Файл: аза дебиеті пнінде оушыларды ылымизерттеу дадыларын дамыту Бакмаганбетова Асем Аманкельдыызы Атоай ауданы Сарышаан кенті Сарышаан кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 117
Скачиваний: 1
, дүниетанымы арта түсерісөзсіз[1, 50-б].
Барлық балалар бақытты болу үшін дүниеге келеді және барлық балаларға қажет жалғыз нәрсе - олардың дарындылығын дамыту. Бұл жерде біз «балалардың дарындылығы» деген сөздерді ойлау, оқу қабілеті ерекше емес, әр баланың бойында бар потенциал ретінде пайдаланып отырмыз. Әр адамның бойында дарындылық бар, бірақ ол әртүрлі дәрежеде көрінеді. Бұл туралы әйгілі Альберт Энштейн балықты ағашқа өрмелеу қабілетінен сынауға болмайды деген сөздері ойға келеді. Ең бастысы, ешбір баланың жеңіліске ұшырауына жол бермеу және оларды отбасы жағдайына, мінез-құлқына қарамастан әрқайсысын Ломоносов пен Менделеев сынды тұлға ретінде оқыту керек.
Ғылыми-зерттеу жобаларына оқушыларды тарту мәселесінде мектеп мұғалімдерінің психологиялық қызметі ерекше орын алады. Мектеп оқушыларымен жұмыс жасауда танымдық қызығушылықты дамыту мүмкіндігін жіберіп алмау керек; адамның ой-өрісін кеңейтуге, ақыл-ойдың ұтқырлығын дамытуға және әртүрлі ақпараттарды жинақтауға мектеп кезі өте құнарлы уақыт. Оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен дарындылықтарын дамыту зерттеушілік дағдыны үйретудіңбірден бір жолы.Балалармен жұмыс жасау барысында ең маңыздысы, бұл тек педагог тарапынан шығармашылықты тудырту емес, сонымен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әрекет жасауына итермелеу болып табылады[2].
Осы орайда, мысалы, қазақ әдебиеті сабағында балалардың шабытын жүрек тебірентер шығармалармен, оларды әсерлі мәнерде оқып ояту керек деген ой келеді. Шын мәнінде,сүйектен өтер қазақтың қылыштай өткір сөзінен жан дүниесі қозғалмайтын қазақ деп соғатын жүрегі жоқ бала жоқ шығар, сірә. Осындай сабақтар баланың кеудесіне шығармашылық дәнін өсіретініне сенімдіміз.
Мысалы, Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығынан шабыттанған оқушымыз:
Мұқағали атамды мен сүйемін,
Оқығанда өлеңіне күйемін,
Өлеңдері қайнап жатқан жанартау,
Қаңырап ішім, күл-талқан болып қалдым-ау- деп жырлағаныжоғарыда айтылған сөздердің дәлелі болса керек.Осындай балалардың қызығушылығын арттырса, ғалым-әдебиетші дүниеге келуі әбден мүмкін.
Патриоттық сезімін Ерасыл оқушымыз мына өлең жолдарымен жеткізеді:
Қазақ деген жүрегім бар, жаным бар,
Қазақ деген мәдениетім, әнім бар,
Қазақ деген құшақ жайып қарсы алған
Көреген, дана өркендеген елім бар.
Қазақ деген тарихым бар, тереңнен тамыр алған
Ата-бабам мирасы- ұлан-байтақ жерім бар,
Жетпіс тіл біріксе де қадіріне жетпейтін
Шіріген бай қастерлейтін қазақ деген тілім бар.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні ретінде айтарымыз, қазақ әдебиеті сабағында болашақ ғалымдарды тәрбиелеу мақсатында ең бірінші олардың жан-дүниесін қозғайтын, әсерлі де қызықты шығармашылық орта қалыптастыру қажет.Қазақ әдебиетінің мүғалімі ретінде біз атқарып жүрген осы жұмыстарымыз төл әдебиетіміздің жарқын болашағының кепілі деп білеміз.Әдебиеттер тізімі:1.Есентурова Б.С. Қазақ тілі және әдебиеті сабағында студенттердің шығармашылық қабілетін дамыту. Global Science and Innovations: Central Asia (кітаптардан қараңыз). 2021. Т. 4. № 9 (12). 44-50 бет.2.Касымбекова, М. Д. Болашақ педагогтардың шығармашылық қабілеттерін арттыру негізі / М. Д. Касымбекова, А. Е. Абилкасым. — Мәтін: тікелей // Жас ғалым. — 2019. — № 18.1 (256.1). — 9-10 бет. — URL: https://moluch.ru/archive/256/58654/ (қаралған күні: 19.09.2022).