Файл: за мерзімді жоспар блімі Жары былыстары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Жарық құбылыстары

Мектеп: №4 ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Танабаева Г.С.

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жарықтың шағылуы,шағылу заңдары. Жазық айналар

Lighting. Laws of repulsion. Flat mirrors

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.5.1.4.Жазық айнада дененің кескінін алу және оны сипаттау.

Сабақ мақсаттары:

Жазық айна және дененің кескінін алу туралы білу.

Тәжірибе жүзінде жазық айнадан дененің кескінін алу және алынған кескіннің түрлерін ажырату.

Жазық айнадан кескін алу кезіндегі алынған кескіндердің өлшемдерін сипаттау.

Бағалау критерийі

●Жазық айна және дененің кескінін алуды біледі

●Жазық айнадан дененің кескінін алады және алынған кескіннің түрлерін ажыратады..

●Жазық айнадан кескін алу кезіндегі алынған кескіндердің өлшемдерін сипаттайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология:

Шағылу бұрышы,түсу бұрышы, диффузиялық, бұлыңғыр беттер,айналық шағылу,жазық айна.

Диалог үшін қажет тіркестер:

Жазық айна дегеніміз не?

Диффузиялық дегеніміз не мағына береді?

түсу бұрышы – угол падения – angle of incidence

Түсу бұрышы – түскен сəуле мен сəуленің түсу нүктесіне тұрғызылған

перпендикуляр арасындағы бұрыш.

Угол падения угол между лучом и перпендикулярной линией, расположенной под

прямым углом к поверхности в точке падения.

The angle of incidenceis the angle between the beam and the perpendicular line drawn at

right angle to the surface at the point of incidence.

шағылу бұрышы – угол отражения - angle of reflection

Шағылу бұрышы – шағылған сəуле мен сəуленің түсу нүктесіне тұрғызылған

перпендикуляр арасындағы бұрыш.

Угол отражения угол между лучом и перпендикулярной линией, расположенной

под прямым углом к поверхности в точке отражения.

The angle of reflection is the angle between the beam and the perpendicularline drawn at

right angle to the surface at the reflection point

Құндылықтарға баулу

Жалпыға бірдей еңбек қоғамын құруға, үздіксіз білім алуға және бәсекеге қабілетті болуға дағдыландыру

Пән аралық байланыс

Шағылу заңын қарастырғанда жазық айнадан дененің кескінін алуды геометрия пәнімен байланысады.

Кескінді салу сызу пәнімен байланысады.

Бастапқы білім

Жарықтың түзу сызық бойымен таралуы және жасанды жарық коздері туралы өткен сабақтардан білімдері бар.

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

І.Ұйымдастыру кезеңі

1.1. Сәлемдесу.

1.2. Ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыру.

1.3.Топқа біріктіру.Шаттық шеңберінде 1,2,3-ке дейін санау арқылы үш топқа біріктіремін

І І. Үй тапсырмасын сұрау «Сұрақ-жауап» әдісі

1.Жарықтың шағылуы дегеніміз не?

2. Жарықтың шағылуы қандай заңға бағынады?

3.Шағылудың қандай түрлерін білесіңдер?
Дескриптор

1.Жарықтың шағылу құбылысын біледі.

2.Жарықтың шағылу заңын тұжырымдайды.

3. Шағылудың түрлерін атайды.

Бағалау. Кері байланыс

Интерактивті тақта

Сабақтың ортасы

30 мин


«Мағынаны тану» әдісі (мұғалімнің шолуы)

Жаңа сабақты түсіндіру

Айна дегеніміз не әрбіреуің айнамен күн шұғыласын түсіріп ойнаған шығарсыңдарСол кезде айнаның орналасуы өзгерген кезде одан шағылған күн сәулесінің бағыты да өзгеретінін бақылау қызықты болатын. Сонда күн шұғыласы неге бұлай қозғалатынын ойлап көрдіңдер ма Сендер күнделікті тұрмыста жеке гигиенаны сақтаған кезде қолданасыңдар.. Жарық сәулесі айнаға 90° бұрышпен түссін. Мұндай жағдайда шағылған сәуле де түскен сәуленің бойымен, бірақ оған қарама­қарсы бағытта таралады. Егер айнаны ϕ бұрышқа бұрса, сәуле 2ϕ бұрышқа ауытқиды және tg2ϕ = d l . Егер бұрыш өте аз болса, айнаны микроскоптың тубусының ішіне орналастырады.

Өзара перпендикуляр екі айна беретін кескіндердің санын есептейтін формула: N = 360 ° ∕ 90°-1 .

Айналар бір­бірімен кез келген a бұрыш жасай орналасқанда пайда болатын кескіндер саны мына формуламен анықталады: N = 360° ∕ α – 1

Жазық айналарда көбінесе жасырын жерден бақылау жүргізуге арналған құралдарда — перископтарда қолданады Жазық айна нәрсенің жалған кескінін береді

Сергіту сәті.

