Файл: Бастауыш сыныптарына арналан диктанттар жинаы (34 сыныптар).doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 434
Скачиваний: 1
-
«Уақыт»деген сөзді септеп жазыңдар.
Ескерту диктантыБұл диктант көлемі, орфографиялық емлеге тән сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Басқа диктанттардай тек кеше не бүгін ғана өтілген тақырыптарды емес, осы уақытқа дейінгі барлық материалдарды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді. Сондықтан бұл диктантқа енген текстер бірін-бірі қайталамай, өткен материалдарды тиянақтап,толықтыра түсуге тиіс. Ескерту диктантына мұғалім де, оқушылар да тиянақты, ұқыпты да жауапты қарауы қажет.Бақылау диктантыБұл диктант айына бір не әрбір үлкен тақырып, тараудан кейін немесе тоқсанның соңында өткізіледі. Бақылау диктанттары оқушылардың бұрын өтілген материалдарды қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Диктант үшін 3 сыныпта 1тоқсанда -45-50 сөз, 2 тоқсанда -50-55сөз, 3тоқсан- 55-60сөз, 4тоқсан – 60-65сөз; 4сыныпта 1тоқсанда -65-70 сөз, 2 тоқсанда -70-75сөз, 3тоқсан- 75-80сөз, 4тоқсан – 80-85сөзден құралған қысқа сюжетті текст алынады да біртіндеп күрделеніп отырады. Бақылау диктанты төмендегіше жүргізіле2ді:6а) үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, текст ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;ә) мұғалім диктант тексін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;б)егер диктант тексті жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай текстердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. Оқушылар жазар алдында әрбір сөзді көңіл қоя тындап, ұғып алғаннан кейін ғана жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылардың түгелдей жазуын қадағалап, ең баяу жазатын оқушы жазып бітісімен, келесі сөйлемді оқиды.Бірақ ол жаңа сөйлем екені айтылмайды. в)Оқушылар диктанты түгел жазып болғаннан кейін, мұғалім тексті бастан аяқ тағы бір рет оқуға кіріседі. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексеріп, қатесі болса, түзетеді. Бақылау диктантында әрбір оқушы бұрынғы диктанттарда жіберген қателерін еске түсіріп, оларға байланысты ережелерді қайталап келуге әдеттенуін қадағалап отыру керек.ҮШІНШІ СЫНЫПБІРІНШІ ТОҚСАНКіріспе сын жұмыстары
Үсеннің күшігіҮсен үшінші сыныпта оқиды. Оның Жолбарыс деген күшігі бар. Ол күшігі өте жақсы көреді. Оған кішкентай үйшік жасады. Үсен сабақтан келгенде ол есік алдында 7ТоғызқұмалақТоғызқұмалақ-қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарған болса керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын.Ойынға екі адам қатысады. Олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады.Бұл отау деп аталады. Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп аталады. Әр ойыншыда сексен бір құмалақтан болады.(60сөз)Жазылуы қиын:құмалақтарымен,шұңқыр.1.Мәтіннен сан есімдерді тауып,дара сан есімді бір сызықпен,күрделі сын есімдерді екі сызықпен сызыңдар.Жол ашық жүре беріңіздерӨзіңе таныс үш көзді бағдаршам алдыңда тұр. Бағдаршам көше қиылысына ілінеді.Түрлі түсті көздері кезектесіп жыпылықтайды.Бағдаршамның қызыл түсі нені аңғаратынын түсіну қиын емес. Бұл –әрдайым қауыптілік белгісі. Өйткені ол-көзге бірден ілінетін қызыл түс.