Файл: А серленген нысанны белгілі бір кеістік пен уаыта штаса абылдануы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 46
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
. Балалардың есін дамыту
Ес — адамның бұрын көрген, естіген, білген нәрселері мен бейнелерін ойында ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде қайта жаңғырту қабілеті, жүйке жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі. Адамның есте сақтау қабілеті үнемі дамып, жетіліп отырады. Ертедегі грек философы Аристотель әр түрлі нәрселер мен бейнелердің есте әсерлену (яғни сақталу) сипаттарын үш топқа бөледі:
а) әсерленген нысанның белгілі бір кеңістік пен уақытқа ұштаса қабылдануы;
ә) әсерленген нысанның басқа бір нысанға өзара ұқсастығы;
б) олардың бір-бірінен айырмашылығы мен қарама-қарсылығы.
Осыған орай ол нәрселер мен бейнелердің есте ассоциациялануы түрлерін алғаш зерттеп тұжырымдады:
1) аралас не іргелес ассоциациялар (мысалы, түс — сары);
2) ұқсас ассоциациялар (мысалы, қарындаш, дәптер);
3) қарама-қарсы ассоциациялар (мысалы, ақ — қара; ұзын — қысқа).
Баланың ойлау әрекеті толығымен ес процесіне тіректеледі. Баланың заттарға қатысты елестерінің құрылымы туысқандық әулет құрылымына ұқсас деуге болады. Сөздердің атаулары, құбылыстар балалар үшін тек таныс ұғымдар емес, бір әулеттің (семьяның) ұрпағы, көрнекі заттардың тұтатық тобы, олар өзара байланысты.
Бала ойлауын психикалық даму тұрғысынан алып қарастыратын болсақ оның негізінен көрнекі бейнелерге тіректеліп, ес процесімен тығыз байланысты екендігіне көз жеткіземіз. Сондай-ақ бала дамуының бастапқы кезеңіңдегі абстракті ойлауында да жетекші роль атқарады.
Сөйтіп біздер бала дамуының бастапқы кезенінде нәселер туралы комплексті ойлау сипатының одан әрі дамуын елеулі өзгерістерге ұшырап отыратындығын байқаймыз. Баланың даму кезеңдеріне орай белгілі материалды есте сақтауы және оны комплексті түрде ойланып ұғым құрай білуге әрекеттенуі оның сан алуан психикалық әрекеттерін дамытып отыруға жетелейді. Мысалы, алдында жатқан затты есте сақтап, онын ерекшелікте мен белгілері жайында ойлануы – бұл ойлаудың жүйелі түрі екендігін көрсетеді. Ол бұл затты өзге аспап-құралдар арқылы танып білуге әрекеттенеді. Мұндай тәсілдердің бәрі еспен байланысты ойдың көрнекілік тұрғыдан дамуы. Ойлау әрекетінің бұл екі түрлі тәсілін нәрселердің белгі-қасиеттерін танып білу құрылымдары тұрғысынан түрліше мағынада болады.
Осы жәйттерге орай балалардың ес процесінің дамуы естің өзіндік өзгеруі деп саналмай, оның өзге де процестер; қызметінде қандай роль атқаруымен байланысты түрде іздестірілуге тиіс. Бала дамуының бастапқы кезенінде ес процесі жетекші қызмет атқарып, ойлау әрекетінің дамуына ықпал етеді, және абстракті ойлау әрекетінде ес енді басқаша қызмет атқаратын болады. Осы көрсетілген жәйттер балалар есінің төте жолмен дамуы жайындағы пікірдің шындықпен жанаспайтындығын көрсетеді және ес процесінің даму зандылықтарын түгел қамти алмайды.