Өмірде айнаға кімдер көп қарайды?

(автомобиль жүргізушілері)
«Ортақ тұжырым» әдісі

(топтық жұмыс)
І-топ.Таза суға қарасақ өз бейнемізді көруге болады,неге?

І І -топ.Айна күнделікті өмірде бізге не үшін қажет?

І І І –топ.Айна мен айнадан шағылудың өмірде пайдасы бар ма?

Дескриптор

  • Айнадан неліктен кескін алыну себебін біледі.

  • Алынған кескіннің түрлерін ажырата алады.

  • Айналардың өмірдегі маңызын түсіндіреді.

  • Айнадан шағылуды шағылу заңымен байланыстырып, тұжырымдайды.


Бағалау.Смайлик әдісі
«Ойлан тап, жұптас!»- әдісі

1.Кітапты ашып, жазық айнаның алдына қойындар, мәтіннің айналық бейнесін оқуға бола ма?

2.Әйнек сынығын тік орналастырып,

әйнектің алдына жанып тұрған шырақты қойып, әйнектің екінші жағына дәл сондай бірақ жанбаған шырақты қой да, оны қашан жанған шырақ болып көрінгенше әрі бері қозғалтып жанған шырақты ал, сосын әйнекпен
шырақтың арақашықтығын өлше және не қорытынды алуға болады.



Дескриптор.

  • Айнада пайда болған кескіннен кітап оқу мүмкіншілігін түсіндіреді.

  • Кескін алу туралы біледі.

  • Әйнек пен шырақтың ара қашықтығын өлшейді.

  • Алынған кескін туралы қорытынды жасайды.



Бағалау. Бас бармақ
«Сыни ойлау және зерттеу» (оқулықпен жұмыс.)

1. Қарындаш жазық айнадан 25 см қашықтықта тұр.Егер қарындашты айнадан 10 см жылжытып қойса,

қарындаш пен оның кескінінің арақашықтығы қандай болады (Жауабы:70см).

2. Егер екі жазық айнаның арасындағы екі жақты бұрыш 30° болса, қанша кескін алуға болады? (Жауабы:11)

3. Егер жазық айнаны 20°-қа бұрса,одан шағылған сәуле қанша бұрышқа бұрылады?(Жауабы:40°)

Дескриптор.

1.Тапсырманы орындау барысында формуланы қолдана алады,өлшем бірлігін тұжырымдайды.

2.Жазық айнадан кескін салуды біледі, кескін санын табады.

3.Түсу бұрышы мен шағылу бұрышы тең болатынына назар аударады және мәнін есептейді.

Бағалау: кері байланыс ұсыну
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Осы тақырыпты оқу барысында не үйрендіңдер?

Жаңа ұғымдар мен формулалар

Айнадан кескін алуға тапсырмалар орындағанда өткен сабақтан белгілі қандай заңды қолдандың?

Айнадан кескін алуға тапсырмалар орындағанда не түсініксіз болды
Бағалау. стикерлермен



Оқулық формулалар

Айналар

АКТ

Сабақтың соңы

5 мин


Жасаған жұмыстарын екі жұлдыз, бір ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (білемін, білдім, білгім келеді.)

Үй тапсырмасын беру Егер айналар бір-біріне 30,45,60 бұрышпен орналасқанда пайда болатын кескіндер санын анықтап келу.



стикер



Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасы- ның сақталуы

«Сұрақ-жауап»- әдісі арқылы берілген тапсырманы орындай отырып еске түсіріп өткенді қайталайды

«Мағынаны тану» әдісінде жаңа физикалық шамалармен танысады және өлшем бірліктерін есте сақтайды.

«Ойлан-тап-жұптас»-әдісі арқылы берілген тәжірибені орындай отырып жазық айнадан кескін алуды зерттейді Басым бөлігі: «Ой қозғауда» берілген тапсырмаларда кескін алу шарттарын тұжырымдайды. Жазық айнадан кескін алуды өмірмен байланыстыра отырып мысалдар келтіреді.


Қалыптастырушы бағалауды әр тапсырмадан кейін жүргізіп отырамын. Кері байланыс алу себебім оқушылардың жаңа сабақты түсіну барысында алған білімдерін пысықтау мақсатында пікір білдіріп отырамын. Бас бармақ әдісі арқылы оқушылардың берген жауаптары бойынша дер кезінде дұрыс-бұрыс немесе қаншалықты меңгергенін анықтап отырамын.Стикермен жұмыс барысында Блум таксономиясы бойынша қай деңгейде екенін анықтап отырамын


Денсаулық технологиялары әрекет

Сергіту жаттығулары Осы сабақта қолданылған техника қауіпсіздік ережелерінің тармақтарымен таныстырамын