Қызыл шамнан кейін бағдаршамның сары түсі жанады.Ол-дайындық белгісі.Еш уақытта асықпа.Көше қиылысында жасыл түстің жануын күт. Бағдаршамды тыңдамағанның арты қайғылы болады.Соны ұмытпауымыз керек.(60сөз)Жазылуы қиын сөздер:аңғартатынын1.Мәтіннен есімдіктерді табыңдар.2.Жіктеу есімдіктерін табыңдар.344.Қос сөздерді табыңдарБұзаубас Болатбай өркеш-өркеш Сарыөзек5.Қысқарған сөздерді табыңдарҚР ау ешкім ҚарГУ6.Зат есімдерді табыңдарШатыр Айман пісті барды7.Барыс септігінде тұрған сөзді тап.Көл әкенің шатырды алыс дүбір8.Шығыс септігінде тұрған сөзді тапЖүнге көмекпен болаттан хатты бақшаға9.Тәуелдеулі сөздерді тапШелек омыртқа жүрегіне малшы қармақты10.Ілік септігінің сұрағын тапКім? Кімге?Кімнің?Үшінші тоқсанТамыр жемістілерҚант қызылшасы қоректі затын тамырына жинайды. Күзде оның тамыры жуандайды.Тамыры жеміске айналады. Қантты осыдан алады. Қызылша бірінші жылы тұқым бермейді. Өйткені ол-екі жылдық өсімдік. Алғашқы жылы қызылшаның тамырыжемісі мен жапырағы ғана өсіп үлгереді.Тамыржемісті келесі жылы қайта отырғызады. Одан ұзын сабақ шығады. Өсімдік қызғылт жапырақтарға бөлінеді. Қызылшаның жемісі тамырында болады. Сондықтан оны тамыржемістілер дейді.(61сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жапырақтарға, тамыржемістілер.
1.Мәтіннен сын есімдерді табыңдар.
2.Ұзын, қызыл сөздерді қос сөзге айналдырып жазыңдар.
33
күтіп отырады. Күшігін үй күзетуге үйретіп жүр. Бөтен адамға Жолбарыс қатты үреді. (36сөз)
Жазылуы қиын сөздер: күзетуге, бөтен.
1.Бесінші сөйлемде неше сөз бар? Сөз санын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
2.Ұрды – үрді сөздерін салыстыр. Дыбыстық талдау жаса.
Қарға
Қорада құмыра тұр. Оның ішінде суы бар. Бір кезде қара қарға келіп қонды. Оның су ішкісі келді. Құмыра биік. Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді. Ол жерде жатқан тасты көрді. Қарға тасты құмыраға салды. Су көтерілді. Қарға су ішті. (38 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: тұмсығы, құмыра.
1.Соңғы сөйлемдегі сөздер дыбыстық талдау жаса.
2.Жұп дауысты дыбыстарды жазыңдар.
Менің досым.
Біздің сыныпқа Раушан деген қыз келді. Екеуміз жұбымыз жазылмайтын дос болдық. Оның қолынан келмейтін іс жоқ. Би билейді. Ән айтады. Домбырада ойнайды. Өзі үздік оқиды. Бос уақытында пайдалы іспен айналысқанды ұнатады. Раушан – өте ілтипатты қыз. Ол достарынан көмегін де аямайды. (40 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жұбымыз, ілтипатты.
1.Бірінші сөйлемдегі жіңішке айтылатын сөздердің астын сызыңдар.
2.Тасымалданбайтын сөздерді теріп жазыңдар.
8
Жұмсақ төсек
Кірпі ағаштың түбінен ін қазды. Ін оған жайлы болды. Бірақ оның төсегі болмады. Кірпі өзіне төсек іздеуге шықты. Ол үйіліп жатқан жапырақтарды көрді. Кірпі жапырақтардың үстіне аунады. Жапырақтар кірпінің инесіне қадалды. Кірпі жапырақтарды ініне алып келді. Енді кірпінің жұмсақ төсегі бар. (41сөз)
Жазылуы қиын сөздер: төсегі, үйіліп.
1.Бірінші сөйлемдегі жуан айтылатын сөздердің астын сызыңдар.
2.Үйіліп, ініне, инесіне сөздерін буынға бөліп, доғамен белгілеңдер.
3.Тасымалданбайтын екі буынды сөздер жазыңдар.
