Файл: Сынып жымына психологиялы педагогикалы мінездеме.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 159

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сынып ұжымына психологиялық - педагогикалық мінездеме

А.Асқаров атындағы мектеп - лицейінің 8 «Д» сыныбында жалпы 24 оқушы бар. Олардың жастық құрамы : 2008- 2009 жылғылар. Сыныпта 12- ұл бала , 12- қыз бала бар. Сынып оқушыларының құжаттары түгел, психологиялық, физиологиялық дамуы жақсы дені сау, ұйымшыл, тәртібі талапқа сай. Барлық сабаққа белсенді қатысады, мұғалімдермен қарым- қатынасы коммуникативті. Мұғалімдердің берілген тапсырмасын аса қызығушылықпен орындайды. Оқушылар оқу-тәрбие процессінде кемшіліктер дер кезінде ескеріліп, шара қолданылып отырады. Көшеде жүру тәртібі, техникалық кауіпсіздікті дұрыс пайдалана береді. Мектепте өткізілетін іс-шараларға, тәрбие сағаттарына түгел қатысады.Бұл сыныпта мектеп психологының психодиагностикалық зерттеу жүргізген мәліметі бойынша сыныпта 8 оқушы холерик, 11 оқушы сангвиник, 5 оқушы флегматик темперамент типтері анықталған. Психикалық процестеріне зерттеу жүргізіліп оқушылардың ойлау зейін, қабылдау, ес, түрлері қалыпты деңгейде. Сабақтан кешікпейді, берілген тапсырмаларды ұқыпты уақытында орныдайды. Сабақ үлгерімдері жақсы,қазақ тілі мен әдебиеті , тарих және дене шынықтыру пәндеріне қызығушылықтары жоғары. Борыштық және жауапкершілікті сезіне біледі, сыртқы келбетіне, оқуға және оқулықтарға, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарайды. Жалпы сынып ұжымы бір – бірімен тату, тіл табыса біледі, үлкендерді сыйлайды, ұқыпты оқушылар. Әр тоқсанның басында, және соңында ата - аналар жиналысында оқушылардың білімі мен тәрбиесі талқыланады. Оқудан тыс оқушылар домбыра, күрес, бокс, би үйірмелеріне қатысады. Сыныпта Сарсенбаева Аяулым, Батырханова Асылай, Юн Тимур секілді оқушылар өздерінің көшбасшылық қырларымен көзге түсті. Олар басқа оқушыларға әрдайым қолдау көрсетіп, алға ұмтылуларына өз септіктерін тигізеді. Жалпы көпшілік болған соң, барлығы бірдей жоғары деңгейде болмайтыны бесенеден белгілі, деседе, Бакадирова Қазына апай барлығын бірдей алдыға сүйреуге жұмыстар жасауда.

Қорыта айтқанда болашақ білімді, білікті, тәрбиелі, саналы және дені сау ұрпақтың қолында. Ал болашақ бүгіннен басталады. Әрқашан жастардың дұрыс қалыптасуына жағдай жасасақ, ол біздің келешекке құйған адами капиталымыз болады. Бүгінгі күн - ертеңгі тарих, келер болашақ. Сондықтан барлығын бүгіннен бастау керек. Сонда ғана біз дамыған, өркениетті Қазақстанды құра аламыз.