Файл: Жары былыстары Малімні атыжні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 34

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Бөлімі:

Жарық құбылыстары

Мұғалімнің аты-жөні:




Күні:

29.03

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жарықтың түзу сызықты таралуы. Жарықтың шағылуы. Шағылу заңдары. Жазық айна.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

- түсу және шағылу бұрыштарының арасындағы тәуелділікті эксперимент арқылы анықтау;

- жазық айнада алынатын оптикалық кескіннің сипаттамаларын және орналасу орнын анықтауға тәжірибені сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Жарықтың табиғи және жасанды көздері мен оның жылдамдығын біледі. Жазық айнада алынатын кескіннің түрін сипаттай алады.

Көпшілігі: Жарықтың түзу сызықты таралатынын түсінеді, жазық айнада кескіннің түрі қандай болатынын сипаттап, оның себебін геометриялық түрде түсіндіре алады.

Кейбіреуі: Жазық айнада алынатын кескіннің жалған екенін және оның тек жарық құбылысына негізделгендігін талдап, талқылай алады. Есептер шығару барысында геометриялық сызбаларды діл түсіретін болады.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстырады.

Оптика – жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі.

Тапсырма 1. Жеке жұмыс. Сыни ойлауға берілген мысалдар

Жарық шығаратын денелерге мысал келтіріңдер. Жарықтың шығу себебін түсіндіріңдер.


Оқушылар табиғаттағы жарық көздеріне мысалдар келтіреді және жарықтың шығу себебін түсіндіреді


Қалыптастырушы бағалау, ауызша бағалау



Кітап, презентация


Жарық көздері

Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді:табиғи және жасанды жарық көздері.

Табиғи жарық көздері: Күн, жұлдыздар, найзағай, өзінен жарық шығарушы жәндіктер т.б.

Жасанды жарық көздері екіге бөлінеді: жылулық және люминесценцияланатын (салқын жарық көздері).

Жылулық жарық көздері:Люминесценцияланатын жарық көздері (салқын жарық көздері): күндізгі жарық шамдары, теледидар экраныныӊ жарығы т.б.

Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық. Жарық сәулесі толқын шебіне перпендикуляр жүргізілген және толқын ұйытқуының таралу бағытын көрсетеді.

Жарық шоғы – жарық сәулелерінің жиынтығы.




Сабақтың ортасы



Шағылу заңдары:

- түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

- шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.



Айна жарықты шағылдырушы кең тараған тегіс бет.

• Айналық бет деп түскен жарық энергиясының басым бөлігін шағылдыратын, яғни жарықты ол түскен ортаға қайта бағыттайтын бетті айтады.
•Егер жарық сәулесі айналық бетке түссе, одан шағылу да айналық немесе бағытталған шағылу болады.

• Егер бет кедір - бұдыр болса, онда одан шағылғанда жарық шашырайды. Мұндай шағылуды шашыранды немесе диффузиялық шағылу деп атайды.

Сонымен шағылу айналық және диффузиялық деп екіге бөлінеді.
• Параллель жарық шоғы жазық айналық беттен параллель шоқ түрінде, яғни дәл бағытталған түрде шағылады.

Жазық айнадан кескін алу.

S жарық сәулесінің айнадағы кескінін алуды қарастырайық. Ол үшін бізге MN жазық айнасы беріледі.

Жазық айнада кескін алу үшін:

  1. Жарық көзінен шығатын кез келген 2 жарық сәулелері, әртүрлі бұрыштармен жазық айнаға түсіріледі.

  2. Осы түсірілген сәулелердің өздеріне сәйкесті шағылдырушы сәулелерін табу үшін жазық айнаға нормальдар түсіріледі.

  3. Осы нормальдардың көмегімен жазық айнадан шағылған сәулелері тұрғызылады.

  4. Осы шағылған сәулелерді қиылысқанға дейін ұзарта отырып, айнаның артқы бетіне тұрғызады.

  5. MN жазық айна немесе оптикалық ось деп аталады.



Кескін сипаттамалары: жалған немесе шынайы, тура немесе кері, үлкейтілген немесе кішірейтілген, бірдей.

Тапсырма 2 : жазық айнадан кескін алып, оны сипаттаңдар.



ҚБ: Мұғалімнің бағалауы.



презентация

Тапсырма 3. Берілген фигуралардың жазық айнадағы кескіндерін тұрғызыңдар. Кескінді жазық айнаның көмегімен тексеріңдер.



Қалыптастырушы бағалау

презентация

Сабақтың соңы.


Рефлексия

Бағалау

Үй тапсырмасы

Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор


Оқулық