Файл: Бастауыш сыныптарына арналан диктанттар жинаы (34 сыныптар).doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 439
Скачиваний: 1
сенген аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итерді. Сол кезде қайта оралған бөрене аюдың басын қақ айырды. (63 сөз)
Дені саудың-жаны сау
Денсаулық-табиғаттың ең қымбат сыйы. Денсаулықты сақтау үшін тамақтану керек,уақытында демалу керек, дене шынықтырумен айналысу керек. Денсаулықты сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады.Спорттың ең қарапайым түрі-жүгіру. Денсаулықтың бірінші жауы темекі,спирт ішімдіктері. Ешкімге жамандық жасама. Жүзіңнен әрқашанда күлкі кетпесін. Адам күлген сайын ағзадағы шлактар сыртқа шығады.Таңертеңгілік тамақты ішкен оқушы сабақты жақсы оқиды.Сондықтан да таңғы асты таста ма.(63 сөз)
Қайың
Қайың –сымбатты ағаш. Биік болып өседі. Жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен түрлі ыдыстар тоқиды. Қайың ағашынан жиһаздар жасалады. Қайың отыны пешке маздап жанады. Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа да сонда.( 54сөз)
26
Көп нүктенің орнына жалғау қойып көшіріп жазыңдар.
Ораз барды орман ...,
Он шақты оған бала ер ...,
Омарташы олар...
Ожау-ожау бал бер ... .
Туынды сөзді табыңдар. Түбірдің астын – бір, қосымшаның астын екі рет сызыңдар.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН
ТЕСТ
1.Бірыңғай жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді тап.
Белгі (Х) қой.
қала шілде ертек қырман бұлақ емен
2.Дауысты дыбыстан басталып тұрған сөздерді тап. Белгі
(Х) қойыңдар.
Лақ оймақ кілем үміт ине
3. Дауыссыз дыбыстан басталған сөздерді тап.
Белгі (Х) қой.
Диірмен айна алаң қарға омыртқа
4.Төрт буынды сөздерді тап. Белгі (Х) қойыңдар.
Құмырсқаларды өрмекші текеметті күрек
5.Дауыссыз у-ды тап. Белгі (Х) қой.
Ауыл улану әуес кеуде билеу
6.Дауысты у-ды тап. Белгі (Х) қой.
Уық ту жусан сусын оқушы
7.Дұрыс тасымалданған сөзді тап. Белгі (Х) қой.
Қу-ыршақ қуыр-шақ ау-ыз уә-де қау-ын та-уық
8.Дұрыс тасымалданған сөзді тап. Белгі (Х) қой.
О-қиды қа-йық жинал-ды ике-м
9.Қатаң дауыссыз дыбыстарды тап. Белгі (Х) қой.
Р М П Т Ғ Д З С
25
ТӨРТІНШІ ТОҚСАН
Қорытынды сын жұмыстары
Талғаттың ерлігі
Таңертең ұшқыштар өте маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын.
Талғаттың ұшағы аспанға көтерілді. Ұшақтардың қимылын командир жерден бақылап тұр. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі әскерлер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қашты. Жауынгерлік тапсырма орындалды. (45сөз)Жазылуы қиын сөздер: бекіністерін, қимылын 1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.2.Ұшқыштар, аспанға деген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.ҚамқоршыларКөктем келді. Асан мен Үсен далаға шықты. Бір топ бала жасаған ұяларын көтеріп алыпты.Асан мен Үсен ойланып қалды. Үйлеріне қайтып келді. Қолдарына балға мен ара алды. Олар ұя жасауға кірісті. Ракетадан айнытпай ұя жасады. Мұндай әсем ұяны бұрын-соңды көрмеген балалар таң қалды. Құстар да қаптап кетті. Асан мен Үсеннің куанышында шек жоқ.(54 сөз)Жазылуы қиын сөздер: бұрын-соңды, қуанышында. 1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.2.Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.16СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІШын досМұқан есебін шығара алмай басы қатып отырған. Сол сәтте ойына Сәкен түсті. Жүгіріп Сәкенге келді. Ол есебін шығарып қойыпты. Мұқан оны көшіріп алғысы келді. Бірақ Сәкен дәптерін бермей қойды. Мұқан досына ренжіп қалды. Ол есікке қарай беттеді. Сәкен досын тоқтатты. Олар ұзақ отырып есеп шығарды. Мұқан Сәкенге риза болып, үйіне қайтты. (55сөз)Жазылуы қиын сөздер: ренжіп, тоқтатты. 1. Жетінші сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді табыңдар. Астын сызыңдар.2.Тоғызыншы сөйлемдегі сөздердің байланысып анықтаңдар. Сызып көрсетіңдер.Күй атасы Кедей шаруа жанұясында туған Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болады. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алады. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдайды. Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.Құрманғазының бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күрес- пен өтеді. Ол сан рет түрмеге де отырады. Құрмаңғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. (53сөз)Жазылуы қиын сөздер: жанұясында, әділетсіздікке 1. Үшінші сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.2.Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар. Сызып көрсетіңдер. 1710. Ұяң дауыссыз дыбыстарды тап. Белгі (Х) қой.Ш В Г Л Қ Ң Ж Б11.Үнді дауыссыз дыбыстарды тап. Белгі (Х) қой.Т М Д З Ң П Н В