Бақтағы жұмыс
Күзде бақтағы жеміс жиналады. Жапырағы түскен ағаштар сидиып тұрады. Жапырақ ағаш түбіне үйіліп жатады. Мұндай қоқыс жәндіктерге қажет. Олар арасына кіреді. Ағаш сабағының жарығына тығылады. Жылы жамылып ұйқыға кетеді. Олар өте зиянды.
Бақтағы ағаштардың түбін тазартыңдар. Жапырақтарды өртеңдер. Ағаш сабағын әктеңдер. Сонда зиянды жәндіктер құриды. (45 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сидиып, зиянды, әктеледі.
1.Соңғы сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп; доғамен белгілеңдер.
2.Жеміс, жапырақ, ағаш сөздерін көп затты білдіретін сөздерге айналдырып жазыңдар.
3.Алфавит ретімен достарыңның атын жазыңдар.
9БалықшыЕтістікБүркіт-қыран құс. Бүркітті балық аулауға да үйретеді екен. Оның құпиясы мынада. Мұхит түбінде адам баласының қолы жетпейтін асыл тастар бар. Мысалы: гауһар, інжу, маржан, жақұт, меруерт тастары. Сол тастарды адамдар бүркіттің көмегімен алады. Мұхитта жыланбалық деген балық бар. Ол балық су түбінен асыл тастарды теріп жейді. Содан соң су бетіне шығып, секіріп ойнайды. Сол кезде жаттықтырылған қыран құстар жыланбалықты қағып әкетеді. Жыланбалықтың жеген тамағы мыңдаған долларға бағаланады.(67 сөз)Жазылуы қиын сөздер: құпиясы.Сәкен мұражайындаСәкен Сейфуллин атындағы көше –астананың күретамыры іспетті ірі даңғылы.Әдемі ғимараттар, мәдени ошақтардың бірсыпырасы осы көшеде орналасқан. Астанаға келіп тұрып, Сәкен мұражайын қалай көрмей кетуге болады деп арнайы уақыт бөлдік. Мың айтқаннан, бір рет көзбен көргенге не жетсін! Мұражай қайраткер ақынның өзі аттас көшесінде, өзі аттас кітапхананың дәл іргесінде орналасыпты. Мұражай алдында Сәкеннің қоладан құйылған ескерткіші тұр. ( 57сөз)Жазылуы қиын сөздер: Сейфуллин1.Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тауып,астын сызыңдар.2. «Мұражай» деген сөзді септеп жазыңдар.Оқушылардың білімін анықтауға арналған тест1.Дауысты дыбыстарды табыңдар.Х,ң,т,э,д,е,р,а,н,к,о,ш,ұ2.Дауыссыз дыбыстарды табыңдарЕ,р,л,а,е,н,ғ,к,и,ы,қ,у,ы,ц3.Біріккен сөздерді табыңдарАуылдың белеске Жетісу Әсел32ҚиярСан есімҚияр-адамзатқа ежелден белгілі көкеністің бірі. Ол 6000 жыл бұрын белгілі болған. Бұл көкөністің ең алғаш шыққан жері-Үндістан. Жабайы қиярлар Үндістанның ормандарында ағашқа өрмелеп өседі. Ауыл қыстақтарда қияр көшеттерін дуалдардың іргесіне жиі-жиі отырғызатын болған. Одан өсіп шыққан өркендері шырмауықша дуалды бойлап өсіп,өзінше бір сән беріп тұрады. Бұл елде қияр өнімдерін жылына 3 рет жинап алады.Үйдің шатырында,жәшіктерде, бақшада өсіріледі. Қиярдың ең үлкенінің ұзындығы 1,5 метрге дейін барады.Жазылуы қиын сөздер:көкөністің.1.Сан есімдерді тауып,астын сызыңдар.Кірпінің пайдасыСын есімКірпі – аштыққа шыдамады жануарлардың бірі. Ол 236 тәуліктей азықтанбай ұйықтай алады. Оның ұйқысы да қызықты:тікен терісін едірейтіп жіберіп, соған оранып жатады. Ол ұйықтағанда тіпті қорылдайды екен. Осы тікенекті жануардың адам үшін пайдасы көп, ол улы жыланды, тышқанды жейді.