе ұстазының бойындағы жақсы-жаман қасиеттерін “Алтын орындыққа” немесе “Қара орындыққа” отыру арқылы айтады.
“Сөйлемді жалғастыр” жаттығуы.
Жақсы өмір – бұл ...
Бақытты адам – ол ...
Мен адамдардың ... жоғары бағалаймын.
Менің өмірімнің маңызы мынада ...
“Тірек нүктесі” тренингі (өзі туралы жақсы пікір).
Әр оқушы өзінің жақсы қасиеттерін тіке, сеніммен айтуы керек.Алайда “бірақ”,”егерде”,”мүмкін”деген сөздерді қоспай айтуы керек.Оқушы бойындағы аталған қасиеттеріне яғни тірек нүктелеріне,күшті жақтарына түсінік беру міндет емес.Оған сенудің өзі жеткілікті.
“Есіміңді бейнеле” жаттығуы.
Шарты: Оқушыларға ақ қағазға түрлі-түсті қаламмен өзіне ұнайтын гүлді салу тапсырылады. Нәтижесінде ұқсас гүлдер жинақталып, барлығы тақтаға ілінеді. Балалар, қандай әдемі сурет шықты? Гүлдері ұқсас адамдар мінезі жөнінде де ұқсас болады.Біз ортамыздың гүлі екенімізді ұмытпауымыз керек. Біз әрқашан қуаныш алып келетінімізді білуімізкерек.
« Карусель » жаттығуы.
Мақсаты: Қарым-қатынасты дамытуға арналады.
Топ мүшелері 2-ге бөлінеді . 1-ші топ ішкі, 2-ші топ сыртқы топ болып бөлініп, екі шеңбер жасайды.Жетекшінің берген белгісі бойынша ішкі топ сағат тілі бойынша қозғалады, жетекшінің сигналы бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ пен сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беру керек, олар тез арада сол рольді 2-3 минутта көрсетуі керек. Мысалы: сатушы- сатып алушы ; мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы ; полиция –шофер; әке – бала; анасы –қызы. Бұл жаттығу әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл күйін, қабілетін , өзгерте білу осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
«Бүлінген телефон» жаттығуы.
Мақсаты: Есту қабілетін дамытуға арналған. Бірсөзді мұғалім бір баланың құлағына сыбырлап сол пікірді қайталайды, солай жалғаса беріп барлық балаларға жеткізеді. Ең соңғы оқушы пікір сөзді естіртіп дауыстап айтады. Мен әрқашан шындықты айтамын
«Көңіл-күйімізді жаттықтыру» тренингі.
Мақсаты: Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл-күйімізді жатықтыра алуға арналады.Жүргізуші:Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер:
1.Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер.
2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.
3.Жылап тұрған адамды көрсету.
4.Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету
5.Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу.
«Ауызша волейбол» жаттығуы.
Мақсаты: Өзінде бар жақсы қасиеттерді бағалай білуге,өзінің қасында жүрген адамдардың жақсы қасиеттерін білуге,бір-бірін терең түсінуге арналады. Допты бір-бірне берген кезде балалар адамгершілік қасиеттер туралы айтулары керек. Мысалы: шыншылдық, мейірімділік, адамдық, адамгершілік,әділдік, кішіпейілдік, батылдық, ұстамдылық, жанашырлық.
Өзінде басым қасиетті айта білулері қаралады.
«Кім екенін тап» жаттығуы.
Мақсаты: Топ мүшелерінің бір-бірін тануға көмектеседі.
Әрбір адам өзінің аты-жөнін көрсетпей,өз-өзіне психологиялық мінездеме жазады.Өзінің ұнамды-ұнамсыз қасиеттерін жазу. Бұл мінездеме жазылған беттерді жетекші жинап, араластырады да,арасынан біреуін алып дауыстап оқиды.Топ мүшелері мінездеменің иесін табуы керек.
Бұл жаттығу өзгелерді дұрыс қабылдап,тану арқылы олардың өзіндік ерекшеліктерін танып білуге үйретеді.
«Алып» жаттығуы.
Мақсаты: Ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Екі бала қатар тұрады, біреуінің сол аяғын,екіншісінің оң аяғын байлайды. Сөйтіп бір белгіленген жерге жетеді. Немесе үш, төрт, т.б. балаларды бірге байлайды, сосын олар
бірге жүруге тырысады, бақа құсап секіреді.
«Досым, қалың қалай?» жаттығуы .
Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйін көтеру, бір-бірімен қарым – қатынасын нығайту .
Шарты : балалар дөңгелене тұрып , жұп – жұп болып , бір – біріне қарап жазылған сөйлемді аяқтайды . Яғни , сұрақты өз ойларымен толықтырады және екіншісі жауап береді .
«Сенімділік» жаттығуы .