12. Түбір сөзді тап. Белгі (Х) қой.сөз қасық қалада оқушы тамақ таулы13.Қосымшалы сөзді тап. Белгі (Х) қой.Жерде дала торғайлар көмір бөрік білгіш14.Туынды сөзді тап. Белгі (Х) қой.Сусын кірпіні тазалық мысық дәптергеҮШІНШІ ТОҚСАНТақырыптар бойынша сын жұмыстарыЗат есімАЮ МЕН БӨРЕНЕОрманды аралап келе жатқан аю бал арасына кез болады. Ағаш басындағы бал арасына тамсана қарады. Ол ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындады. Ілініп тұрған бөрене оған кедергі жасады. Балға ұмтылған аю бөренені итеріп жіберді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралды. Аюдың басына сарт ете қалды. (46 сөз)Жазылуы қиын сөздер: өрмелеп, ұмтылған, серпілген.1.Соңғы сөйлемнен зат есімдерді табыңдар. Олардың түбірінің астын сызыңдар. Сұрақ қойыңдар. 2.Дәрігер, тәрбиеші, жұмысшы деген сөздердің түбірін және қосымшасын табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.24Қызғаныш Аузында тістеген сүйегі бар Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Ол судағы өз көлеңкесін көрді.Мойнақ су бетіндегі өз көлеңкесі екенін білмеді. Сүйек тістеген басқа күшік екен деп қалды. Ол енді сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Бірақ оны ала алмады. Өз сүйегі де су түбіне кетті. (46сөз)Жазылуы қиын сөздер: көлеңңкесін, аузындағысын. 1.Мәтіннен жалқы есімді табыңдар.Астын сызыңдар. 2.Бірінші сөйлемнен тәуелді жалғаулы сөзді тауып, астын сызыңдар.Сын есімБөлме өсімдіктеріБөлме өсімдіктері жыл бойы жасыл қалпында болады. Олардың кейбіреулері қыста гүлдейді. Бөлме өсімдіктері қыс болмайтын елдерден әкелінген. Сондықтан оларды жыл бойы жылы үй-жайларда ұстайды. Олар тұрғын үйлер мен мекемелерді сәндендіреді. Бөлме өсімдіктерін жарық жақсы түсетін жерге орналастыру керек. Әдемі болу үшін оларды баптап күту керек.(46сөз)Жазылуы қиын сөздер: кейбіреулері, үй-жайларда.1.Бірінші сөйлемнен сын есімді тауып, астын сызыңдар. 2.Соңғы сөйлемнен туынды сын есімді тауып, астын сызыңдар.Тығылды Жайнаған жаз өтті. Суық түсті. Осыған шыдай алмаған көлбақа суға сүңгіді. Оның түбіндегі балшықтыңастына тығылды. Жылан мен шегіртке де жанын қояр жер таппады. Олар қоқыс пен ши түбінде тығылды. Балық су түбіне кетті. Шыбын-шіркейлер жарық бойымен 23Орман достарыТоқылдақ пен сарышымшықтар – орман достары. Олар қыста көп пайда келтіреді. Себебі қыста олар зиянды жәндіктердің жұмыртқасын тауып жейді. Құстың тоюы үшін бірнеше жүз жұмыртқа керек. Жаз шыққанда әр жұмыртқа – бір тірі құрт. Әрбір шымшық өз салмағындай жұмыртқа жейді. Шымшықтың салмағына жету үшін қаншама жұмыртқа керек.Сонда олардың қандай пайда келтіретінін есептеп көріңдер. (52сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сарышымшықтар, келтіретінін. 1. Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар.2.Екі сұраулы сөйлем ойлап жазыңдар.ТӨРТІНШІ ТОҚСАНТақырыптар бойынша сын жұмыстарыСӨЙЛЕМСИЫРСиыр – күйіс қайыратын ірі қара мал. Сиырдың тұяғы айыр және мүйізі үлкен болады. Мүйізсіз сиырды тоқал сиыр дейді. Адам баласына сиырдың пайдасы аса зор. Олар ет беретін және сүт беретін сиырлар болып екі топқа бөлінеді. Етті сиырдың терісі қалың және денелі келеді. Сүтті сиырдың терісі жұқа және бөкселі болады. (53сөз)Жазылуы қиын сөздер: мүйізсіз, бөкселі. 1. Соңғы сөйлемде неше сөз бар?2.Төртінші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызықпен қосып көрсетіңдер. 18КАМШАТКамшаттың тұрқы жетпіс сантиметрге дейін жетеді. Дене бітімі жінішке және тал шыбықтай иілгіш аң. Оның тіршілігі суменен тығыз байланысты. Су ішінде епті және жылдам қозғалады. Тамаша жүзеді және сүңгиді. Өзі балықпен қоректенеді. Балықшылар камшат балықты құртады деп есептеді. Оны көп аулайтын болды. Аңшылар оны әдемі терісі үшін қырып жіберді... (49сөз)Жазылуы қиын сөздер: сантиметрге, иілгіш, қоректенеді. 1. Балықшылар, аңшылар деген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.2.Мәтіннен сан есімді табыңдар.ҚарЕртеңгілік жапалақтап қар жауды. Жел жоқ. Тынық күнгі қардың жауғаны әдемі болады екен. Аспаннан ақ мамық түсіп тұрған сияқты. Жасұлан далаға шықты. Оның киімі аппақ болды. Қызығып кеткен Жасұлан алақанын тосты. Қолғабына ақ жұлдызшалар түсе бастады. Ол жаңа жауған қар үстінде ойнауға кірісті. Жылы жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қар домалатып ойнауға ыңғайлы болады. (54сөз)Жазылуы қиын сөздер: ертеңгілік, қолғабына, ыңғайлы. 1. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.2.Үшінші сөйлемнен сын есімді табыңдар. Астын сызыңдар.19жорғалады. Көрінген қуыс пен жарыққа жасырынды. Құмырсқалар илеудегі үйшіктерінің есігін жапты. (48сөз)Жазылуы қиын сөздер: шыбын-шіркейлер, үйшіктерінің. 1. Бірінші сөйлемнен зат есім мен сын есімді табыңдар.Астын сызыңдар.2.Туынды сын есімдердің астын сызыңдар.Ақылды өнер тамақ бойшаң қызыл білгішСАН ЕСІМШәкіртДинаның әкесі Кеңже палуан әрі шебер домбырашы болған. Дина тоғыз жасынан бастап домбыраны игере бастайды. Бірде осы ауылға атақты күйші Құрманғазы келеді. Ол Динаның домбыра тартысын көріп риза болады. Оған көптеген күйлерді үйретеді. Құрманғазы шәкіртіне өзінің домбырасын сыйлайды. Дина өз жанынан күйлер де шығарады. Оның алғашқы шығарған күйлері «Бұлбұл», «Көргентүн», «Байжұма» (51сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыйлайды, палуан. 1. Екінші сөйлемнен сан есімді тауып, астын сызыңдар.2.Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазыңдар. Жалғанған жұрнақтардың астын сызыңдар.Екі бес сегіз жиырма онМенің атам – ардагерМенің атам – соғысқа қатысқан адам. Ол бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жылы Шымбай қаласынан әскери қызметке алынды. Атам әскери қызыметте жүрген кезде соғыс басталды. Майданда үш рет жараланды. Үшінші рет ауыр жараланып емханаға түседі. Ол кісінің соғыста алған ордендері көп. Атамның жасы қазір жетпіс бесте. Мен атамды өте жақсы көремін. (51сөз)22Жазылуы қиын сөздер: емханаға, мейірбанды. 1. Мәтіннен сан есімдерді тауып, астын сызыңдар.2.Реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдырыңдар.Жалғанған қосымшалардың астын сызыңдар.ЕтістікҚысқы ағашҚыс ағашқа қауіпті. Қарсыз аязды күндері суықтан жарылып кетеді. Ағаш қысқа өзінше дайындалады. Оның өркендеп өсуі үшін қорек зат керек. Ол қыста жетіспейді. Сондықтан ағаш қыста өсуін тоқтатады. Ағаштың суықтан қорғайтын қалың қабаты бар. Жыл өткен сайын оның қабағы қалыңдай түседі. Ағаштың түбін қармен көм. Сонда ағаштың тамырына суық өтпейді. (51 сөз)Жазылуы қиын сөздер: дайындалады, өркендеп. 1. Соңғы сөйлемнен етістікті табыңдар. Астын сызыңдар. 2.Маңырайды, боздайды, кісінейді деген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.АтбегіЖүйрік атты баптап бәйгеге қосатын адамдар болады. Ондай адамды атбегі деп атайды. Қазақ халқында ат сырын жақсы білетін атбегілер бар. Атты бір көргеннен жүйріктігін ажыратып беретін атбегін сыншы деп атайды. Бітімі келген –мен күтімі болмаған жылқы ұзаққа шаба алмайды. Атбегі оны түрлі қимыл жасауға және алуан жүріске машықтандырады. (47 сөз)Жазылуы қиын сөздер: жүйріктігін, машықтандырады 1. Бірінші, екінші сөйлемдердегі етістікті табыңдар. Астын сызыңдар. 2.Үш болымсыз етістік жазыңдар.21Ана тіліАна тілі- әкеңнің, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден анамыздың ақ сүтіндей бойымызға сіңіреміз. Ол- біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын қарым-қатынас құралымыз. Тіл- бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқ кездегі кітабы, мектебі жоқ кездегі ұстазы болған. Ана тілін жақсы білмей тұрып сауатты сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес. (59сөз)ҮШІНШІ ТОҚСАНҚорытынды сын жұмыстарыДиктанттар